Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NUREKEN_kniga_3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.69 Mб
Скачать

7.5 Ішкі қайрат қорларын (іққ) жылумен қамдау жүйелерінде пайдалану

Өнеркәсіптік жылутәсілдемелерде әдетте ІҚҚ-дың келесі түрлері түзіледі: жанатындар, жылулықтар немесе артық қысымдар.

Жанатын ІҚҚ тәсілдеме қалдықтары, олар табиғи отын орнына ошақтық құбылыстарда пайдаланылады. Көбінесе олар домналық, кокстік және т.б. пештерде түзілген жанатын газдар. ІҚҚ-ға шикізат қалдықтары да жатады: жоңқа, үгінділер, шәйірлер және т.б. Соңғы жағдайда қалдықтарды басқа нәрсе: мысалы, ағаш-жоңқалық тақталар жасауға пайдалану мүмкін.

Қалдықтарды тәсілдемелік пайдаға асырғанда олар қайраттық қор ретінде есептелмейді.

Жанатын ІҚҚ пайдалану үшін арнайы пайдаға асырғыш қазандар жасалған.

Жылулық ІҚҚ-ды пайдалану олардың ыстықтығына байланысты. Жылулық ІҚҚ-дың негізгі үлесі орташа және төмен ыстықтық құбылыстарда (t<150С) түзіледі. Оларды кәсіпорында пайдалану шектелген. Қосымша жабдыққа және пайдаға асыру жүйелерін ұйымдастыруға кеткен шығын жиі түсетін пайдамен шамалас болады. Соңғы шешім қабылдау техника-экономикалық талдау негізінде жасалады.

Артық қысымды ІҚҚ-ды күштік құбылыстарда, мысалы, газ турбиналарында электр қайратын өндіру үшін немесе механикалық жұмыс атқару үшін пайдалануға болады. Қазіргі кезде бұл ІҚҚ өнеркәсіптік кәсіпорындарында іс жүзінде пайдаланылмайды, неге десеңіз олардың көрсеткіштері әдетте төмен. Ал бұндай көрсеткіштерге ТМД елдерінде күштік жабдықтар шығарылмайды. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда түзілетін ІҚҚ көлемі айтарлықтай. Бірақ олардың 40-60 % ғана пайдаланылады. Басты себебі олардың шығуының бірқалыпсыздығы және қосымша жабдық қондыруға қажет қаржы көбінесе өтелмейді.

ІҚҚ-ын пайдалану табиғи отынды үнемдейді. Қайратүнемдеу (энергосбережение) шаралардың тиімділігін есептеу бойынша жылулық қайраттың әрбір бірлігіне (1Дж) табиғи отынның баламалы үнемделуі 5 есе болады. Себебі отынды өндіру, байыту, тасымалдау және т.б. жұмыстарының болмауында.

7.6 Жылутәсілдемелік (жт) өндірістердің қайраттық сипаттамасы

ЖТ қондырғыда отынды пайдалану тиімділігі, отынның меншікті шығысы және ПӘЕ-мен бағаланады.

Отынның меншікті шығысы тәсілдемелік өнімнің бірлігіне жұмсалған отын шығысы болады.

(7.1)

(7.2)

. (7.3)

Мұнда В – отын шығысы, кг/с (м3/с); Qтж – отынның жану жылуы, кДж/кг (кДж/м3); Р – ЖТҚ-ның өндірулігі, кг/с; 29300-шартты отынның жану жылуы, кДж/кг.

ЖТҚ-ның ПӘЕ-ін отындық және қайраттық деп бөледі.

Сыртқы жылупайдаланусыз отындық ПӘЕ:

, (7.4)

мұнда в0-сыртқы жылупайдаланусыз мүлтіксіз (идеал) қондырғыда отын шығысы; в-нақты қондырғыда отын шығысы; qт-мүлтіксіз қондырғыда сыртқы көзден жылу шығысы.

Сыртқы жылупайдаланусыз ЖТ қондырғының (ЖТҚО) қайраттық ПӘЕ:

ηқ = в0/в, (7.5)

мұнда в0 = в0 +в0оттек + в0эл.қ ,

в = в +в0оттек + в0эл.қ + ∆вэл.м ,

в0эл.қ – электрлік қайрат көзі,

вэл.м – мәшинелерге жұмсалған электр қайраты.

Сыртқы жылупайдалануы бар ЖТҚО-ның отындық ПӘЕ:

. (7.6)

Сыртқы жылупайдалануы бар ЖТҚО-ның қайраттық ПӘЕ:

. (7.7)

ЖТҚО-да отын пайдаланудың тиімділігін арттырудың үш жолы бар:

– ЖТҚО-ның жылулық қалдықтарын азайту;

– жылу қалдықтарын жаңғырту (регенерация);

– осы қалдықтарды қайраттық немесе тәсілдемелік мақсатта сырттық пайдалану.

ЖТҚО-ның орташа жылулық ПӘЕ-і 45-60% аралығында жатады. ЖТҚО-ның жылу шығындарының құрылымы:

Химиялық кемжану – 18%;

Сыртқы салқындау – 7%;

Әкетілген жану өнімдерімен кеткен – 75%

Барлығы 100%

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]