Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сыртқы ортаның патогенді әсері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.33 Кб
Скачать

РМҚК «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:жалпы медицина

Кафедра: қалыпты жане патологиялық физиология

Пән: Терминальды және экстримальды жағдайлардың патофизиологиясы

Курс: 5

Тақырыбы: Сыртқы факторлардың патогенді әсері

Орындалу түрі: мәнжазба

Орындаған: Уалиев Дастан

Тексерген: Жексенова А.Н

Ақтөбе 2016 жыл

Жоспар

  • Механикалық ықпалдардың бүліндіргіш әсерлері

  • Шу мен дыбыстардың жағымсыз әсерлері

  • Ультрадыбыстардың әсері

  • Барометрлік қысымның әсері

  • Температуралардын әсері

  • Ультракүлгін сәулелердің әсері

  • Лазер сәулелерінің әсері

  • Электр агымының бүліндіргіш әсері

  • Иондағыш сәулелердін бүліңдіргіш әсерлері

Сыртқы факторлардың патогенді әсері

Сыртқы ортаның патогенді ықпалдары келесідей бөлінеді:

  • Механикалық

  • Физикалық

  • Химиялық

  • Биологиялық және өлеуметтік болып ажыратылады.

Бұл ықпалдар жиі бірігіп әсер етеді.

Механикалық ықпалдардың бүліндіргіш әсерлері

Механикалық ықпалдар жалпы организмнің және жергілікгі ағзалар мен тіндердің бүліністерін туындатады. Олардың бүл әсер күшінен (кг/ см2), белгілі жылдамдықта қозғалып келе жатқан затгың кинетикалық қуатына байланысты болады. Сондықтан механикалық ықпалдың күшіне байланысты созылу, қысылу болса, оның кинетикалық қуатына баиланысты соғылу, қүлау, оқ тию т.с.с. жарақаттар дамиды.

Сонымен бірге, механикалық ықпалдардың бүліндіргіш әсері бүлінетін тіндердің төзімділігі мен тығыздығына байланысты. Механикалық ықпалдардан әртүрлі жарақаттар байқалады. Оларға: тіннің созылуы, жыртылуы, қысылып қалуы, жаншылып қалуы, соққы, шайқалуы т.с.с. қүбылыстар жатады. Механикалық күштердің өсерінен тіңдердің созылып кетуі, артынан жыртылуы мүмкін. Тіңдердің тығыздығы мен серпімділігі олардың созылып кетуіне қарсы түрады. Сондықтан сүйектер мен бүлшықетгердің сіңірлері созылатын әсерге біршама түрақты болады. Бүлшықетгер мен қан тамырлары аз күштің өзінен жеңіл созылып кетуі мүмкін.

Адамның жасы үлғаюына байланысты тіндердің серпімділігі мен тығыздығы азая береді. Сондықтан қарт адамдарда жиі сүйектің сынуы, шытынауы, сіңір созылуы байқалады. Әртүрлі дерттік жағдайлар тіндердің серпімділігін төмендетіп, олардың созылғыштығын өзгертеді. Қабыну кезінде бүлшықеттердің, сіңірлердің, буын байламдарының серпімділігі азайып, олардың үзіліп, жыртылып кетулеріне қолайлы жағдай дамиды. Созылған тіндер семіп қалады, олардың атқаратын қызметтері бүзылады. Мәселен, үзақ мерзім керіліп кеткен асқазанның шырышты қабығында атрофия дамиды, оньщ қимылдық және сөл шығаратың қызметтері бүзылады. Эмфизема, бронхиалық демікпе кездерінде өкпенің керіліп кетуінен, оның серпімділігі азайьш, демді сыртқа шығаруы қиындайтын болады.

Қысатын күштерге сүйектер мен тірек-қимылдық қүрылымдар біршама қарсы тұра алады. Жұмсақ тіндер қысушы күшке өте сезімтал болып келеді. Бүл кезде қысылып қалудан жұмсақ тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі және қоректенуі бүзылады. Осыдан қысушы ықпал үзақ әсер етсе, тіндердің тіршілігі жоғалады. Өсіп келе жатқан тіндер қысылып қалса, олардың өсуі тоқтайды. Қысушы өсерлерден тіндердің атрофиясы дамиды.

