Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВД коронарлық жетіспеушілік.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
757.32 Кб
Скачать

2.2. Аортография (Aortography)

Аортография (Aortography)- аортаны рентгенологиялық зерттеу әдісі.

Аорта – адам организміндегі ең үлкен, ең маңызды қан тамыр. Өкінішке орай, аорта көптегеген ауруларда зақымдануы қан ағысының бұзылуына, ол организмдегі басқа тамырлардың зақымдануы мен ішкі мүшелердің қызметінің бұзылуына алып келеді. Бірақ аортография әдісі арқылы аортадағы өзгерісті анықтау оңай, бастысы уақытында анықтау. Ал нәтижесін алғаннан кейін эндоваскулярлы операция мүмкіншілігін ойластыру керек.аортаға рентгенконтрасты зат енгізеді. Аотография ауру деңгейін анықтау үшін,сонымен қатар ауру аймақтың орналасуын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Аортографияны жүргізу:

Ине аортаның артқы жағынан бұлшықетті қабаты арқылы енгізіліп, контрасты зат жібереді. Науқастың қан қысымы өлшенеді. Жүректі тек қана классикалық нүктелерде ғана емес, сондай-ақ арқа жақта сол жақ паравертебральды сызық бойымен мұқият түрде тыңдау; қабырғааралықты (коллатеральды тамырлардың патологиялық пульсациясы болуы мүмкін) пальпациялау,аорта мойнының тарылуымен қатарласатын қабырғааралық невралгияға назар аудару. Басқаша айтқанда аорта коарктациясының болу мүмкіндігін ойлау керек.

Аортограмма

2.3. Вентрикулография

Вентрикулография - контрасты зат қолдану арқылы қарыншаларды рентгенологиялық зерттеу әдісі. Ол қарыншалардың жиырылу функциясының жағдайы, жүрек қақпақшаларының жағдайы, аневризма кезіндегі қарыншалардың конфигурациясының өзгеруі,жүрек бұлшықеттері ишемиясы мен гипертрофиясын анықтауға мүмкіндік береді. Катетерді енгізу әдісінің ангиографиядан айымашылығыбар.контрасты зат венаға енгізіледі. Содан соң снимка жасалады.

Сол жақ вентрикулография. А,С –систола фазасы, В,Д-диастола фазасы.

Жоғарыда – норма, төменде – миокард дискенезиясы және сол жақ қарынша формасының деформациясы

Компьютерлік томография (кт)

Жүректің компьютерлік томографиясында жүрек ауруларын диагностикалау мақсатында оның барлық бөліктерін рентгендік сканирлеу қолданылады. Бұл әдісте рентгендік сәулелер барлық бөліктеріне жіберіледі, ол жүрек және оның бөлімдерінің жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында сканерлердің әртүрлі типтері қолданылады: компьютерлік томография, коронарлы ангиография үшін сканер, атеросклероздық қатпаларда кальции скринингі.

Жүрек үнемі қозғалыста жұмыс істеп тұратындықтан, оған арнайы тез әсер ететін сканер қолданылады. Әдетте журектің КТ венаға егілетін контрасты зат қолдану арқылы жүргізіледі. Енгізуден 1 тәулік бұрын құрамында кофеин бар тағамдарды бермейді. Дәрігер науқасқа қабылдайтын дәрілері жайлы,аллергия болуы мүмкін екендігін айту керек. Жүктілік жағдайында КТ жүргізілмейді.

КТ коронароангиография миокардты қоректендіретін артерияларға визуальды баға беруге, патологияның орналасқан орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл әдіс әртүрлі жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар науқастарда тез арада коронарлық артериялар жағдайын, операциялардан кейін(стентирлеу және шунттау), тамырлардың жарықтану деңгейі мен дәрежесін анықтауға болады. Зерттеу венаға құрамында йоды бар контрасты затты енгізу арқылы орындалады.

Тәждік артерияларға мультиспиральды компьютерлік томография.

Тексеру екі фазада жүргізіледі: контрасты затты енгізгенге дейін (тәждік артериялардың кальциноз деңгейі бағаланады) жәнеконтрасты затты енгізгенде (тәждік артериялардың жарықтану деңгейін, жарақаттану дәрежесін анықтайды)

Қарсыкөрсеткіштері жоқ. Құрамында йоды бар контрасты препараттарға аллергия дамуы мүмкін.

Мультиспиральды компьютерлі томография.

Қорытынды

Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары, әсіресе, корононарлық жеткіліксіздік қазіргі уақытта барлық елдерде өте жиі кездесетін аурулар болып табылады. Ол миокард инфарктісі, ишемия, стенокардия, короносклероз секілді жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын туындатады. Сонымен қатар өлім санының жоғарылауында жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары негізгі орынды алады. Мәселен, 2009 жылы дүние жүзі бойынша 17,3 миллион адам жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан қайтыс болды, бұл 30%-ды құрайды. Сондықтан да бұл қоғамдағы негізгі өзекті мәселе. Бұл аурулардың негізгі себебі, семіздік, дұрыс тамақтанбау, гиподинамия секілді факторлар. Ал осы аурулардың алдын алу және емдеу - медицина қызметкерлерінің міндеті. Сондықтан біз, болашақ медицина қызметкерлері бұл аурулардың этиологиясы, патогенезін және оларды емдеу үшін барлық диагностикалау әдістерін де білуіміз керек.