- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Уақыты:
Тәрбиеші:А.А.Бисюкова
Білім саласы: «Қатынас»
Түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Жабайы жануарлар,олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Жануарлар,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.Қоршаған ортаны сүюге,мейірімділікке тәрбиелеу.
Билингвизм: Жабайы аңдар-Дикие животные
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балаларды шаттық шеңберге шақыру. Балалар шеңбер бойында бір-біріне жылы лебіздерін айтады. -Есік қағылады.Қоян келеді түйенің жылап жатқанын айтады.Оған түйе туралы тақпақ ешкім арнамаған. -Балалар, Түйеге комектесеміз бе?
|
Күннің көзі ашылып Көкке шуақ шашылып Құтты қонақ келіпті Төрімізге еңіпті. Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал,кәнеккй,бәріміз Сәлем дейік үлкенге.
-Йә |
Ұйымдастыру кезеңдері
|
Балаларға оқу іс-әрекетімен таныстыру.Бүгін түйе туралы әңгімелеп және түйеге арнап тақпақ үйренетінің айту.Одан бұрын жаңа тақырыпты түсіндіру. -Балалар бүгін төрт түліктің ішіндегі төресі түйеге кеңірек тоқталамыз.Түйе туралы,түйенін пайдасы туралы айтамын. Түйенің екі түрі болады. 1.Қос өркешті. 2.Бір өркешті. Олардың ұқсастығы мен ерекшелігі туралы әңгімелеу. Түйеге қатысты ою-өрнекті атау.Ботамойын,Ботагөз,Түйетабан. -Енді «Түйе» өленімен таныстыру.
Маң,маң,басқан,маң басқан. Шудаларын шаң басқан Екі өркешін қом басқан Тілін тікен теспеген Мұрындығы келіскен, Алабота жегені Ащы қурай,теріскен «Шөк»дегенде «бық»деген, Шешіп үйін жүктеген.
Сергіту сәті: Алақай-ау,алақай Дала қандай кең еді Бәрі біздей балақай Асыр салып келеді.
Мақал-мәтел: Нар жолында жүк қалмас.
Бақырауық демесең, Бағалы көлік түйе ғой. |
-Балалар оқу іс-әрекетімен танысады.Түйе туралы мағлұмат алады.
«Түйе»өленің жаттайды.
-Сергіту жаттығуынан кейін мақал-мәтелдер айтады. |
Рефлексивті түзетушілік |
Соңында қортынды сұрақтар қойып балаларға ертегі айтып беремін. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» |
Қортынды сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Төрт-түлік түйе туралы білді.
Болу керек:Туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауды.
Меңгеруі:Мақал-мәтелдер айтып,өлен жаттады.