- •1. Бизнесті бағалау пәні қызметі
- •2. Бағалау қызметінің субъектісі мен объектісі
- •3. Бизнестің негізгі ерекшеліктері
- •4. Бизнесті дамытудың негізгі механизмдері
- •5.Бизнесті бағалаудың негізгі мақсаты
- •6. Бизнесті бағалауда құн түрлері
- •7. Нарықта Бизнеске әсер ететін факторлар
- •8. Бизнесті бағалау принциптері
- •9. Күйзеліске қарсы басқаруда бизнесті бағалаудың мәні.
- •14. Нарықтық экономикада бағалаудың қажеттілігі.
- •15. Бизнесті бағалау тәсілдері, функционалдық тәсіл
- •16. Ұқсас объектілерге бағалауды өткізу.
- •17. Жылжымайтын мүліктер және олардың рөлі.
- •18. Қ.Е.Б. Құжаттары
- •20. Жер ресурстары және оның салалар бойынша қызмет ерекшеліктері
- •21. Кәсіпорын табысын есептеу әдістері
- •22. Бухгалтерлік баланс,қызметі
- •23. Қаржылық есеп беру нысандары
- •24. Бағалау қызметін жүргізу және оның меншік иелері үшін маңыздылығы
- •25. Бағалау қызметін жүргізетін бағашының негізгі қызметтері
- •26. Кәсіпорынның қозғалмайтын мүліктерің классификациясы.
- •27. Бизнесті бағалау экономикалық маңызы
- •28. Кәсіпорын табыстары және олардың құралу көздері.
- •29. Бағалау қызметін жүзеге асыруда жоспарлау маңызы.
- •30. Қр Бағалау қызметі туралы Заңның негізгі қызметтері
- •31. Бизнес-жоспар маңызы мен қызметі
- •32. Кәсіпорын мүліктері: түрлері мен қызметі
- •33. Кәсіпорынды қаржыландыру көздері және олардың қызметі
- •34. Кәсіпорын басшысы ретінде кәсіпорын қызметін қалай бағалайсыз?
- •36. Жер ресурсының өндірістік қызметін бағалау
- •37. Кәсіпорындағы кадр саясатының маңызы
- •38. Кәсіпорын стратегиясы
- •39. Кәсіпорынды ұйымдастыру, басқару, бағалау
- •40.Кәсіпорын басшысы ретінде жоспарлау қызметін ұйымдастыру, жүргізу
1. Бизнесті бағалау пәні қызметі
Нарықтық экономика жағдайында сатушы, сатып алушы келісім жүргізе отырып «өзінің қауіп-қатері мен тәуекелдігі» жөнінде өзін қызықтыратын объектінің сату бағасын алдын-ала білуге құштар. Бірақ объектінің нарықтық бағасы келісім жасалғаннан кейін белгілі болады. Объектінің нарықтық құнын анықтаушы сарапшы-бағалаушы жүзеге асырады. «Қазақстан Республикасында бағалау қызметі жөніндегі» заңы бойынша объекті құнын анықтауда бағалаушы ішкі ақпарат көздерінен келіп түскен, яғни тапсырыс берушінің ақпараттарын қолданады. Алынған ақпараттар негізінде объектіні салуға жұмсалған шығын, одан келетін табыс пен тәуекел етушілік шамалары шектеледі. Анықталған шама келісімнің болашақ бағасына сәйкестелуі мүмкін, немесе одан басқаша болуы да мүмкін. Сонымен қатар, объектіні бағалауда сатып алушы мен сатушының тапсырыстарын орындауда бағалаушы әр түрлі шамаларды алады, бұл ақпараттық базаның сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Бірақ іс жүзінде мұндай ауытқулар болмауы қажет. Демек, бағалаушы анықтаған шама – бұл нарықтық баға емес не тауар қасиеті ретіндегі құн емес. Ол екеуінің арасындағы аралық жағдайды көрсетеді. Сондықтан кез келген құндық баға нақты күнге (дата) тәуелді. Бизнес құнын бағалау (кез келген меншік объектісі) – бұл нарық жағдайында нақты уақыт мезетінде оған әсер ететін факторларды ескере отырып, ақшалай түрде объектінің құн шамасын есептеудегі мақсатты бағытталған процесс болып табылады. Құн бағасының