Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кешені СМС.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.

11-ші дәріс

Тақырыбы: «Метрологияның мазмұны мен мағынасы»

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасындағы метрогияның қысқаша тарихы.

2. Ғылымдағы және өндірістегі метрологияның ролі.

1.Метрология дегеніміз –(латын тілінен аударғанда метро-өлшеу,логос-ғылым) өлшеулер туралы түсінік беретін өлшем бірліктерін қамтамасыз ету құралдарын зерттейтін және өлшеудің дәлдігіне талаптар қоятын ғылым.

2003 жылы Қазақстан метрологиясы 80 жыл өрлеу жолын атап өтті. Қазақстанның өлшеу туралы тарихы Ресей метрологиясымен тығыз байланысты. Ең бірінші Қазақстан аумағында 1923 жылы аспаптардың жарамдылығын анықтайтын Семей бөлімшесі болды. Қазақстан басқа аумақтары ҚР-ның сыртқы елде Саратов, Оренбург қамтамасыз етеді. 1929 жылы 1 қазанда Семей бөлімшесі таразы және өлшемдік бойынша Қазақстандық аймақтық поверкілік палата болып өзгертілді.Оның басқарушысы Вильковиский Н.Э. Қазақ КСРО Комисарлық Одақтың шешімі бойынша 1930 жылы Қазақстандық аймақтық палата Семейден Алматыға көшірілді. Бұл кезде Қазақстанда күрделі емес аспаптар таңбаланды: таразы, кір тастары, ұзындық шамалары, манометрлер. Қазақстандағы экономиканың өрлеуімен байланысты поверкалық органдардың саны да өсті. 1931 жылы Қазақстандық аймақтық палатасы Қазақстандық аймақтық стандарттау бюрасы болып өзгертілді. Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшемдік аспаптар мен шамалар бойынша 14 облыстық басқарма кіреді. Қызметкерлер құрамы облыстарды қосқанда 129 адамды құрады. 1955 жылы Алматы мемлекеттік бақылау зертханасы құрылды, ол мемлекеттік бақылаудағы республикалық зертхана болып аталды. Қазақстандағы метрологиның негізгі дамуы 60 жылдары басталды. Сол жылдары 2ші 3ші разрядты зертханалар белсенді салына бастады және жаңа құралдармен жабдықталған.1972 жылы Қапшағай қаласында радиациялық аспаптарды поверкілеу бойынша зерхана салынды.Өскеменле, Ақмолада,Шымкентте, Жамбылда зерханалар тұрғызылды.1975 жылы республикалық метрология және стандарттау орталығы (АЦСМ) ұйымдастырылды. 1977жыл КСРО –ның Мемстандарты АЦСМ ға өндірістегі мемлекеттік стандарттар үлгісін ұйымдастыруды тапсырды. Республикада 8 млн өлшеу жабдықтары тасымалда жүрді.Мемлекет 17 жұмысшы эталон, 13 мың жоғарғы дәлдіктегі өлшем бірліктер үлгісімен жабдықталған. Ресейлік және Украиналық метрологиялық институттар 1992 жылға дейін өлшем бірліктермен қамтамасыз етті. Осыған байланысты республиканың Мемстандарты алдында күрделі тапсырмалар тұрды. Негізгісі осы күнге дейін жеткен өлшеу кезеңдерін сақтап қалу, ұлттық нормативтік құжаттарды ұйымдастыру.

Жоғарғыларды іске асыру үшін ҚР-ның үкіметі 1993 жылы18 қаңтарда Өлшем бірліктер туралы Заңын қабылдады.Үкіметпен мемлекетің өлшем бірліктер жүйесінің даму бағдарламасы қабылданды.Қазақстан 1994 жылдың қазанында заңдық метрологияның халықаралық ұйымына тең құқылы мүшесіне кірді.

2. Метрология ғылымы 3ке бөлінеді: