- •1. Бизнесті бағалау пәні қызметі
- •2. Бағалау қызметінің субъектісі мен объектісі
- •3. Бизнестің негізгі ерекшеліктері
- •4. Бизнесті дамытудың негізгі механизмдері
- •5.Бизнесті бағалаудың негізгі мақсаты
- •6. Бизнесті бағалауда құн түрлері
- •7. Нарықта Бизнеске әсер ететін факторлар
- •8. Бизнесті бағалау принциптері
- •9. Күйзеліске қарсы басқаруда бизнесті бағалаудың мәні.
- •14. Нарықтық экономикада бағалаудың қажеттілігі.
- •15. Бизнесті бағалау тәсілдері, функционалдық тәсіл
- •16. Ұқсас объектілерге бағалауды өткізу.
- •17. Жылжымайтын мүліктер және олардың рөлі.
- •18. Қ.Е.Б. Құжаттары
- •20. Жер ресурстары және оның салалар бойынша қызмет ерекшеліктері
- •21. Кәсіпорын табысын есептеу әдістері
- •22. Бухгалтерлік баланс,қызметі
- •23. Қаржылық есеп беру нысандары
- •24. Бағалау қызметін жүргізу және оның меншік иелері үшін маңыздылығы
- •25. Бағалау қызметін жүргізетін бағашының негізгі қызметтері
- •26. Кәсіпорынның қозғалмайтын мүліктерің классификациясы.
- •27. Бизнесті бағалау экономикалық маңызы
- •28. Кәсіпорын табыстары және олардың құралу көздері.
- •29. Бағалау қызметін жүзеге асыруда жоспарлау маңызы.
- •30. Қр Бағалау қызметі туралы Заңның негізгі қызметтері
- •31. Бизнес-жоспар маңызы мен қызметі
- •32. Кәсіпорын мүліктері: түрлері мен қызметі
- •33. Кәсіпорынды қаржыландыру көздері және олардың қызметі
- •34. Кәсіпорын басшысы ретінде кәсіпорын қызметін қалай бағалайсыз?
- •36. Жер ресурсының өндірістік қызметін бағалау
- •37. Кәсіпорындағы кадр саясатының маңызы
- •38. Кәсіпорын стратегиясы
- •39. Кәсіпорынды ұйымдастыру, басқару, бағалау
- •40.Кәсіпорын басшысы ретінде жоспарлау қызметін ұйымдастыру, жүргізу
4. Бизнесті дамытудың негізгі механизмдері
Бизнесті бағалау үш тәсілмен жүзеге асырылады: табыстық, салыстырмалы және шығындық.
Табыстық тәсілде табыс объектінің құн шамасы анықтауда негізгі фактор болып табылады. Неғұрлым көп табыс болса, соғұрлым объектінің нарықтық құны жоғары болады. Мұнда мүмкін табысты алу кезеңінің ұзақтығы, тәуекелдің түрі мен дәрежесі үлкен мәнге ие болады. Табыстық тәсіл – бұл меншікті пайдалану нәтижесінде туындайтын болашақ табыстардың ағымдық құнын есептеу. Бұл жағдайда күту принципі қолданылады. Бизнесті бағалауда табыстылық тәсілі қолайлы болып келеді, сонымен бірге салыстырмалы және шығындық тәсілдері де қолданылады.
Салыстырмалы тәсіл белсенді нарықта тиімді болып келеді. Бағалаудың дәлділігі жиналған мәліметтердің сапасына байланысты. Сол себепті бағашыға объекті жөнінде толық мағлұмат қажет. Ол мәліметтерге мыналар жатады: экономикалық сипаты, сатылған уақыты, орналасқан жері, сату мен қаржыландыру жағдайы. Салыстырмалы тәсіл алмастыру принципіне негізделеді.
