Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кешені СМС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

2. Сертификаттаудың негізгі мақсаты мен ұстанымдары.

Сертификаттаудың негізгі мақсаты- адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметінің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.Сонымен қатар мына мақсаттарда кіреді:

  • өнімдер мен қызмет көрсетулер сапасы мәселесінде тұтынушылардың мүддесін қорғау;

  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен қызмет көрсетулердің ішкі және сыртқы нарықта бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

  • тұтынушылардың дұрыс өнімді таңдауына көмек көрсету;

  • дайындап шығарушы ұсынған өнімнің сапалық көрсеткіштерін растау.

Сертификаттау мына ұстанымдарға негізделеді:

  • өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамсыз ету;

  • сынақтың кәсіби түрде өтуі;

  • шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

  • өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханаларын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;

  • сертификаттау жұмысына халықаралық құжаттармен ережелерін пайдалану;

  • ақпараттық комерциялық құпиясын ашпау;

  • қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамына қатынастыру;

Қазақстан Республикасының стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 пайызы сертификатталады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.

7-ші дәріс

Тақырыбы: «Мемлекеттік сертификаттау жуйесі»

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі.

2. Сертификаттаудың заңды және нормативтік базасы.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сертификаттау жүйесі – осы жүйеде бекітілген ережелерге сәйкес сертификаттау жұмыстарын жүзеге асыратын сертификаттауға қатысушылардың жиынтығы.Сертификаттау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін қолданылатын сертификаттау жүйесінің ережелері мен процедуралары. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық деңгейде қалыптасады.

ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесі - өз құзіреттілігі шегінде стандарттау саласындағы жұмыстарын және ҚР-дағы сертификаттау және аккредиттеу жұмыстарын, жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттармен жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы. ҚР МСЖ сертификаттау саласында біріңғай саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, сертификаттаудың негізігі ережелері мен процедураларын белгілейді, сертификаттау жөнінідегі органдарға, сынақ зертханаларына талаптарды, оларды аккредиттеу процедураларын, сертификаттау жөніндегі сарапшы аудиторларды дайындауды және аттестаттаудан өткізуді, аудиттің және инспекциялық бақылаудың жүргізілу тәртібін және сертификаттаудың мқсаттарын жүзеге асыру үшін қажет тағы да басқа талаптарды белгілейді.

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен және келісім шарт негізінде орындалған жұмыстардан түскен қаражатпен жүзеге асырылады. Мемелекеттік есебінен қаржыланатындар:

  • Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органды және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімелерін ұстауға арналған шығыстар;

  • Сертификаттау және сапа саласындағы программалар;

  • ҚР-ның сапаны бақылау бойынша халықаралық ұйымдарда қатысуына мүшелік жарна енгізу;

Басқа сертификаттау бойынша жұмыстар келісім – шарт негізінде жүзеге асырылады.

ҚР МСЖ дайындап шығарушы, тұтынушы, қоғамдық брлестіктер, сертификаттау бойынша органдар, сынақ зертханалар, сонымен қатар басқа да заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін жолды ашуды қамтамасыз етеді.