- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы.
Күні:24.10.2014.
Білім саласы: «Қатынас»
Түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Балаларға төрт түліктің пайдасы туралы таныстыру. Түйе»
Мақсаты: Балаларға төрт түліктің пайдасы туралы таныстыру. Төрт түлік төресі түйе туралы мағлұмат беру.Түйеге қатысты ою өрнек түрлерін және төрт түлік рірлерін ажырата білуге үйрету.Төрт түліктің пайдасын айта отырып,оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Билингвизм: Түйе-Верблюд
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балаларды шаттық шеңберге шақыру. Балалар шеңбер бойында бір-біріне жылы лебіздерін айтады. -Есік қағылады.Қоян келеді түйенің жылап жатқанын айтады.Оған түйе туралы тақпақ ешкім арнамаған. -Балалар, Түйеге комектесеміз бе?
|
Күннің көзі ашылып Көкке шуақ шашылып Құтты қонақ келіпті Төрімізге еңіпті. Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал,кәнеккй,бәріміз Сәлем дейік үлкенге.
-Йә |
Ұйымдастыру кезеңдері
|
Балаларға оқу іс-әрекетімен таныстыру.Бүгін түйе туралы әңгімелеп және түйеге арнап тақпақ үйренетінің айту.Одан бұрын жаңа тақырыпты түсіндіру. -Балалар бүгін төрт түліктің ішіндегі төресі түйеге кеңірек тоқталамыз.Түйе туралы,түйенін пайдасы туралы айтамын. Түйенің екі түрі болады. 1.Қос өркешті. 2.Бір өркешті. Олардың ұқсастығы мен ерекшелігі туралы әңгімелеу. Түйеге қатысты ою-өрнекті атау.Ботамойын,Ботагөз,Түйетабан. -Енді «Түйе» өленімен таныстыру.
Маң,маң,басқан,маң басқан. Шудаларын шаң басқан Екі өркешін қом басқан Тілін тікен теспеген Мұрындығы келіскен, Алабота жегені Ащы қурай,теріскен «Шөк»дегенде «бық»деген, Шешіп үйін жүктеген.
Сергіту сәті: Алақай-ау,алақай Дала қандай кең еді Бәрі біздей балақай Асыр салып келеді.
Мақал-мәтел: Нар жолында жүк қалмас.
Бақырауық демесең, Бағалы көлік түйе ғой. |
-Балалар оқу іс-әрекетімен танысады.Түйе туралы мағлұмат алады.
«Түйе»өленің жаттайды.
-Сергіту жаттығуынан кейін мақал-мәтелдер айтады. |
Рефлексивті түзетушілік |
Соңында қортынды сұрақтар қойып балаларға ертегі айтып беремін. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» |
Қортынды сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Төрт-түлік түйе туралы білді.
Болу керек:Туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауды.
Меңгеруі:Мақал-мәтелдер айтып,өлен жаттады
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Уақыты:
Тәрбиеші:А.А.Бисюкова
Білім саласы: «Қатынас»
Түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Менің отбасым».
Мақсаты:Отбасы туралы түсінік беру.Отбасы мүшелері туралы жаңа сөздерді еңгізіп,отбасы мүшелерін атау,сұрақ-жауап арқылы тілін дамыту.Үлкендерді құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.
Билингвизм: Отбасы-Семья
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Баланы психологиялық тұрғыда оқу іс-әрекетіне дайындау. -Балалар,кәне барлығымыз амандасайық. |
-Армысың,қайырлы Күн! -Армысын,мейірімді Жер! -Армысын ,қайырымды аспан әлем!
|
Ұйымдастыру кезеңдері |
Балаларға оқу іс-әрекетінің тақырыбымен Таныстыру.Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар.Олар ата,әже,әке,ана,аға,іні,қарындастарымыз.Біздерге үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет.Үлкендерді сыйлап,кішілерді ренжітпеу керек.Үлкен кісілер демалғанды және тыныштықты ұнатады. -Енді,балалар тақтаға қарайықшы.Мына суреттерден кімдерді көріп тұрмыз?Жеке-жеке атап шығайық.
Ойын: «Кім жоқ?» Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту. Шарты.Отбасы мүшелерінің жеке суреттерін іліп ішіндегі бір мүшесін жасырып қою. Балаларға «Біздің әулет»өленің Айтқызу.
Сергіту сәті: «Біз нешеуміз?» Бір үйде біз нешеуміз? Кел,санайық екеуміз Бас бармағым-әкем, Балан үйрек-анам, Ортан терек-ағам, Шылдыр шүмек-мен, Кішкене бөбек-сен
-Балалар отбасымызға қандай тілек айтамыз.
|
Балалар бүгінгі тақырыппен танысып қызығушылық танытады.
-Балалар тақтадағы «Отбасы»атты суреттегі отбасы мүшелерін атап береді.
Атамнан басталар Әжемнен қосталар Отбасы мыналар Ең жақын адамдар Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар, Бәрін жақсы көремін Еркелеймін еремін.
-Отбасы тату болсын. -Бір-біріңді ренжітпей,сыйландар. -Мен өз отбасымды жақсы көремін. -Мен анамды жақсы көремін.т.б. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Балаларға сұрақтар қою. Бүгін не туралы айттық? Әрқайсысымыздың отбасымыз аман болсын!Деніміз сау болсын! Әрқашан отбасымызда береке-бірлік аман болсын! |
-Отбасы туралы Тілектерге қосылып айтады. |
Күтілітін нәтиже:
Білу керек: Отбасы туралы толық мағлұмат алды.
Түсінеді: Отбасында тату,үлкендерді сыйлауды.
Меңгереді:Өлен жолдарының мағынасын түсінді.
