Арматуралық жұмыстар
Арматуралау жұмыстары —
арматура дайындау барысында орындалатын жұмыстар;
арматураланған құрылғыларды пайдаланылану арқылы істелетін құрылыс жұмыстарының бөлігі.[1]
Арматуралық жұмыстар — темір-бетон құрылымдарының арматураларын пішінге келтіру немесе оларды тиісті жеріне орнату жұмыстарының жиынтығы. Арматура өзекшелер диам. 10 мм-ге дейінгі болаттан нүктелеп балқытып біріктіретін машиналармен түйістіріліп, арнайы қайшылармен кесіледі. Бұл процесс құрамында негізгі технологиялық цикл агрегаттарынан басқа тасымалдауға, ұзындық өлшеуге, бекітуге т.б. арналған жабдықтары бар автоматтандырылған ағынды желілермен де орындалады. Арматура торлары мен каркастары болат шыбықтарды электрмен нүктелеп және доғалап балқыта біріктіру арқылы жасалады. Қазіргі кезде арматуралық торлар мен жалпақ каркастар автоматтандырылған көп нүктелі желілерде дайындалады. Алдын ала кернеуленген темір-бетон құралымдарына арналған арматураларды дайындау арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Оларда арматураны керу гидравликалық домкраттар көмегімен атқарылады. Үй құрылысына арналған темір-бетон бұйымдарға салынатын арматура электртермиялық әдіспен алдын-ала керіледі. Ол үшін арматура токпен 300-4500С-ға дейін қыздырылып, созылған күйінде қалыпқа бекітіледі. Суығаннан кейін арматура тартылып бастапқы көлеміне келеді. Тұтас темір-бетон ғимарат тұрғызғанда, іргетас құйғанда т.б. жұмыстарда арматура жалпақ немесе көлемді каркастар мен жеке өзекшелерді балқытып біріктіру арқылы құрастырылады.Арматуралар крандар, кондукторлар т.б. қосалқы құралдар көмегімен тасылады және орнатылады. А. ж жақсы механикаландырылған, автоматтандырылған арнайы цехтар мен зауыттарда жүргізіледі.
Ірі панельді үй құрылысы
Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді. Тас қалауының материалдары үшін салмағы 40 кг-нан аспайтын жеке тастар және зауыт жағдайында дайындалатын тас бұйымдар жасалынады – блоктар; панельдер.Тас материалдары жасанды және табиғи түрде болады. Ауыр табиғи тас материалдар - әк тастар, құмдақ (құмтас), гранит. Осы тастардан іргетастарды және конструкциялардың беттік қаптамасы жасалынады.Жеңіл табиғи тас материалдар – ұлутас, туф – тау жынысы және осы жеңіл табиғи тастардан қабырғалар жасалынады.Жасанды тас материалдар кәзіргі уақытта құрылыста көп жағдайда пайданалады.
Жасанды тас материалдарына жатады:
а) майда тас материалы
- керамикалық кірпіштер мен тастар (580-80 МЕУЛ «Керамикалық кірпіштер мен тастар. Техникалық шарттар»);
- силикаттық кірпіштер мен тастар (379-79 МЕУЛ «Силикаттық кірпіштер мен тастар. Техникалық шарттар»);
б) ірі тас бұйымдары:
- қабырғалық бетон тастары және блоктары (6133-84 МЕУЛ «Бетондық қабырғалық тастар»; 19010-82 МЕУЛ «Ғимараттардың сыртқы қабырғаларына арналған жеңіл бетон блоктары» Техникалық шарттар»);
- кірпіштен және керамикалық тастардан тұратын қабырғалық панельдер мен блоктар (24594-81 МЕУЛ).
Ірі кірпіш блоктарын сыртқы және ішкі қабырғаларда, жертөле, цоколь және ернеулерде (карнизде) қолданады. Олар зауыттарда немесе арнаулы жабдықталған полигондарда керамикалық кірпіштер мен тастардан тасқалауы түрінде дайындалады. Жеңілдетілген тасқалауының блоктарындағы қуыстарды толтыру үшін бетондар қолданылады (тығыздығы ; сығылуға беріктігі 1б5 МПа кем емес).
