- •Курстық жұмыс
- •Курстық жұмыс
- •Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
- •5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •Тапсырма
- •Графигі
- •Мазмұны
- •1 «ҚазТрансОйл» aқ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы
- •2 Жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
- •2.1 Кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттануларға және олардың себептеріне талдау
- •2.2 Еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Хаттама № 88-13-7 Зиянды өндірістік факторларды өлшеу туралы
- •Хаттама № 77-13-7 жарақат қауіпсіздігін бағалау
1 «ҚазТрансОйл» aқ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы
Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ) құрылды.
2001 жылы «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ («ҚазТрансОйл» ЖАҚболып қайта аталды) акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына сәйкес құрылған «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорына берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811 Жарлығымен «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен қайта құрылуы негізінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды, ол «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тың бірден-бір акционері болды. «ҚазТрансОйл» ЖАҚ 2004 жылғы 31 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ болып қайта аталды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың дамуы туралы. Өткен кезеңде ҚазТрансОйлдың негізгі күш-жігері Қазақстанның магистральды мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және кіріктіруге, мұнай тасымалдау және ауыстырып құю жөніндегі жұмыс істеп тұрған қуаттардың сенімділігін арттыруға және жаңаларын салуға, қызметтердің бәсекеге қабілетін көтеруге, сондай-ақ өткізуші мемлекеттер аумағымен мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттық негізді жасауға бағытталды.
Жүк айналымы 2000 жылғы 19,1 млрд. т. км-ден 2011 жылы 42,2 млрд. т. км-ге дейін өсті. Тасымалдау көлемі 2000 жылғы 27,8 млн.тоннадан 2011жылы 66,9 млн.тоннаға дейін көбейді.Жиынтық пайда 2000 жылғы 5,7 млрд. теңгеден 2011 жылы 25,9 млрд. теңгеге дейін молайды. «ҚазТрансОйл» магистральды мұнай құбырлары жүйесінің 1 000 км-ден астамы ауыстырылып, сұйыққойма паркі 60% жаңарды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы №1273 қаулысымен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырының ұлттық операторы болып белгіленді.
Ұлттық оператордың қызметі Қазақстан Республикасында магистральды мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және оларды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
1.1-кесте – Өндірістің негізгі мәліметтері
Негізгі мәліметтер |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
Мұнай тасымалдау көлемі*, мың тонна |
64 187 |
65 825 |
66 873 |
65 795 |
67 220 |
Мұнай жүк айналымы, км |
38 709 |
41 351 |
42 244 |
42 163 |
45 493 |
Су беру, мың текше. м. |
18 926 |
21 361 |
21 192 |
22 799 |
23 390 |
Қызметшілер саны, адам |
9 993 |
10 034 |
9 992 |
9 264 |
9 140 |
Ескерту – *Мұнай тасымалдау көлемі «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясының мұнай өнімдерін ауыстырып құю деректерін қамтиды. |
|||||
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Terminals Limited» (Кипр) компаниясының 100% акцияларының иеленушісі болып табылады. Ол арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді – «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-на тікелей иелік ету және басқару жүзеге асырылады, сонымен қоса «Батуми теңіз кемежайы» ЖШҚ акцияларының 100% үлесін басқаруға арнайы құқығы бар.
