Есеп № 4 жж
К есімді 12 жастағы науқас, уақтылы туылған, жасына сәйкес өсіп жетілген. Үш жасар кезінде қызылшаға қарсы сарысуды енгізгеннен кейін клонико-тоникалық тырыспа ұстамасы болды. Кейінгі жылдары аталған ұстамаларға ұқсас ұстамалар айына 1-2 рет қайталанған. Клиникаға тексерілу үшін түсті. Тексеру барысында ішкі ағзаларда патология анықталмады. Жүйке жүйесінің ошақты бұзылысы жоқ. Көз түбі өзгермеген. Клиникада 3 минутқа созылған ұстама байқалды. Ұстама кезінде бет-әлпеті қызыл-күреңденіп көгеруге дейін барды (цианоз), ауыз қуысынан қызыл түсті қан аралас көбік бөлініп шықты, көз қарашығы кеңейген, жарыққа жауап қайтармайды, аяқ қолдарында клонико-тоникалық ұстама байқалды. Ұстамадан кейін ұйықтады. Келесі күні тілінде тістер іздері көрінді ЭЭГ-да екі жарты шарда да бірен-сараң үстік толқындар байқалды. Краниограммада патология анықталған жоқ
1 |
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
|
Толық дұрыс жауап берілген
20 балл |
Жауабы толық емес
15 балл |
Жауабында қателіктер бар
10 балл |
Жауабы дұрыс емес
0 балл |
2 |
Көрсетілген аурудың этиологиясын түсіндіріңіз |
Толық дұрыс жауап берілген
30 балл |
Жауабы толық емес
25 балл |
Жауабында қателіктер бар
15 балл |
Жауабы дұрыс емес
0 балл |
3 |
Тырыспа ұстамалық синдромның патогенезін түсіндіріңіз патогенез |
Толық дұрыс жауап берілген
20 балл |
Жауабы толық емес
15 балл |
Жауабында қателіктер бар
10 балл |
Жауабы дұрыс емес
0 балл |
4 |
Тағы да қандай гиперкинездерді білесіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз |
Толық дұрыс жауап берілген
20 балл |
Жауабы толық емес
15 балл |
Жауабында қателіктер бар
10 балл |
Жауабы дұрыс емес
0 балл |
5 |
Коммуникативті дағды |
1. Студент өз ойын жинақтап емтихан қабылдаушыға дәлелдеп жеткізе алады 2.Ескертулерді дұрыс түсінеді 3.Даулы сұрақтарды қызығушылық пен талқылайды
10 балл |
1.Студент өз ойын жинақтай алады, емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алмайды 2.Айтылған ескертулерді дұрыс түсінеді
8 балл |
1. Студент өз ойын нашар жинақтайды. 2. Айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді. 3.Даулы сұрақтарды талқыламайды
5 балл |
1 Студент өз ойын нашар жинақтайды 2. жіберген қателерінің мағынасын түсінбейді, айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді. 3.Даулы сұрақтарды талқыламайды 0 балл |