Керамикалық кірпіш пен тастан тұратын панельдер:
- конструкциясы бойынша бірқабатты және көпқабатты;
- тағайындалуы бойынша сыртқы және ішкі панельдерге, қалқаларға;
- күшсалмақтардың түрлері бойынша көтергіш, өзін-өзі көтеретін және көтермейтін (көтергіш емес, ілінетін) болып бөлінеді.
Панельдерді дайындау үшін маркасы М75, 100, 125, 150, 200, 250 керамикалық және силикаттық кірпіштен тастарды пайдаланады, ал құрылыс ерітінділер ретінде қолданылатын маркасы М75,100,150,200.Панельдердің жылытқыш есебінде пайдаланатын материалдар:
- синтетикалық және битумдық байламдағы минералдық мақтадан жасалынған қатаң плита;
- кеуек пластмассадан жасалынған блоктар мен плиталар;
- фибролиттен және ұялы бетоннан жасалынған плиталар.
Тұтас кірпіштен дайындалған бірқабатты панельдерді тік және горизонталь бағытта орналасқан стержіндік немесе сымдық арматурамен арматуралайды. Бірқабатты панельдерді жылытылмайтын бөлмелердің сыртқы қабырғаларының, көпқабатты ғимараттардың ішкі көтергіш қабырғаларының және өндірістік, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттардың қалқаларының тасқалауларында қолданады. Ғимараттың ілінетін және өзін-өзі көтеретін сыртқы қабырғаларында көп қабатты кірпіш панельдер қолданады және олар екіқабатты, үшқабатты болып бөлінеді.
Цемент- гидравликалық (ылғалды ортада қатайатын) бырыстырылған минералды материал,сумен қосылғаньтасты күйге көшеді.Әртүрлі цементтерді шикізаттан дайындайды,химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ажыратылады: портландцемент, пуццоланды,мергальды (бос,құмтәрізді) саз жынысты және құрамын тұз етуші қосындылар (шлак,гипс,боксит,және т.б.)дан тұрады.Зауытта цемент шикі затына майдаланады,тартады және араластырады.Цемент үшін қоспалар құрғақ немесе ылғалдау әдісімен дайындалады.Ылғалдық әдісте жұқа майдаланған шикізат қоспасы сумен шихтада дайындалады,ол майдаланған құрғақ порошок одан ары шахтада пешке беріледі,онда 1300-1400̊С де күйдіріледі,булану аймағынан өтіп,кальций қосылады және пісіреді,қатты түйіршік алынады.Алынған клинкер қоймаға жіберіледі,одан суынған соң минералдық қоспа енгізіп ауада өндірістің орындарында цементті диірменге ұн сияқты тартылып дайын цемент шығады.
Бетон - құрлыстық таста материалдардың жасанды түрі,ұтымды таңдалған өрімді материалдық қоспа нәтижесінде және инертті толтырымдар-құм,гравия,щебень т.б. қатаяды.Өрімді материалдар түрінің өзі цементті,силикатты,гипсті,полумербетондар,олар әртүрлі цементтерден дайындалады.Силикаттар негізгі известь,полимербетондар-оның негізі синтетикалық смола (полиэфирлі,эноксидті,карболидті және т.б.)онда қатты ( құм,гравий,щебень) және жасанды уақ тесіктермен (керамит,аглонорит,термозит) жабылады.Соңғы кездерде кеңінен,бетонға химиялық қоспалар: кальций хлориді,кремний,органикалық сұйықтық,синтетикалық полимерлі қоспа-супрапластификатор қосылады.Бетондарды дайындау,үлкен бетондық зауыттардағы бетбарастырғыш цехтарда іске асырылады,онда жүйелі түрде дайындау және мөлшерленуі жартылай автоматты таразыда және бетонараластырғыш қондырғыларға тиеді,онда материалдармен сумен араластырылады.Бетонның негізгі массасы темірбетондық өнімдер өндірілуі жүреді.
