- •2 Курс студентеріне 2009-2010 оқу жылының 3 семестріне арналған
- •Дәріс кешені
- •2. Стандарттаудағы негізгі тапсырмалары:
- •3. Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Мэк ұйымы. Құрлымы және функциялары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •1. Сертификаттаудың мазмұны мен мағынасы.
- •2. Сертификаттаудың негізгі мақсаты мен ұстанымдары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2. Сертификаттаудың заңды және нормативтік базасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •Теориялық
- •Қолданбалы

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
15-ші дәріс
Тақырыбы: «Халықаралық және аумақтық метрологиялық ұйым»
Дәріс сабақтарының сұрақтары:
1. Халықаралық метрологиялық ұйым.
2. Аймақтық метрологиялық ұйым.
1.Өнім сапасын бақылаумен сынау, сертификаттау, метрологиялық лабароторияларды аккредиттеу, ұлттық өлшеу жүйелеріне негізделген әрекеттермен байланысты. Өнімнің стандарт талаптарына сәйкестігін бағалауда әр түрлі параметрлерді өлшеу жүргізіледі. Өнімнің шығысынан бастап оны сақтауын, тасымалдауға және қолдануға дейін өнімнің талаптарға сәйкестігін тағайындайтын сертификаттау сынақтары кезінде өлшеу тәжірбиесі мен методикасы нәтижесінің сәйкестігіне тікелей әсерін тигізеді, яғни өлшемдердің біріңғайлығы қамтамасыз етілсе метрология халықаралық сауда мәселелеріне араласады. Бұл сұрақ метрология бойынша халықаралық ұйымдары үшін ең маңызды болып табылады. Осы ұйымдардың қызметі нәтижесінде дүние жүзінің көптеген елдерінде халықаралық физикалық өлшем бірліктердің жүйесі қабылданды. Халықаралық метрологиялық ұйымдар ИСО және МЭК пен тікелей байланысты жұмыс жасайды. Бұл оның халықаралық кең тарауына септігін тигізеді. Аса үлкен немесе халықаралық метрологиялық ұйымдар – халықаралық өлшем мен салмақ ұйымы (МОМВ) және халықаралық заң метрологиялық ұйымы (МОЗМ). 1875 жылы 17ел метрикалық конвецияға қол қойды. Бұл конвецияның мақсаты - өлшем бірліктің ұлттық жүйесін унификациялау және ұзындық пен массаны біріңғай эталондық тағайындау. Осы конвенция негізінде үкімет аралық, халықаралық, өлшем мен салмақ ұйымы құрылды.Ұйымның ресми тілі – француз тілі. Метрикалық конвенция әлі күнге дейін жұмыс істейді. Оның мүшелігіне 50 ден астам ел кіреді. Конвенцияға сәйкес ғылыми зерттеу лабароториясы ретінде халықаралық эталаондар: метр мен кг прототиптерін иондаушы сәулелер бірліктерін сақтап ұстайтын халықаралық өлшем мен салмақ Бюросы (МБМВ) енгізілді. Бұл Бюро Францияда Севр қаласында орналасқан. Оны халықаралық өлшем мен салмақ комитеті (МКМВ) басқарады. МБМВ 100 ден астам елдердің қызметін реттейді. Бұл ұйымның жұмысының ғылыми бағыты метрикалық өлшеу жүйелерін жетілдіру. МБМВ әрқашан халықаралық эталондарды жетілдіріп, дәл өлшеулердің жаңа әдістерімен құралдарын ойластырады және қолданады, мүшелік елдердегі метрикалық зерттеулерді бағыттап отырады. МБМВ ғылыми және тәжірбиелік әрекетінің бағдарламасын бірліктерді тағайындау анықтау сұрақтары бойынша халықаралық орган өлшем мен салмақ бойынша негізгі конференция бекітеді. Негізгі конференция 4 жылда 1 реттен жиналады. Конференциялар арасындағы уақытта МОМВ ды конференцияда сайланатын өлшем мен салмақ халықаралық комитеті басқарады. Комитет құрамына дүние жүзінің әйгілі физиктері мен метрологтары кіреді. Мүшелердің жалпы саны 18. МКМВ құрамында 8 консультациялық комитет жұмыс жасайды. Олар негізгі конференция үшін шешімдермен материалдар дайындайды. Комитет атаулары МОМВның қызметі саласын көрсетеді: электр энергиясы бойынша комитет, метрды, секунды анықтау үшін, масса бойынша, термометрия бойынша, бірлік бойынша, фотометрия және эталондар бойынша комитеттер.МОМВның ғылыми жобалары үлкен тәжірбиелік мәніне ие. Халықаралық бірліктер жүйесінің қабылдануы 1960ж, 1967 жылы секунданың жаңа анықтамасы қабылданды және жиіліктің жаңа стандарты қабылданды. Соңғысы уақыт пен жиіліктің ұлттық эталондарының дәлдігін 100-1000 есе арттыруға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде космостың ұшулардың дәлдігін қамтамасыз етуге оңтайлы әсер етті.
Кафедра отырысында талқыланды «06» 10 2008 ж. № 3 хаттама