- •*Ферменттер. Энергия алмасуы *1*28*2*
- •*Ферменттер. Энергия алмасуы. *2*28*2*
- •*Ферменттер. Энергия алмасуы. *4*14*1*
- •*Витаминдер. Көмірсулар алмасуы *1*26*2*
- •*Витаминдер. Көмірсулар алмасуы *2*26*2*
- •*Витаминдер. Көмірсулар алмасуы *4*13*1*
- •*Липидтер алмасуы*1*20*2*
- •*Липидтер алмасуы*2*20*2*
- •*Липидтер алмасуы *4*10*1*
- •*Белоктар алмасуы *1*14*2*
- •*Белоктар алмасуы *2*14*2*
- •*Белоктар алмасуы *4*7*1*
- •*Гормондар*4*12*1*
- •*Қан, зәр биохимиясы*1*20*2*
- •*Қан, зәр биохимиясы*2*20*2*
- •*Микроэлементтер. Сілекей, сүйек және тіс тіндерінің биохимиясы *1*24*2*
- •*Микроэлементтер. Сілекей, сүйек және тіс тіндерінің биохимиясы *2*24*2*
- •*Микроэлементтер. Сілекей, сүйек және тіс тіндерінің биохимиясы *4*12*1*
*Ферменттер. Энергия алмасуы. *2*28*2*
#89
*!Бiр ғана субстратқа әсер етiп, бiр ғана реакцияны катализдейтін, бiрақ бір-бірінен физика-химиялық қасиеттерi арқылы ерекшеленетін ферменттер қалай аталады?
*проферменттер
+*изоферменттер
*апоферменттер
*холоферменттер
*коферменттер
#90
*!Ферменттердің абсолютті субстраттық арнайылығы – бұл
+*ферменттiң тек бiр субстратқа ғана әсер етуi
*ферменттiң екi немесе одан да көп субстратқа әсер етуi
*ферменттiң әр түрлi байланыстары бар субстраттар тобына әсер етуi
*ферменттiң байланыс түрi бiрдей бiр топ субстраттарға әсер етуi
*ферменттiң кеңiстiк құрылысы әр түрлi субстраттар тобына әсер етуi
#91
*!Ферменттердің салыстырмалы субстраттық арнайылығы – бұл
*ферменттiң тек бiр субстратқа ғана әсер етуi
*ферменттiң екi немесе одан да көп субстратқа әсер етуi
*ферменттiң әр түрлi байланыстары бар субстраттар тобына әсер етуi
+*ферменттiң байланыс түрi бiрдей бiр топ субстраттарға әсер етуi
*ферменттiң кеңiстiк құрылысы әр түрлi субстраттар тобына әсер етуi
#92
*!Ферменттің активті орталығының катализдік аймағы қамтамасыз етедi
+*әсер ету арнайылығын
*субстраттық арнайылығын
*реакция өнiмдерiмен әрекеттесуiн
*аллостерикалық орталығының түзiлуiн
*реакцияның қайтымдылығын
#93
*!Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы қамтамасыз етедi
*әсер ету арнайылығын
+*субстраттық арнайылығын
*реакция өнiмдерiмен әрекеттесуiн
*аллостерикалық орталығының түзiлуiн
*реакцияның қайтымдылығын
#94
*!0°С-дан төмен температурада ферменттiң активтiлiгi күрт төмендейдi. Бұл құбылыстың себебі
*фермент гидролизi жүредi
+*ферменттiң қайтымды денатурациясы жүредi
*ферменттiң қайтымсыз денатурациясы жүредi
*фермент молекуласының бiрiншiлiк құрылымы өзгередi
*субстрат молекусының жылулық қозғалысының жылдамдығы төмендейдi
#95
*!Температуралық оптимум – бұл температура
*қайтымсыз инактивация байқалатын
*фермент минимальды активтiлiкке ие болатын
+*фермент максимальды активтiлiкке ие болатын
*қайтымды инактивация байқалатын
*фермент активсіз болатын
#96
*!Ас қорыту сөлдерінің ферменттері қай класс ферменттеріне жатады?
+*гидролазалар
*оксидоредуктазалар
*трансферазалар
*лиазалар
*изомеразалар
#97
*!Трипсин ұйқы безiнде активтi емес күйiнде түзiледi.
Төмендегi заттардың қайсысы трипсиногеннiң активаторы болып табылады?
*магний иондары
*өт қышқылдарының тұздары
+*энтеропептидаза
*тұз қышқылы
*химотрипсин
#98
*!Малон қышқылы – сукцинатдегидрогеназаның бәсекелес ингибиторы, өйткені оның құрылымдық сәйкестiгi бiрдей
*субстратпен
+*ферментпен
*ферменттiң активтi орталығының катализдiк бөлiгiмен
*коферментпен
*ферменттiң аллостерикалық орталығымен
#99
*!«Химчистка» бірлестігінің жұмысшыларын тексеру кезiнде бiр жұмысшының қанында қалыпты мөлшермен салыстырғанда АЛТ активтiлiгi- 7 есе, ал АСТ активтiлiгi - 2 есе артқаны анықталды.
Қандағы ферменттер деңгейiнiң өзгеруінің себептерi қандай?
+*гепатит
*жүрек ақауы
*стенокардия
*өкпе инфарктiсi
*бүйрек-тас ауруы
#100
*!Амин қышқылдарының декарбоксилазары әсерiнен қандай заттар түзіледі?
*амин қышқылдарының азотсыз қалдықтары
+*биогендi аминдер
*амидтер
*альдегидтер
*пуриндер
#101
*!ҮКЦ жасушаның белгілі бір органелласында өтеді.
Осы үрдіс өтетін органелла қалай аталады?