Темірбетон- қоршалған болатты арматура темірбетонды өнімдердің өндірістік технологиясына бетонды араластырғыштар алу,дәлдік әдістермен арматура дайындау,өнімдерді қалыптастыру,өнімдерді жылы ылғалдылықпе өңдеу.Қалыптастыру шаралары құрамында:жинау және форманы майлау,арматураны қондыру және тетіктерді отырғызу, қағу формада аралас бетонды тығыздау,жылулы ылғалды өңдеуден соң дайын өнімдерді қыздыру.Бетонараластырғыш әртүрлі тығыздау әдісі дірілді қолдану кең таралған қолданыста.Дірілдік алаңда өнімді қалыптастыру әрекеті немесе оны бетімен тереңдігімен жне төбесінде вибратор қолданылады.Соңғы кездерде төменгі жиіліктегі ассихронды тербелістер және бетон араластырғыштарды соққылау әдісі қолданылады,ол энергияны үнемдеуге жұмысшыларға діріл әсерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар бетон өнімдерін: құйма әдісі;центифугалы престеу әдістерін қолдану дамып келеді.Жылдам бекіген бетон қалыптасқан соң, жылумен ылғалдау әдісінде буландыру,автоклавтау немесе электрлі қыздырады.Темірбетон өнімдерінің стендті,касеталы,ағындық агрегат жіне ағынды конвейрлі бірнеше әдістермен әске асырылады.Темірбетонды жинастыру өндірісі стендті соқбалы үдерістер,қозғалмайтын стендті формада орындалады.Бетон өнімдеріне алынғанға дейін,оның беріктілігі сол орында қалады, жеке шараларда жүйелі түрде бір формадан екіншісіне ауыстырылады.Әртүрлілік стендтеу касетті әдіспен бірнеше өнімдер дайындалады,ол тік формалы-касет.Арнаулы жұмыс орнына,аңын-агрегатты тәсілмен қалыптард ауыстырып салу шаралары орындалады.Осындай әдіс жоғарғы деңгейлі механикаландыру үдерісі жіберіледі.Ағынды агрегатты конвейерлі темірбетон өнімдерінің өндірістік үдерісінің сипатынан,ал максималды бөлшектеу шаралары мен ағындық линиялар қозғалысының мәжбүллеу ритмінен ерекше.
Асбестоцемент- жасанды материалдар,ол біртекті цемент материалдарының қатаюынан асбест пен бетоннан шығады.Асбестен қабырға,жабындылық (шифер) өнімдері,труба,электроизолияциялық таңбалар шығады.Асбестцемент өндірісіндегі шикізат материалдары-асбест,цемент,су,бояғыштар.Асбест талшықты құрылысты материалдар,өте жіңішке серпімді талшық.Ал бояғыш заттары темірлі сутек,охра,хром тотығы,ультра марин т.б.Асбестцемент өндірісі дайындалатын және фабрикациялық бөлімдерден тұрады.Асбестің дайындау бөлімінде,асбест расиушка,алдымен жүрмелік,содан соң турбулентті сұйық ағыны (гидропушитель) немесе ауада (дезинтегратор). Одан соң асбест арнаулы аппараттарда (галендаханеме немесе турбоалаластырғыш) цементпен,сумен,бояғыштармен араласады.Фабрикациялық бөлімде асбестцемент сузпензиясымен сүзіледі;қалыпты өнімдер дапрақты-трубоформобты машиналарда өндіріледі. Полуфабрикаттар арнаулы камерада қатайған соң өндірісте жиналады,іріктеледі және механикалық өңдеуден өтеді.Асбестцемент өнімдерін негізгі дайындау үдерісі кешенді механикаландырылған: басқарылуымен іске асырылуы оқшауланбаған пультте алыстан іске асырылады. Механикаландырудың жетілмеуі себепті, кейбір жұмыстары қолмен істеледі.Жұмыстың ең ауыры