мәнін анықтауда оның негізгі сипаттарына тоқталамыз. Және олардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырамыз. Біріншіден, бизнес құнын бағалау (кәсіпорын) – бұл процесс болып табылады. Сарапшы-бағалаушы нәтиже алуы үшін бірнеше операциялар қатарын (кезектілік, бағалау мақсатына байланысты мазмұнын, объекті параметрі мен таңдап алынған әдістер) орындау қажет. Екіншіден, барлық жағдайлар үшін бағалау этапын белгілеу, мысалыға: бағалау мақсатын анықтау, есепке жататын құн түрін таңдап алу; қажет ақпараттарды жинау мен өңдеу; құнды бағалау әдістерін негіздеу; объекті құнының шамасын есептеу мен түзетулер енгізу; қорытынды шаманы шығару; нәтижені тексеру мен келістіру. Бұл этаптардың біреуін өткізіп жіберуге немесе орындарын өзгертіп қоюға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды, бағалау қызметі – бұл реттілік процесі: барлық іс-әрекеттер нақты кезектілікпен жүзеге асырылады. Үшіншіден, құнды бағалау – мақсатты бағытталған процесс. Сарапшы-бағашы өз қызметінде нақты мақсатқа жетекшілік жасайды. Ол объекті құнының шамасын есептеу қажет, бірақ қандай құнды анықтау қажет, бағаның мақсатқа, бағаланатын объектінің параметріне байланыстылығы құндарын анықтау. Мысалыға, егер бизнес құны сатып алу- сату келісімі негізінде жүргізілсе, онда нарықтық құны есептеледі, егер де оны жою жағдайында бизнес құнын анықтау қажет болса, бұл жағдайда жою құны есептеледі. Төртіншіден, құнды бағалау процесі мынада,бағашы әрқашанда ақша бірлігінің саны ретінде құн шамасын анықтайды, олай болса, ақшалай түрде қаншалықты нақты өлшеìäi көрсететіндігіне байланыссыз барлық құндық көрсеткіштер сандық түрде болу қажет. Бесіншіден, құн бағасының нақты сипаты нарықтық жағдаймен байланысты болады. Бұл мынаны білдіреді, бағашы бағаланатын объектіні құруға жұмсалған шығындарды есепке алумен ғана шектелмейді, олардың техникалық сипаты, орналасқан жері, олардан түсетін табыс, активтер мен міндеттемелер құрамы мен құрылымын есепке алады. Ол (бағашы) міндетті түрде нарықтық факторлар жиынтығын ескереді: нарықтық конъюктура, бәсекелестік стратегиясы мен деңгейі, бағаланатын бизнестің нарықтағы атағы (ренонс), оның макро, микроэкономикалық ортасы, тәуекел етушілік, табыстың орташа нарықтық деңгейі, объекті бағасы, экономика мен саланың ағымдық жағдайы. Нарықтық экономикада уақыт маңызды фактор болып табылады. Табыс алу немесе табыс алуға дейінгі уақыт интервалмен, кезеңдермен өлшенеді. Интервал немесе кезеңдер күн, апта, ай, тоқсан, жарты жыл, жылға тең болады. Бәрінен бұрын болжам кезеңінің ұзақтылығы нарықтық құн шамасына әсер етеді, себебі дисконттау барысында ескеріледі. Бизнестің нарықтық құны әсер ететін факторлар әсерінен уақыт өткен сайын өзгереді, сондықтан ол нақты мерзмге (дата) тәуелді. Ал бірнеше ай өткеннен кейін ол басқаша болуы мүмкін. Соған сәйкес үнемі меншік объектілерін бағалау мен қайта бағалау қажет. Алтыншыдан, нарықтық құн міндетті түрде ақшалай түрде анықталады (теңге, доллар). Таңдап алынған валюта негізінде құн есебін есептеу жүргізіледі, себебі бұл нақты есепті жүргізуге мүмкіндік береді немесе бір валютадан екінші валютаға ауыстыру барысында туындайтын қате жіберуді төмендетеді.
