Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
perevod_otchet_Gg-31.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.33 Mб
Скачать

1.6 Климаттық ерекшеліктері

Байкалдың су массасы жағалаулық аймақтың климатына әсер етеді. Қыс мұнда жылы болады, ал жаз салқынырақ. Байкалда көктемнің келуі шектесетін аудандармен салыстырғанда 10-15 күнге, ал күз жиірек ұзағырақ созылады.

Байкал ауданы күн сәулеленуінің созылуының үлкен жиынтығымен ерекшеленеді. Мысалы, Үлкен Голоустное ауылында ол 2524 сағатқа дейін жетеді, Қара теңізі курорттарына қарағанда артығырақ және Ресей үшін рекорд болып табылады. Осы ауылда жылына күн сәулесінсіз күндер 37 ғана болады, ал Ольхон аралында – 48.

Климаттың ерекше белгілері өзіндік атауларына ие – бургузин, сарма, верховик, култук, байкалдық желдермен шарттасқан.

1.7 Гидрология

Су ресурстары – Байкалдың негізгі байлығының бірі. Байкалдың негізгі салалары – Селенга (барлық салалардың жартысына жуығын береді), Бургузин, Жоғарғы Ангара, Большая, Кабанья, Томпуда, Тыя, Голоустная, Быдриная, Снежная, т.б.

Байкалға тұрақты 336 су ағындары келіп құяды деп саналады.

Байкалдың су жинау ауданы 588092 км2-қа тең, олардың 299 мың км2-қа жуығы Ресей аумағында орналасқан, қалған 289 мың км2 – Селенга өзені бассейнінің оңтүстік бөлігі орналасқан Моңғолия аумағында. Байкалдың су жинау ауданының 73%-ы ресейлік бөлігінде, Бурят Республикасы шегінде орналасқан. Селенга өзенінің 2 ірі оң жақ салалары – Чикой және Хилок, бастау алатын Чита облысында, 21%. Иркутск облысы аумағына оның су жинау ауданының 6%-ы ғана тиесілі.

Селенга өзенінің су жинау ауданы 447 мың км2 тең, Байкалдың су жинау аумағының 76%-ын құрайды. Ресей аумағында Селенга өзені бассейнінің 148 мың км2 ауданы орналасқан. Селенга өзенінің ұзындығы 1024 км құрайды, олардың ішінде Ресей аумағына 409 км келеді. Селенга өзенінің ең ірі салалары оң жағынан құяды: Орхон өзені, 1124 км ұзындықпен, тұтасымен Моңғолия аумағында орналасқан; Хилок өзені, 840км ұзындықпен, тұтасымен Ресей аумағында орналасқан, бірақ өзінің орта ағысында (70км-ге жуық) Моңғолия мен Ресей арасындағы шекара болып табылады.

Мостовой разъездінің гидрологиялық бекетінің мәліметтері бойынша, Селенга өзенінің орташа көпжылдық су шығынының жылдық көлемі 28,7км3-қа тең, су шығынының ең үлкен көлемі 46,4км3, ең азы 16,3км3 құрайды. Орташа көпжылдық су шығыны Мостовой разъездіндегі Селенга өзенінде 923м3/с тең, ең үлкен мәні – 7620м3/с, 1936 жылы 11 маусымда тіркелген, ең кіші мәні – жаздық су шығыны кезінде (мұздан бос уақытта) 6-7 шілдеде 1969 жылы – 518м3/с, қыс кезіндегі су шығынында 11ақпан 1936жылы – 30,6м3/с.

Селенга өзені Байкалға құяр кезінде 1120 км2 – жуық аудандағы көптеген салалары мен аралдарынан тұратын дельтаны қалыптастырады. Жыл сайын Селенга өзені дельтаның ауданын өсіре отыра, Байкалға орташа мәнде 2,7 млн т. қатты ағындарды тастайды. Селенга дельтасына қарсы Байкал көлінің қарама-қарсы жағалаулары арасындағы ең жақын қашықтық – 26 км анықталған.

Байкал көлінің Селенгалық жағалауы – аккумулятивті жағалаулардың таралу ауданы, осында ең ұзақ созындылар бар, Селенга өзенінің дельтасының сыртқы жиегінен , кос және борлардан, көлден бөлшектенген сорлардан (лагуна) тұрады: Провал шығанағы, Селенга өзенінің солтүстік – шығысында орналасқан және Сор Черкалов шығанағы, одан оңтүстікте және оңтүстік - батыста орналасқан.

Әр түрлі уақыттағы картографиялық және аэрокосмостық материалдардың талдауы, табиғи зерттеулер (натурные обследования) Селенга өзенінің дельтасының оның түрлі бөлімінде қисық өсулердің байқалатындығын куәлайды. 1893 жылдан 1950 жылдар аралығындағы кезеңде дельта ауданы айтарлықтай ұлғайды. Дельта осы уақыт аралығында батысқа жән солтүстік - шығыс бағытта созылған, солтүстікте қысылған эллипс тәрізді пішінге ие болды. Дельтаның ең үлкен өсуі оның солтүстік – шығыс секторында, Провал шығанағына бағытталған, әсіресе, Лобановской саласы ауданында; өсу бөлек кезеңдерде жылына бірнеше ондаған метрлерге жеткен. Аз жылдамдықпен Селенга дельтасының батыс секторы, Сор Черкалов шығанағына бағыттала жылжиды. Салыстырмалы түрде өсу қатынасында Средняя және Северное Устье салалары аралығында орналасқан дельтаның солтүстік секторы тұрақты болып келеді.

