Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.53 Кб
Скачать

Эпидемиологиялық зерттеулердің дизайнын анықтайтын терминдердің сипаттамалары

Сипаттаушы зерттеу эпидемиологиялық мәліметтерді алуды, яғни аурушаңдықтың белгілері туралы мәліметтерді алдын-ала қарастырады. Бұл зерттеу өз бетінше бола алады, бірақ алынған жаңа сипаттаушы эпидемиологиялық мәліметтер осы не басқа зерттеушілерді аурушаңдықтың анықталған белгілерін тҥсіндіру мақсатында зерттеудің жалғасуына итермелейді. Сондықтан сипаттаушы зерттеу, әдетінше, міндетті тҥрде қҧрамында талдамалы бӛлігі бар, қҧндылығы толық эпидемиологиялық зерттеудің тек бірінші бӛлігі болып табылады

Аналитикалық (талдамалы) зерттеу аурулардың пайда болу және таралу себептерін анықтауға арналған. Іздеу ҥрдісі болжанылатын себеп пен салдары арасындағы байланыстарды анықтаудың екі тәсілі (бағыттары) туралы жалпы ғылыми тҥсініктерге сәйкес келеді. Алғашқы тәсіл — салдарынан себебіне қарай. Оны қолданған кезде жҥзеге асқан салдарынан (мысалы, аурудан) итеріліп, ӛткен шақта бҧл салдардың себептері ретінде қарастырылатын оқиғаларды табуға талпыныс жасайды. Басқа тәсіл — себебінен салдарына қарай. Болжанылатын себептің әсеріне бағдар жасап, себеппен шарттанған салдардың пайда болуын кҥтеді.

Бақыламалы зерттеу аурулардың пайда болу және таралудың табиғи ҥрдісіне араласуды алдын-ала қарастырмайды. Оларға араласуы міндетті тәжірибеге айналған жағдайларда аурушаңдықты зерттеу жатады. Мысалы, иммунопрофилактикамен басқарылатын инфекциялармен аурушаңдықты кертартпалықтық зерттеу.

Эксперименталдық зерттеу кезінде, керісінше, аурушаңдықтың себептерін анықтау мақсатында аурушаңдықтың табиғи дамуына бақыламалы және жаңғыртылатын араласу алдын-ала қарастырылған. Бҧл кезде эпидемиологиялық эксперимент кез келген экспериментке қойылатын басқа жалпы ғылыми талаптарға толығымен сәйкес келуі тиіс. Осымен байланысты кейбір авторлармен қолданылатын «табиғи», «бақыламалы емес 17 эпидемиологиялық эксперимент» терминдері орынсыз болып табылады. Тәжірибе жҥргізу нәтижесінде экспериментте сипатталғандай неліктен жҥзеге асырылды деген сҧраққа жауап беруге қажеттілік туғандықтан, кез келген эксперименталдық зерттеу әрқашанда аналитикалық болып табылады.

Ғылыми (арнайы) зерттеу жаңа мәліметтерді алу (растау) мақсатында ұйымдастырылады.

Кертартпалықтық (рутинный) деп, қызметтік міндеттерге сәйкес келетін кез келген эпидемиологиялық зерттеу есептеледі. Ол жаңа ғылыми мәліметтерді алуды алдын-ала қарастырмайды, керісінше, осы уақытқа сәйкес аурудың пайда болу мен таралу себептері туралы бар ғылыми тҥсініктер аясында жҥргізіледі. Типтік мысал — инфекциялық аурудың тарауын зерттеу, бҧл кезде оның пайда болуының себебін іздестіру осындай ауру тараулардың барлық мҥмкін болатын себептері туралы бар ғылыми тҥсінікке негізделеді.

Ретроспективті зерттеу өткен шақта қандай да бір уақыт аралығында аурудың пайда болған жағдайлар туралы ақпаратты зерттеуге негізделген, бұл кезде себеп-салдарлық байланыстардың салдарынан себебіне қарай деген бірінші тәсілі қолданылады. Ақпараттың негізгі көзі науқастарды тіркеу мен есепке алу жүйесі қызмет етеді. Ретроспективті зерттеу сипаттаушы және де талдамалы да болуы мүмкін.

Проспективті зерттеу зерттеудің басталуына дейін болмаған, жаңа жағдайлардың пайда болу барысындағы себебінен салдарға қарай деген себеп-салдарлық байланыстарды зерттеудің екінші тәсілі алдын-ала қарастырады. Аурудың жаңа жағдайларының (салдарының) пайда болу мҥмкіндігіне негізделеді. Проспективті зерттеулер әрқашан тек қана талдамалы болады.

Бірмезеттік (көлденең) зерттеулер сипаттаушы және де талдамалы болулары мҥмкін. Сондықтан тҥрлі эпидемиологиялық басылымдарда оларды бірде сипаттаушы, бірде талдамалы зерттеулерге жатқызады. Кез келген жағдайда бұл зерттеулердің басты мақсаты — уақыттың шектеулі бӛлігі аралығында халықтың қандай да бір аурумен аурушаңдығы туралы ақпаратты, қажеттілігінде осындай зерттеулер қайталануы мҥмкін. Бірсәттік зерттеу бұл сәтте бар аурудың барлық жағдайларын анықтау алдын-ала қарастырылған, сонымен қатар оны таралуды (зақымдағыштықты) тексеруге арналған зерттеу деп атайды.

Динамикалық (бойлай) зерттеу халықтың бір ғана тобы арасындағы аурушаңдықты жҥйелі тҥрде зерттеуді алдын-ала қарастырады. Зерттеу үздіксіз болуы мҥмкін немесе уақыттың қысқа аралықтары сайын қайталануы мҥмкін. Динамикалық зерттеудің типтік ҥлгісі санитарлық- эпидемиологиялық бақылаудың орталығының мамандарымен жҥргізілетін халық арасындағы сырқаттылықтың кертартпалықтық оперативті және ретроспективті талдауы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]