Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
perevod_otchet_Gg-31.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.33 Mб
Скачать

1.3 Пайдалы қазбалар.

Байкал таулары өзіндік көптеген минералды байлықтарға ие, бірақ өкінішке орай тау бұл бағытта ащ зерттелген. Тау жыныстарынан гнейс (конгломерат) және жасыл тас, алтынды атауға болады. Слюданка өзенінің айналасында, лазуриканың шыққан жерінде пемза және бүкіл тауда қою-жасыл слюдалар бар. Хамар-Дабанға көтеріле бергенде – көк кварц кобальтпен боялған. Утулику өзенінің бойында жергілікті жыныстар кездеседі – айналы шпат және байкалиттер. Байкалдың жанында гранит, әктас, тас көмір Глаубер тұзы кездеседі. Минералдан тек темір мен алтын.

Байкал маңында және де минерал көздері орналасқан. Минералды сулардан ерекше көзге түсетіні Туркин мен Бургузин ыстық бұлақтары. Алтын Теңіз алды жоталарында кездеседі, бірақ оның құрамы оншалықты көп емес. Темір рудасы Байкалдың солтүстік бөлігінде, Тошка өзенінің жоғарғы, ал Анга өзенінің батыс бөлігінде кездесед. Бір кездері Бургузин шығанағының айналасында мұнай көздері туралы сөз тарады.

Осы шығанақ жағалауының басым бөлігінде сонымен қоса тау майын - 52°С температурада қайнайтын сұр-қара түсті жинақы масса (байкерит) кездеседі. Жергілікті крестяндар бұл майды ревматизмге қарсы, денелеріне жағу арқылы қолданады.

1.4 Тектоника

Соңғы 10-30 жылдарда орыс және шет ел ғалымдары рифтік құрылымының фундаменттінің құрылысы, рифт құраушы қозғалыстардың тарихы мен кинематикасы бойынша, рельеф эволюциясы мен аймақ климатының өзгерісіне қатынасы бойынша Байкал көлін толықтырып тұрған жауын-шашынның құрамы мен құрылысы туралы жаңа ақпараттар алды. Геологиялық және геофизикалық ақпараттар бойынша 2000 км-ге созылған Байкал рифтік зонасы (БРЗ) жер қойнауының созылуы мен литосфералық мегаблоктардың : Сібір платформасы мен Орта-Азиялық қозғалмалы белдеудің температура мен механикалы құрамының аралығында орналасқан ішкі континентальдік зонаға кіреді. Рифтік жүйе екі күрделі ойпаттың (15 жеке ойпаттар) көтерулермен бөлінген ( ойпатаралық бөліктер) және ірі тектоникалық ажыраулармен шектелген, рифтке параллельді, рифті кесіп өтетін және рифтің күрделі созылу тарихын дәлелдейтін кезектесулерде тұрады. Сбір платформасы әлсіз сейсмикалық активтілік тән тұрақты және ірі платформа болып табылады. Үнді-қытай, Еуразия және Амур плиталар аралығында орналасқан микроплиталар мен блоктардың мозайка түрінде бөлінуі, Орталық Азиялық қозғалмалы белдеудегі шашыранды сейсмикалылықтың тән болуы дәләлдейді. Байкалдық рифтік ажырау мен ойпаттар Байкал ойпаттарына қарай артатын жоғарғы сейсмикалық концентрациямен сипатталады.

Байкалдық рифтік жүйе үшін құрылымдық жоспарда арнайы мағынаны Басты Саян,, Тункин, Теңізалды, Баргузин, Кичер, Жоғарғы-Муйск, Кодар, Токкин және өзге бірнеше жарықтар береді. Айтылған жарықтардың көпшілігі – терең құрылымды. Басты жарықтардың рифтогенездерге әсер ету дәрежесі екі жағдайда анықталады: жарықтың даму масштабымен және фундаментінің жасы мен кембриге дейінгі кезеңнен кайназой кезеңдер аралығындағы геологиялық аралықтағы дамуымен.

Басты Саян жарығы БРЗ оңтүстік-батысындағы басты және ең ірі құрылымдық жарық болып саналады. Жарық Сібір платформасындағы Шығыс Саян мен Шарыжалгай көтерілімдер арасында шекара қызметін атқарады. Есептелген жарықтың ұзындығы шамамен 1000км; жарық знасының ені бірнеше жүздеген метрден 7-8 км-ге ойнайды, ал батыс бөлігі – 50-60км құрайды.

