Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод указ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.86 Кб
Скачать

Кәсіптік тәжірибенің күн тәртібі

Жұмыс түрлері

Уақыты

1

Жедел медициналық жәрдем бригадасымен науқасқа бару (3-4 бару), кезекшілік бойынша есеп, науқасты тексерудің рациональды жоспары, Аурудың Х-Халықаралық жіктемесіне сәйкес болжам диагноз қою, шұғыл терапия жоспарын тағайындау, госпитальді кезеңге дейінгі науқасты жүргізу тактикасын жасау, жүргізілген терапияның тьиімділігін бағалау, ары қарайғы емдеуді жүргізу үшін ұсыныстар, емдеу-диагностикалық манипуляцияларды жүргізуге белсенді қатысу.

8.00 - 14.00

2

Патологиялық-анатомиялық конференцияларға, клиникалық сараптамаларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу, жаңа медикаменттерді презентациялауға фирмамен бірге қатысу.

10.00 - 12.00

3

Санитарлық-ағарту жұмыстарын жедел медициналық жәрдем кезінде жүргізу.

8.00 - 14.00

Ескерту: күні бойы жасалынатын кәсіптік тәжірибенің күн тәртібі өндірістің жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

Тәжірибе жетекшісінің ағымдық бақылуы:

  • Студенттерді жұмыстық бағдарламамен, оқу-кәсіби тәжірибе құрылымдарымен, инструкциялық құжаттармен және бақылау түрімен таныстыру.

  • Студенттерді жедел мед.жәрдем бригадаларына орналастыру және бекіту

  • Жұмыс орындарында студенттердің тәжірибелік істерге және қатысуларға бақылау;

  • Науқастарға клиникалық талдаулар жүргізу

  • Жедел мед.жәрдем шақыруларының карталарын және басқа мед. Құжаттарды толтыру, тексеру

  • Студенттермен тәжірибелік дағдыларды игеруді бақылау;

  • Студенттің тәжірибесі бойынша күнделігін тексеру

  • Оқу-кәсіби тәжірибенің соңында студенттердің жұмыстарын қорытындылау және бағалау.

Қортынды бақылаудифференцирленген есеп.

Қортынды бақылауға қатысу үшін қажет:

  • Күнделікті бөлім меңгерушісі немесе тәжірибе жетекшісінің қолының қойылуымен тәжірибенің күнделігі;

  • Тәжірибе жетекшісі және терапия бөлімінің меңгерушісімен қол қойылған мінездеме;

  • Қатысу журналы

Күнделік келесі бөлімдерден тұрады:

- Титулды парақ

- Күнделікті орындалған жұмысының мазмұны

- Тәжірибелік дағдылардың санының есебі

- Күнделіктің соңында кәсіптік мінездеме.

Дифференцирленген есеп қортынды кәсіптік тәжірибе бойынша балдық-әріптік жүйелі баға кестесімен студенттердің тәжірибелік дағдылар бағасының нәтижесі негізделеді.

6. Тәжірибенің маңызы: Кәсіптік практикадан өтуде студенттердің практикалық жұмысына науқастардың шақыртуларына бару, диагноз қою және жедел медициналық көмек көрсету кіреді. Практика базасы ретінде бекітілген емдеу-профилактикалық мекемелері кіреді. Студенттер практикадан өту барысында емдеу-профилактикалық мекеменің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға, ұйымдастыру және емдеу-әдістемелік жұмыстар бойынша барлық шараларға қатысуға міндетті.

Кәсіптік тәжірибе өтудегі студенттер жұмысының түрлері және көлемі:

  • жедел медициналық жәрдем беру бригадаларымен күнделікті науқас шақыртуларына бару (3-4 шақырту), кезекшілік бойынша есеп беру;

  • науқасты рациональды тексеру жоспарын құру;

  • Х- Халықаралық аурулар жіктелуіне сәйкес болжам диагнозын қою;

  • салыстырмалы диагностика жүргізу;

  • жедел терапия жоспарын тағайындау, ауруханаға дейінгі кезеңде науқасты жүргізу тактикасын жасау;

  • өткізілген терапия тиімділігін бағалау;

  • емін жалғастыруға арналған кеңестер;

  • емдеу-диагностикалық манипуляцияларды орындау және белсенді қатысу;

  • базалық мекемедегі патолого- анатомиялық, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, клиникалық талдауларға қатысып, жаңа дәрі-дәрмектерден презентациялар дайындау;

  • жедел медициналық жәрдем шақыртуларында санитарлы-ағарту жұмыстарын өткізу.