Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
(3-5 жас) балалармен мерекеле.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237.06 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

«ЗЕРЕК БАЛА» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНА

«ЖЫЛ БОЙҒЫ МЕРЕКЕЛЕР»

(3 жастан 5 жасқа дейін)

________________________________________________________________________________

Сценарийлер жинағы

Астана

2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

Пікір берушілер:

А. И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Г. Б. Құлжанова, Р. Б. Қабылова, Астана қ. № 63 «Әсем-Ай»

балабақшасының әдіскерлері

«Зерек бала» мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» (3 жастан 5 жасқа дейін): сценарийлер жинағы. – Астана, 2013. − 34 б.

Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен музыка жетекшілеріне мектеп жасына дейінгі кіші жастағы (3-5 жас) балалармен мерекелерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған. Әдістемелік және практикалық материал мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен музыка жетекшілеріне арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013

КІРІСПЕ

Баланың музыкалық даму үдерісі жалпы педагогикалық үдерістен біршама оқшау жүреді. Бұл балаларды музыкалық дамыту міндеті арнайы педагогпен (музыка жетекшісі) арнайы бөлмеде (музыка залы) атқарылуымен байланысты. Мұндай ұйымдастырудың артықшылықтары айқын. Алайда, бұл тәжірибеде баланың музыкалық дамытудың мақсатты үдерісі музыкалық ойындар мен сабақтар үшін арнайы бөлменің табалдырығын аттаған кезде аяқталуына алып келеді.

Сондықтан балалардың музыкалық дамыту және тәрбиелеу үдерісін жаңарту және жаңғырту келешегі біртұтас педагогикалық үдеріс логикасында оның орын алу заңдылықтарын қарастырумен байланысты.

Педагогикалық үдеріс дегеніміз не?

Заманауи педагогикалық ғылымда педагогикалық үдерістің мәнін ұғынудың әртүрлі көзқарастар бар. Жалпы мағынада, педагогикалық үдеріс –

білім беру, тәрбиелеу, оқытудың алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған балалар мен педагогтардың белгілі бір білім беру үдерісі мен уақыт шеңберінде дамитын арнайы ұйымдастырылған өзара әрекеті.

  1. Жағдайды талдау, педагогикалық міндеттерді айқындау, шешім нұсқаларын жобалау және іске асырудың оңтайлы шарттарын таңдау кезеңдері.

  2. Педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеті мен іс-әрекетін ұйымдастыруын қарастыратын міндеттерді шешу жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі.

  3. Алға қойылған міндеттерді шешу нәтижелерін талдау кезеңі.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға көңілі жабырқаңқы адам қандай сезімде болатындығын ұзағынан түсіндіруге болады, алайда минорлы музыканы қосқанда, балалар бірінші тактіден бастап мұңаю жағдайын түсіне бастайды. Музыка адам сезімін, эмоциясын, уайымдау, құштарлық әлемін меңгере бастауға көмектеседі.

Классикалық музыканы меңгеру. Соңғы зерттеулерге сәйкес классикалық музыка ағзаның физиологиялық үдерістеріне жақсы әсер етеді, есте сақтау, назар, көз алдына елестетуді дамытуға, тұлғаның рухани және ішкі жан-дүниесін дамытуға себін тигізеді. Классикалық шығармалардың ырғақты суреті жүрек-тамыр жүйесіне, яғни барлық ағзаға оң әсер етеді.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар үшін музыка сабағының мазмұны әртүрлі және толыққанды болуы тиіс: тек қана ән айтып, хоровод жүргізу ғана емес, аспаптарда ойнау, саусақ ойындары, сурет салу. Танымал классикалық музыканы тыңдау, қарапайым музыкалық сауаттылықтың негіздерін меңгеру және т.б.

Тәрбиелеу – өсіп келе жатқан кішкентай баланың тұлғасына қамқорлық жасау. Н.Ф.Голованова пікірінше, тәрбиелеу – балалардың белгілі бір құндылық қарым-қатынасын қалыптастыру, тәрбие – бұл баланы ақиқатқа, еркіндікке, рух әсемділігіне «тарту».