Құрылыстық керамика- күйген тастәрізді күйінде саз немесе аралас қосынды минералдар.Оның саналы шикізаты керамикалық өнімдер өндірісінде әртүрлі саздармен оның қосындыларын (кварц,дала шпаты,пегматит,шормот)алады кірпіштің және басқа әртүрлі керамикалық өнімдердің дайындалу әдістері көптүрлі,бірақ көп жағдайда оның құрамына мынадай үдерістер кіреді:шикізатты шығару, шикізат араласқан өңдеуі мен құрамын қаліптендіру немесе пресстеу,кептіру және күйдіру.Сазды шығару,қазіргі кезі толық механикаландырылған.Олар экскаватор басқа механизмді машиналар көмегімен өндіріледі. Керамикалық өнімдерді дайындаудың 3 түрлі әдісі бар:сазды пластикамен өңдеу және жылжымалы ылғалды майдалау (тарту);сазды порошоктар дайындау және саз ұнтағын кептіру; ұнталған ылғал сулы сазды араластыру.Штамповка әдісімен өнімді қаліпке келтіру арнаулы престе және формалы гипсті каліптеу.Қатты сұйық отынмен формовкадасы соң,өнімді қаліпке келтіру немесе туннелді кептіргішке салу,Ең соңғы жұмыс өнімді 850-1350 ̊С температурада күйдіру.Туннелдік пештер тек үздіксіз күйдіру тиімді көп кеі таралған санаулы электрлі,таспалы және көп каналды пештер.
Жерде орындалатын жұмыстарға аумақтықтық, қабаттарды, грунтты тазарту, тіреу, қада қағу (свай), бөгет салу, сеппе, қазандық, ор қазу, каналдар жасау. Грунтты (жердің қатты қабаты) өңдеуде көбінде мехаикалық әдістер жер қазатын көліктер (бульдозер, скрепер, грейдер-экскаваторлар және ор қазатындар) және жер қазатын машиналармен орындалады. Сирек гидро-механикалық және қопару жұмыстары пайдаланылады.Машинистер жұмысында экскватор және бульдозер, басқарылатын, ағымдағы жөндеуде, сонымен қатар, жабдықтау және машиналарды қайта құруда техникалық жабдықтауда қамтылады. Құрылыстық машиналар мен басқару тұрақты бақылаумен байланысты, жұмыс қауіпсіздігін, байқау ол құрал көрсет-кішімен машинамен жұмыс радиусы әрекетін байқау. Еңбекті ұйымдастыру үдерісінде күрделі өндірістік жағдай да, жұмысшылырдың нерв-эмоциялық ауыртпалығы болғанда тез шешім қабылдауда жауапкершілікте болуы керек. Арнаулы машинамен жер қазудың технологиялардың жұмыстар әдісінің соңы, басқару бөлімінде ұтымсыздық пен машинистердің жұмыс кейпі статикалық ауыртпалық, мәжбүрлі дене жағдайымен сипатталады.Машинамен жер қазу жұмысында, діріл, шудың туындауы, концтрукциялықтың кемістігмен байланысты .Өз сипатында шу, дыбыстық энергияның басымдылығымен орта және төменгі жиіліктегі аймақта болады.Грунт пен құмды шаң жұмыс аумағында оның ластануы деңгейі кабиналардың және атмосфера жағдайындағы оқшаулануына байланысты.Машинистер кабинасындағы отынның газ өнімдерінің жанып кетуі, оның ішіндегі көміртегінің қос тотығы,азоттың қос тотығы,акролеин т.б. ауа ластауы мүмкін.Жаз айларында машина кабинасындағы мотордың жылу қорғанысының жоқтығы нәтижесінде ауа температурасы 38-45̊0 С, ал қоршауларында – 46-50̊0С болады. Қыс жағдайында, кабиналардың нашар жылу өткізгіш оқшаулануында кабинадағы ауа 4-12̊0С төмендейді.Қол жұмысымен айналысатын жер қазатын жұмысшыларда,г рунт пен құмды шаңнан зиянды газ түзілуші заттар, ылғал әсеріне ұшырайды.Олардың, радиациялық суынуы жер бетінің суықтануынан, діріл және шу соққылы балғалар зиянды әрекеттер тудырады.