Дене мүшелері ауыр заттың астында қысылып қалуынан организм тіршілігіне қауіпті жагдай дамиды. Бүндай адамдарды ауыр затган босатып алғаннан кейін дамитын дертгі үзақ жаншылу синдромы деп атайды.

Бүл кезде организмнің ауыр уыттануы болады, бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі дамиды, несеп шығару қатты азаяды немесе тоқтайды. Осыдан адам тез жан тапсырады. Ұзақ жаншылу синдромының даму негізінде жаншылған тіндердің ыдырауынан пайда болған уытты өнімдер тұтас организмге қанмен тарап кетуі (Ұзақ жаншылу кезіндегі көмек) жатады. Олар бүйректің атқаратын қызметін бүзады. Содан жалпы организмнің уыттануы болады. Сондықтан ауыр заттың астында қалған мүшені босатқанда алдымен жаншылған тіндердің жоғары жағынан уыттарды қанмен тарап кетпейтін етіп, тамырларды қысып таңып, содан кейін біртіңдеп босату қажет.

Қозғалып келе жатқан ауыр заттың денеге немесе қозғалып келе жатқан дененің түрған ауыр затқа соғылуынан соққы дамиды. Соңдай- ақ дененің соққыға ұшырауы үлкен жылдамдықта қозғалып келе жатқан сұйықтар мен газдардың әсерлерінен де болуы мүмкін.

Соққының әсерінен терінің, жүмсақ тіндердің, қан тамырларының ішкі ағзалардың жыртылуымен, сүйектердің сынуымен, шытынауымен көрінетін тіндердің түтастығы бүзылады.

Соққының әсерінен пайда болған жарақаттардың түрі:

  • әсер еткен бүліңдіргіш ықпалдың түрінен (оның өткір немесе доғал зат болуынан, мылтықтың оғы немесе қанжар, сүйықпен немесе газдардың қатгы толқынымен болуынан);

  • қозғалып келіп тиген заттың жылдамдығынан және оның кинетикалық қуатынан;

  • дененің зақымдаушы есермен түйісу бетінен;

  • жалпы организмнің және зақымданған тіннің жағдайларынан байланысты. Доғал затгармен соғылғанда дененің тері қабаты кейде бүлінбей, ішкі ағзалардың (бауырдың, бүйректің, ішектердің, өкпенің) жыртылуы, содан ішке қан кетулер болатыны белгілі.

Соққының әсерінен көптеген сезімтал қабылдағыштар (рецепторлар) және жүйкелердің талшықтары бүлінгенде жергілікгі ағзалар мен жүмсақ тіндердің зақымдануы түтас организмнің бүзылыстарымен қабаттасады. Осыдан жарақатгық сілейме (травмалық шок) дамиды.

Шу мен дыбыстардың жағымсыз әсерлері

Шу - айналадағы тыныштықты бүзатын, пайдалы дыбыстарды қабылдауга бөгет жасайтын, адамға теріс ықпал ететін және онын еңбекке қабілетгілігң төмендететін жағымсыз және колайсыз дыбыстардыц жиынтығы.

Адамның қүлағы 16 дан 2000 Гц жиіліктегі дыбыстардьщ толқындарын қабылдайды. 1 кВт/см2-ден жоғары дыбыстың қарқыны есту талдағышына (анализаторына) бүліндіргіш әсер етеді. Дыбыстың қарқыны 3 кВт/см2-ден асып кеткенде адам есінен танады, аяқ-қолыньщ салдануы болады және тырыспа дамиды.

Шудың бүліндіргіш әсері оның қаттылығы мен жиілігіне байланысты. Жоғары жиіліктегі дыбыс толқындары организм үшін зияндырақ болады. Организмге бүліндіргіш әсер етпейтін дыбыстың қаттылыгы 40—50 дБ-ден аспауы керек. Оның қаттылығы 80 дБ болса, ол адам денсаулығына зиянды өсер етеді.

Адам организміне өтуі спецификалық және бейспецификалық ықпал етеді. Оның арнайы әсері есту таддағышының қызметін бұзумен байланысты. 80—100 дБ қаттылығы бар шу қүлақтың есту қабілетін төмендетеді, біртіндеп оның мүкістігіне әкеледі. Шудың есту талдағышына бүліндіргіш әсері организмнің даралық сезімталдығына байланысты және қарт адамдарда ол айқын көрінеді.

