М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Визуалды диагностика
Кафедра: Онкология және визуалды диагностика
Курс: 3
Тақырыбы: Коронарлық жетіспеушілік диагностикасында жүректің коронарография, аортография, вентрикулография, компьютерлік томографияның маңызы.
Орындалу түрі: Мәнжазба
Орындаған: Багтыбаева У. Р
Группа: 314 «А»
Тексерген: Мурзагулова М.С
Ақтөбе 2016 жыл
Жоспары:
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім.
2.1. Коронография
2.2.Аортография және вентрикулография
2.3. Компьютерлік томография
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе
Коронарлық жетіспеушілік - (лат. сoronarius- тәждік) – клиникалық-патофизиологиялық ұғым, жүректің тәждік артерия бойынша қан ағысының миокардты сәйкесінше оның оттегі және қоректік заттарға деген қажеттігін өтеу мүмкіндігінің төмендігін білдіреді.
Коронарлық жетіспеушіліктің үш негізгі клиникалық көрсеткіштерін бөліп көрсету қабылданған: стенокардия, миокардтың ошақты дистрофиясы, миокард инфаркті.
Корнонарлық жетіспеушілік қан тамырлардың спазмынан , атерослероздық және тромбылық стеноздан немесе қан тамырдың сыртынан ісікпен немесе бөгде денемен қысылып қалуынан болады. Коронарлық жетіспеушілік жүректің ишемиялық ауруының негізі болып табылады, сонымен қатар коронарлық артериялардың зақымдалуы болатын басқа ауруларда(васкулит және миокардит, аорталдық ақау мен аортиттегі коронарлық артериялардың стенозы және т.б.). Жедел коронарлық жетіспеушілік кенеттен коронарлық қан ағысының бұзылуы, бұл миокард инфарктісіне әкеледі. Созылмалы коронарлық жетіспеушілік артерияларда ақырын пайда болатын стенозбен байланысты, бұл стенокардия ұстамасымен көрінеді. Яғни, бұл синдром жүрек-қантамыр жүйесінің барлық ауруларының негізі. Сондықтан да біз, болашақ медицина қызметкерлері коронарлық жетіспеушілік синдромын диагностикалау мен емдеу жолдарын жақсы меңгеруіміз керек.
2.Негізгі бөлім.
2.1. Коронография
Коронография (лат. coronarius тәждік + греч. grapio жазу) – жүректің тәждік артерияларын рентгенологиялық зерттеу әдісі. Катетеризация және жүректің сол жақ және оң жақ тәждік артерияларын контрастылау көмегімен жүргізіледі. Бұл әдіс жүрек ишемиясының диагностикасында жетекші рөлді алады. Рентгеноконтрасты заттың тәждік артерия бойымен таралуы кинорентгенография немесе видеомагнитті жазба көмегімен тіркеуге болады. Алынған коронограмма коронарлық қан ағыстың жағдайы мен коронарлық арнаның ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.Короносклероздың сипаты мен деңгейін анықтау мақсатында қолданады, оның емдеу тактикасын ойлап табуға(аортокоронарлы шунттауға және ангиопластикаға көрсеткіштер) және емдеу нәтижесін бағалауға үлкен мәні бар, сондай-ақ тәждік артериялар мен жүректің басқа да тамырларының даму ақауларын диагностикалау үшін осы әдісті қолданады. Негізгі қарсы көрсеткіштері ангиографияның басқа түрлерінің қарсы көрсеткіштерімен бірдей; арнайы қарсы көрсеткіштері ретінде сол жақ қарыншаның жиырылуының ауыр бұзылыстары,айқын жүрек жеткіліксіздігі,өмірге қауіпті жүрек ырғақтарының бұзылыстары, сол жақ тәждік артерия бағанының жоғары деңгейде тарылуына күдік болуы мүмкін. Коронографияны арнайы жабдықталған ангиографикалық кабинетте маманданған бригада көмегімен жүргізеді. Клиникалық практикада Джадкинса мен Соунс әдістері жиі қолданылады. Джадкинс әдісі бойынша коронографияда арнайы катетер(оң жақ және сол жақ тәждік артерияларға бөлек)қолданады, катетердің ұшының соңы аорта доғасы мен оның өрлеуші бөлігінің анатомиялық құрылысының типтік ерекшелігінің үлгісіне сай формада болады. Катетерді сан артериясы арқылы енгізеді. Соунс әдісі бойынша коронаграфия хирургиялық жолмен шынтақ шұңқыры аймағындағы иық артериясын жалаңаштау арқылы және арнайы катетер көмегімен кезектесе оң және сол тәждік артерияны катетеризациялау арқылы жүргізеді. Катетерді енгізгеннен соң артериалды арнаға 5000ә.ө гепарин егеді. Тәждік артериялар катетеризациясы мен оларды контрастаудың барлық кезеңі ұдайы түрде тамырлардағы қысымды анықтай отырып, үнемі электрокардиографиялық бақылау арқылы жүргізеді. Сол жақ тәждік артерияға рентгенконтрасты затты 4-6 мл-ді 4мл/с жылдамдықпен енгізеді, ал оң жаққа –3-4 мл-ді 3 мл/c жылдамдықпен енгізеді. Зерттеуді әртүрлі проекцияда жүргізеді.
Оң тәждік артерияның тура кескіндегі коронограммасы
Сол тәждік артерияның тура кескіндегі коронограммасы
