Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_Algoritm_khirurgia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.26 Кб
Скачать

Өз бетімен халат киген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Операция кезінде асептиканы сақтау үшін.

Құжаттар:

  • операциялық жабдықтары бар бикс;

  • тану материалдары бар бикс;

  • залалсыздандырылған лоток, корнцанг;

  • қолды өңдеу үшін антисептикалық ертінділер;

  • бикске арналған подставкалар.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Подставкаға операциялық жабдықтары бар залалсыздандырылған биксті орналастыру.

  2. Сыртқы бейнесіне қарап бикстің залалсыздануын, маркировкасын тексеру.

  3. Көмекші немесе педаль көмегімен биксті ашу.

  4. Залалсыздандыру индикаторларын залалсыздандырылған корнцанг арқылы алып, жағдайын тексеру.

  5. Залалсыздандырылған корнцанг арқылы ақ жайманың ішкі қабаттарын ашып тастау (бикстің шеттері жабық тұру керек).

  6. Залалсыздандырылған корнцанг арқылы ашық бикспен залалсыздандырылған косынканы немесе колпакты алу.

  7. Колпакты немесе косынканы киіп шаштарды жабу керек.

  8. Залалсыздандырылған корнцанг арқылы масканы алып жіптерін байлау (төменгі бөлігін – бастың төбе сүйек аймағында, жоғарғы бөлігін – шүйде аймағында).

  9. Бикстің қақпағын жабу.

  10. Қолды ағынды сумен жуып, кептіру, антисептикпен өңдеу.

  11. Көмекші немесе педаль көмегімен бикстің қақпағын ашу, қолмен оралған халатты алу.

  12. Мойын жағынан халатты ұстап тұрып, халатты ашу (залалсыздандырылған халаттың сыртқы жағы киімге, көрші заттарға тимеу керек).

  13. Халаттың ішкі жағын өзіне қарату.

  14. Екі қолға халатты кигізу, қолды жоғары көтеру керек, сосын жанына. Көмекші халаттың ішкі жағынан ұстап дұрыстайды, байламдарын байлайды.

  15. Қолдағы байламдарды өз бетімен байлайды, басында сол қол, сосын оң қолды.

  16. Байламдарды халаттың жеңінің ішкі жағына салады.

  17. Оң жақ қалтадан белдікті алып, 30 см арақашықтықта ұстап, әр жақ шетіннен 15 см-ден қалдырып отырады.

  18. Көмекшіге белдікті әперу (шеттерін ақырын алады, белдікті халаттың беліне байлайды.

  19. Бикстегі оралған қолғаптарды ашады.

  20. Сол жақ қолмен қолғапты алып, астына еңгізеді, ІІ, ІІІ, IV, V саусақтарды жауып, І саусақпен қолғаптың ішкі жағын ұстап тұрады.

  21. Оң жақ қолдың саусақтарын қолғапқа еңгізу, сол жақ қолмен қолғаптың бас жағын ұстап жабу.

  22. Оң жақ қолдың саусақтарын ашып, қолғапты саусақтарға тартып кигізу.

  23. Қолғапты халаттың манжетіне кигізу.

  24. Қолғапты оң қолымен алып, жанағындай әдіспен сол жақ қолға кигізу.

  25. Залалсыздандырылған үстелді жұмысқа дайындау.

Мейіркештің залалсыздандырылған үстелін жұмысқа дайындаудың іс-әрекетінің алгоритмі.

Мақсаты: Операция кезінде асептика ережелерін сақтау.

Құжаттар:

  • операциялық жабдықтары бар бикс;

  • үстел;

  • бикске арналған подставка.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Медбике операцияға сияқты қолын өңдейді, залалсыздандырылған халат, колпак, бахил киіп, залалсыздандырылған құрал-саймандар үстелін жаюға кіріседі.

  2. Үлкен құрал-саймандар үстелін 1 қабат жайма жаямыз, ал үстеліне 2 немесе 2-ге бүктелген жаймамен жабамыз. Жаймалар қолындағы 3 қабатты болу керек.

  3. Медбике үстелдің сол жақ шетіне 4-ке бүктелген жайманы жаяды, бұл жерде құралдар бар тор орналасады.

  4. Үлкен үстелден басқа медбике кішкентай қозғалмалы үстелді жаймамен жайып, қысқыш қыстырады. Жайманы бетіне бұл этапқа керекті материалдары бар орамал болу керек: аз мөлшерде қан тоқтататын қысқыштар, скальпель, қайшы, кішкене таңу материалы, тігінге арналған контейнер, шетіне тағы бір орамалмен жабылған кішкене мөлшерде тігін материалы.

Есте сақтау керек:

  1. Манипуляция ағымына сәйкес медбике қолын жуып отыру керек, құрал-саймандарды, салфеткалар мен жаймаларды, кейбір жағдайда бүкіл жаймаларды ауыстырып отыру қажет.

  2. Медбикеде көп мөлшерде ауыстырылатын ақ жаймалар мен қолғаптар болу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]