Шудың адам организміне бейспецификалық әсері мидьщ сыртқы қыртысына, гилоталамусқа, лимбикалық жүйеге, жүлынға қоздырғыш өсер етуімен байланысты. Шудың өсерінен орталық жүйке жүйесінде шектен тыс қатты тежелу болады, артынан оның қалжырауы дамиды. Осыдан адамның қатгы қызбалығы, сезім билеуі, үмытшақтығы, ынта- сы мен еңбекке қабілеттшігінің төмендеуі байқалады. Гипоталамустьщ қозуынан кортиколиберин артық өндірітіп, аденогипофиз бен бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының қызметтері кетеріледі, стресс дамиды. Жұлынның қозуынан жене қозудың дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің орталықтарьша тарауынан көптеген ішкі ағзалардың қызметтерінің өзгерістері байқалады. Осыдан жүрек-қан тамырлары жүйесінің, ас қорыту жолдарының аурулары дамуы ықтимал.

Ультрадыбыстардың әсері. 20 кГц жиілікгегі дыбыс толқындары ультрадыбыстарға жатады және олар адам құлағымен естілмейді. Қазіргі дәстүрлі медицинада бүл дыбыстар ауруларды анықтау үшін жөне олар- ды емдеу үшін қолданылады. Ультрадыбыстық толқындардың кеңістіктерде тарау жылдамдықтары және оларды ішкі ағзалар мен тіндердің қабылдауы мен шағылыстыруы әртүрлі дөрежелерде болған- дықтан (бауырда, мида, бүйректе, үйқы безінде) өспелер мен тастарды, сүйектердің сынығын жөне бітуін, жүректің жиырылу-босаңсу кездеріндегі көлемін т. т. анықтау үшін пайдаланылады.

Ультрадыбыстар организмге механикалық, температуралық жене физикалық-химиялық өсер етеді,

Ультрадыбыс толқынында дыбыстьщ қысымы 3 атмосфера (304 кПа) теріс және соншама оң жаққа ауысып түрады. Бүл кезде дыбыстың теріс қысымының өсерінен жасушаларда ете майда қуыстар пайда болады. Олар тез тым қатгы жабылуы кездеріңце ішіндегі сүйыққа соғылып жа- сушаның қабығында майда жыртықтар пайда болады. Осындай қүбылысты кавитация деп атайды. Осыдан дамитын мембрананың деполяри- зациясы, молекулалардың иондануы тіндердегі химиялық реакциялар- ды күшейтіп, зат алмасуларын арттырады жөне оларды қалыпты деңгейге келтіреді. Улырадыбыстардың 1,5 Вт/см2-ге дейінгі аз немесе 1,5- 3 Вт/см2 аральнъшдагы орташа карқындылығы организм тіндеріне жағымды әсер етеді.

Ультрадыбыстардың тіндерге тарауынан жылу пайда болады. 4 Вт/ см2 мөлшерінде қарқынды ультрадыбыс 20 секунд өсер еткенде тіндердің ішінде 5-6 см-ге дейінгі терендікте температура 5—6° С-ға көтеріледі. Температураның котерілуі тіндерде микроциркуляцияны жақсартьш, зат алмасуларын артгырады.

Үлкен қарқынды ультрадыбыстар (3—10 Вт/см2) жалпы организмге, тіндер мен жекелеген жасушаларға бүліндіргіш өсер етеді. Олар қылта- мырларда қанның ағымын бүзады, жасушалардың қүрылымдық өзгерістерін туындатады, тіндердің тым қызып кетуіне өкеледі. Жүйке жүйесі ультрадыбыстардьщ өсеріне өте сезімтал болады. Осыдан шеткері жүйкелердің түйіспелері (синалстары) арқылы жүйкелік серпіндердің берілуі бүзылады. Сондықтан есту, вестибулалық және керу талдағьші- тарының қозымдылығы темендейді, үйқы бүзылады, адамның женсіз қызбалығы және тез шаршауы байқалады. Қатты шуға қарағанда ульт- радыбыстар есту талдағышыньщ қызметіне азырақ әсер етеді. Бірақ олар кеңістікгерде дененің қальшты кейпін сақтайтын вестибулалық талда- ғыштың қызметін басымырақ езгертеді және ауыру сезімталдығын күшейтеді, дене температурасьш реттеу жолдарын бүзады.