Жалпы ережелер Құралды заңнамалық-нормативтік қамтамасыз ету

Осы құралдың құқықтық негізі Бала құқықтары туралы Конвенция және бала құқықтарының Декларациясы, ҚР Конституциясы, 2007 жылғы 27 шілдеден Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2012 ж.), Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар болып табылады.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне «Зерек бала» (3 жастан 5 жасқа дейін) мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» сценарийлер құруына әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың озық тәжірибелерді игеру.

  • Кіші және орта жастағы балаларды би және музыкаға оқытуда мектепке дейін ұйымдардың музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи әдістері мен нысандарын жалпылау және жүйелендіру.

  • «Зерек бала» (3 жастан 5 жасқа дейін) мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» сценарийлерін іріктеу және жүйелендіру.

Құрал құрылымы:

  1. Кіріспе (өзектілігі, негіздемесі, дайындау қажеттілігі);

  2. Негізгі бөлім:

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және олардың ерекшеліктері;

  • Кіші және орта жастағы балаларды би және музыкаға оқытуда мектепке дейін ұйымдардың музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи әдістері мен нысандары.

  • «Зерек бала» (3 жастан 5 жасқа дейін) мектепке дейінгі кіші және орта жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына сценарийлер дайындау.

Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің педагогикалық үдерісті ұйымдастыруы және олардың ерекшеліктері

Баланың жан-жақты дамуының маңызды міндеттерінің бірі музыкалық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Оның негіздері балалық кезден қалыптасады. Осыған орай, балабақшада музыкаға ерекше мән беріледі. Балалар музыка сабағында, дербес музыкалық іс-әрекет кезінде, мерекелер мен ойын-сауық кезінде әуен естиді.

Музыкалық тәрбиелеу мазмұны балалардың қабылдау, қызығушылық, әуенге деген сүйіспеншілік, әуенге деген эмоционалдық ықыластылықты тәрбиелейді, олардың музыкалық іс-әрекеттерге қатыстыру баланың жалпы музыкалық, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Музыканы қабылдау адамнан назар, есте сақтау, дамыған ойлау, әртүрлі білімді қажет ететін күрделі үдеріс. Сондықтан баланы өнердің бір түрі ретінде музыка ерекшеліктерін айыра білуге, музыкалық мәнерлігінің (қарқын, динамика) құралдарына назар аударуына, жанр бойынша музыкалық шығармаларды айыра алуға үйрету қажет.

Осы мақсатта баланың дамуына кешенді әсер ететін, көру, есту және қозғалыс белсендігін тудыратын музыкалық-дидактикалық құралдар пайдаланылады.

Барлық құралдар үш топқа бөлінеді:

  • музыканың сипаттамасы (көңілді, мұңды), музыкалық жанрлар (ән, би, марш) туралы балаларға мәлімет беру болып табылатын құралдар: «Күн және бұлт», «Әуенді таңда».

  • музыка мазмұны, музыкалық бейне туралы түсінік беретін құралдар: «Ертегіні тап», «Суретті таңда».

  • балалардың музыкалық мәнерлілік құралдары туралы түсінікті қалыптастыратын құралдар: «Әуенді үй», «Бауырсақ кімді кездестірді?».

Тәжірибе көрсеткендей, құралдарды жүйелі қолдану балалардың музыкаға, тапсырмаларға белсенді қызығушылығын тудырады және музыкалық шығармаларды жылдам меңгеруге көмектеседі.

Музыкалық–дидактикалық құралдар мектеп жасына дейінгі балалардың музыканы жылдам қабылдауына себін тигізеді, оларды музыкалық өнердің негіздеріне түсінікті нысанда тартуға мүмкіндік береді. Л.Н.Комиссарова пікірінше, бұл «балалардың музыкалық мәдениетін дамытудың маңызды аспектісі» болып табылады.

