- •7 Өнеркәсіптік және жоғары ыстықтық жылутәсілдемелік өндірісте қайратты пайдалану
- •7.1 Жылутәсілдемелік құбылыстар мен қондырғыларды жіктеу
- •7.2 Жылутәсілдемелік құбылыстардың (жтқ) ыстықтық және жылулық сызбақтары
- •7.3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның жылуқайраттық жүйелері
- •7.4 Өнеркәсіптік кәсіпорынды (өк) жылумен қамдау
- •7.5 Ішкі қайрат қорларын (іққ) жылумен қамдау жүйелерінде пайдалану
- •7.6 Жылутәсілдемелік (жт) өндірістердің қайраттық сипаттамасы
- •7.7 Тәсілдемелік мұқтаждық, ғимараттарды жылыту және желдету, ыстық сумен қамдау үшін қажет жылуды есептеу
- •Ғимараттарды жылытуға қажет есептік сағаттық жылу шығысы тең
- •7.8 Ауабаптау (кондиционирование) жүйелері
- •7.9 Орталықты жылуменқамдау жүйелерін жіктеу
- •7.10 Жылулық желілер
- •7.11 Тұтынушылар қондырғыларын жылу желісіне қосу сүлбелері
- •7.12 Тұтынушыға жылу беруді реттеу
- •7.13 Жылуды жинақтау (аккумулирование)
- •7.14 Жылулық стансашалар (подстанция) жабдығы
- •7.15 Жылу құбырларын салу
- •7.16 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Жылутәсілдемелік құбылыстар мен қондырғыларды жіктеу.
- •8 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қайрат тасығыштарын өндіру және тарату жүйелері
- •8.1 Қайрат тасығыштардың сипаттамасы
- •8.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда сығылған ауа тұтынушылардың сипаттамасы
- •8.3. Сығымдағыш стансалары. Сығылған ауаны тарату жүйелері
- •8.4 Суық алу тәсілдері
- •8.5 Жасанды суық тұтынушылар және суық өндіретін стансалар
- •8.6 Ауаның ажырату өнімдерін (оттек, азот, аргон және т.Б.) өнеркәсіптік тұтынушылар
- •8.7 Ауаны ажырату қондырғылары (о2 және n2-ні өнеркәсіптік алу)
- •8.8 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Әдебиет тізімі
7.2 Жылутәсілдемелік құбылыстардың (жтқ) ыстықтық және жылулық сызбақтары
ЖТҚ-дың ыстықтық және жылулық сызбақтары өңделетін жадығаттың ыстықтығы мен жылу жұтуы уақыт бойынша қалай өзгеретінін көрсетеді.
Жылутәсілдемелік қондырғыдағы отын шығысы бірінші кезекте тәсілдемелік құбылыстың ыстықтық сызбағының келесі ерекшеліктерімен анықталады:
– бастапқы жадығаттардың бастапқы ыстықтығымен ТЖБ (ТМН);
– өнімдердің
орташа ыстықтығымен
(
).
Осы екі
жәйт негізге алынса, барлық ыстықтық
және жылулық сызбақтар төрт топқа (А-Г)
бөлінеді (7.6-сурет). Онда Тқ.о
(То.с)
– қоршаған орта ыстықтығы;
(
)
– құбылыстағы жадығаттың максимал
ыстықтығы; Qж
(Qм),
Qт.п
– сәйкесті құбылыстың ағымды уақыты
τ-дағы жадығаттың сыртқы жылу жұтуы
және жадығаттың орташа ыстықтығын
-ға
жеткізуге қажет τ0-уақытта
жадығаттың жылу жұтуы.
7.6-сурет.
Тәсілдемелік құбылыстардың ыстықтық
және жылулық сызбақтарының мысалдары:
1 – салыстырмалы ыстықтық,
;
2 – жадығаттың салыстырмалы жылу жұтуы,
ЖТҚ-лар бір сатылы, екі сатылы, үш сатылы болуы мүмкін.
7.6-суретте келтірілген құбылыстарда жылу жұту құбылыстары (реакциялары) өте аз немесе жоқ.
7.3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның жылуқайраттық жүйелері
Қазіргі ӨК-ның жылуқайраттық жүйелері - әртүрлі қайрат қорларының (ҚҚ) ағындары бойынша өзара байланысқан, мақсаттары және түрлері әртүрлі қондырғылар, тәсілдемелік қондырғылар кешендері. Олар қайрат қорлардың бір немесе бірнеше түрлерін тұтынады және өндіреді.
ҚҚ өндіру және тұтыну толығымен қондырғылардың жұмыс тәртібімен, сызбағымен (график), тәсілдемелік құбылыстың ерекшеліктерімен анықталады.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның жылуқайраттық қамдау жүйесі (ӨКЖҚҚЖ) – кәсіпорында әртүрлі ҚҚ көздерінің барлық түрлерін, тәсілдемелік қондырғыларды және ҚҚ тұтынушыларды біріктіретін жүйе (7.7-сурет). Мұндай жүйенің үзіксіз жұмысын қамтамасыз етудің маңызды міндеті – оны жылуқайратпен қамдау. Шамамен тұтынатын отынның 50% және электр қайратының 30% арнайы стансаларда және қондырғыларда кәсіпорынның тәсілдемелік кешенінде пайдаланылатын әртүрлі қайрат тасығыштардың қайраттық мүмкіндігіне (потенциал) (бу және ыстық су жылуына, сығылған ауаның қысым қайратына және т.б.) түрленеді.
