- •7 Өнеркәсіптік және жоғары ыстықтық жылутәсілдемелік өндірісте қайратты пайдалану
- •7.1 Жылутәсілдемелік құбылыстар мен қондырғыларды жіктеу
- •7.2 Жылутәсілдемелік құбылыстардың (жтқ) ыстықтық және жылулық сызбақтары
- •7.3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның жылуқайраттық жүйелері
- •7.4 Өнеркәсіптік кәсіпорынды (өк) жылумен қамдау
- •7.5 Ішкі қайрат қорларын (іққ) жылумен қамдау жүйелерінде пайдалану
- •7.6 Жылутәсілдемелік (жт) өндірістердің қайраттық сипаттамасы
- •7.7 Тәсілдемелік мұқтаждық, ғимараттарды жылыту және желдету, ыстық сумен қамдау үшін қажет жылуды есептеу
- •Ғимараттарды жылытуға қажет есептік сағаттық жылу шығысы тең
- •7.8 Ауабаптау (кондиционирование) жүйелері
- •7.9 Орталықты жылуменқамдау жүйелерін жіктеу
- •7.10 Жылулық желілер
- •7.11 Тұтынушылар қондырғыларын жылу желісіне қосу сүлбелері
- •7.12 Тұтынушыға жылу беруді реттеу
- •7.13 Жылуды жинақтау (аккумулирование)
- •7.14 Жылулық стансашалар (подстанция) жабдығы
- •7.15 Жылу құбырларын салу
- •7.16 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Жылутәсілдемелік құбылыстар мен қондырғыларды жіктеу.
- •8 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қайрат тасығыштарын өндіру және тарату жүйелері
- •8.1 Қайрат тасығыштардың сипаттамасы
- •8.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда сығылған ауа тұтынушылардың сипаттамасы
- •8.3. Сығымдағыш стансалары. Сығылған ауаны тарату жүйелері
- •8.4 Суық алу тәсілдері
- •8.5 Жасанды суық тұтынушылар және суық өндіретін стансалар
- •8.6 Ауаның ажырату өнімдерін (оттек, азот, аргон және т.Б.) өнеркәсіптік тұтынушылар
- •8.7 Ауаны ажырату қондырғылары (о2 және n2-ні өнеркәсіптік алу)
- •8.8 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Әдебиет тізімі
8 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қайрат тасығыштарын өндіру және тарату жүйелері
8.1 Қайрат тасығыштардың сипаттамасы
Жалпы қайрат тұтынудың Қ негізгі құраушылары: электр тұтыну Е, жылу тұтыну Q және отын тұтыну В.
Қ=Е+Q+B.
Барлық құраушылар шартты отынға келтірілген.
Қайрат тасығыштар түрі: органикалық қатты отын: табиғи ( ағаш, тас көмір, қоңыр көмір, шымтезек, тақта тас және б.), жасанды (кокс, шала кокс, ағаш көмірі, брикет (кесекше));
сұйық отын:
– табиғи: мұнай;
– жасанды: бензин, керосин, дизель отыны, мазут.
– газ тәрізді:
– табиғи: табиғи газ, ілеспе газ, шахта газы;
– жасанды: кокс газы, домна газы, сұйытылған газ және т.б.
су (ыстық су, салқындататын су ( 70-85%), өнімдерді тасымалдау суы, жуу суы);
сығылған ауа екі бағытта пайдаланылады:
– тәсілдемелік—болат балқыту үшін, ауа айыру қондырғылар жұмысында және т.б.;
– күштік— кез-келген мәшинелер мен тетіктер жетегі.
Өнеркәсіптік өндірістер, тәсілдемелер айтарлықтай мөлшерде сығылған ауаны қолданады. Мысалы, қазіргі металургия тәсілдемесі 1т шойын алу үшін шамамен 3000м3 сығылған ауаны қажет етеді. Сығылған ауаны өндіру үшін металургия кәсіпорындарында жалпы электр қайратының шамамен 5%-ы, мәшинежасау кәсіпорындарында және кен өндіру өнеркәсібінде 25-30%-ы жұмсалады;
суық (-110оС-тан +15оС-қа дейін) (жасанды талшықтар мен пластмасса өндіргенде және т.б.);
ауаны ажырату өнімдері (оттек азот, аргон және т.б.). Мысалы, домналық өндірісте оттекпен байытылған үрлеу домна пешінің өндірулігін 15-20%-ға өсіреді кокстың жұмсалуын 10-15%-ға төмендетеді.
Қайраттасығышты таңдауды анықтайтындар:
– тәсілдемелік жағдайлар;
– өнімді өндірудің тәсілдемелік құбылыстарының техника- экономикалық көрсеткіштері;
– қайратпен қамдау жағдайлары.
8.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда сығылған ауа тұтынушылардың сипаттамасы
Сығылған ауа электр, бу, сұйықағулық және механикалық қайратпен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік құбылыстарда кеңінен пайдаланылады:
– біріншіден тәсілдемелік мақсатта, мысалы, металлургияда домналық пештерде, мартен пештерінде, конверторларда және т.б. үрлеу үшін;
– екіншіден механикаландыру және аутоматтандыру үшін әртүрлі мәшинелер мен тетіктерде (дірілдеткіштер, кесетін балғалар, ауалық көтергіштер, кен бұрғылары, мұнайды көтеру үшін және т.б..).
Ауалық қозғалтқыштар техниканың барлық салаларында булық және электрліктермен бәсекеге түсуде. Ауаны тасымалдағанда буға қарағанда жылу шығындары аз. Ауа қоры шексіз және ол шықтанбайды, зиянды қасиеттері жоқ.
Өнеркәсіпте пайдаланатын сығылған ауа қысымы 0,3-20 МПа құрайды.
Атмосфералық ауада әрқашан су буы болады, оның мөлшері ыстықтық пен салыстырмалы ылғалдыққа тәуелді. Ауаның қасиеті қайраттасығыш ретінде ылғалдыққа байланысты. Ылғалды ауаны кедергілегенде (дроссельдегенде) ол салқындап ылғал қатуы мүмкін, онда әртүрлі құрылғылар бұзылуы мүмкін. Ауа күйін қысым, ыстықтық, тығыздық, салыстырмалы ылғалдық сипаттайды.
Өнеркәсіпте сығылған ауаны ірі тұтынушылар: азот қышқылы (қысымы 0,5 МПа, 4000м3/т азот қ.) мен күкірт қышқылын (2000м3 /т.к.қ) өндіретін кәсіпорындар.
Сығылған ауаны өндіру үшін электр қайратының меншікті шығысы 80- нен 140 кВт∙сағ/мың м3 -қа дейін болады.
Ауа сапасына қойылатын талаптар әртүрлі тұтынушыларда әртүрлі болады.
Сығылған ауаны өндіргенде маңызды мәселе оны кептіруді ұйымдастыру. Кептіру бірнеше сатылы болуы мүмкін.