Барометрлік қысымның әсері

Төмен барометрлік қысымның әсері. Таулық немесе биіктік аурулары.

Биік тауға шыққаңда, кабинасы бүлінген үшақтармен, ауа шарларымен биіктікке көтерілгенде немесе атмосфералық қысымды темендететін барокамераларға орналасқанда адам организміне төмен барометрлік қысым (гипобария) өсер етеді. Бүл кезде организмге екі түрлі ықпал болады:

  • барометрлік қысымның темендеуі. Қалыпты немесе жоғары барометрлік қысымнан темен қысымға тез ауысуын декомпрессия дейді;

  • дем алатьш ауада оттегінің үлестік қысымының (р02) азаюы.

Осыдан организмде пайда болатын бүзылыстардың коріністері

барометрдік қысымньщ томендеу дөрежесіне жөне оның жылдамдығына байланысгы. Қалыпты барометрлік қысым сынап бағанасы бойынша 760 мм болса, оның 530—460 мм-ге дейін томендеуі 3000—4000 м биіктікте болады. Барометрлік қысым томендеген сайын денедегі газдардың еруі азайып, олар газ күйіне айналады. Соңдықган кеңсірік, маңдай, өкпеқап қуыстарына, ішек-қарын жолдарына, ортанғы қүлақ ішіңе газ жиналып керіп кетеді. Олардағы сезімтал қабылдағьшггарды қоздырьш, қатгы ауру сезімін тудырады. Әсіресе қүлақ ішінен қатты шаншып ауыртады.

9000 м биіктікте барометрлік қысым с.б.б. 225,6 мм-ге дейін томендейді. Декомпрессиянын нөтижесінде азот көпіршіктеніп қанға түседі, эмболия дамиды. Осыдан ішкі ағзалар мен тіндердің ишемиясы

болады. Бүл эмбодцар ми мен жүрек тамырларына түрып қалуынан адам- ның кенетген естен тануы, жүректің инфаркты дамиды.

19000 м биіктікте барометрлік қысым 47 мм-ге дейін азаяды, организмдегі сүйықтар газдың бөлінуінен сарқылдал, қайнаған су си- яқты болады. Газдар тері астындағы шелмайга т.б. тіндерге жиналуынан тіндердің биіктік эмфиземасы немесе газ кернеп кетуі дамиды.

Демалатын ауада барометрлік қысым төмендегенде отгегінің үлестік қысымы азаюдан биіктік ауруы дамиды. Онъщ негізгі себебі болып орга- низмге оттегінің жетіспеушілігі, содан қанның оттегіге қанықпауы (ги- поксемия) есептеледі. Бүндай жағдай биік таулардың шындарына шық- қан адамдарда да байқалады. Бүл кездегі организмнің дертгік өзгерістерін таулық ауру дейді. Биіктік ауруын таулық аурудан ажырату қажет. Тау- лық ауру адамның тауға белгілі күш жүмсап, біртіндеп көтерілуінен, ол бірнеше сағатган немесе төуліктен кейін дамиды. Биіктік ауруы өте тез дамиды және организмнің тым ауыр бүзылыстарына әкеледі. Бүл ауру кезінде биікке көтерілген адам өзінің жағдайын дүрыс бағаламай, ма- саттанып, ешбір ауру белгілеріне шағым айтпайды жөне алғашқы се- кунд-минуттардың ішінде есінен танып қалады.