Балалардың балабақшадағы дербес іс-әрекетінің түрлері әртүрлі. Олардың ішіне музыкалық іс-әрекеті де жатады. Сабақтан тыс уақытта балалар ән айтатын ойындар ұйымдастырады, өз бетімен музыкалық аспаптарда ойнайды, театрлық көріністер ұйымдастырады. Балалардың дербес музыкалық іс-әрекеттерін дамытудың маңызды құралдарының бірі музыкалық – дидактикалық ойындар және құралдар болып табылады.

Музыкалық–дидактикалық ойындар және құралдардың негізгі мақсаты балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыру; түсінікті ойын нысанында балаларға дыбыстардың жоғарылығы бойынша арақатынасын ажырата алуға көмектесу; олардың ырғақ сезімін дамытуға, тембр және динамикалық естуін дамыту; музыка сабақтарында алған білімін қолдана отырып, дербес іс-әрекеттерге итермелеу.

Музыкалық–дидактикалық ойындар және құралдар жаңа әсерлер алуға мүмкіндік береді, олардың дербестілігін, бастамашылығын, қабылдау қабілеттілігін, музыкалық дыбыстардың негізгі ерекшеліктерін ажырата алуын дамытады.

Музыкалық–дидактикалық ойындар және құралдардың педагогикалық құндылығы алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдану мүмкіндігі балаға беруі болып табылады.

Дидактикалық материалдар негізінде балалардың музыкалық қабылдауын дамыту міндеттері, ойын іс-әрекеті балаға оған қызықты нысанда музыканың кейбір ерекшеліктерін тыңдауға, ажырат алуға, салыстыруға, содан кейін осы музыкаға сәйкес әрекет етуге көмектеседі.

Музыкалық – дидактикалық ойындар қарапайым және түсінікті, қызықты және тартымды болуы тиіс. Тек сол жағдайда ғана олар балалардың ән айту, тыңдау, ойнау, билеу ықыласын оята алады.

Балалар ойын үдерісінде арнайы музыкалық білім алумен қатар, тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті мінез-құлық, бірінші кезекте, серіктестік, жауапкершілік сезімі қалыптасады.

4-5 жастағы балалардың музыкалық сенсорлық қабілеттіліктерінің дамуын практикалық зерттеу.

Музыкалық сабақтар балалардың музыкалық – эстетикалық тәрбиелеудің жалпы міндеттерін ескеруімен құрылады және алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Сабақтың мазмұны мен құрылымы вариативті және қызықты болуы тиіс, балаларға музыкалық шығармаларды қабылдауға, музыкалық сауаттылықтың қарапайым негіздерін түсінуге көмектесетін әртүрлі тәсілдерді қолдану қажет.

Музыкалық – дидактикалық ойындар және құралдарды сабақта қолдану сабақтың мазмұнын байыта түседі және сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік береді.

Ойын барысында балалар ән салу және музыкалық – ырғақты қозғалыстарды дамыту бойынша және әуен тыңдау саласында бағдарламалардың талаптарын жылдам меңгереді. Сабақта жүргізілетін ойындар музыкалық іс-әрекеттің жеке бір түрі ретінде және ол үйретуші сипатта болады.

Музыкалық–дидактикалық ойындар және құралдарды ән айту үдерісінде пайдалану. Ән салу дағдыларын дамыту балабақшадағы балалардың музыкалық тәрбиелеу міндеттерінің бірі болып табылады.

Ертеңгіліктерде және ойын-сауықтарда, ән кештерінде және қуыршақ театр спектакльдерінде ән ойнайды, ол көптеген ойын, би, хоровод кезінде айтылады. Бала ойнағанда өзінің қарапайым әуенін салады.

Ән айту үдерісінде өткізілетін музыкалық – дидактикалық ойындар балаларға мәнерлік айтуға, музыкалық фраза арасында дем алуды, демді фразаның соңына дейін ұстап тұруға үйренуге көмектеседі.

Мәселен, таза интонациямен айту үшін көп жағдайда қандай да бір әнді мәнерлі айтуға көмектесетін «музыкалық телефон» ойынын пайдаланады.

