- •1.1 Жалпы мәліметтер
- •1.2 Геология
- •1.3 Пайдалы қазбалар.
- •1.4 Тектоника
- •1.5 Жер бедері
- •1.6 Климаттық ерекшеліктері
- •1.7 Гидрология
- •1.8 Топырақ жамылғысы.
- •1.9 Өсімдік және жануарлар әлемі
- •2.1 Ресейдегі метеорологиялық бақылаулардың ұйымдастырылуы.
- •2.3 Практика өткен периодта жүргізілген метеорологиялық бақылауларға қорытынды
- •4.1 4. Ғылыми шаралардың ұйымдастырылу әдістемесін қамтамасыздандыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ 5B060900 3 КУРС МАМАНДЫҒЫНЫҢ
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ БУРЯТИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ИСТОМИНО АУЫЛЫНДАҒЫ
ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА
ЕСЕБІ
Астана
2016
Мазмұны
1. Практика өтетін ауданның қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
1.1 Жалпы мәліметтер
1.2 Геология
1.3 Пайдалы қазбалар
1.4 Тектоника
1.5 Жер бедері
1.6 Климаттық ерекшеліктері
1.7 Гидрология
1.8 Топырақ жамылғысы
1.9 Өсімдік және жануарлар әлемі
2. Метеорологиялық бөлімі
2.1 Ресейдегі метеорологиялық бақылаулардың ұйымдастырылуы
2.2 Негізгі метеорологиялық құралдардың қызметі
2.3 Практика өткен периодта жүргізілген метеорологиялық бақылауларға қорытынды
3. Гидрологиялық бөлімі
3.1 Ағын судағы су өлшегіш рейка көмегімен тереңдіктерді өлшеу
4. Ғылыми шаралардың ұйымдастырылу әдістемесін қамтамасыздандыру
Байкал көлі маңының топырақ кескінін алу
Ландшафттық профиль тұрғызу
Метеорологиялық бақылау жүргізу
5. Қорытынды
6. Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Практика – қазіргі заманғы оқу процесінің маңызды аспекті. Оқу кезінде білімді бойға сіңіреміз. Алайда тек практика кезінде алынған білімдерді тәжірибе жүзінде жасай аламыз. Практика теориядан, теория практикадан ешқашанда ажырамайды. Сонымен, өндірістік практика – квалификациясы жоғары маман иегерлерін әр түрлі өндірістік орындарда болып жүргізілетін оқу процесінің практикалық бөлімі.
Біз Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті 060900-«География» және 06091000-«Гидрология» мамандығының 3 курс студенттеріне, Байкал көлінде практика өту мүмкіндігі берілді. Бұл ерекше берілген міндетті біз орындауымыз қажет. Ең алдымен бұл жер сұлулығымен, ұлылығымен, жұмбақтығымен ерекшеленеді. Байкал - тек қана көл емес, ол Сібір жүрегінде орналасқан тұңғиық әлем. Ең терең көл тереңдігі 1642 м және ауданы 31500км². Дүние жүзіндегі тұщы су қорының 20% орналасқан. Байкал рифтік зонасының орталығы. Біз Байкал көлінің оңтүстік-шығысында болдық, Селенга өзенінің төменгі дельтасында болдық. Бұл өзен Байкал көліне 2\3 су массасын береді. Селенга дүние жүзіндегі жалғыз өзен тұщы суқоймасымен байланысқан. Бұл жерде Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінде Байкал табиғат қорғау институтына тиесілі дүниежүзілік экологиялық-оқыту орталығы «Истомино» орналасқан. Улан-Удэ қаласынан қашықтығы 150 км.
Біздің құрамда 44 адам бар, соның ішінде 16-сы қазақ бөлімі студенттері, 5-еуі орыс бөлімі студенттері және 2-еуі практика жетекшілері. Біздің жол транс-қазақстан ( Астана қ.- Петропавл қ.) және транс-сібір (Петропавл қ. – Омбы қ. –Новосибирск қ. – Красноярск қ. -Улан-Удэ) темір жол магистралдарынан өтеді. Маршруттың жалпы ұзындығы 4,5 км. Өндірістік практика өту мерзімі 5 маусым мен 21 маусым аралығы 2016 жыл. Осы уақыт аралығында бүкіл алға қойылған мақсаттарды орындауымыз қажет.
Өндірістік практика мақсаты – Байкал көлі жағалауын физика-географиялық зерттеу, қоршаған орта мониторингі және өндірістік объектілердің экономикалық-әлеуметтік географиялық тұрғыдан бағалау.
Жұмыс өзектілігі адам мен қоршаған ортаның үздіксіз байланысына және кеңістік және ландшафт дифференциясы өзгеруіне тәуелді. Негізгі бөлімі гидрологиялық және метеорологиялық жұмыстарға байланысты. Сонымен бірге, экскурсиялық жұмыстар жүргізіледі.
Бөлім Практика өтетін ауданның қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
1- сурет. Селенгі дельтасы.
1.1 Жалпы мәліметтер
Байкал көлі Азия материгінің орталығында орналасқан және ауданы 545 мың. км² болатын, оның 45% Ресей Федерациясының, ал қалған бөлігі Монғолия территориясында. 53 % өзен сулары Бурятия территориясында қалыптасады, 27% - Монғолия, 16%-Байкал арты, 4%- Иркутск облысына тиесілі.
