- •2 Курс студентеріне 2009-2010 оқу жылының 3 семестріне арналған
- •Дәріс кешені
- •2. Стандарттаудағы негізгі тапсырмалары:
- •3. Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Мэк ұйымы. Құрлымы және функциялары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •1. Сертификаттаудың мазмұны мен мағынасы.
- •2. Сертификаттаудың негізгі мақсаты мен ұстанымдары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2. Сертификаттаудың заңды және нормативтік базасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •Теориялық
- •Қолданбалы

Теориялық
Қолданбалы
заңды
1.Теориялық метрология-бұл бөлімі фундаментальды зерттеулер сұрақтарымен, өлшем бірлігі жүйесін құру, физикалық тұрақтылықты, жаңа өлшеу әдістерін шығарумен айналысады.
2.Қолданбалы метрология- бұл бөлімі теориялық зерттеулер нтижелерін әр түрлі қызмет саласында метрология шеңберінде практикалық түрде қолдану сұрақтарымен айналысады.
3.Заңды метрология –бұл бөлім өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған ережелермен нормалар жиынтығы құрайды.
Өлшемсіз жұмыс жасайтын бірдебір практикалық область жоқ.Қандайда болмасын талдауда, жоспарлауда, жобалауда, бақылауда, дайын өнімді реттеуде, технологиялық операцияны ақпараттағанда, барлық өндіріс айналысында ақпаратты әртүрлі физикалық шамаларды, параметрлерді,көрсеткіштерді өлшеу арқылы алынады.Талап етілген дәл өлшеу ақпаратты алу дұрыс қабылданған шешім қамтамасыз етеді. Дұрыс емес ақпарат өнім сапасының төмендеуіне,апаттарға, ғылыми ізденіс жұмыстарында дұрыс емес қортындыға алып келуі мүмкін. Барлық өлшейтін адамдар,кәсіби метрологтар өлшеуден алынған қортындыға сенгісі келеді.Тек сенімсіздік өлшеуді қайталауға, басқа мамандардың қатысуына тура келтіреді.Көптеген салада өлшеуге байланысты, шығын көлемі жылдық салымның 30пайыз құрайды.Қазіргі таразы өлшеу аспаптарының ауытқуы мынадай,өлшеу кезінде өндірістегі барлық өлшенетін өнімнің 1пайызы есепке алынбай қалады.Мұнай,газ, бензин көп көлемде есептелмейді. Электр энергиясының есептегішінің ауытқуы 2 пайызға тең, яғни электэнергиясының 2 пайызы есептелмейді.Егер бұл пайыздарды тоннаға айналдырсақ, астыққа, мұнай, газ,шойын, болат, килавват онда жыл сайын шығатын шығын миллион болады. Метрологиялық қызметтердің болмауы көптеген шығындырға әкеліп соғады.
Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.
050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
12-ші дәріс
Тақырыбы: «Өлшем бірліктерді қамтамасыз ету»
Дәріс сабақтарының сұрақтары:
1. Өлшем бірліктерді қамтамасыз ету.
2. Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі.
1. Өлшемдердің бірлігі- бұл нәтижелері заңды түрде белгіленген және өлшеу қателігі белгіленген шектен шықпайтын өлшем бірлігі. Өлшеудің қатесін қате деп айтуға болады ма. Жоқ, себебі ол оператордың жіберген қатесі. Себебі біздер дәл, нақты өлшей алмаймыз, өлшеу жабдықтары мен әдістері жоқ болғандықтан, нақты мәнінің орнына өлшенген мәнмен қанағат етеміз.
Өлшем бірлікті қамтамасыз ету – бұл өлшем бірліктердің заңды актілермен сәйкес жетістікке жетуге бағытталған, және тәртіптер мен нормалармен, мемлекеттік стандарттар мен басқада нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.
Өлшем бірлікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – ҚР-ның экономикасын дұрыс емес өлшемдерден және азаматтардың құқығын қорғау.
Өлшем бірлікті қамтамасыз етудің басқа мақсаттары мыналарды қамтамасыз етеді:
отандық және шетелдік өнімдерді,процестерді, қызмет көрсетулерді сапамен және қауіпсіздіктпен;
ғылыми және ізденіс жұмыстарындағы өлшемдердің нақтылығын;
материалды және энергетикалық ресурстардың есептердің нақтылығын;
қоршаған ортаны қорғауда, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,адам қауіпсіздігін бақылауда өлшемдердің қортындысын нақтылығын қамтамасыз ету.
Өлшем бірлікті қамтамасыз ету – адамдардың қауіпсіздігін,транспорт жұмыстарының сапасын,басқа да өлшеу ақпараттарына кепіл болады.
2. Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі- бұл ҚРның өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша нормаларды,субьектілерді, жабдықтарды мемлекеттік жүйеде бақылау.
Өлшемдік ақпарат деген түснік бар.Ол өнімдердің, бұйымдардың, материалдардың,техникалық жабдықтарды қолдана отырып алынған сандық мінездемесі туралы кез-келген ақпарат.
Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты-өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды шешуде құқықтық,нормативтік, ұйымдастырушылық, техникалық және экономикалық жағдайларды жасау.
Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізгі тапсырмалары болып төмендегілер табыладыы:
өлшем бірліктерді қамтамасыз ету бойынша басқару жұмысында қолайлы ұстанымдарды құрастыру;
метрология облысындағы түсініктерді, терминдер және анықтамаларды орнату;
өлшеу облысын ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің обьектісіне жататындар:
шама бірліктер;
шама бірліктерінің эталондары;
өлшеу жабдықтары;
өлшеу жабдықтарына, әдістеріне, өлшеу қортындыларына қойылатын талаптар;
өлшеуді орындау методикасы;
нормативтік құжаттар;
Шама бірліктер. Қазақстан Республикасының территориясына қолдануға Халықаралық бірліктер жүйесінің шама бірліктері ғана жіберіледі. Халықаралық бірліктер жүйесіне кірмесе,онда стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкілетті органның шешімі бойынша қолдануға жіберіледі.
Мемлекеттік эталон шама бірліктерін сақтауға және ҚР териториясында өлшем жабдықтарының мөлшерлерін алмастыру мақсатында арналған.
Өлшеу жабдықтары ҚРның қолданылуға жіберілетін шамаларды, бірліктерді анықтауға және қойылатын талаптарға, тасымалдау жағдайына арналған.
Өлшеуді орындау методикасы мемлекеттік метрологиялық бақылаудың саласында қолданылады.
Нормативтік құжаттар ҚРның территориясында қолданылатын, стандарттау,метрология және сертификация бойынша уәкілетті орган бекіткен.
Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.