- •Патофизиология-2. «қан түзуші жүйе» модулі.
- •6. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.
- •Глоссарий
- •6.2.1.Тақырып № 2: . Миело- және лимфопролиферативті синдромдардағы қанның жасушалық құрамы мен қан түзілуінің патофизиологиялық ерекшеліктері. Гемаррагиялық синдромның патофизиологиясы. (3 сағ)
- •6.2.2. Сабақтың мақсаты:
- •6.2.3. Оқытудың міндеттері:
- •6.2.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.2.5.Үйрету және оқыту әдістері: тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу: гемограммаларды талдау, тестілеу тәжірибелік жұмыстар
- •Глоссарий
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ «ҚАН ЖҮЙЕСІ» Студ. |
||
Патофизиология-2. «қан түзуші жүйе» модулі.
6. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
6.1.1.Тақырып № 1. «АНЕМИЯЛАР» (3 сағ).
6.1.2.Сабақтың мақсаты:
Анемиялық синдромның этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін, гемограммалар мен лейкограммаларды талдаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, топта жұмыс өткізгенде коммуникативті дағдыны жетілдіру
6.1.3.Оқытудың міндеттері:
Анемия, лейкоцитоз, лейкоцитопения бойынша білімін қалыптастыру
Қан ауруларымен ауырған науқастардың гемограммасы мен лекограммасын талдаудың тәжірбиелік дағдысын сондай-ақ лейкоцитоздар мен лейкопениялар кезіндегі лейкоцитарлық формуланың өзгерулерін сараптап түсіндіруді қалыптастыру.
Топта жұмыс орындауда коммуникативті дағдыны жетілдіру.
6.1.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Анемия аныктамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, жіктелу ұстанымдары
Принципы классификации анемий. Principles of anemia’s classification. Анемияның жіктелу негіздері. (екінші тілде талданады)
Жедел постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен патогенезі.
Гемолиздік анемия, анықтамасы, эритроциттердің тамырішілік және тамырдан тыс гемолизінің этиологиясы мен патогенезі, тұқым куатын және жүре пайда болған гемолиздік анемияларда шеткері қан көрінісінің өзгерістері.
ВитаминВ12,-фолий тапшылықты, темір тапшылықты анемиялардың патогенезі.
Аплазиялық анемиялар, себептері, қан түзілуі бұзылыстары мен клиникалық көріністерінің патогенезі.
6.1.5.Үйрету және оқыту әдістері: тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу: гемограммаларды талдау, тестілеу
Тәжірибелік жұмыс
№1Тапсырма. |
Мынандай сапалық эритроциттердің өзгерістері кездесетін анемияны көрсетіңіз. |
1
2
3
|
|
|
|
№2 Тапсырма. |
Гемограммадарды талдау және оларға қорытынды жасау |
|
|
№1 гемограмма Эритроциттер ……….3.0*1012 /л Гемоглобин ……….78г /л. Т.К. ……….? Лейкоциттер……….7,5*109/л Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер ……….2% Базофилдер ……….0% Нейтрофилдер: метамиелоциттер ……….0% таяқша ядролылар ……….4% бөлшектенген ядролылар ……….56% Лимфоциттер ……….35% Моноциттер …….3% Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы, пойкилоцитозы, микросфероцитоз. Ретикулоциттер – 7%. |
№2 гемограмма Эритроциттер …….2,2*1012 /л Гемоглобин ……….81г /л. Т.К. ……….? Тромбоциттер……….290*109/л Лейкоциттер……….14*109/л Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер ……….4% Базофилдер ……….0% Нейтрофилдер: метамиелоциттер ……….4% таяқша ядролылар ……….12% бөлшектенген ядролылар ..............58% Лимфоциттер ……….16% Моноциттер ……….6% Қан жағындысында: эритроциттер анизоцитозы (макроцитоз), пойкилоцитозы, полихроматофилді эритроциттер, нормобластар, базофилді нүктеленген эритроциттер.
