Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Монолит жұмыстары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
619.12 Кб
Скачать

Іі. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік бөлімі.

Құрылыстық бас жоспарды жобалаған кезде қаупсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етудің комплексті шаралары ескерілуі тиіс. Бұл мәселе бойынша төмендегі мәселелер қарастырылады:

- Жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ететін үйлерді, бұйымдарды сақтаудың қауіпсіз әдістерін қолдану;

- Құрылыс конструкцияларын, бұйымдарын қауіпсіз тиіп-түсіру, жұмыс орындарын жеткізу шаралары;

- Құрылыс алаңындағы транспорттық, монтаждық механизмдердің жүріп тұруын қамтамасы ету, жолдар мен өткелдер орнату;

- Құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалануда тұрақты және өзгермелі «қауіпті аймақ» шекарасын белгілеу;

- Құрылыс алаңында болатын шуларды азайту;

- Құрылыс жұмыстарын жүргізетін алаңдарда жарық беруді қамтамасыз ету.

Құрылыстық бас жоспарда материалды жинақтау алаңдары, кран жолдары, қоршау, ескерту белгілері қойылатын орындардан басқа да ерекше аймақтар белгіленеді.

Жұмыс орындарының үстінен кран жебесі өтпеу үшін кранның жебесінің бұрылу бағыты, оның шектелу бұрышы көрсетілуі тиіс. Кран тұрағының орын ауыстыруы белгіленеді. Схемада соынмен қатар жарық беру құралдары, санитарлық-тұрмыстық үйлер құрамыбелгіленеді. Олардың құрамында гардероб, киім кептіретін орын, жуынатын душ қондырғылары, жұмысшылардың жылынып, тамақтанатын орны, медпункт болуы тиіс.

Санитарлық-тұрмыстық үйлер, тамқақтану және медпункт СН176-81 талаптарына сәйкес қабылданады. Оларды дайын типтік үйлерде стационарлық тұрмыстық үйлерде, ірі құрылыс объектілеріндегі әкімшілік үйлерде, салынып жатқан оюъектілік үйлерде, құрылыс алаңындғаы ескі үйлерде орналастыруға болады.

Құрылыс алаңында тұрақты немесе уақытша қауіп туғызатын аймақтар болады.

Тұрақты қауіп тудыратын аймақтарға изоляциясы жоқ тоқ жүретін жүйелер, қазаншұңқырлар мен траншеялар жиектері жатады.

Уақытша қауіпті аймақтар: монтаж жұмыстары жүретін орындар, монтаждық алаң, үйлер мен ғимарат қабаттары, қоршалмаған терезе, тесік ойықтары, жаппадағы тесіктер, машиналар мен механизмдердің айналассы.

Қауіпті аймақта адамдардың болуын шектеу үшін ГОСТ 23407-78 талабына сәйкес қоршаулар орнатылады. Олар қорғаушы-қарауыл немесе дабыл беру функцияларын атқарады.

Ііі. Өртке қарсы іс шаралар бөлімі.

Конструкциялар қоймада түр-түрімен, маркаға бөлініп сақталады. Қоймаға келген конструкциялар объектілердің сипатына қарай іріктеліп бөлінеді. Сонымен қатар олардың мөлшерлерінің жобаға сәйкестігі, сапасы тексеріледі. Сынық, қисық конструкцияларға акт жасап, жасаған кәсіпорнына қайтарып жібереді. Монтаждау алаңына жөнелтер алдында конструкцияларды майлайды, құрал-саймандарын орнатады, ірілендіріп құрастырады. Осындай дайындық жұмыстары біткен соң конструкцияларды көлікке тиеп, құрылыс алаңына жеткізеді. Заводтан келген конструкциялар белгілі ГОСТ,СНиП және жұмыс сызбаларына сай болуы шарт. Сонымен қатар құрылыс – монтаж ұйымдары оларға қосымша техникалық талаптар қоюлары ықтимал.

Конструкцияларды орталық қоймаларда тиеп-түсіріп, тұұратын мосы кран орнатылады. Ал объектілік қоймаларды тиеу-түсіру жұмыстарын көбінесе шынжыр табанды крандар атқарады. Орталық қоймалардың ауданы констуркцияларды үш айдай уақытта сақтауға жетерліктей болады. Қойма бір шаршы метрге 0,3-0,4 т жеңіл металл конструкцияларды, 0,8 т табақ конструкцияларды орнататындай боп саналады. Темірбетон конструкияларының ауданы 1 шаршы метрге 1,1-1,5 метр куб ірге тас блоктары, 0,35-0,55 метр куб, бағана 0,4-0,45 м³ кранасты арқалықтар, 0,15-0,25 м³ жамылғылық панельдер 1,3 м³ қабырға панельдері орналасатын есеппен алынады.

Өрттің негізгі себептері: отқа олақ қарау, өрт қауіпті орындарда шылым шегу, электр желісіндегі ақаулар, жеңіл жанатын материалдарды дұрыс сақтамау. Жанатын заттарды құрылыс алаңындағы соғылып жатқан үйден 15м арақашықтыққа қояды. Электр жүйелерін дүйелі түрде қарап, ақауларын сол жерде жөндеу керек. Шылым шегуге арналған жерлерде суы бар бөшке және құм қояды. Құрылыс алаңында өрт сөндіргіш, күрек, шелек, лом, гидропульт болуы керек. Цехтер мен шеберханаларда өртке қарсы су құбырын жүргізеді. Ал, жол бойы ғимараттан 5м қашықтықта және жолдан ары 2м от гидрантын орнатады. Территорияда от қаупі жайлы сигнализация орнатады. Жұмысшыларғы өрт қаупін алдын алу ережелерін түсіндіру керек. әр құрылыс алаңында өрт сөндіру дружинасы құрылады. өрт болған жағдайда жарақат алған жұмысшалырды тех арада жақын орналасқан ауруханаға жеткізіп, оған емдік шаралар жасалуы керек. өндірістік жарақат болып табылғандықтан оған төлем ақы төленуі тиіс.