Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NUREKEN_kniga_3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.69 Mб
Скачать

7 Өнеркәсіптік және жоғары ыстықтық жылутәсілдемелік өндірісте қайратты пайдалану

7.1 Жылутәсілдемелік құбылыстар мен қондырғыларды жіктеу

Жылутәсілдеме (теплотехнология) – бастапқы шикізатты, жадығаттарды, шалафабрикаттарды олардың заттарының жылулық күйін өзгерту негізінде түрлендіру әдістерінің жиынтығы. Мысал ретінде мыс өндірудің жылутәсілдемелік сүлбесі 7.1 – суретте келтірілген.

Жылутәсілдемелік құбылыс – жылутәсілдеменің түзгісі (элементі). Жылутәсілдемелік құбылыстың сүлбесі – жылутәсілдемелік құбылыстың қарапайым (элементар) құбылыстарының тізбекті жиынтығының көрнекі сызбағы. 7.2–суретте сондай сүлбелердің мысалдары келтірілген.

Жұмыстық ыстықтықтар 400-20000С аралығында болса, жылутәсілдемелік құбылыстар жоғары ыстықтықты деп аталады.

Жоғары ыстықтықты жылутәсілдемелік құбылыстарды (ЖТҚ) физикалық және химиялық деп бөлуге болады. Физикалық ЖТҚ-ға жататындар: бастапқы жадығаттарға жылулық әрекет еткенде орын алатын фазалық өтулер, жентектелу (бірігу), агрегаттық күйдің өзгеруі (балқу, булану), еру, араласу және т.т.

Химиялық ЖТҚ-ға жататындар: ыстықтық ыдырау, тотығу, тотықсыздану және т.б. Физикалық және химиялық түрленулер ЖТҚ-да жалпы жағдайда жылуды жұтып немесе бөліп өтеді.

ЖТ-ік қондырғыларда келесі қайрат көздерін пайдаланады:

– ауалық тотықтырғышы (АТ) бар отын;

– оттекпен байытылған ауа (ОБА) бар отын;

– тәсілдемелік оттек бар отын;

– отынның жану өнімдері (ЖӨ) көршілес қондырғылардан;

– электр қайраты.

Егер ЖТҚ сырттан әкелінген жылусыз жүрсе (отын, электр шығысы нөл) оны автогендік, ал қондырғыны автотермиялық дейді.

Жылутәсілдемелік құбылыстардың әртүрлі болуына байланысты оларды жүзеге асырытын қондырғылар түрі де көп:

– күйдіру пештері (кірпішті, қыштарды және т.б. күйдіру үшін);

– балқыту пештері (металдарды балқыту үшін);

– қыздыру пештері және т.б.

7.1 – сурет. Мыс өндірудің жылутәсілдемелік сүлбесі

7.2 – сурет. Жылутәсілдемелік құбылыстар сүлбелерінің мысалдары: БЖ – бастапқы жадығаттар; ТӨ – тәсілдемелік өнім; I – цементтік клинкерге күйдіру; II – мыстық шоғырманы (концентрат) штейнге балқыту

Жоғары ыстықтықты жылутәсілдемелік қондырғылардың (ЖЫЖҚ) жалпыланған құрылымдық сүлбесі 7.3 – суретте келтірілген.

7.4–суретте ЖЫЖҚ-ның қарапайым жылулық сүлбесі берілген. Бұндай жылулық сүлбесі бар ЖЫЖҚ-ның ПӘЕ-і ең төмен болады. Қондырғыдан шыққан газдардың ыстықтығы жоғары: өңделетін жадығаттың максимал ыстықтығына тең. Түтін газдарының жылуын пайдалану үшін басқа қосымша жылутехникалық және жылутәсілдемелік түзгілер (элементтер) болуы мүмкін (7.5–сурет).

Қ(А)

АЖӨ

Қ(А)

НЖӨ

Қ(А)

ТӨБ

Қ(А)

ТРС

7.3 – сурет. Жоғары ыстықтықты жылутәсілдемелік қондығылардың жалпыланған құрылымдық сүлбесі: Қ (А) – құты (аймақ); АЖӨ – алдын-ала жылулық өңдеу; НЖӨ – негізгі жылулық өндеу; ТӨБ – тәсілдемелік өндеуді бітіру; ТРС – тәсілдемелік регламентік салқындату

Құтылар (аймақтар)

АЖӨ

НЖӨ

ТӨБ

7.4–сурет. Жоғары ыстықтықты жылутәсілдемелік қондығылардың қарапайым жылулық сүлбесі: ТГ – түтін газдары; БТ – бастапқы (салқын) тотықтырғыш (жалпы жағдайда – ауа, оттекпен байытылған ауа, оттек); О – отын, БЖ, ТӨ – сәйкесті бастапқы жадығат және тәсілдемелік өнім

ТҚ

Құтылар (аймақтар)

АЖӨ

НЖӨ

ТӨБ

7.5–сурет ЖЫЖҚ құрудың мысалы: ТҚ – тотықтырғышты түтін газдарымен қыздыру; БТ – бастапқы (салқын) тотықтырғыш; ҚТ – қыздырылған тотықтырғыш; қалған белгілеулерді 7.4 – суреттен қараңыз; ШГ – шығар газдар

Келтірілген мысалда бір құтылы, бір аймақты қондырғыда түтін газдарының жылуын пайдалану үшін бастапқы салқын тотықтырғышты түтін газдарымен қыздыру ұйымдастырылған (бұл тәсіл мартен пешінде қолданылады).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]