|
||
№3 гемограмма Эритроциттер ……….3,6*1012 /л Гемоглобин ……….95г /л. Т.К. ……….? Тромбоциттер……….280*109/л Лейкоциттер……….16*109/л Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер ……….3% Базофилдер ……….1% Нейтрофилдер: метамиелоциттер ……….2% таяқша ядролылар ….9% бөлшектенген ядролылар ……….64% Лимфоциттер ……….18% Моноциттер……….3% Қан жағындысында: анизоцитоз (макроцитоз), пойкилоцитоз, ретикулоцитоз-4%, полихроматофилдер, бірен-саран нормобластар. |
№ 4 гемограмма. Эритроциттер ……….3,02*1012 /л Гемоглобин ……….72г /л Т.К. ……….? Ретикулоциттер ……….4% Тромбоциттер ……….400*109/л Лейкоциттер ……….9*109/л Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер ……….1% Базофилдер ……….0% Нейтрофилдер: метамиелоциттер ……….0% таяқша ядролылар ……….4% бөлшектенген ядролылар ……….63% Лимфоциттер ……….25% Моноциттер ……….7% Қан жағындысында: анизоцитоз, пойкилоцитоз, нысана тәрізді эритроциттер |
||
№ 5 гемограмма Эритроциттер ……….1,8*1012 /л Гемоглобин ……….54г /л. Т.К. ……….? Тромбоциттер……….94*109/л Лейкоциттер……….3,2*109/л Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер ……….0% Базофилдер ……….0% Нейтрофилдер: метамиелоциттер ……….0% таяқша ядролылар ……….0% бөлшектенген ядролылар ……….26% Лимфоциттер ……….63% Моноциттер ……….11% Қан жағындысында: анизоцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер – 0,1%.
|
№ 6 гемограмма. Эритроциттер ……….3,8*1012 /л Гемоглобин ……….68г /л. Т.К. ……….? Тромбоциттер……….280*109/л Лейкоциттер……….4,5*109/л Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер ……….2% Базофилдер ……….1% Нейтрофилдер: метамиелоциттер ……….0% таяқша ядролылар ……….4% бөлшектенген ядролылар ……….56% Лимфоциттер ……….30% Моноциттер ……….7% Қан жағындысында: гипохромия, едәуір мөлшерде микроциттер, пойкилоциттер, анулоциттер, ретикулоциттер – 0,1%. |
||
№ 7 гемограмма. Эритроциттер ……….1,44*1012 /л Гемоглобин ……….66г /л Т.К. ……….? Тромбоциттер……….120*109/л Лейкоциттер……….2,8*109/л Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер ……….5% Базофилдер ……….0% Нейтрофилдер: метамиелоциттер ……….0% таяқша ядролылар ……….1% бөлшектенген ядролылар ……….43% Лимфоциттер ……….48% Моноциттер……….3% Қан жағындысында: айқын анизоцитоз (макроцитоз), пойкилоцитоз, мегалоциттер, мегалобласттар, базофилді нүктеленген эритроциттер және басқа патологиялық қосындылар, гиперсегменттелген нейтрофилдер, ретикулоциттер-0,1%. |
№ 8 гемограмма. Эритроциттер ……….2,9*1012 /л Гемоглобин ……….52г /л Т.К. ……….? Ретикулоциттер ……….5% Тромбоциттер……….280*109/л Лейкоциттер……….3,8*109/л Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер ……….0,5% Базофилдер ……….0% Нейтрофилдер: метамиелоциттер ……….0% таяқша ядролылар ……….0,5% бөлшектенген ядролылар ……….70% Лимфоциттер ……….27% Моноциттер……….2% Қан жағындысында: анулоциттер, пойкилоциттер, эритроциттердің базофилді нүктеленуі, қан сары суында темір мөлшері көбейген.
