- •2 Курс студентеріне 2009-2010 оқу жылының 3 семестріне арналған
- •Дәріс кешені
- •2. Стандарттаудағы негізгі тапсырмалары:
- •3. Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Мэк ұйымы. Құрлымы және функциялары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •1. Сертификаттаудың мазмұны мен мағынасы.
- •2. Сертификаттаудың негізгі мақсаты мен ұстанымдары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2. Сертификаттаудың заңды және нормативтік базасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •Теориялық
- •Қолданбалы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Машина жасау факультетінің
Технологиялық машиналар мен жабдыктар мамандықтарының
2 Курс студентеріне 2009-2010 оқу жылының 3 семестріне арналған
Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдер пәні бойынша
Дәріс кешені
(мемлекеттік компоненті)
(таңдауы бойынша, міндетті)
Орал – 2009ж.
Құрастырушы: оқытушы «Кушалиев Д.К.»
«Машина жасау технологиясы» кафедрасы
«Машина жасау факультеті М-205 »
Кредит саны – 3
Дәріс – 15 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.
050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.
1-ші дәріс
Тақырыбы: «Кіріспе. Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулердің даму тарихы»
Дәріс сабақтарының сұрақтары:
1.Пәннің мазмұны
2.Пәннің тапсырмалары
3.Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.
1. Қазіргі кезеңде көптеген өнімдердің техникалық деңгейі мен сапасы бүгінгі күн талабына, халық шаруашылығы қажеттіліктеріне сай емес.
Өндіріс орындарының ескірген, төмен сапалы өнімдерді шығаруы ғылыми -техникалық дамудың қарқынды түрде алға басуын тежейді, өндіріс тиімділігін төмен-детеді,әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге септігін тигізбейді.
Бұл мәселелерді шешуде стандарттаудың маңызы зор.
Стандарттау дегеніміз-ғылымның, техниканың және экономикалық әр түрлі саласындағы үнемі қайталанылатын шешімдерді тауып, реттеуге бағытталған ең жоғарғы деңгейдегі іс-әрекет.
Стандартауға өнімдер және оларды өндіру мен қолдануды қамтамасыз етудің ережелері және қоғамдық өндіріс пен әлеуметтік өмірге байланысты Министрлер кабинеті бекіткен нысандар жатады. Қоғамдық өндірісте дәстүрлі түрде стандарттауға жататын нысандар:
өндіріс-техникалық бағыттағы өнімдер;
халық тұтынатын тауарлар (құралдар, станоктар, аспаптар, механизмдер);
өндіріс орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің көрсетіп отырған қызметтері.
Стандарттауға байланысты көптеген басшы органдар бар, олар:
біріңғай уақыт пен эталондық жиіліктердің мемлекеттік комиссиясы;
стандарттау және оны өткізудің әдістемесі жөніндегі ғылыми –зерттеу инсти-туттарының обылыстық орталықтары;
Стандарттау және оны өткізудің әдістемесінің этлондарын оқытып, зерттеу және халыққа ұғындыруды жүзеге асыратын оқу орындары мен баспалар мен басылымдар;
Стандарттауға және оны өткізудің әдістемесін күнделікті өмірге тиімді енгізу үшін ҚР-ның Мемлекеттік стандарттау мен сертификаттау Комитеті басты бағыттарда жүйелі жұмыстар атқаруда:
Кешенді стандарттау бағдарламасы негізінде стандарттауды одан әрі дамыту;
Сенімділікті қамтамасыз ететін стандарттар жүйесін қайта қарап, жетілдіру;
Машиналар мен технологиялық кешендер жүйесінің технико –экономикалық бағытта даярлап, стандарттау тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу;
Тиімділік пен тез жұмыстанудың деңгейін көтеру;
Өндірістік бақылау мен өлшеу құралдарының көлемін ұлғайту;
стандартқа сай емес өнімдер шығаратын өндіріс орындарында тексеру шараларын оздыру;
Сапасыз өнімдер шығаратын өндіріс орындарына қатаң санкциялар қолдану.
ҚР-ның Мемлекеттік Стандарттау мен Сертификаттау Комитеті тікелей басшылық ететін Мемлекеттік комиссия мен Ғылыми - Техникалық Кеңес отандық стандарттау және сертификаттау жүйесін әлемдік озық үлгілер дәрежесіне жеткізу бағытында жұмыстанады және халықаралық стандарттау мен сертификаттау ұйымдары құжаттарының қажет тұстарын тікелей пайдалану туралы мәселелерді ұсынып, енгізеді, мысалы:
Стандартқа сай Сапа бағдарламасын жасақтау;
Машина жасау индустриясында сынақ жұмыстарын біріңғай талапқа сүйене отырып, халықаралық дәрежедегі стандарттау мен сертификаттауға сай оздыру;
Машина жасау индустриясында қазіргі заман талаптарға сай диогнастикалық құралдармен қамту;
Халықаралық стандарттау мен сертификатау талаптарына сай орталықтарын құру;