*ядро
*лизосома
*рибосома
*микросома
+*митохондрия
#102
*!Энергия алмасудың 1-сатысында түзілетін АСҚ-ның алғы заты ПЖҚ болып табылады.
Оның ацетил-KoA-ға айналуы қандай реакция нәтижесінде жүреді?
*гидратация
*гидрлену
*тотықсыздану
*тотығудан дезаминдену
+*тотығудан декарбоксилдену
#103
*!Энергия алмасудың 1 сатысында түзіл ацетил-КоА 2- сатыда толық жанады.
Осы үдеріс қалай аталады?
*орнитин циклі
*декарбоксилдену
+*үшкарбон қышқылдарының циклі
*субстраттан фосфорлану
*тотығудан фосфорлану
#104
*!Биологиялық тотығуға қатысатын ферменттер тыныс алу комплексіне біріккен.
Комплекске қандай ферменттер кіреді?
*ФП→КоQ
*цитохром с→ цитохром а
+*цитохром в →цитохром
*цитохром а →цитохром b
*цитохром с→цитохром
#105
*!Берілген реакциялардың ішінде қайсысы ҮКЦ- дегі АТФ түзілетін реакцияға жатады?
*тотығудан фосфорлану
+*ГТФ -тің АДФ-пен қайта фосфорлануы
*ГТФ-тің ЦДФ- пен қайта фосфорлануы
*фосфаттың АТФ-тің УДФ-пен қайта фосфорлануы
*алма қышқылының тотығуы
#106
*!Кребс циклі биологиялық тотығу үшін субстрат көзі болып табылады, өйткені мұнда түзіледі
*алмастырылатын амин қышқылы
+*тотықсызданған дегидрогеназалар
*пентозалар
*тотыққан дегидрогеназалар
*су мен көмір қышқыл газы
#107
*!Кребс циклі оттексіз жағдайда өткенімен, аэробты үрдіс болып саналады.
Себебі тотықсызданған дегидрогеназалар
*цикл оттек қатысуында өтеді
+*биологиялық тотығу тізбегінде тотығуы қажет
*биологиялық тотығу тізбегінде тотықсыздануы қажет
*тотығудан декарбоксилденуі қажет
*тотығудан дезаминденуі қажет
#108
*!Төменде көрсетілген реакциялардың қайсысы үшкарбон қышқылдарының қорытынды теңдеуі болып табылады?
+*Ацетил-КоА2
3
АТФ
*Ацетил-КоА 3НАД АТФ
*Ацетил-КоА 2 ГТФ
*Ацетил-КоА 2 2 АТФ
*Ацетил-КоА 4 2 АТФ
#109
*!Биологиялық тотығу тізбегінде сутек пен электрондар тасымалданады.
Осы үрдісте электрондарды тасымалдау үшін қандай ферменттер қолданылады?
*каталазалар
*убихинон
+*цитохромдар
*пиридин ферменттері
*флавин ферменттері
#110
*!Биологиялық тотығу – бұл тотығу-тотықсыздану реакцияларының тізбегі, олардың нәтижесінде эндогенді су мен энергия түзіледі.
Тіндік тыныс алу нәтижесінде тағы қандай өнімдер түзіледі?
*көмірқышқыл газы
*аммиак
*лактат
+*тотыққан дегидрогеназалар
*тотықсызданған дегидрогеназалар
#111
*!Биологиялық тотығу тізбегінде убихинонның тотығуы кезінде түзілген екі сутек протоны ары қарай жұмсалады
*субстратты тотықсыздандыруға
*пиридинферменттерін тотықсыздандыруға
*цитохромдарды тотықсыздандыруға
+*эндогенді су түзілуіне
*убихинонды тотықсыздандыруға
#112
*!Егер биологиялық тотығу мына ферменттен басталса, Р/О коэффициенті қалыпты жағдайда 3 тең болады
+*пиридин ферменттерінен
*флавин ферменттерінен
*убихиноннан
*цитохром в
*цитохром а
#113
*!Ажыратқыштар АТФ түзілуін төмендетіп, жылу бөлінуін жоғарылатады, өйткені
*митохондрияға метаболиттердің түсуі бұзылады
*заттардың сіңірілу жылдамдығы төмендейді
*аденозинтрифосфаттың жиналуына септік етеді
*аденозинтрифосфаттың ыдырауын арттырады
+*биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың қабысуын бұзады
#114
*!Тотығудан фосфорлану нәтижесінде 2 молекула АТФ түзілді, биологиялық тотығу тізбегі тотықсызданған пиридин ферменттерінің тотығуынан басталды. Р/О коэффициентінің төмендеуінің анағұрлым мүмкін болатын себебі қандай?
*ТТФ артық болуы
*субстрат артық болуы
*субстрат жетіспеушілігі
+*ажыратқыштардың қатысуы
*эндогенді судың түзілуі
#115
*!Кейбір заттар биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорлануды ажыратады. Мысалы 2,4- динитрофенол, едәуір күтілетін нәтиже қандай?
+*АТФ түзілуі төмендейді
*АТФ түзілуі артады
*АДФ синтезі жылдамдайды
*УТФ мөлшері төмендейді
*ТТФ түзілуі артады
#116
*!60 жастағы ер кісі тәбетінің артқанына қарамастан, салмағы азайғанына, әлсіздікке, тамыр соғысының жиілеуіне шағымданады. Тексеру нәтижесінде қалқанша безінің гиперфункциясы анықталды.
Пациенттің әлсіздігінің едәуір ықтимал себебі қандай?
+*БТ мен ТФ ажырауы
*субстраттың жетіспеушілігі
*АТФ синтезінің артуы
*АДФ мөлшерінің төмендеуі
*тотығу–тотықсыздану реакцияларының жылдамдығының тежелуі
