Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NUREKEN_kniga_3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.69 Mб
Скачать

7.11 Тұтынушылар қондырғыларын жылу желісіне қосу сүлбелері

Жылу тұтынушылар сулық жүйелерге тәуелді (тікелей қосу) немесе тәуелсіз (беттік қыздырғыш арқылы) сүлбе бойынша қосылады.

Тәуелді қосу сүлбелерінде жылутасығыш жергілікті жүйелер аспаптарына жылу желісінен тікелей келеді және жергілікті жүйелерде қысым жылулық желідегі қысым тәртібімен анықталады.

Тәуелсіз қосу сүлбелерінде жылутасығыш жылу желісінен қыздырғышқа келеді, онда оның жылуы екіншілік жылутасығышты (әдетте суқұбыр суы) қыздыру үшін пайдаланады. Екіншілік жылутасығыш жергілікті жылутұтыну аспаптарына барады. Бұл жағдайда желілік су және жергілікті жүйелер аспаптарына баратын су қыздыру бетімен бөлінген, яғни жылу желісі мен жергілікті жүйе сұйықағулық оқшауланған.

Екі қосу сүлбелерінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Тәуелді сүлбенің басты кемшілігі жылу желісінің жылутұтыну аспаптарымен қатал сұйықағулық байланысы және соның салдарынан –сенімділігі төмен және тәуелсіз сүлбелермен салыстырғанда пайдалану күрделілеу. Жылыту аспаптарының механикалық беріктігі төмен (шойын радиаторлар үшін 0,6 МПа-дан жоғары емес, болат радиаторлар үшін 1,0 МПа-дан жоғары емес), сондықтан тәуелді қосу сүлбелерін пайдаланғанда осы жәйт ескерілуі керек. Бірақ тәуелді жүйенің тәуелсізбен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар: тұтынушылық кірме жабдығы қарапайымдау және арзандау; жергілікті жүйеде үлкен ыстықтық құламасын алуға және жылутасығыш шығысын азайтуға болады, демек, құбырлар диаметрлері, желі құны және пайдалану шығындары кішірейтіледі.

Жылыту жүйелері жылу желісіне жиірек тәуелді сүлбе бойынша қосылады (7.16 а-в-сурет). Жылу желісі екі құбырлы. Кірмеде араластыру қондырғысыз (7.16а-сурет) тәуелді қосу өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылумен қамдау жүйелерінде және егер желінің беру құбырында желі суының максимал ыстықтығы 950С-тан аспаса, тұрғын және әлеуметтік ғимараттарда қолданылады. Бірақта беру құбырындағы желі суының максимал ыстықтығы, дағдыдағыдай, 950С-тан жоғары, сондықтан жылыту қондырғыларын тәуелді қосу араластырғыш құрылғылары бар б және в сүлбелері бойынша жүзеге асырылады. Араластырғыш құрылғылары ретінде элеваторлар (ағыншалық сорғылар) немесе ортадан тепкіш араластырғыш сорғылар қолданылады.

Араластырғыш құрылғыда желінің беру құбырынан келетін желі суына жергілікті жылыту жүйесінен қайтқан салқын су қосылады. Нәтижесінде жылыту аспаптарына ыстықтығы төмендетілген желі суы беріледі (7.17-сурет).

Жылыту қондырғысын желіге тәуелсіз қосу 7.16г–суретте көрсетілген. Дағдыдағыдай, бұндай сүлбелер тұтынушыларды жоғары қысымды жылутасығышы бар (жылыту аспаптар беріктігінің шегінен жоғары ) жылу желісіне қосу үшін және типтік емес тұтынушылар үшін, мысалы биік ғимараттар үшін, олардың биіктігі ЖЭО – ның немесе қазандықтың толықтыру сорғысы жасайтын теңесулік тегеурінінен үлкен болғанда. Желі суы желінің беру құбырынан су - сулық беттік қыздырғышқа келеді, онда ол екіншілік жылутасығышты қыздырады, яғни жергілікті жылыту жүйесінде айналатын суды.

7.16 – сурет. Жылыту жүйелерін жылу желілеріне қосу сүлбелері: а – араластырусыз тәуелді; б – тәуелді элеваторлық араластыру бар; в – тәуелді сорғылық араластыруы бар; г – тәуелсіз айналмалық сорғысы бар; ШР – шығысты реттегіш; Ж – жылыту радиаторы; С – сорғы; Э – элеватор; А – ауа краны; К – кеңейткіш күбі; Қ – су – сулық қыздырғыш; АС – айдайтын сорғы; ЫР – ыстықтық реттегіш

7.17-сурет. Құрылмасы ВТИ – Мосэнерго жылу желісінің су ағыншалық элеваторы 1 – саптама; 2 – қабылдау құтысы; 3 – араластыру құтысы; 4 – тежегі

Ыстық сумен қамдау жүйелері жабық жылу желісіне тәуелсіз сүлбе бойынша (7.11 - сурет) (су - сулық қыздырғыш арқылы ), ал ашыққа тәуелді сүлбе бойынша (7.12 - сурет) қосылады.

Қазіргі тұрғын және әлеуметтік ғимараттар жылыту және ыстық сумен қамдау жүйелерімен жабдықталады.

Бір тұтынушылық кірмеде бірден екі жүйені жабық желілерде қосу үшін қатарлас, аралас және тізбекті сүлбелер ең көп тараған (7.18–сурет).

Жылыту мен ыстық сумен қамдау қондырғыларын жылуменқамдаудың ашық жүйелеріне бірге қосу байланыспаған немесе байланысқан реттеу қағидал ары бойынша жүзеге асырылады (7.19- сурет).

Элеватор №

1

2

3

4

5

6

7

d, мм

15

20

25

30

35

47

59

L, мм

425

425

625

625

625

720

720

7.18 – сурет. Жылыту және ыстық сумен қамдау жүйелерін жабық жылу желілеріне бірге қосу сүлбелері: а – қатарлас; б – аралас; в – тізбекті; г – тізбекті жылыту реттегіші бар; ҚТ – төменгі сатының су – сулық қыздырғышы; ҚЖ – жоғары сатының су – сулық қыздырғышы; ЖР – жылыту реттегіші; ЫС – ыстық су. Қалған белгілеулер 7.16 – суреттегідей

7.19–сурет. Жылыту және ыстық сумен қамдау жүйелерін ашық жылу желілеріне бірге қосу сүлбелері: а – байланыссыз реттеу сүлбесі; б – байланысты реттеу сүлбесі; в – жылыту реттегіші бар байланыссыз реттеу сүлбесі; КҚ – кері қақпақша; А – араластырғыш. Қалған белгілеулер 7.16, 7.18 – суреттегідей.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]