- •2 Курс студентеріне 2009-2010 оқу жылының 3 семестріне арналған
- •Дәріс кешені
- •2. Стандарттаудағы негізгі тапсырмалары:
- •3. Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Мэк ұйымы. Құрлымы және функциялары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •1. Сертификаттаудың мазмұны мен мағынасы.
- •2. Сертификаттаудың негізгі мақсаты мен ұстанымдары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2. Сертификаттаудың заңды және нормативтік базасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •Теориялық
- •Қолданбалы

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
10-ші дәріс
Тақырыбы: «Аккредиттеу»
Дәріс сабақтарының сұрақтары:
1. Аккредиттеу облысының даму тарихы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесін сертификаттауға қатысушыларды аккредиттеу.
1.Аккредиттеу облысының даму тарихы. Саудадағы техникалық кедергілерді жою үшін сертификаттау мен сынақ нәтижелерін өзара мойындау көбіне аккредиттеу арқылы жүзеге асырылады.
Аккредиттеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның хұқылы екендігін ресми тануы. Өнімді сынау қойылған талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін кепілдік. Осыған байланысты ұлттық аккредиттеу жүйесін құрудың бірінші кезеңі тәуелсіз сынақ зертханалары мен тығыз байланысты.Аккредиттеу облысының жұмыстарының бастамасы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан басталады. Еуропалық мемлекеттерінде 70 жылдары аккредиттеу жұмыстары өткізілді.1977 жылы зертханаларды аккредиттеу бойынша Халықаралық конференция ИЛАК құрылды. Халықаралық саудада аккредиттеудің және сертификаттаудың алатын роліне байланысты БСҰ мен келісе отырып, ИЛАК та жылсайын конференция өткізуге шешім қабылдады. Сәйкестікті бекіту бойынша жұмыстардың қортындысын растайтын форум аккредиттеу бойынша халықаралық форум болып табылады. IAF. IAF 19 мемлекеттің аккредиттеу бойынша ұлттық органдарын біріктіреді. Австралия, Канады, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай және т.б. IAF құру мақсаты - ұлттық зертханалардың өткізілген сынақ қортындысын өзара растауға үлес қосу.
1982 жылдан бастап аккредиттеу және сертификаттау облысына стандарттар қолдана бастады.1990 жылы сертификаттау ережелерін және сәйкестікті өзара растауды іске асыру үшін еуропалық одақ мемлекеттері сертификаттау және сынау бойынша еуропалық ұйым құрды. ЕОИС. ЕОИС ты құру мақсаты- сапа жүйесіндегі және өнімді сәйкестігін бағалау облысындағы саясатты анықтау болып табылады.
2.Аккредиттеу жүйесінің ережелері ҚР СТ 7 мемлекеттік стандарттар жиынтығында тағайындалған. Бұл стандарттарда ИСО\МЭК халықаралық стандартардың ережелері,Еуропалық стандартары және ИЛАК жұмыстары белгіленген. Шетелдерде аккредиттеу нәтижелерін мойындауды қамтамасыз ету мақсатында ИСО 17 025 -99 ″ сынақ өткізу және калибрлеу зертханаларының компетенциясында негізгі талаптар″ және ИСО\МЭК 65-96 ″ өнімді сертификаттау жөнінідегі органдарға қойылатын негізгі талаптар″ халықаралық стандарттары қабылданған.ҚР-да аккредиттеу сласындағы заңдылықтарға және техникалық регламенттер талаптарына және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.ҚР-да аккредиттеу жұмыстарын ұйымдастыру құрлымы келесі суретте көрсетілген.
-
Мемсткандарт
-
Сарапшы органдар
Сәйкестікті бағалау субьектілері
Сынақ зертханалары |
|
Сәйкестікті растау органдары |
|
Сарапшы аудиторлар |
Аккредиттейтін орган Мемстандарт болып табылады. Аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеу жұмыстарын жүргізу кезінде келесі функцияларды орындайды:
Аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаты жүргізу;
ҚР-да акккредиттеу жұмыстарын жүргізеді;
Аккредиттеу саласындағы ҚР-ның заңдылықтары және басқа нормативтік құжаттар жобаларын шығарады;
Сарапшы аудиторларды акккредиттеуге дайындауды ұйымдастыру;
Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуге қарсылық білдіру туралы шешім қабылдайды;
Аккредиттеу аттестатының қызметін тоқтады;
Сәйкестікті бағалайтын аккредиттеу органдарын және аккредиттелген сарапшыларды мемлекеттік реестіріге енгізеді немесе олар туралы ақпаратты жариялайды;
Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарда ҚР –н белгілі дәрежеде таныстырады.
Сарапшы органдарға аккредиттеу жөніндегі сарапшы орталықтар жатады-ол ұйымдастыру –құқықтық түріне және меншік түріне байланыссыз аккредиттеуші органның тапсырысы бойынша аккредиттеу жұмыстарын орындауға құқығы бар ұйымдар.
Аккредиттеу қызметіне аккредиттеу жөніндегі сарапшы – аудиторлар қатысады.Олар сәйкестікті бағалау немесе экономика саласында жұмыс істеу тәжірбиесі және білімі бар, жоғарғы білімді, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін арнайы оқудан өткен, аттеастатталған тұлға.
Сарапшы аудиторларды аттестаттаудан Мемстандарт жүргізеді келесі қызмет бағытында:
Сапа жүйесін және кәсіпорындарды сертификаттау;
өнімді сертификаттау;
қызмет көрсетуді сертификаттау;
сертификатттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеу.
Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.