Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_Algoritm_khirurgia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.26 Кб
Скачать

Білекке байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Білек аймағында жарақаттар, күйіктер.

Құжаттар:

  • бинт, ені 10 см.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.

  2. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.

  3. Бинтті білектің төменгі бөлігіне орналастыру.

  4. Екі бекітетін тур жасау.

  5. Әр келесі тур 1/2 бөлігін жауып отырады (байлам қолды толық жаппаған кезде перегиб жасау керек, әрі қарай спираль тәрізді кете береді).

  6. Білектің жоғарғы бөлігінде бинттеуді бітіру.

  7. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап.

Есте қалдыру. Осындай әдіспен байлам балтыр аймағына салынады.

Қолдың бір саусағына байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Жарақаттар, күйік.

Құжаттар:

  • бинт, ені 5 см.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, жарақаттанған қолдың жағынан білекті столдың үстіне орналастыру, қолдар бос болу керек.

  2. Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.

  3. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.

  4. Білезік буынға байламды орналастыру.

  5. Білезік буында 2 бекітетін тур жасау.

  6. Білезік буыннан бастап байлайтын саусақтың негізіне бинтті жүргізу.

  7. Саусақтың негізінен бастап бас жағына дейін спираль тәрізді турлармен бинттеу.

  8. Қолдың сырт жағынан білезік буынға дейін бинтті өткізу.

  9. Білезік буында бекітетін турлармен байламды бітіру.

  10. Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау.

Есте қалдыру. Бір саусаққа байлам салу үшін «қайталанатын», «масақ» тәрізді байламды салуға болады.

Бір саусаққа «Қайталанатын» байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Күйіктер, үсіктер, жарақаттар.

Құжаттар:

  • бинт, ені 5 см;

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Білезік буында 2 бекітетін тур жасау.

  2. Білезік буыннан қолдын сыртынан жарақаттанған саусаққа дейін байламды жүргізу.

  3. Саусақтың бас жағын айналып, бинтті алақан жағынан саусақтың негізіне дейін жүргізу, сосын қайтадан қайталау.

  4. Саусақтың негізінен саусақтың басына дейін жылжымалы әдіспен бинттеу, әрі қарай саусақтың басынан – негізіне дейін спираль тәрізді турлармен.

  5. Қолдың сыртынан білезік буынға дейін бинтті сегіз тәрізді жолмен жылжыту.

  6. Білезік буында бекітетін турлармен байламды бітіру.

  7. Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]