Тункин жарығы кайназойда рифтік аумақтың әсерінен дамыған, ол осы жарық бойымен вертикальді амплитуданы анықтаған.

Бірақ бұл жарық үшін де аумақтық қысымдық күштің әсері байқалады. Барлық жағдайларда геоморфологиялық жарық шашыраңқы құрылымға ие. Жалпы Тукин жарығы қозғалмалы-тастамалы құрылым ретінде классификацияланады. Тукин жарығының вертикальді амплитудасы геоморфологиялық анализ және өзгеде көрсеткіштер бойынша 300-400 м құрайды, шамамен 100м Тукин жарығының еңістігінің оңтүстігінен келеді. Горизонтальді ауданы аралас бірнеше метрден километрге дейінгі аплитуданы құрайды. Амплитуда бүкіл жарық бойымен біркелкі емес және максимальді көрсеткіш оның ендік жарықтарында, олар мондин және әсіресе тукин бөлігі.

Тукин жарығының шығыс шеткі бөлігі минимальді вертикальді және қозғалмалы аралас компонеттерге ие.

Оңтүстік және Орталық Байкал қазаншұңқырдың солтүстік-батысын шектеп тұрған Теңізалды және Теңіздік жарықтар құрылымы бойынша Обруневск тастамасының жарық жүйесіне кіреді. Тереңдіктің жалпы амплитудасы 1500-1650 м, ал Байкалдың максимальді тереңдігі 1630 м. Теңізалды жарық Байкалдың батыс жағалауындағы төменгі рельеф түрінде көрінген, ал геологиялық карталауда қуатты (300-800 м) дробты зона болып табылады. Жарықтың ұзындығы шамамен 200 км. Максимальді биіктігі 600 м. Жарық қалдық ретінде анықталады, жарықтың құлау азимуты 140°, бұрыш 65-70°. Кайназой кезеңінде жарық оң бағыттағы қозғалмалы-тастама ретінде дамыды. Теңіз жарығы Бугульдейка өзенінің сағасынан тіке бұрыш жасап бағытын өзгертеді және Ольхон горсттың солтүстік-шығысына дейінгі акваторииға дейінгі аралықты қамтиды.

Баргузин жарығы жалпы ұзындығы шамамен 200 км, 4 кулистәрізді жеке тармақтардан тұрады. Жарық зонасының қуаты бірнеше ондаған метрден жүздеген метрге дейін өзгереді. Баргузин жарығының кайназойлық активтілігі жер бедерінде баспалдақты түрінде анық көрінді. Жарықтың қазіргі активтілігі әлсіз жер сілкіністерінің эпицентрлерін өзіне тартып отыр.

Байкалдық рифтік зонаның барлық ірі аумақтық жарықтары кайназойлық активтілігінің анық көрінуімен ерекшеленеді, ұзақ өмір сүруші және ежелгі жарық зонамен негізі қаланған. Аймақтық жарықтық зонаның кайназойлық активтілігі Байкал рифтік жүйесінің дамуына әсер етті. Жарықтық зона бойынша кейбір қимылдар тратовкасы бір қалыпты емес. С.И.Шерман субендік жарықтар, ереже бойынша тасталмалы және солбағытта жылжыған компонент тәрізді, субмеридианальді және солтүстік- шығыс- оңбағытты болады деп есептейді.

Жерсілкінісінің сейсмограмм бойынша фокальді механизмді анықтау қозғалыстың типін қалпына келтіруге, сейсмоактивті жарықтардың құлау бағыты мен жуылуын анықтауға мүмкіндік береді. В.И.Мельниковтың орындаған жер сілкінісің фокальді механизімінің шешімі бойынша Байкал рифтік жүйенің орталық және солтүстік-шығыс бөліктеріндегі жарықтық зоналарда созылмалы күштің басым бөлігі СШ-ОБ бағытқа ие. Оңтүстік-батыс флангада зоналарда қозғалмалы күш басым. Әр түрлі қозғалыстар типтерінің араласуы Оңтүстүстік –Байкал қазаншұңқырының батысындағы жер сілкінісінің ошақтарында және Тункин ойпат жүйесіне дейінгі аралықта байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]