Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
карта-тіл дам.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.11 Кб
Скачать

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты:

Тәрбиеші:А.А.Бисюкова

Білім саласы: «Қатынас»

Түрі:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келді?»

Мақсаты:Нан-өмірдің негізі екеніне түсінік беру.Нанды қастерлеуге,егіс алқабындағы еңбекшілердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.Балалардың сөздік қорын,ойын,тілін дамыту.

Билингвизм: Нан-Хлеб

Еңбек-Труд

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларды шаттық шеңберге шақыру.

Балалар шеңбер бойында бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

-Есік қағылады.Наубайшы келеді.

Наубайшы:

-Сәлеметсіндер ме балалар!

-Мен сендерге тәтті тоқаштар алып келдім,тоқаштарды тарата отырып сұрақтар қойып білімдерінді тексеремін.

Армысың,қайырымды жер-ана!

Армысың,мейірімді аспан-ана!

Армысың,шұғылалы алтын күн!

Армысың,мөлдір таза су!

Арайлап бүгін атты күн! Шашып бізге шаттығын,

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын,шаттығын.

Ұйымдастыру кезеңдері

-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Ас-атасы нан» деп аталады.

-Ал,балалар наубайханашының сұрақтарын тындайық.

-Балалар,туған жеріміз қалай аталады?

-Ал біздің ауылымыз қалай аталады?

-Елбасымыз кім?

-Ел ордамыз қай қала?

-Казір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атап өтейікші.

-Адамдар қалай киініп жұр?

-Жарайсындар балалар,сендер туған жерлеріңіз туралы көп білесіндер екен.Ал нан бізге қалай келетінің білесіндер ме?

-Нан біздің дастарханымызға қалай келеді?Нанды ұннан жасайды,ал ұнды неден жасайды.Ұнды мына менің қолымдағы дәндерден алады.Барлығын қарандар,барлық дәндер бірдей ме?Мына дөңгелек дәндер-бидай,ал сопақ дәндер арпа.Бидай мен арпа дәнді-дақылдар.Бидайдан-Ақ нан,арпадан-қара нан дайындалады.Олар егістікте өседі.

Алдымен егіс даласын,жерді трактормен жыртады.Жыртылған жерге тұқым себеді.Оны су құйып баптайды.Күз мезгілінде егінді комбайынмен жинайды.Комбайн сабақтарды орып,одан дәндер алады.Дәндерді элеваторға апарып одан ұн жасап шығарады.Міне осылайша ұн наубайханаға келіп,наубайханашылар нан,тәтті тоқаш,торт т.б бәрін пісіріп шығарады.

Сергіту жаттығуы:

Көлбен,көлбен,көленкем

Көлбендеген көленкем

Тасып піскен бидайды

Айтшы қалай жинадың

Комбайнмен бидайды

Былай,былай жинадым.

-Балаларға сурет бойынша әнгімелету.Дала, егін көрінісі.

-Енді «Дүкенші»ойының ойнайық Ойын ережесімен таныстыру.

Мақсаты:Балаларды татулыққа тәрбиелеу.

Балалар оқу іс-әрекетіне қызығушылық танытады,жыл мезгілдерін айтады.

-Қазақстан

-Қамысты.

-Н.Ә.Назарбаев

-Астана қаласы.

-Күз мезгілі. Қыркүйек,қазан,қараша.

-Адамдар үстеріне күртеше,бастарына орамал киіп жүр.

-Жоқ

-Балалар наубайханашының айтқанын тындайды.

Балалар қимыл-әрекет жасайды.

-Балалар ойын ойнайды

кезекке тұрады.Нан сатып алады

Рефлексивті-түзетушілік

-Оқу іс-әрекетін қортындылау.

-«Ас атасы-нан,нан атасы-дән»деген екен халқымыз.

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.-

Деп оқу іс-әрекетін аяқтау.

Қортынды сұрақтарға жауап береді,алған әсерлерімен бөліседі.

Нан туралы өлен шумағын жаттайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Нан дастарханға қалай келеді.

Болу керек:Туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қараудыМеңгеруі:Табиғатты ластамай таза ұстауды.