Таныс әндерді бекіту үшін «Сиқырлы зырылдауық» ойынын пайдалануға болады: балалар әнді басталуынан, қайырмасынан, музыкалық фраза барлығымен немесе жеке айтылуы бойынша, фортепианода, музыкалық аспаптарда ойнауынан тани бастайды.

Кез келген әнді орындау кезінде балалар мелодияның шығу әсемдігін сезуге көмектесетін динамикалық әсерін дұрыс беруін үйретеді. Бос уақытта ән айтумен байланысты музыкалық-дидактикалық ойындарды жүргізуге болады, мәселен, «Музыкалық дүкен». Қандай да бір ән туралы түсінігін сурет арқылы көрсетеді. Олардың мазмұнын балаларға ұнаған әндер, музыкалық шығармалар, аспаптар құрайды.

Балалардың есту, ырғақ қабілеттілігін дамытуда ән айту және қосылып ән салу маңызды рөл атқарады. Оларды музыкалық-дидактикалық ойындар ретінде өткізуге болады. Олар өз алдына балаларға таныс әндерінен алынған жеңіл музыкалық фразаларды білдіреді.

Балаларға мелодияның қозғалысын анықтауға мүмкіндік беретін ойындар ұнайды: «музыкалық баспалдақ» және ноталар қойылатын фланелеграф, балалар дыбысты жоғарылығы бойынша мелодияны дұрыс қоюға үйренеді.

Музыканы тыңдау үдерісінде музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдарды пайдалану. Музыканы тыңдау үдерісінде инструменталды, әртүрлі вокалды шығармашылықпен танысады, белгілі бір сезімдерге беріледі. Бала музыкалық шығарманы дұрыс түсіну үшін, музыкалық бейнені құрастыра алу үшін музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдаланылады. Музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдану балаларға бір шығарманы жалықтырмайтын нысанда бірнеше рет естуге мүмкіндік береді. Мәселен, «Ғажайып қап»: ойыншықтар балалармен бірге қозғай алады, сөйлей алады, ал осының барлығы материалды жақсы қабылдауға, түсінуге және есте сақтауға себін тигізеді. «Орманда», «Қажетті суретті тап», «Музыкалық сандықша» ойындары арқылы өткен материалдарды, әртүрлі музыкалық аспаптар туралы білімдерін бекітеді, биді тануға және ажыра алуға үйретеді.

Балалардың музыкалық дамуы мен тәрбиесіне халық әндері үлкен әсер етеді. Олар қарапайым, мәнерлі және әр жастағым балалар үшін түсінікті. Балалар олардың кейбіреуін металлофон, кселофонда ойнауға ұмтылады. Бұл әндер көптеген музыкалық-дидактикалық ойындардың мазмұнын байыта алады.

Музыкалық қабылдау және ән айтуын дамытудағы бағдарламалық талаптарды іске асыруға бағытталған кіші және орта жастағы балалармен жүйелі жұмыс жасау нәтижесінде балалар ересек топқа өту кезінде әртүрлі дауыстарды жоғарылығы бойынша интонацияға келтіре алады, қатты және ақырын музыканы ажырата алады, қарапайым ырғақты суретті шапалақтау, қимыл қозғалыс, металлофонда ойнауымен бере алады, музыкалық аспаптарды тембр бойынша тани алатын болады.

Барлығы табиғатынан музыкаға бейім болып келеді. Оны әрбір ересек адам білуі және жадынан шығармауы тиіс, себебі оның баласы ары қарай дамуы оған байланысты. Балалық әуені – жақсы тәрбиелеуші және өмір бойына сенімді дос. Баланың музыкалық қабілеттіліктерінің ерте пайда болуы баланың музыкалық дамуын барынша ертерек бастау қажеттілігін білдіреді. Баланың шығармашылық, музыкалық қабілеттіліктерін, зерделілігін қалыптастыру мүмкіндігін өткізіп алған уақыттың орнын толтыруға болмайды.

Музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдарды пайдалануын қарастыратын практикалық жұмыстарды жүргізу балалардың музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктерінің, әсіресе, ырғақ сезімінің дамуына көмектеседі.