Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к КП по турбине каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.56 Mб
Скачать

Әдістемелік нүсқаулар

«Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар» пәні бойынша

050717 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмысы үшін Курстық жобаға тапсырма

Берілген курстық жобада турбинаның реттеуші сатысын жылдамдықтар үшбұрыштығы әдісі бойынша есептеу қарастырылған. Бұл әдіс оны зауыт практикасында кең қолдануға мүмкіндік беретін өзіндік бірқатар жетістіктерге ие: сатылардың берілген типін есептеу қарапайымдылығы мен нәтижелерінің сенімділігі. Әдістемелік жақтан бұл әдіс көрнекі және универсалды болып табылады, бірақ реттеуші сатының модельді сатыларының тәжірибелі сипаттамасының жылулық есебі әдісімен салыстырғанда сенімділігі аз.

Курстық жобаға сонымен қатар жұмыс сатысының қалақшаларының беріктігі есебі де кіреді.

Есептеуді орындау үшін студент журналдағы реттік номері бойынша А, Б немесе В қосымшаларынан турбина типі таңдалады.

Түсініктеме хатына кіретіндер: титулдық бет, курстық жобаға тапсырма, пікір, кіріспе, турбинаның реттеуші сатысының жылулық есебі, турбинаның жұмыс қалақшаларының беріктікке есебі, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Курстық жоба көлеміне А1 форматтағы турбинаның бойлық қиылысының сызбасы кіреді.

1 Турбинадағы будың кеңеюінің жұмыс үрдісін құру

    1. іs-диаграммасындағы 1.1 суретіне сай бу параметрлері бойынша стопор клапанының алдындағы бу күйінде нүктесі анықталады.

    2. Стопорлы, реттеуші клапандар мен буқұбырларындағы шығындарды ескере, реттеуші саты соплолары алдындағы бу қысымы құрайды, Па

(1.1)

осында р0 – стопорлы клапан алдындағы таза бу қысымы, Па.

    1. суретіне сәйкес нүктесі реттеуші саты алдындағы бу күйін анықтайды. нүктесін іs-диаграммасында Р0 изобарасы мен і0 энтальпиясы қиылысында құрамыз.

1.3 Шығаратын келтеқұбырдағы шығындарды ескере, турбинаның соңғы сатысынан кейінгі қысым анықталады, Па

(1.2)

осында Рк – конденсатордағы немесе керіқысымды турбинаның шығарылымындағы қысым, Па;

- шығаратын келтеқұбырдағы ағынның орташа жылдамдығы, м/с:

а) конденсациялы турбиналар үшін ;

б) керіқысымды турбиналар үшін .

- шығаратын келтеқұбырдағы аэродинамикалық қасиеттерді ескеретін тәжірибелі коэффициент:

а) конденсациялы турбиналар үшін ;

Б) керіқысымды турбиналар үшін .

    1. А0 нүктесінен турбинадағы будың қысымға дейін изоэнтропты кеңеюінің вертикаль сызығы өткізіледі және В нүктесі табылады. А0В кесіндісінің ұзындығы турбинаның жылушығыны болып табылады. А0 нүктесінен төменгі түзуді Р2z изобарамен қилысуына дейін жіберіп F нүктесін табады. 1.1 суретіне сәйкес А0 F кесіндінің ұзындығы турбинасының ағынды бөлігінің жылулық шығыны болады.