Таулық ауру екі сатыда өтеді. Бірішпі сатысы теңгерілген, екішш сатысы теңгерілмеген делінеді. Теңгерілген сатысы 1000—4000 м. биіктікте байқала- ды. Демалатын ауада отгегінің үлесгік қысымы азайғаңдықган, артериалық қанда отгегінің деңгейі төмеңцеген, ішкі ағзалар мен тіндерге оның тасы- малдануы бүзылған. Сондықтан оларда зат алмасулары сощы өнімдеріне дейін жүрмей аралық қышқыл өнімдер жинальш қалады, метаболизмдік адидоз дамиды. Осьідан отгегінің тапшыльны, жиналған қышқыл өнімдер қан тамырларындағы химиялық рецепторлар арқылы рефлексгік түрде ми- дағы тыныстық және тамырлардың қимылдық оргатықгарьш қоздырады: тыныс алу, жүрек соғуы жиілейді Бүл кезде симпатикалық жүйке жүйесінің межекуаты (тонусы) көтеріледі. Осыдан шеткері қан тамырларының, тегіс салалы ет жасушаларының жиырылуы, терінің бозаруы, артериалық қан қысымының аздап котерілуі, қанньщ жиналзган қорларынан тамырларға шьнарылуы болады. Шеткері қаңда эритроцитгер көбейеді. Ары қарай сүйек кемогінде эритроцитгердің өңдірілуі аргады. Содан шеткері қанда олардьщ саны шьшайы көбейеді және жас эритроцитгер (ретикулоциттер) пайда бо- лады. Сонымен бірге гемоглобин молеқуласының оттегін байланыстыру қабілегі кетеріледі жөне тотьгққан гемоглобиннің тіндерге оггегін беруін жеңіддетеді. Тіңдерде затгар алмасуыньщ анаэробтық жолмен жүруі артады. Сол арқьілы организм гіршілігіне қажетгі азды-көпті қуат (АТФ, КрФ) ондіріледі. Бүл келгірілгендер отгегінің жегіспеунгілігіне қарсы бағьпталған организмнің теңгеру-икемдепу жолдарына жатады. Дегенмен, бүл кезде ор- талық жүйке жүйесіңде қозу үрдісі басым болады, адамның жонсіз қызба- лығы, оз жағдайью дүрыс бағалай алмаушылығы, қимыл-қозғалысьюың үйле- сімсіздігі байқалады. Адам тоқмейлсіп, коп жағдайларға мөн бермейді, араққа мас болған адамдай коңіл күйін шатгық билейді (эйфория).

Ары қарай 5000 м биіктіктен астам котерілгенде таулық аурудың теңгерілмеген сатысы дамиды. Бүл кезде терең жиі тыныс алудьщ

нөтижесінде организмнен С02 артық шығарылып кетеді. Қоректік зат- тардың толық тотықпауынан тіндерде С02 газының түзілуі азаяды. Осы екі жағдайдан организмде (қанда) С02 газының деңгейі төмендейді, ги- покапния дамиды, газдық алкалоз байқалады. Сондықтан мидагы ты- ныс алу, қан тамырларының қимыдцық т.с.с. орталықтардың қозымды- лығы азаяды. Енді көщл-күйдің көтеріңкшігі (эйфорияеы) қатты түнжы- раумен (депрессия) ауысады, орталық жүйке жүйесінің тежелуі болады. Бүл кезде науқас адамның қимыл-қозғалысы азаяды, тез піаршағыш- тьны байқалады, барлық шартты, шартсыз рефлекстері жоғалады, ол терең үйқыға батады. Осыдан науқастың тыныс алуы сиреп, үзілісті (Чейн-стокс, Биот) тыныс алу пайда болады. Отгеіінің жетіснеушілігінен, гипокапниядан жөне алкалоз дамуынан мидағы тыныс алу орталығы- ньщ салдануы адамның өліміне әкеледі.

Жоғары барометрлік қысымның әсері. Кессон ауруы

Терең суға сүңгігенде, теңіз, мүхит суларының астында жүмыс атқарғанда адам организміне жоғары барометрлік қысым (гипербария) әсер етеді. Әрбір 10,3 м. су асты терендікте барометрлік қысым 1 атмосфе- раға көтерітеді. Қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары барометрлік қысымға тез ауысқанда дененің қысылуы (компрессиясы) болады. Ол, әсіресе дене қуыстарында байқалады. Сондықтан қүлақтың жарғағын ішіне қарай қысып, Евстахий түтігі бітелген жағдайда, қүлақ ішінде қатты шаншып ауыру сезімін туындатады. Шеткері қан тамырлары қысы- лып қалғандықтан ішкі ағзалар қанға толып кетеді. Тым үлкен терендікке өте тез ауысу кезінде қан тамырлары мен өкпе үяшықтары жыртылып кетуі мүмкін. Содан ауа эмболиясының дамуына қолайлы жағдай пайда болады.

