Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кешені СМС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

3. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасы.

Стандарттау бойынша жұмыстарды атқару процесі кезінде стандарттау обьектілеріне қатысты нормативтік құжаттар ретінде тіркелетін нормалар, талаптар, ережелер, сипаттамалар жасап шығарылады.

МСЖ-де жүргізетін стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға жатады:

  • ҚР мемлекеттік стандарттары;

  • Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіштері;

  • Мемлекетаралық стандарттар;

  • Салалық стандарттар;

  • Ғылыми –техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа қоғамдық ұйымдар стандарты;

  • Кәсіпорындық стандарттар.

Келтірілген стандарттардан басқа стандарттау бойынша техникалық шарттар, сонымен қатар мемлекетаралық ережелер қолданылады.

Қазіргі уақытқа дейін бұрынғы КСРО кезіндегі стандарттар қолданылады,егер олар ҚР заңдылықтарына қайшы келмесе. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгілейтін талаптар ғылым, техника, технология жетістіктеріне негізделіп ҚР-ның заңдылықтарында қолданылатын халықаралық, аймақтық, шетелдердің ұлттық стандартарына қайшы келмеуі тиіс.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар басқа мемлекетпен өнімді өндіру және саудумен айналысу кезінде техникалық кедергі туғызбауы керек. Стандарттау обьектісінің ерекшелігіне және талаптар мазмұнына байланысты стандарттардың түрлері бар. Оларға жатады:

  1. негізгі стандарттар;

  2. өнім және қызмет көрсету стандарттары;

  3. бақылау әдістері стандарттары(сынау, өлшеу, талдау);

  4. процестер стандарты.

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.

3-ші дәріс

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі»

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

1.Жүйенің жалпы сипаттамасы.

2.ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.

1. Жүйенің жалпы сипаттамасы.Қазақстан Республикасның Мемлекеттік стандарттау жүйесі 1992 жылы Мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін құрыла бастады. Мемлекеттік стандарттау жүйесі дегеніміз- стандарттау саласында, сонымен қатар өнімді каталогтау облысындағы қызметті атқаратын мемлекеттік басқару органдарының, нормативтік құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы.

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізі болып - негізгі заңдар қоры, нормативтік құжаттар болып табылады. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құқықтық негізі болып - техникалық заңдылық табылады. Ол ҚР-дағы өнімнің, қызмет көрсетудің, жұмыстардың сапасын мемлекеттік түрде реттеу үшін қолданылатын заңдар, стандарттау жөніндегі актілер жиынтығынан тұрады. Техникалық заңдылықтың құқықтың негізін ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы » заңы, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» заңы құрайды.

Жалпы 1999 жылы 16 шілде де ҚР «Стандарттау туралы » заңы қабылданды. Бұл Заң 2003 жылы 10 шілде де қайтадан толықтырып, 2004 жылы қазан айында бұл заңның орнына «Техникалық реттеу туралы » заңы қабылданды да қолданысқа 2005 жылдың 13 мамырында енгізлді.

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.Заңның негізгі мақсаты-өнімнің, процестің қауіпсіздігінің сапа бойынша мемлекеттік талаптар бойынша нормативтік құжаттарды талаптарды, нормаларды, ережелерді міндетті талаптарды қолдану.

Қазақстан Республикасының Заңы тәртіпке келтіреді:

  • стандарттау облысындағы негізгі түсініктерді;

  • негізгі заңның қолдану аясын;

  • стандарттау заңдарын;

  • стандарттаудың мақсаттары мен ұстанымдарын;

  • стандарттау обьектілерін;

  • стандарттау саласы бойынша халықаралық келісімдерді;

  • стандарттау бойынша жұмыстарды басқару;

  • мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрлымдарын;

  • стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды және оған қойылатын талаптарды;

  • нормативтік құжаттардың қолданылуын;

  • нормативтік құжаттар туралы ақпараттар;

  • стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау;

  • өнімді каталогтау жүйесін;

  • стандарттау бойынша заң бұзушылықты жауаптау;

  • мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстарды қаржыландыру;

ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі тапсырмалары;

  • өндірісті, жұмысты, қызмет көрсетуді, бақылауды нормативті қамтамасыз ету;

  • халықаралық стандарттарды және нормаларды ҚР-да тікелей қолдануды қамтамасыз ету;

  • ҚР-дағы мемлекеттік стандарттар қорын жұмылдыру;

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.