- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Уақыты:
Тәрбиеші:А.А.Бисюкова
Білім саласы: «Қатынас»
Түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Дала құстары»
Мақсаты:Дала құстары туралы түсінік беру,дала құстары екенің ажырата білуді үйрету.Құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Сөздік қорын молайту.
Беленгвизм: Дала құстар-Дикие птицы
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы |
Жылулық шеңбері: Армысыз,қайырымды Аспан-ана! Армысыз,мейірімді Жер-ана! Армысыз,шұғылалы Алтын күн!Амансың ба, Көк аспан! Амансың ба,достарым. -Балаларды серуенге апару,қуанту. |
Балалар шеңберде тұрып жақсы сөздер айтады.Бір-бірін қуантады.Серуенге баруға әзірленеді.
|
Ұйымдастырушылық Ізденуші
Рефлексивті түзетуші |
Балаларды аулаға серуенге алып шығу. -Балалар құстар туралы қандай тақпақтар білеміз. -Жарайсындар,балалар бүгін құстар туралы айтамыз. -Балалар құстар екіге бөлінеді Дала және үй құстары,соның ішінде дала құстары туралы әңгімелейміз. - Әр түрлі құстар болады.Бүркіт,Аққу,Бұлбұл,Тоқылдақ,Көкек,Көгершін.т.б. Құстардың ұясын бұзуға,оларды атуға болмайды. Тыйым сөздер: «Аққуды атпа» «Құс ұясын,құмырсқаның йлеуін бұзба»т.б.
-Дала құстары табиғатта өз бетінше тіршілік етеді.Олар ағаш немесе бұта басына,арасына ұя салып өмір сүреді,құстар дәнді дақылдармен,түрлі өсімдіктермен,жәндіктермен қоректенеді,суық түскенде кейбір дала құстары жылы жаққа ұшып кетеді.Алыс жолда бір-біріне көмектеседі.
Сергіту сәті: Кәне,қанат жазайық Қарлығашқа ұқсайық Қарлығаш боп ұшып-ап Ұшып-ұшып алайық
Дидактикалық ойын: "Кім тез құрастырады" Шарты:Балалар екі топқа бөлініп отырады.Екі топқа тапсырмалар беріледі,тапсырмада құстардың дене мүшелері бейнеленген қималар болады.Балалар өзара келісіп құстардың дене мүшелерін құрастырады. Құстардың:тұмсығы,қанаты,екі аяғы,мойыны,құйрығы бар. 1-топқа қарлығаш,2-топқа бүркіт құрастырылады. Оқу іс-әрекетін қортындылау. -Біз қандай құстармен таныстық? -Құстар қай мезгілде ұя жасайды?т.б
|
Торғай,торғай,торғайсың Жақын келіп қоңбайсын Жем шашайын тойып ал Сонда торғай тоңбайсын
-Балалар тыйым сөздерді айтады.
Балалар дала құстарының тіршілігімен танысады.
Сергіту жаттығуын орындайды.
-Балалар ойынды қызыға ойнайды. Берілген тапсырманы толығымен орындайды.
-Дала құстарымен. -Көктемде. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар дала құстары туралы білді.
Қандай түсініктерді игерді: Туған жеріміздін табиғатын қорғау.
Меңгеруі:Құстар туралы тақпақтар тындап,ойынның шартын бұзбай ойнауды.