Барометрлік қысым көтерілтенде организмдегі газдардың сүйықтарда еру қабілеті көтеріледі. Оны сатурация дейді. Азот өсіресе май тінінде жақсы ериді. Липидтер мида көп болғандықтан онда еріген азоттың мөлшері көбейеді. Соңцықтан орталық жүйке жүйесінің қызмегі ерте бүзылады. Бүл кезде көңіл-күйдщ шаттануы тез терең үйқыға (наркоз- га) ауысады. Артынан азоттың жүйке жүйесіне улы әсері болып, бас ауыруы, бас айналуы, зерденің бүлінуі, жүйкелік-еттік үшіесімдыіктің бүзылуы, естен тану дамиды. Бүл дерттік қүбылыстардан сақтандыру үпгін терең су астында істейгін жүмысшылар азоттың орньта гелий мен отгегінің қосындысымен дем алатьш аспапВы қолданулары қажет. Ге- лий жүйке тіндерінде азот сияқты ерімейді жөне ол, организмге улы өсер етпейтін, бейтарап газ болып есентеледі.

Терең су астынан адамды жоғары шығарғанда барометрлік қысымның өсері азайып, декомпрессия дамиды. Бүл кезде адамды тез қалыпты ат- мосфералық қысымға шығарудан декомпрессиялық немесе кессоңцық ауру дамиды. Оньщ дамуы жоғары барометрлік қысым өсер егкендеіі орга- низм сүйықтарында еріген газдар тез жоғары көтерілгенде газ күйіне қайта ауысып, қаннан өкпе арқылы сыртқа шығарылыл үлгермейді.

Сондықтан бұл газдар қан тамырларыньщ інгінде қальш, газдық эмбо- лия дамуына әкеледі. Эмболдар ішкі ағзалардың тамырларында тұрып қалуынан олардың қызметтері бүзылады. Мидың, жүректің тамырлары бітелуінен адамның өліміне әкелуі мүмкін.

Температуралардын әсері. Төмен температуралардын әсері. Гипотермия.

Суық температура адам денесінің жалпы мүздауына немесе дене мүшелерінің үсуіне әкеледі. Суық температураның организмге әсері оның ылғалдыгынан, түрінен (суық ауа, суық су), мөлшерінен, ауада желдің болу-болмауынан, адамның үсгіндеіі киімінен, тері астындағы шелмай- ының қалыңдығынан т. б. көптеген жағдайлардан байланысты.

Дененің мүздауы — дене қызымының төмендеуіне (гипотермияға) өкелетін организмдегі жылу ретгелуінің бүзылуы. Бүл кезде дене қызы- мының томендеуі (гипотермия):

  • жылудың сыртқа шығарылуы көбейіп кетуден;

  • жылудың ондірілуі азайып кетуден;

  • жылу өндірілу мен оньщ сыртқа шығарылуының біріккен бүзы- лыстарынан болуы мүмкін.

Адамда гипотермия жылудың организмде қалыпты мөлшерде өндірілуіне қарамай оның сыртқа артық шығарылып кетуінен дамиды. Сондықтан суық температура өсер еткенде терінің қан тамырларының жиырылуы болады, тер боліну тоқтайды, тыныс алу сирейді. Осы жол- дармен жылудың организмнен сыртқа шығарылуы азаяды. Ары қарай суық температураның өсеріне жауап ретінде бүлшықеттердің қалтырауы, бауыр мен бүлшықеттерде гликогеннің ыдырауы, қанда глюкозаның көбеюі, тіндермен оттегін пайдаланудьщ артуы, зат алмасуының күшеюі болады. Осыдан организмде жылу ондірілу артады. Осылай суық температураның әсеріне организм жылуды сыртқа шығаруды азайтып, оның денеде ондірілуін арттырып, дене қызымын қалыпты деңгейде үс- тап түрады. Бүл сатыны теңгерілген саты дейді. Суық температура ары қарай өсер ете берсе, онда организмнің икемделу-теңгеру мүмынпгіліктері азайып, гипотермияның теңгерілмеген сатысы дамиды. Бүл кезде дене қызьаш төмендейді, бүлшықетгердің қалтырауы болмайды, зат алмасу- ларының қарқыны азаяды, терінің қан тамырлары кеңіп кетеді. Қан тамырларының қимылдық орталығы тежеліп, жүрек соғуы, тыныс алу сирейді, артериалық қан қысымы төмендейді. Терең гипотермия кезінде орталық жүйке жүйесінің тежелуінен адам терең үйқыга батады, біртіндеп. тыныс орталығы мен қан тамырларыішң қимылдық орталығы өлсіреуінен адам жан тәсілімін тапсырады.