Жылудың 35%-ын, электр қайраттың 95%-ын және табиғи газдың, сұйық және қатты отынның шамамен 100%-ын өнеркәсіптік кәсіпорындар біртұтас аудандық немесе аймақтық қайраттық жүйелерден алады, қалған қажетті қайрат қорлары кәсіпорындағы арнайы қайраттық стансалардан алынады.
7.4 Өнеркәсіптік кәсіпорынды (өк) жылумен қамдау
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жылу қайратын тұтынушылар: тәсілдемелік, жылыту-желдетулік және санитарлық-техникалық (ыстық сумен қамдау) деп бөлінеді.
Маусымдық және жылбойлық тұтынушылар деп ажыратылады: тәсілдемелік және санитарлық-техникалық жылбойлыққа, жылыту-желдетулік маусымдыққа жатады. Әдетте, минимал жылдық жүктеме жаз кезеңінде орын алады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тұтынушылар арасында жылу бөліну 7.1-кестеде келтірілген.
7.1-кесте. Кәсіпорындағы тұтынушылар арасында жылу бөліну
Тұтынушылар |
Бу мен ыстық суды жалпы тұтыну, % |
Жылу қабылдаудың ыстықтық деңгейі |
|
150С-қа дейін |
150С-тан астам |
||
Тәсілдемелік Жылыту-желдетулік Ыстық сумен қамдау Барлығы |
65 25 10 100 |
55 25 10 90 |
10 – – 10 |
7.7-сурет.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның жылуқайраттық
жүйесінің (ӨКЖҚЖ) иерархиялық құрылымы
Тәсілдемеге жылу тұтыну бойынша кәсіпорындар үш топқа бөлінеді (7.2-кесте).
7.2-кесте. Тәсілдемелік мұқтаждыққа жылу шығысы
Өнеркәсіп саласы |
Тәсілдемелік құбылыстарға жылу шығысының үлесі, % |
Топ |
Электр техникалық Құрылыс жадығаттары Тамақ Тоқыма Химиялық Мұнай өңдеу |
50-60 50-80 65-80 65-90 70-80 90-98 |
1 1 2 2 2 3 |
Өнеркәсіптік кәсіпорынды бу және ыстық сумен қамтамасыз ететін жылу қайрат көздерін екі топқа бөлуге болады:
– сыртқы жылу көздері – зауыттық және аудандық ЖЭО мен қазандықтар;
– ішкі жылу көздері – тәсілдемелік қондырғылар, оларда екіншілік қайрат қорлары (ЕҚҚ) түзіледі. Қажет болғанда ЕҚҚ арнайы пайдаға асырғыш (утилизационный) қондырғыларда буға немесе ыстық суға түрлендіріледі.
Жылу мен электрді ірі тұтынушыларды қамдау орталықты жүргізіледі.
Пайдаға асырғыш қондырғылардан келетін жылу үлесі өнеркәсіптік өндірістің негізгі тәсілдемелік құбылыстарының сипаттамаларына тәуелді және орташа 8–10% құрайды (7.3–кесте).
Жоғары ыстықтықты тәсілдемелері бар өндірістерде ішкі пайдаға асырғыш көздерде (жиі пайдаға асырғыш қазандарда) өндірілген бу үлесі жеткілікті жоғары және қосынды тұтынудың 70%-ына жетуі мүмкін.
Төмен ыстықтықты тәсілдемелерде пайдаға асырылатын жылу үлесі аз және барлығы 4-8% құрайды.
7.3–кесте. Өнеркәсіптің химия саласының кәсіпорынын жылумен қамдау көздері
Жылулық қайрат көздері |
Жалпы жылу тұтынудың %-ы |
Өзіндік көздер: ЖЭО қазандықтар пайдаға асырғыш қондырғылар Барлығы Сыртқы көздер (ЖЭО, аудандық қазандықтар және т.б.) Барлығы Олардан: өнеркәсіптік кәсіпорын тұтынды сыртқы тұтынушыларға берілді Барлығы |
8 19,1 4,0 31,1
68,9 100
88 12 100 |
Өнеркәсіптік мұқтаждыққа, әдетте, қысымы 0,15-1,6 МПа аралығындағы бу қажет. Тасымалдау шығындарын азайту үшін ЭС-дан бу біраз аса қыздырылып (50-100С-қа дейін) жіберіледі.
Буды жылулық құбылыстарда пайдаланғанда оның аса қызуының айтарлықтай рөлі жоқ, өйткені оны қанығу ыстықтығына дейін салқындатқанда беретін жылуы бу шықтанғанда беретін жылумен салыстырғанда өте аз.
Зауыттық қазандықтарда оның ішінде пайдаға асырғыштарда көбінесе құрғақ қаныққан бу өндіріледі.
