Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_Algoritm_khirurgia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.26 Кб
Скачать

Иыққа Крамер құрсауын салу кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Иық сүйектерінің сынығы.

Құжаттар:

  • сатылы Крамер құрсауы;

  • 2 бинт, мақта, косынка, қайшы.

Ескертулер: Шинаны салған кезде екі буын бекітіледі: сынықтан жоғары және төмен буындар.

Іс- әрекетінің алгоритмі:

  1. Науқасты өзіне қаратып отырғызыныз, тыныштандырыныз.

  2. Болып жатқан манипуляцияны түсіндірініз.

  3. Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жаланаштандырыныз;

  4. Жарақат аймағын тексерініз, сынғаның немесе шығып кеткеніне көз жеткізініз.

  5. Сатылы Крамер құрсауын танданыз: ұзындығы 80 см, ені 8 см.

  6. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, мақтаны құрсауға бекітініз.

  7. Құрсауды науқастын сау жағына орналастырыныз, саусақ ұшынан, шынтақ буынына дейін.

  8. Құрсауды алып, түзу бұрыш қылып бүгініз (90º);

  9. Құрсауға сау қолды, иықты салып(құрсаудың дұрыс әзірленуін қадағалау).

  10. Ауру жаққа ортафизиологиялық жағдай жасаныз.

  11. Дайын құрсауға қол мен иықты салыныз.

  12. Құрсауды спиральды байламмен қол ұшынан, иық буынына дейін бекітініз.

  13. Жақсылап бекіту үшін, косынкалы байлам салыныз.

Ескертулер: Қол ұшы сүйектерінің сынығы кезінде қол пронация жағдайында жайғастырып, астына дөңгелек валик салыныз, қолға мақтадан, марліден немесе бинттен валик жасап, салыныз. Валик үстіндегі қолды бинтпен бекітіп, косынкаға іліп қойыныз.

Гипс байламдарын салу кезіндегі мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.

Емдік иммобилизацияны қолдану үшін, гипстен жасалған қатты байламдар қолданылады. Гипстен бекітуге арналған кез келген дене бөлігін бекітуге арналған байлам салуға болады. Байламдарды дайындау үшін құрғақ гипс қолданылады, ұн тәрізді консистенциялы.

Гипстік байлам салардың алдында гипстің жарамдылығын тексеру керек.

  • Алақанға, гипс ұнтағын алып, жұдырықтап ұстаныз. Егер гипс құрғақ болса саусақ арасынан өтіп құйылады. Егер дымқыл болса, түйін пайда болады.

  • Судың бір бөлігін, гипстың екі бөлігін араластырып, лотокқа құйып, қадағаланыз. Гипс 6-7 минут ішінде ысу керек. Пайда болған пластина басқан кезде ұнтақталмау керек.

  • Сумен араласқан гипс шіріген жұмыртқаның иісіндей болмау керек.

  • Гипсты сумен араластырып, пайда болған массадан, шарик жасау керек. Егер гипс жақсы сапалы болса, 5-8 минуттан кейін кебеді, лақтырған кезде металл дыбысын шығарады, және сынбайды.

Гипс бинттерін жасаудағы мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Емдік иммобилизацияны қолдану.

Құжаттар:

  • темір үстел;

  • гипске арналған ыдыс;

  • ені 15-20 см бинт;

  • гипстенген байламдарды сақтауға арналған қорап;

  • гипсті ұнтақтауға арналған елеуіш;

  • резенке қолғап, маска, аяқ киім, халат.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Арнайы киім кию: халат, жуылатын аяқ киім, клеенкалы алжапқыш, маска, резенке қолғап кию.

  2. Арнайы үстелге гипсі бар ыдысты қою.

  3. Бөтен заттар түспеу үшін, тазарту;

  4. ені – 15-20 см, ұзындығы 40-50 см бинтті жаю.

  5. Бинтке жұқалап,гипс жаю.

  6. Қолмен гипсті жайлап жаю.

  7. Бинтті орап, қалған бөліктеріне жаю.

  8. Гипсті құрғақ ыдыста сақтау керек.

Ескертулер: Гипске арналған бинт 2- 3м ұзындықта болу керек. Бұл ұзындықта қолдануға ынғайлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]