Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кешені СМС.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.

13-ші дәріс

Тақырыбы: «Өлшеуді орындау методикасы және өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің техникалық негізі »

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

1. Өлшеудің орындалу методикасының құжаттары.

2. Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің техникалық негізі.

1.1971 жылы КСРО ның Мемстандарты өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды өткізе бастады.Өлшем бірліктерді қамтамасыз етуге ауысу себебі мынадай себептермен түсіндіріледі. Өлшемдердің ауытқуы тек қана аспаптардың ауытқуынан тұрмайды, ол операторлардың және әдістердің ауытқуынан тұрады. Өлшеудің ауытқуына өлшеудің өткізу жағдайы көп әсер етеді. Өлшем бірлікті қамтамасыз етуде тек қана өлшеу жабдықтарын қолдану емес, сонымен қатар өлшеуді орындау нұсқауларын қолдану керек. 1972 жылы МЕМСТ 8.010-72 бекітілді. « Стандарттауға және өлшеуді орындау нұсқауларын аттестаттауға қойылатын жалпы талаптар». Сол кезден бастап өлшеуді орындау нұсқаулары деген түсінік пайда болады. МЕМСТ бекеіткеннен кейін нұсқау құжаттары және стандарттар пайда болды. 1993 жылы 18 қаңтарда ҚРда өлшем бірліктер туралы Заңы қабылданды.

ҚР СТ 2,1-2000 «Анықтамалар мен терминдер» сәйкес өлшеуді орындау нұсқауы дегеніміз- таңдалған әдіске сәйкес өлшеу қортындысы жоғарғы дәлдікпен қамтамасыз етілетін, өлшеу кезіндегі орнатылған тәртіптер мен операциялар жиынтығы. Өлшеу қортындысы жоғарғы дәлдікпен алыну, ауытқулары ауытқу шектерінен аспауы өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің ең басты жағдайы болады. Жай өлшеу жабдықтарын қолданып тіке шамаларды өлшегенде өлшеуді орындау нұсқауларының құжаттары талап етілмейді.электр шамаларын өлшегенде. Бұндай жағдайда конструкторлық немесе технологиялық құжаттарды және өлшеу жабдықтардың негізгі метрологиялық мінездемесі көрсеткені жеткілікті.

Қазіргі уақытта өлшеуді орындау нұсқауы әр түрлі техникалық құжаттарда жарияланады; стандарттар немесе олардың бөлімдерінде, сынаудың нұсқауларында және бағдарламаларында, бұйымды тасымалдау бойынша тәртіптерді, технологиялық карталарда.

2.Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің техникалық негізі. Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің техникалық негізін құрайды:

  • Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметтері қолданатын шама бірліктердің мемлекеттік эталондары және шама бірліктердің эталоны;

  • Қазақстан Республикасының территориясында қолданатын өлшеу жабдықтар, соның ішінде материлдардың құрамы мен құрлымның стандартты үлгілері.

Өлшеу жабдықтары – нормативті метрологиялық мінездемесі бар шама бірліктерін сақтайтын, уақыт аралығында мөлшерлері өзгертілмейтін өлшеуге арналған.

Шама бірліктердің эталоны дегеніміз – стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган бекіткен өлшеу жабдығы, ол шама бірліктерді сақтауға, сол шамаларды басқа өлшеу жабдықтарына арналған.

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.