Сонымен бірге, шамалы гипотермия ішкі ағзалар мен тіндерде зат алмасу қарқынын томендетіп, оттегінің жегіспеушілігіне олардың төзімділігін көтереді. Бүл кезде организмнің түрақтылыты уыттарға, жүқпаларға, механикалық жарақаттарға, электр соққыға т. б. қолай-

сыз ықпалдарға жоғарылайды. Соңдьіқтан дене қызымын жасанды түрде томендету (гибернаіщя) организмнің отгегіге мүқтаждығын азайту үіпін, мидың ишемияға төзімділігін арттыру үшін юшникалық медицинада кеңінен қолданылады.

Суық температураның жергілікті әсері дене мүшелерінің үсуімен көрінеді. Үсудің бірінші дәрежесінде үсіген мүшенің қызаруы, екінші дәрежесінде күлдіреуі, үшінші дәрежесінде өлеттенуі болады. Бүлай ажы- рату шартгы түрде ғана дүрыс. Бірінші дөрежесі ары қарай суық темпе- ратураның всері тоқтағанына қарамай екінпгі, үшінші дережелеріне ауыса беруі мүмкін. Үсудің даму патогенезі тіндердегі нөруыздардың өзгерістерімен, қылтамырларда қан ағымы мен оның реологиялық қасиеттерінің бүзылыстарымен түсіндіршеді.

Жоғары температуралардың әсері. Асқын қызыну.

Ыстық соғуы

Ыстық температура дене мүшелерінің күюіне, күйіктік ауруға неме- се жалпы дененің асқьш қызынуьюа әкелуі мүмкін.

Күйік. Күйік ыстық температураның әсерінен, химиялық күпггі қыш- қылдардың, сілгілердің өсерлерінен немесе физикалық (электр ағьтш- ның, радий белсенді затгардың өсерлерінен) ықпалдардан дамуы мүмкін. Сондықтан ыстық температураның әсерінен дамитын күйікгі температуралық күйік деп ажырату қажет. Қалтан күйіктер сәйкес тарауларда қаралады.

Отгың жалыны, ыстық су, бу немесе 45—50° С-дан астам қызған заттар дене мүшелеріне тигенде температуралық күйік дамиды. Бүл кез- де тіндердің бүліну тереқцігіне байланысты күйіктің торт дәрежесін ажыра- тады:

1. терініц қызаруы;

2. күйген жердін күлдіреуі;

3. терінін некрозы және жаралардың найда болуы;

4. тері мен оның астында жаткан тіндердің толық некрозы немесе тіндердін көмірге айналуы.

Ыстық температураның жергілікті өсер ету жолдары тін нөруызда- рының үюымен, жасушалардың гіршілігін жоғалтуымен, тіндердің не- крозымен, қабыну дамуымен байланысты.

Күйіктің организмге өсері бүлінген тері қабатының аумағына бай- ланысты. Дененің 10—15%-нан астам аумағының терең күйіктері түтас организмнің бүліністеріне, ішкі ағзалар мен жүйелердің бүзылыстарьша әкелетін ауру туындатады. Бүл ауруды күйіктік ауру дейді. Ол келесі сатыларда өтеді:

1. күйіктік сілейме (шок),

2. күйіктік уытгану,

3. күйіктік жүқпалар,

4. күйіктік азу,

5. сауығу.

Күйіп қалған жерден орталық жүйке жүйесіне қатгы ауыру сезімі беріледі. Осыдан қан тамырларының қимылдық жөне тыныс алу орта- лықтары адцымен қатты қозьш, артьшан өлсірейді. Қан қысымы төмен- деп, ағзалар мен тіндерде майда қан айналым бүзылады, күйіктік сілейме (шок) дамиды. Оның дамуына бүлінген тіңдерде нәруыздардың ыдыра- уынан пайда болған уытты заттардың қанға түсуі, қанның сүйық бөлшектерінің тамыр сыртына шығьш кетуінен қоюлануы мен аққыш-

тық қабілетінің бүзылыстары қолайлы ықпал етеді. Бүл кезде су мен электролиттердің алмасуы бүзылады. Күйгеннен кейін алғашқы сағат- тарда бүлінген тіндерде натрий көптеп үсталып қалады, артынан на- трий мен су қан плазмасынан жасушаларга ауысады. Осыдан жасушалар ісінеді. Бүл жағдайды күйіктік сілеймені емдеу үшін изотониялық сүйық- тарды қанға енгізу кездерінде есте сақтау қажет. Олар тез жасушаларға еніп кетуі мүмкін.

