Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.53 Кб
Скачать

Фармакоэпидемиологияның клиникалық фармакологиямен және эпидемиологиямен өзара байланысы

Клиникалық фармакология және эпидемиология салаларының қосылуы адамдардың ҥлкен санында дәрілік заттарды қолдану тәжірибесін және әсерлерін зерттеуге бағытталған жаңа сала - фармакоэпидемиологияның – дамуына алып келді. Фармакоэпидемиология эпидемиологияның әдістерін клиникалық фармакология құрамының саласына қатысты қолданады. Бұл жаңа сала дәрiлік заттарды қолданудың постмаркетингтік бақылауын, елдің фармацевтік нарығында таратуынан (реализациясынан) кейін дәрілердің әсерлерін зерттеуді қолдайтын ғылымға айналды. Соңғы жылдары фармакоэпидемиологияның саласы кеңейді және оның қҧрамына зерттеулердің кӛптеген басқа типтері кіреді. Фармакоэпидемиология – адамдардың ҥлкен топтарында дәрілік заттардың қолданылуы мен әсер етуін зерттейтін білімдердің синтездік саласы. Фармакоэпидемиология термині екі компоненттен тҧрады: "pharmaco" және ―epidemiology‖.

Фармакоэпидемиологияның әрекет ету саласын фармакология және клиникалық фармакологияның әрекет ету саласымен салыстыру: Фармакология – (грек тілінен аудурғанда φάρμακον — «дәрі», «у» және λόγος — «ғылым», «ілім») — дәрілік заттар және олардың ағзаға әсер етуі туралы медико-биологиялық ғылым; кең мағынада — жалпы физиологиялық тҧрғыдан белсенді заттар және олардың биологиялық жҥйелерге әсер етуі туралы ғылым. Осымен байланысты фармакоэпидемиология клиникалық фармакология аясында және онымен тығыз байланыста қарастырылуы мҥмкін. Дәрілік заттардың қолданылуын жақсарту талпынысында клиникалық фармакологияның негізгі қағидаларының бірі терапияның жеке немесе осы уақыт аралығында нақты науқастың қажеттіліктеріне бейімделген болуы керек. Терапияның жеке болуы осы дәрілік заттың потенциалдық қолайлы және зиянды әсерлерін зерттеу және нақты науқастың ауруының клиникалық ағымы қолайлы терапиялық нәтижесінің мҥмкіндігін қалайша ӛзерте алатыны арқылы белгілі бір уақыт аралығында және нақты науқас ҥшін қауіп\пайда дәрежесін анықтауды шамалайды.Клиникалық фармакология дәстүрлі түрде екі негізгі салаға бөлінеді: фармакокинетика және фармакодинамика. Осымен бірге екі сала науқастарда байқалуы мҥмкін белгілі бір тағайындалған дәрілік заттың әсерін болжауға рҧқсат етеді. Фармакоэпидемиологияға осы екі салалардың элементтері кіреді белгілі бір дәрілік затты тағайындау жолымен жҥзеге асырылған әсерді зерттегенде әдетте дәрілік зат қҧрамының деңгейін ӛлшеуді енгізбейді немесе талап етпейді. Осылайша, фармакоэпидемиология клиникалық фармакология және эпидемиология арасындағы байланыстырушы топ, салыстырмалы жаңа қолданбалы сала болып табылады. Фармакоэпидемиология клиникалық фармакологиядан ӛз фокусын зерттеуден, ал эпидемиологиядан зерттеу әдістерін алып пайдаланады. Басқа сӛзбен айтқанда, білімнің бҧл саласы эпидемиологияның әдістерін клиникалық фармакологияның саласы қҧрамына қолданады.

Фармакоэпидемиологияда қолданылатын зерттеулердің әдістері мен дизайндары

Фармакоэпидемиология клиникалық фармакологияның қҧрамы саласына эпидемиология әдістерін қолданады. Сондықтан, фармакоэпидемиология саласына тән ыңғайын табулар мен әдістемелік қағидаларды тҥсіну ҥшін эпидемиология саласының негізгі қағидаларын ҧғу керек. Ғылыми әдіс – үш сатыдан тұратын үрдіс. Бірінші сатыда зерттелетіндердің тобын зерттеуге іріктейді. Екінші сатыда бҥтіндей алғанда Теориялық пәндер Клиникалық пәндер Клиникалық Фармакоэпидемиология фармакология 11 популяция туралы қорытынды жасау және жиынтықтау ҥшін зерттелетіндердің бұл таңдамасынан алынған ақпаратты қолданады. Үшінші сатыда жиынтықтау жҥргізіледі, ғылыми теория немесе себеп-салдар байланысы туралы қорытынды қарастырылады. Кез келген зерттеу объектісі немесе зерттелетіндер болып табылатын жеке адамдардың белгілі бір таңдамасында орындалады. Бҧл зерттелетіндер белгілі бір популяцияның рандомизацияланған таңдамасы ретінде теориялық тҥрде тексеріледі. Мысалы, артериалдық гипертензиямен ауыратын 40-жасты науқастарды рандомизация кӛмегімен біреуі эналаприлді, екіншісі плацебоны қабылдайтын 2 топқа рандомизация арқылы бӛліп, артериалдық қысымды төмендетудегі эналаприлдің нәтижелілігіне қатысты рандомизацияланған клиникалық зерттеуді орындауға болады.

Артериалдық қысымды өлшеу 6 аптадан кейін жҥргізіледі. Белсенді дәріні қабылдаған 20 адамның артериалдық қысымының деңгейі плацебоны қабылдаған 20 адамға қарағанда едәуір төмендеген деп кҥтуге болады. Зерттеуге қатысатын 40 адам АГ-мен ауыратын орта жастағы науқастардың теориялық тұрғыдан рандомизацияланған таңдамадан құрылуға тиісті. Шындығында, зерттелетін таңдамадан құрылған топтың негізгі мақсат етілетін популяциядан тұратын шынайы рандомизацияланған сұрыптама болып табылмайды, өйткені мақсат етілетін популяцияға жататын әрбір жеке адамды анықтауға келмейді және оны барлығының ішінен рандомизация жолымен іріктеу керек. Бірақ зерттелетін таңдама топ әдетте мақсат етілетін популяцияның рандомизацияланған сҧрыптамасы болатындай емді қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]