Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ББ Midterm.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.12 Кб
Скачать

34. Кәсіпорын басшысы ретінде кәсіпорын қызметін қалай бағалайсыз?

Егер де мен кәсіпорын басшысы болсам, бірінші кезекте өз кәсіпорынымның бухгалтериясына қарар едім, себебі мумкін менің қаржылай жағдайым жаңа материал сатып алуға келмейтін шығар, я болмаса жұмыс орынды ұлғайтатын болсам да қаржылық жағдайыма қарауым керек. Тағы тоқтала кететін жағдай,ол кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың біліктілігіне, өндірілген өнім сапасына мұқият қарар едім, себебі өнім сапалы болса,нарықта менің өніміме сұраныс көп болады. Қызмет көрсету сапасына,тазалыққа,тапсырыс берушілермен қарым-қатнас жасай алуына қарап бағалар едім.

35. Кәсіпорын басшысы ретінде кадрлар жұмысын бағалау Қызметкерлерді басқару ұғымы Қызметкерлер – кәсіптік  немесе  қызмет  белгілері  бойынша  топ құрайтын  мекеменің,  кәсіпорынның  жеке  құрамы  немесе қызметкерлері,  (аурухананың  техникалық  қызметкерлері,  дәрігерлік қызметкерлері, қызмет көрсетуші қызметкерлері, әйел қызметкерлері). Жұмыс  күшінің  қажетті  айналысы  өндірісті  кеңейтумен байланысты қабылдауды және өндірісті қысқарту бойынша босатуды қосады.Жұмыс күшінің тұрақтамауы –барлық басқа себептердің салдары: өз  еркімен (өз  өтініші  бойынша)  кету,  еңбек  тәртібін  бұзғаны  үшін босату.  Тұрақтамау  жоғары  аталған  себептер  бойынша  кеткен қызметкерлер  санының,  зерттелген  кезең  үшін  қызметкерлердің орташа тізім санына қатынасы ретінде қарастырылады.

36. Жер ресурсының өндірістік қызметін бағалау

Жер (жер ресурстары) - табиғаттың бір бөлігі. ҚР Жер кодексі, жерді табиғаттың маңызды құрамдас бөлігі, күзетілетін табиғи объектісі; өндірістің табиғи құралы мен табиғи кеңістіктік базисы, қолданылатын табиғи ресурсы және меншік құқығының жылжымайтын мүлкі ретінде қарастырады.

Адамзат қоғамында жер - өндірістік құралы. Өндіріс құрал ретінде жердің жылжымайтын мүлікті бағалауға тікелей әсер ететін өзіннің ерекшеліктері бар:

  • алдағы еңбектің нәтижесі болып табылмайды;

  • кеңістегі шектеулілігі;

  • өндірістің басқа құралдары мен алмастырылмайды;

  • тұрақты орналасуы бар;

  • дұрыс қолданған кезде ескірмейді;

  • әр түрлі сапалы территория;

  • әр бір нақтылы жер телімінің арнайы пайдалылықтың;

  • ауыл шаруашылығында жердің барлық пайдалы сапалары ең тиімді қолданылады, бірінші кезекте жердің құнарлылығы;

  • адамның барлық қызметінде (ауылдық және орман шаруашылығынан басқа).

37. Кәсіпорындағы кадр саясатының маңызы

 Қоғамдық өндірістің басты факторларының бірі — жұмыс күші. Нарықты экономикаға негізделген тауарлы өндірісте жұмыс күші — тауар. Бірақ оның басқа тауарлардан ерекшелігі:

  • біріншіден, ол өзінің құнынан анағүрлым артық тұратын құн құрайды;

  • екіншіден, онсыз кез-келген кәсіпорынның әлеуетті мүмкіндіктері ешбір жүзеге аспайды;

  • үшіншіден, барлық өндірістік және айналым қорларын пайдаланудың тиімділігі де, міне, осы жұмыс күшіне тікелей байланысты.

Кәсіпорын жағдайында жұмыс күшін мақсатқа сай жұмсау, оны тиімді пайдалану дегеніміз кадр саясатын дұрыс жүргізу деген сөз.

Оның негізгі бағыттары:

  • жұмыс күшінің саны мен сапасы, олардың негізгі және қосымша нысандары;

  • жұмыс күшін пайдалануды жетілдіру, бұл бағыттағы жұмыстардың жәйін талдау;

  • орын алған кемшіліктерді жоюды көздейтін шаралар қабылдау.

Кәсіпорын қызметкерлері:

  • тізімдік;

  • өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер;

  • өнеркәсіптен тыс қызметкерлер болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер - өндірістік іс-әрекеттерге, өндірістік қызмет көрсетуге тікелей қамтылғандар:

негізгі және көмекші цехтың жүмысшылары;

зауыттың басқару аппаратындағы лаборатория қызметкерлері;

ғылыми-зерттеу және тәжірибелі—конструкторлық бөлім қызметкерлері;

есептеу орталықтары және басқа да салаларда еңбек ететін қызметкерлер.

Өндірістен тыс қызметкерлерге қатысты жұмыскерлер:

  • тұрғын үй;

  • коммуналдық және қосалқы шаруашылық;

  • денсаулық сақтау пунктері;

  • емдеу-сауықтыру орындары;

  • оқыту орнындағылар және т.б.

Қызметтерді орындау сипаттарына байланысты өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер мынадай категорияға бөлінеді:

  • жұмысшылар;

  • қызметкерлер.

Қызметкерлер құрамына қарай:

  • жетекші;

  • маман;

  • кеңселік;

  • есептік;

  • басқа да қызметкерлер болып бөлінеді.

Жетекшілер - бұлар кәсіпорындағы лауазымды орындарды қамтитын қызметкерлер (директор, бас маман, шебер).

Қызмет етушілер - құжаттарды даярлау және рәсімдеуді жүзеге асырушылар, есеп және бақылау, шаруашылық қызметін көрсетуші жұмысшылар (агенттер, кассир, хатшы, статистиктер, іс қағаздарын жүргізушілер)

Қызметкерлердің ең негізгі және коп жақты категориясы — жұмысшылар:

  • өнім өндіруге тікелей катысады;

  • құрал-жабдықтарды жөндейді және күтім жасайды;

  • еңбек заттарын араластыра өндіріп, дайын өнім жасайды.

Кадр даярлаудағы негізгі міндеттер:

  • әрбір қызметкердің өзінің кәсіпорыны жөнінде кең түрде білуі;

  • жүмысшылардың жаңа жетілген және техника түрімен таныс болуы;

  • ұжымның қанағат сезімін күшейту, яғни жүмысшылар мен қызметкерлердің оз бағаларын сезінуі;

  • әрбір қызметкердің жоғары қайтарымды жұмыс атқаруы.

Кәсіпорын қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау мына нысанда жүргізіледі:

  • жұмыс орындарында;

  • жұмыс процесі кезінде қысқаша кеңестер беру;

  • белгілі бір кезеңге арнап ұйымдастырылған оқу курстары;

  • қысқа мерзімді курстар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]