Байкал көлі бассейні теңіз деңгейінен жоғарыда және таулы жер бедерімен ерекшелінеді. Ең төмен Байкал көлі – 456м, ең жоғары (Эрхэтт-Хайрхан, 3535м) Шығыс Хангайда орналасқан. Аумағының барлық дерлігінде орта таулар кездеседі.
Байкалдың шығу тегі әлі таңға дейін ғалымдар арасында үлкен дау тудырады. Көл жасын ғалымдар 25-35 млн.деп есептейді. Осы факт Байкалдың ерекшелігін көрсетеді, себебі басқа көлдер 10-15 мың.жыл ғана өмір сүреді, кейіннен батпақтану процесіне ұшырайды. Әсіресе бұл шығу тегі мұздық көлдерге тиесілі.
Көл рифтік ойпатта орналасқан және құрылымы жағынан Өлі теңізге ұқсайды. Байкалдағы өзгеріс әлі таңға дейін жүруде, ол жанында жиі болатын жер сілкіністеріне тәуелді.
Байкал көлі бассейні шұғыл континетті климат тиесілі, жылдық және тәуліктік ауа температурасы өзгеруі жоғары, атмосфералық жауын-шашынның таралуы жыл мезгілдерінде ауыспалы болып келеді. Қатал желсіз қыс желді және құрғақ көктемге ауысады, ол алғашқы маусымға дейін созылады. Жаз қысқа, бірінші жартысында құрғақ, ал екінші жартысында (шілде-тамыз) жаңбырлы. Күз тәуліктік температураның үлкен айырмашылығымен және ерте үсікпен болатын салқын және құрғақ болып келеді. Тауларда континенттілік азаяды да, ылғалдылық арта түседі. Ең суық ай қаңтар, ал Байкал көлінде жағалауында ақпан айы. Ең жылы ай шілде, Байкал көлі жағалауында тамыз айы. Орташа жауын-шашын мөлшері 230-1000мм.
Жауын-шашын ойпаттарда аз, ал жоталарда көбірек жауады. Жылдық жауын-шашын төмен мөлшері қыс айларына келеді, максимум – шілде, тамыз (кей жылдары қыркүйек немесе маусым айларына сәйкес келеді). Байкал көлінде қыс айларында тұрақты мұз жамылғысы пайда болады.
Байкал көліне құятын өзендер қоректенуіне байланысты 4-ке бөлінеді:
Жауын-шашын мол құятын ағындармен (70-80%);
Жауын-шашын мөлшерінің жоғары болуы (60-70%);
Жауын-шашын және таза су мөлшерінің үлесі бірдей болуы (30-40%);
Таза су ағындарымен (50-60%).
1 және 2 көктемдік, 3 және 4 көктем-жаздық.
Байкал көліне құятын өзендер Селенга, Жоғары Ангара, Баргузия, Турка, Снежная, Тыя, Кика, Хара-Мурин. Осы сегіз өзен Байкал көлінің жылдық беткі мөлшерінің 80,5% береді.
1.2 Геология
Байкал көлінің территориясы Сібір платформасының Саян-Байкал таулы аймағының бөлігіне кіреді. Бұл жерде метаморфтық, шөгінді және магмалық тау жыныстары өте ерте заманғы (архей) кезінен қазіргі (кайназой) кездердікіде кездеседі. Қиын тектоникалық қозғалыстар мен метоморфизм алғашқы табиғат жағдайларының өзгеруіне алып келеді. Сондықтан оны зерттеу үлкен даугершілікті туындатады.
Байкал көлі жағалауындағы таңғаларлық тау жоталары көптеген геологтардың назарын аударды. Оны зерттеумен көптеген атақты ғалымдар айналысты: П.С.Паллас, И.Г.Георги, Э.Г.Лаксман, А.Л.Чекановский, И.Д.Черский, А.Е.Ферсман, В.А.Обручев, М.М.Одинцов, Н.А.Логачев және де басқа да ғалымдар. Қазіргі таңда көптеген мәліметтер жиналып жатыр. Осыған Иркутс, Улан-Удэ, Новосибирск, Москва және Санкт-Петербургтың көптеген практик геологтардың және ғалымдардың үлесін тигізуде.
Оңтүстік Байкалда Хамар-Дабан жотасынытаң осінде слюдалы, хангарульді және хамардабан серияларына бөлінеді. Олар біртұтас ірі стратиграфиялық бөлімшелерге бөлінеді. Слюдалы серия ырғақты қабатталған гнейсті, қорғасынды және мәрмәрдан тұрады. Серия қуаттылығы 6300 м. Хангарульді серия харагольді свита, қабатталған диопсидті және кварц-диопсидті жыныстардан құралған. Серия қуаттылығы 3900м. Хамардабан сериясының құрамы биотитті, биотитті-гранатты, биотитті-гранатты-cиллиманитті гнейс кіреді. Жасы геохранологиялық кестеде нақты емес. Хамардабан сериясында хитинозои және граптолит қалдықтары кездеседі, соған қарағанда ордовик-cилурға сәйкес келеді.
Кайназойлық вулканизм жағдайлары Байкал алды жерлерінің қалыптасуына алып келді. Алайда оның тікелей рифтермен байланысы анықталған жоқ.
