- •7 Өнеркәсіптік және жоғары ыстықтық жылутәсілдемелік өндірісте қайратты пайдалану
- •7.1 Жылутәсілдемелік құбылыстар мен қондырғыларды жіктеу
- •7.2 Жылутәсілдемелік құбылыстардың (жтқ) ыстықтық және жылулық сызбақтары
- •7.3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның жылуқайраттық жүйелері
- •7.4 Өнеркәсіптік кәсіпорынды (өк) жылумен қамдау
- •7.5 Ішкі қайрат қорларын (іққ) жылумен қамдау жүйелерінде пайдалану
- •7.6 Жылутәсілдемелік (жт) өндірістердің қайраттық сипаттамасы
- •7.7 Тәсілдемелік мұқтаждық, ғимараттарды жылыту және желдету, ыстық сумен қамдау үшін қажет жылуды есептеу
- •Ғимараттарды жылытуға қажет есептік сағаттық жылу шығысы тең
- •7.8 Ауабаптау (кондиционирование) жүйелері
- •7.9 Орталықты жылуменқамдау жүйелерін жіктеу
- •7.10 Жылулық желілер
- •7.11 Тұтынушылар қондырғыларын жылу желісіне қосу сүлбелері
- •7.12 Тұтынушыға жылу беруді реттеу
- •7.13 Жылуды жинақтау (аккумулирование)
- •7.14 Жылулық стансашалар (подстанция) жабдығы
- •7.15 Жылу құбырларын салу
- •7.16 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Жылутәсілдемелік құбылыстар мен қондырғыларды жіктеу.
- •8 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қайрат тасығыштарын өндіру және тарату жүйелері
- •8.1 Қайрат тасығыштардың сипаттамасы
- •8.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда сығылған ауа тұтынушылардың сипаттамасы
- •8.3. Сығымдағыш стансалары. Сығылған ауаны тарату жүйелері
- •8.4 Суық алу тәсілдері
- •8.5 Жасанды суық тұтынушылар және суық өндіретін стансалар
- •8.6 Ауаның ажырату өнімдерін (оттек, азот, аргон және т.Б.) өнеркәсіптік тұтынушылар
- •8.7 Ауаны ажырату қондырғылары (о2 және n2-ні өнеркәсіптік алу)
- •8.8 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Әдебиет тізімі
7.10 Жылулық желілер
Жылу желі сүлбесін таңдағанда ең негізгі ұстаным – сенімділік және үнемділік. Жылу желі түрін таңдағанда, дағдыдағыдай, ең қарапайым шешімге және құбырының ұзындығы ең аз болуына ұмтылу керек.
Бу жылутасығыш ретінде негізінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың тәсілдемелік жүктемелері үшін қолданылады. Бу желілеріннің негізгі жүктемелері әдетте салыстырмалы көп емес түйіндерде шоғырланады, олар өнеркәсіптік кәсіпорын цехтары. Сондықтан бу желілерінің меншікті ұзындығы есептік жылулық жүктеменің бірлігіне, дағдыдағыдай, үлкен емес. Тәсілдемелік құбылыстың сипаты бойынша бу беруде қысқа мерзімді (24 сағ. дейін) үзілістердің болуы мүмкін болса, ең үнемді және жетерліктей сенімді шешім бір бу құбыры мен шық құбырын салу.
Сулық жылу желі сүлбесін таңдау күрделілеу мәселе, өйткені олардың жүктемесі, дағдыдағыдай, аз шоғырланған. Қазіргі қалаларда сулық жылу желілері көп тұтынушыларға қызмет етеді. Желіге үлкен аумақта орналасқан мыңдаған үйлер қосылады.
Жерасты сулық желілерінің көп тотығуына байланысты олардың қызмет уақыты булылықтармен салыстырғанда аз.
Жылутасығыш тығыздығы үлкен болғандықтан сулық жылу жүйелері апаттарға сезімтал болады. Жылумен қамдаудың сулық жүйелерінің апаттық осалдығы әсіресе жылу қамдаудың ірі жүйелерінде жылыту қондырғыларын жылу желісіне тәуелді қосқанда айқын көрінеді, сондықтан сулық жылу желі сүлбелерін таңдағанда сенімділік және қор жасау (резервирование) мәселелеріне айырықша көңіл бөлінуі керек.
Сулық жылу желілері айқын бас (магистралдық) және таратулық деп ажыратылуы керек. Бас желіге (d=400-1200 мм) әдетте жылу көздерін жылу тұтыну аудандарымен және өзара қосатындар жатады. Жылутасығыш бас желіден тарату желілеріне келеді де тарату желілері бойынша топтық жылулық стансашалар (подстанция) ТЖС (ГТП) немесе жергілікті жылулық стансашалар ЖЖС (МТП) арқылы тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғыларына беріледі. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды қосуды есептемегенде бас желіге жылу тұтынушыларды тікелей қосуды болдырмау керек.
Тарату желілерін ірі бас желілеріне қосу түйіндерінде бөлетін (секциялайтын) құтылар (камера) БҚ салынады, оларда бөлетін ысырмалар, тарату желілерінің бас ысырмалары және т.б. орналастырылады.
Бөлетін ысырмалар әдетте бас желілерде 2-3 км-ден кейін болады. Бас желіні бөліктегендіктен апат кезінде бөлгіш ысырмалармен апат жер шектелгендіктен жылу желісінен су шығыны азаяды.
Жылу көзінен шығатын бас құбырлардың d=700 мм және кіші болғанда әдетте жылу желісінің радиалдық (сәулелік) сүлбесін қолданады (7.13 – сурет). Стансадан қашықтаған сайын және қосылған жылулық жүктеме төмендеген сайын желі қосөресі (диаметрі) кішірейеді. Бұндай желі бастапқы шығындар бойынша ең арзан болады, салуға ең аз метал қажет етеді және пайдалануда қарапайым. Бірақ сәулелік желінің бас құбырында апат болғанда, апат жерінен кейін қосылған тұтынушылардың жылумен қамдалуы тоқтатылады. Мысалы, радиал желі 1 – дің а нүктесінде апат болса, онда одан кейінгі тұтынушыларға жылу бармайды. Егер бас желіде станса маңында апат болса, онда бұл желіге қосылған тұтынушылардың жылумен қамдалуы тоқтатылады. Бұндай желілерде апатты жоюдың ең ұзақ мерзімі 24 сағаттан аспайтындықтан көп жағдайларда осындай шешімді құптауға болады. Тұтынушыларды жылумен қамдау сенімділігін жоғарлату үшін сәулелік желілерді бір-бірімен жалғастырады (7.14-сурет). Ірі қалаларды бірнеше ЖЭО-дан жылумен қамдағанда жылу желілері шеңберленеді (7.15-сурет).
7.13-сурет. Радиалдық (сәулелік) жылу желісі
7.14-сурет. Жалғастырушы құбырлары бар сәулелік жылу желісі
7.15-сурет. Үш ЖЭО-дан шеңберлік жылу желісі