Көлдің ең үлкен маусымдық деңгейі тамыздың соңынан қазанның басына дейін анықталады, төмендеуі қыс бойынан сәуірге дейін жүреді. Сәуірде көлдің су деңгейі минимальді. Маусымдық ауытқу амплитудасы – 80-100см.

Байкалда циркуляциялы ағыстар қалыптасқан. Беткі деңгейінде желдік ағыстар жылдамдығы – 1,4м/с-қа дейін, 50 м тереңдікте 56 см/с, 250 - 30см/с, 1000м – 8см/с.

Беткі деңгейде орташа айлық ағыс жылдамдығы – 2-2,5см/с (2 - 3км/тәулігіне), дауыл кезінде – 8-12км/тәулігіне. Сондай-ақ көлденең циркуляциялар бар(суасты жағалық құздарда). Түпкі сулардың беткі сулармен алмасуы 2 онжылдықта жүреді. Солтүстік қазаншұңқырда су алмасу 225 жылда жүруі мүмкін, орташа – 132 жылда, оңтүстігінде – 66 жылда.

Байкал деңгейінің ауытқуы оның жағалауын бойлай өсетін ағаштардың жылдық шеңберінің ұлғаю көлемінге әсер етеді. Байкалда соңғы 500-550 жылдары болып өткен жоғарғы су деңгейінің шамалап қойылған, дендрохронология – ерекше ғылыми зерттеулер облысы болып белгіленген.

Көлдің беткі деңгейіндегі судың орташа жылдық температурасы 4ОС-ге жуық, бірақ Байкалдың ашық бөлігіндегі түрлі аудандарда ол әр түрлі, алайда орташа мәнімен салыстырғанда үлкен емес. Ұсақ сулы аудандарда және шығанақтарда ашық теңізге қарағанда, күшті жазғы қызу есебімен беткі судың орташа жылдық температурасы жоғары. Алайда, шығанақтардың өзінде, ашық су айдындарындағы секілді беткі су температурасы тұрақсыз және ең үлкен мәннен ең төменге дейін өзгеруі мүмкін. Мысалы, Селенга ұсақ сулы ауданында маусымда ең жоғары температура -22,2оС, ал ең төменгісі – 6,4оС. Ашық көл айдынының Лиственничное – Танхой ауданында шілдеде ең жоғарғы температура – 16,3оС, минимальдісі – 4,2оС;

Байкал түбіндегі түрлі қазаншұңқырлардағы су температурасы, олардың тереңдігінің түрлішелігіне байланысты бірдей емес. Ең үлкен тереңдіктегі ауданда су температурасы кішірек – 3,2оС. Мұхит түбінің температурасы да осыған шамалас.

Селенга – Моңғолия мен Ресейдегі (Бурятия) өзен, Байкал көліне құяды, Енисей өзенінің бассейніне жатқызылады. Селенганың ұзындығы (Идэр өзені бастауынан) – 1024км, соның ішінде 409км төменгі ағысы – Ресей аумағында.

Бассейн ауданы – 447 мың км2. Өзен Идэр және Дэлгэр-Мурен өзендерінің қиылысынан туады, кезекті таралумен (1-2км-ге дейін) басым дельталы тұрпатқа және ол жиірек салаларға бөлінетін қазаншұңқыр қалыпты созылыңқы алқапқа (20-25км-ге дейінгі) ие. Байкалға құяр жерінде 680км2 ауданындағы созылған дельта қалыптастырады (оған шамамен көлге келіп құятын ½ өзен сулары келеді).

Су режимі төмен көктемгі су толысумен, жазда жаңбырлы, күз бен қыста толысулармен сипатталады. Орташа жылдық су шығыны – Моңғолия мен Ресей шекарасына таяу - 310 м3/с, сағасынан 127 км-де – 935 м3/с. Мұз басу қарашадан сәуір бойында.

Негізгі салалары: Эгиін-Гол, Джида, Темник – сол жақ, Орхон, Чикой, Хилок, Уда – оң жақ. Селенгада Сухэ-Батор(Моңғолия), Улан-Удэ, Новоселенгинск поселогы, Кабанск селосы, қала типтес Селенгинск поселогы(Ресей) орналасқан.

Үлкен (Большая) Речка – Ресейдегі өзен, Бурятияда Кабанск ауданының аумағы бойынша ағып өтіп, Байкал көліне құяды.

Хамар-Дабан жотасы бойынша Солтүстік Үлкен Речка және Оңтүстік Үлкен Речка өзендерінің бірігуінен теңіз деңгейінен 660м биіктікте қалыптасады және солтүстікке қарай ағып өтеді. Өзен ұзындығы – 43км (Левой Большой Речки бастауынан – 77км), бассейннің су жинау ауданы 656км2. 1936-1999 жылдар аралығында бақылаулар мәліметтері бойынша орташа жылдық су шығыны сағасынан 23км-де 12,37м3/с-ты құрайды.

Өзеннен сол жағалауында, сағасына жақын Большая Речка селосы (Большереченск) орналасқан. Оның координаттары: 51058’21”.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]