Шығындық тәсіл: әртекті активтері бар (оның ішінде қаржылық), сонымен бірге бизнес тұрақты табыс әкелмейтін кәсіпорынды бағалау үшін қолданылады. Сонымен бірге бизнес тұрақты табыс әкелмейтін кәсіпорынды бағалау үшін қолданылады. Шығындық тәсілде негізгі қажетті мәліметтер: еңбекақы деңгейі, материал құны, құрал-жабдықтарға жұмсалған шығын, пайда жөнінде, жергілікті нарықтағы құрылыстарға жұмсалған шығын. Сирек кездесетін объектілер, тарихи құнды, эстетикалық мәні бар немесе ескі объектілерді шығындық тәсілмен бағалау өте күрделі болып келеді.
5.Бизнесті бағалаудың негізгі мақсаты
Кәсіби бағашы өзінің қызметінде нақты мақсаттарға жетекшілік жасайды. Мақсатты анық және сауатты қоя білу есептелетін құн түрін дұрыс анықтауға және бағалау әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Бағалау мақсаты клиенттің инвестициялық шешім қабылдауы, келісім жасауы және қаржылық есептерде өзгертулер енгізуі үшін қажет. Бағалау жұмыстарын жүргізумен мемлекеттік құрылымдар мен жеке тұлғалар: бақылау-ревизиялық ұйымы, басқару құрылымдары, несие беретін ұйымдар, сақтандыру компаниялары, салық және басқа да ұйымдар, инвесторлар, бизнестің жеке иелері айналыса алады. Бизнесті бағалау мыналарды жүзеге асыру үшін қажет: Кәсіпорынның ағымдық басқару тиімділігін арттыру; Қор нарығында кәсіпорын акциясы мен облигациясын сатып алу-сату; Негізделген инвестициялық шешімдерді қабылдау; Кәсіпорынды сатып алу-сату жұмыстарын түгел немесе бөлшектеп жүзеге асыру; Келісім-шартқа қол қоюда (немесе бұзуда) немесе бір серіктестік қайтыс болғаны жағдайында үлесін жою; Кәсіпорынның даму жоспарын жасау. Стратегиялық жоспарлау процесінде кәсіпорынның болашақ табысын бағалау, оның тұрақтылық деңгейі мен имиджінің құндылығын анықтау маңызды; Кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен несие алуда залогтың құнын анықтау. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп бойынша активтер құнының шамасы олардың нарықтық құнынан өзгешелеу болады; Сақтандыру; Салық салу. Салық салу базасын анықтау барысында кәсіпорын табысы мен оның мүлігіне объективті баға беруді жүзеге асыру; Негізделген басқару шешімдерін қабылдау. Инфляция кәсіпорынның қаржылық есебін бұрмалайды, сондықтан бағашыға тәуелсіз мүлікті кезеңдік қайта бағалау қаржылық шешімдер қабылдау үшін база болып табылатын қаржылық есептің шындығын арттырады; Бизнесті дамытуда инвестициялық жобалау. Бұл жағдайда оны негіздеу үшін жалпы кәсіпорынның алғашқы құнын, оның меншікті капиталы, активтері мен бизнесін білуі қажет. Егер де келісім объектісі кәсіпорын мүлкінің қандай да бір элементі болса, сондай-ақ мүлік салығы анықталатын болса, онда ол объекті жеке бағаланады, мысалыға: қозғалмайтын мүлік, машина, құрал-жабдық, материалдық емес активтер. Кәсіпорын мүлкінің жекелеген элементтер құнының бағасы мына жағдайда жүргізіледі: Қозғалмайтын мүліктің қандай да бір бөлігін сату, мысалыға: пайдаланылмайтын жер учаскесі, үйлер, ғимараттардан құтылу; несиемен төлем айырысу және т.б.; Қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін залогқа қойып несие алу; Қозғалмайтын мүлікті сақтандыру және осыған байланысты мүліктің құнын анықтау; Қозғалмайтын мүлікті жалға беру; Мүлік салығын есептеу үшін салық базасын анықтау; Қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін басқа кәсіпорын құрғанда жарғылық капитал салымы ретінде безендіру; Қандай да бір инвестициялық жобаны жүзеге асыруда бизнес-жоспар жасауды бағалау.