|
||
№ 3 тапсырма. Кейс-стади
№1 - есеп
14 жастағы ер бала К., ауруханаға әлсіздік, бас айналу, дене қызымының көтерілуі, жұтынғанда ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауру тарихынан науқас уытқорлықпен ауыратындығы, соңғы үш айда бензолдың буымен дем алғандығы анықталды. Терісінің бозарғаны, ұсақ нүктелі және дақты көптеген қанқұйылулар, ауызы мен көмейінде некроздық жаралар, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан сараптамасы:
гемаглобин – 60 г/л; эритроциттер – 2,7*1012/л; ретикулоцит – 0%; тромбоцит – 28*109 ; лейкоцит -1,5*109/л; нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролылар - 0%; бөлшектенген ядролылар-15%; эозинофил -0%; базофил – 0%; лимфоцит – 82%; моноцит – 3%; ЭТЖ- 45мм/сағ.
Қызыл сүйек кемігі: қызыл сүйек кемігінің айқын босап қалғандығы және аздаған қантүзу ошақтары көрінеді.
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын- ала диагнозын негіздеңіз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.
№2 - Есеп
38 жастағы ер кісі Д., ауруханаға әлсіздік, қатты шаршағыштық, шашының түсуі, тырнақтарының сынғыштығы және қабыршықтанғаны, дәм сезгіштігінің бұрмалануы, көктем мен күзде күшейетін, ашқарында эпигастр аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қан сараптамасы:
гемоглобин – 70 г/л ; эритроцит – 3,5*1012/л; түстік көрсеткіш– 0,6; ретикулоцит – 0,1%; тромбоцит – 385*109/л; лейкоцит - 4,0*109; нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -2%; бөлшектенген ядролы- 65%; эозинофил -3%; базофил – 0%; лимфоцит – 26%; моноцит – 4%
Қанның темірбайланыстыратын қабілеті жоғарылаған, ферритин деңгейі төмен.
Қан жағындысы: микроциттер, анулоциттер. Сүйек кемігінде сидеробластар саны азайған.
Эритроцит, ретикулоцит, ТК, Нв, тромбоциттер, қан жағындысындағы өзгерістеріге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен тромбюцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
№3 - есеп
2 жастағы ер бала Б., ауруханаға анемия диагнозы жолдамасымен келіп түсті. Ауру тарихынан баланың шала туылғандығы, жиі суық тиіп ауырғандығы белгілі болды. Балада тәбетінің төмендегені, терісінің құрғағандығы, тырнағының сынғыштығы, шашының түсетіндігі, ауыздық шыққандығы көрінеді. Қан талданымы:
гемоглобин – 60 г/л; эритроциттер – 3,0 *1012/л; түстік көрсеткіш – 0,6; ретикулоциттер – 0,1%; тромбоциттер - 170 *109/л; лейкоциттер - 4,4 *109/л; нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқша ядролылар -2%; бөлшектенген ядролылар – 48%; эозинофилдер -3%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 39%; моноциттер – 7%. ЭТЖ 22 мм/сағ; сидеропения
Қан жағындысында: анизоцитоз, пойкилоцитоз, микроциттер
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.
№4- есеп
22 жастағы науқас қыз М. , ауруханаға әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, жүрек қағысы, тыныштықтағы ентігу, денесінде қанқұйылу ошақтарының пайда болғандығына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісінің бозғылттығы, бетінің ісіңкілігі, көптеген ұсақ нүктелі және дақты қанқұйылулар анықталды. Бауыры, көкбауыры, лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Қан талданымы:
гемоглобин – 50 г/л ; эритроциттер – 1,5* 1012/л; түстік көрсеткіш – 1,0; ретикулоциттер – 0%; тромбоциттер – 26*109/л; лейкоциттер - 1,4*109/л; нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролы -1%; бөлшектенгенядролы- 17%; эозинофилдер -3%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 79%; моноциттер – 3%. ЭТЖ - 41 мм/сағ. Қанда темір мен билирубиннің мөлшері қалыпты.
Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, нейтрофилдердің уытты түйіршіктенуі. Сүйек кемігін тексергенде гемобластоз белгілері анықталған жоқ.