Бүлінген жасушалардан калий көптеп қанға түседі, гиперкалиемия дамиды. Ол жүректің жиырылғыштық қасиетін төмендетіп, жүрек арит- миялары дамуына әкеледі. Күйік эритроциггердің қатгы гемолизін туындатады. Осыдан қан плазмасыңда гемоглобиннің мөлшері артады, оның несеппен шығарылуы үлғаяды, бүйрек қызметінің жіті жетюліксіздігі дамуы мүмкін. Бүл организмнің уыттануын одан сайын күшейтеді.

Күйіктік ауру кезіңде тіндердің нөруыздары көптеп ьщьфатылады. Бүлінген жасушалардан протеолиздік ферменттердің қанға түсуі тіндердің антигендік қасиетін өзгертіп, аутоиммундық қүбылыстардың дамуына өкелуі мүмкін.

Бүл ауру әртүрлі жүқпалармен жиі асқынады. Олардың уытгары организмді одан сайын уьитандырады. Бүл жұқпалар организмге бүлінген тері арқылы өтеді жөне ішектердің микробтары қанға түседі. Күйіктік ауру кезінде терінің бүлінуі оның тосқауылдық қызметін өлсіретеді, бір ядролы фагоцитгер жүйесінің қызметі бүзылады және ішек-қарын жол- дарының шырышты қабықтарының қорғаныстық қабілеті азаяды.

Бүл аурудың нәтижесінде организмнің қатты үдемелі арьш-азуы, дененің ісінуі, анемия, ішкі ағзатардьщ дистрофиялық өзгерістері, окпе мен бүйректің қабынуы, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының өлсіреуі т.с.с. қүбылыстар байқалады.

Күйікіік ауру жеңіл түрде әтсе аргынан организмнің сауығуы бола- ды. Бүл кезде бүлінген тін тольпынан аласталынып, оның орнына тыр- тық тін қалыптасады.

Асқын қызыну (гипертермия). Сыртқы ортада температура көтерілгенде терінің қан тамырлары кеңіп, тер бөлінуі, тьшыс алудың жиілеуі арқылы денеден жылуды сыртқа шығару артады. Ал, қоршаған ортаның тем- пературасы мен ылғалдығы жоғары болғанда немесе адамның үстінде терді өткізбейтін киім болғанда денеден жылуды сьфтқа шығару шекгеліп, ауаның температурасы тілті 33°С болғанның өзінде дененің асқьпг кызынуьша (ыстық соғуына) өкелуі мүмкін. Бүл кезде дене қызымын реттеу жолдары бүзылады, денеде жылу өндірілу оны сыртқа шығарудан басым больш кетеді. Осыдан дене қызымы көтеріледі.

Асқьш қызьшу (гипертермия) екі сатыда өтеді. Бірінші теңгерілген сатысьшда дене қызымы қалыпгы деңгейде үстальш түрады. Жоғары температура организмге ары қарай өсер ете беруінен асқьш қызынудьщ екінші теңгерілмеген сатысы дамиды, дене қызымы қалышыдан көтеріліл кетеді. Бүл кезде организмде зат алмасуларының қарқыны артады, ты- ныс алу жене қан тамырларының қимылдық орталықтарының, орта-

лық жүйке жүйесінің қатты қозуы байқалады. Артынан олардың қалжырауынан тыныс алудың, жүрек қызметінің бүзылыстары, артери- ялық қан қысымының төмеңдеуі болады, организмде гипоксия дамиды.

Асқьш қызыну кезінде тердің көп бөлінуі организмнің сусыздануы- на, сумен бірге хлоридтердің т.б. электролиттердің сыртқа көптеп шы- ғарылуына өкеледі. Бүл кезде қанның қоюлануы оның түтқырлығын жоғарылатьш, журек қызметін қиындатады, қанайналым жеткіліксіздігі дамиды. Осыдан организмде оттегішң үдемелі жетіспеушілігінен адам- ньщ жан талсыруы болады. Дене қызымы тез көтерілуіне әкелетін қауырт қызынуды ыстық соғуы дейді.