- •1. Бизнесті бағалау пәні қызметі
- •2. Бағалау қызметінің субъектісі мен объектісі
- •3. Бизнестің негізгі ерекшеліктері
- •4. Бизнесті дамытудың негізгі механизмдері
- •5.Бизнесті бағалаудың негізгі мақсаты
- •6. Бизнесті бағалауда құн түрлері
- •7. Нарықта Бизнеске әсер ететін факторлар
- •8. Бизнесті бағалау принциптері
- •9. Күйзеліске қарсы басқаруда бизнесті бағалаудың мәні.
- •14. Нарықтық экономикада бағалаудың қажеттілігі.
- •15. Бизнесті бағалау тәсілдері, функционалдық тәсіл
- •16. Ұқсас объектілерге бағалауды өткізу.
- •17. Жылжымайтын мүліктер және олардың рөлі.
- •18. Қ.Е.Б. Құжаттары
- •20. Жер ресурстары және оның салалар бойынша қызмет ерекшеліктері
- •21. Кәсіпорын табысын есептеу әдістері
- •22. Бухгалтерлік баланс,қызметі
- •23. Қаржылық есеп беру нысандары
- •24. Бағалау қызметін жүргізу және оның меншік иелері үшін маңыздылығы
- •25. Бағалау қызметін жүргізетін бағашының негізгі қызметтері
- •26. Кәсіпорынның қозғалмайтын мүліктерің классификациясы.
- •27. Бизнесті бағалау экономикалық маңызы
- •28. Кәсіпорын табыстары және олардың құралу көздері.
- •29. Бағалау қызметін жүзеге асыруда жоспарлау маңызы.
- •30. Қр Бағалау қызметі туралы Заңның негізгі қызметтері
- •31. Бизнес-жоспар маңызы мен қызметі
- •32. Кәсіпорын мүліктері: түрлері мен қызметі
- •33. Кәсіпорынды қаржыландыру көздері және олардың қызметі
- •34. Кәсіпорын басшысы ретінде кәсіпорын қызметін қалай бағалайсыз?
- •36. Жер ресурсының өндірістік қызметін бағалау
- •37. Кәсіпорындағы кадр саясатының маңызы
- •38. Кәсіпорын стратегиясы
- •39. Кәсіпорынды ұйымдастыру, басқару, бағалау
- •40.Кәсіпорын басшысы ретінде жоспарлау қызметін ұйымдастыру, жүргізу
30. Қр Бағалау қызметі туралы Заңның негізгі қызметтері
«ҚР-ның бағалау қызметінің Заңы» бойынша (2000 жыл 30 қараша, 2002 жыл 14 ақпан) бағалау қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі мыналарды қамтиды:
-Бағашыны лицензиялау және олардың лицензия талаптарын орындауын бақылау;
-Құн бағалауда кәсіби мамандарды дайындау;
-Бағалау қызметінің метологиялық базасын қалыптастыру.
«ҚР бағалау қызметі жөніндегі» Заңы бойынша (2000 жыл) бағалау жөніндегі келісім-шарттағы шарттар:
- келісім-шартқа отырудың негізі;
- бағалау объектісінің түрі;
- бағаланатын объекті құнын анықтау түрі;
- бағалауды өткізуде ақшалай ақы төлеу;
- бағашының азаматтық жауапкершілігін сақтандыру.
Келісім-шарт жасау барысында келесі жақ нақты принциптерді басшылыққа алады
-Келісім-шарттың заңдылық принципі
-Еркін принцип
Бағалау қызметінің есебі жасалады және онда мыналар міндетті түрде көрсетіледі: бағалауды өткізу күні; бағалау стандартының қолдануы; бағалаудың мақсаттары мен міндеттері және т. б.
31. Бизнес-жоспар маңызы мен қызметі
Кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтінін бағалауға және оның болжамды нәтижелерін анықтауға, сондай-ақ банктен несие рәсімдеу барысында қажет болады.
Сонымен, бизнес-жоспар бұл – жаңа бизнестің жан-жақты толық сипаттамасы. Онда бизнес туралы ақпарат, бизнестің қаржылық талдауы, маркетингтік жоспары және қызметкерлер бойынша жоспары жасалу керек. Сонда, кәсіпкер жаңа бизнестің түр-сұлбасын көре алады және өзі де көп нәрсені түсініп, байқай алады.
Бизнес-жоспардың кімге арналғанына байланысты оның бірнеше түрін ажыратамыз:
Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл бизнес-жоспар кәсіпкерге жаңа бизнестің қаншалықты тиімді, я болмаса тиімсіз екенін анықтауға арналған.
Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Банктер кәсіпкерге несие беру туралы шешім қабылдау үшін, одан бизнес-жоспарды талап етеді.
Инвесторларды тартуға арғалған бизнес-жоспар. Инвесторлар өз қаржысын бұл бизнеске салар алдында, бизнеске талдау жүргізеді. Сол себепті, кәсіпкердің бизнес-жоспары қаралады.
Жергілікті және шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорынға арналған бизнес-жоспар.Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығына серіктестің сенімін арттырады.
Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Білікті мамандарды өзіңізге жұмысқа тарту қиынға соғады. Сондықтан, бұндай бизнес-жоспар қызметкерге болашақ қызметтің сипаттамасы жайында және ұсынылатын жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді.
Басқа компаниямен бірігуге арналған бизнес жоспар. Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге көмектеседі.
Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұрады:
Бизнес-идея. Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек.
Жеке мүмкіндіктер. Кәсіпкер жаңа бизнестің мүмкіндіктерін, өзінің мүмкіндіктерін және идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс.
Клиент. Кәсіпкер болашақ клиентінің кім болатынын жақсы білуі тиіс. Ол үшін кәсіпкер «Менің ықтимал клиенттерім кімдер? Олар қайда орналасқан? Менің клиенттерім нені бағалайды?» деген сынды сұрақтарға жауап беруі керек.
Бизнесті ұйымдастыру. Бизнесті ұйымдастыру барасында кәсіпкер өз клиенттеріне өнімді (тауарды немесе қызметті) шығару және оны сату үдерістері қалай, қашан ұйымдастырылатынын, оның қандай көлемде шығарылатынын ойластыруы тиіс.
Ақша қозғалысы. Кәсіпкерге жаңа бизнестің кірісі мен шығысын, теңгерімін болжау сияқты қаржылық құжаттарды жасау қиынға түседі. Дегенмен, ақшаның қозғалысын елестетіп көру қажет.
Тәуекелдер. Кәсіпкер бизнеспен бірге туындайтын: инфляция, несиелер, клиенттердің ақы төлеуден бас тартуы, төтенше жағдайларға байланысты немесе серіктесіңіз тарапынан алданып қалу сынды барлық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Бұл тәуекелдерге дайын болуға және туындаған жағдайда еңсере білу үшін қажет.