Бұрғылау жұмыстары. Тесіп бұрғылау жұмыстар қол машиналарымен орындалады. Ондағы негізгі өндірістік зиянды факторлар,бұрғышылар әрекетінде бұлшық еттерге күш түседі, діріл және шу машиналардан туындайды.Қол жұмысымен жұмыс істейтіндер кейпі ,амалсыздан , ондағы дірілдің берілуі қолға ғана емес, дененің барлығында өтеді. Бұрғылау үдерісінде жұмыс аймағында ауа шаңмен ластанады, ол бұрғылап тесуде болады. Кристалдық кремнийдің қос тотығы және жыныс түрлеріне байланысты. Бұрғылаудың арналуына байланысты цементация, битумда, силикаттану немесе грунттың тоңдануы, ол ауа зиянды заттардың қолданатын құрамға қарай енеді.Жарылыстық жұмыс, ол бұрғылап тесу және бұрғылаудағы жарылыс заттардың салынуы және содан соңғы жарылыс (отполка).Жарылыстан соң, жұмыс аймағындағы ауа жарылыс өнімдерімен ластанады, нәтижесінде жарылыс заттары ыдырайды және бқлшектенген материалдар шаңданады, ал тоннелдерде және жабық кеңістіктерде оттегінің жетіспеушілігі білінеді.
Қада қадау (свай) жұмыстары -Имараттар мен ғимараттар ірге тасын (фундамент) құрлысында орындалатын жұмыстар. Ағаштың, болаты темірбетон гунтқа қада қадау әртүрлі қолданатын дірілдік өзегін тұндыру немесе өзегін пайдалануда, свайдын жоғарғы бөлігіне вибраторды кигізеді.Свай қағуда, грунтты импульсті шу, свай соңында жоғарыда соққыларда туындайды. Дірілдік тұндыруда, діріл және қарқынды шу ерекшеленеді.
Кессондық жұмыстар- тоннелді салу, қазандықты қазу, егер жұмыс орнына су толып қауіп төндірсе шахтаны аударып қазу жұмыстарымен атқарылады. Кесссондық жұмыстардың атқарылуы ауаның биометриялық жоғарғы қысым жағдайында орындалады. Кессонның ауа ортасы шаңмен, кешенді зиянды заттармен, сиретілген қысымда ластанады. Ластанатын ауаның негізгі көздері: грунттан (метан, күкіртті суттегі және т.б) шыққан ластанған газдар, пісірілген аэроэльдер, жарылыс газы, майлайтын май аэроэльдер. Шаралардың бірқатар технологиясы, пневмо саймандар жұмысы , қарқынды орташа-, жоғарғы жиіліктегі шудың жабдықтар қозғалысынан туындайды.
Жинау, құрастыру (монтаж)жұмыстары - индустриялы құрылыс үдерісінде, кең қолданылатын әртүрлі машиналар мен механизмдер. Монтажға кран, такелаж (кеме жабдықтарының жинағы), сонымен қол жұмыстарындағы саймандарды механикаландыру кіреді. Монтаждау үдерісіне конструкция, көтер, орнату, құрастырудағы тіреу, тексеру және бекіту жұмыстарын қамтиды. Бекіту жұмыстарында кеңінен қолданылатыны қалау кезінде металлды теріктерді бекіту үшін құяды. Жинау, құрастыру жұмыстарында жиірек, ондаған, тіпті жүздеген метрлерде биік жерлермен , ол жұмыстар эмоциялы нервті ауыртпалық түсіреді.Монтажниктердің жұмыстық кейпінің, ыңғайсыздығы: оларға жиі жоғарғы жақта конструкциялық, еңкею, алға және артқа жылжуға, тұрыпта, кейде жатып істеуге тура келеді. Осындай кейіпте монтажниктер жұмыс уақытының 45% -ын өткізеді. Осындай жұмыс кейпімен амалсыз ыңғайсыздық жұмыс атқаруымен монтажниктерге түсетін статикалық ауыртпалық 10%-ы құрайды, оған көтеру, орын ауыстыру , төмен, жоғары сатымен шығу сияқты әрекеттер кіреді. Монтажник органдарының белгіл і динамикалық жүктеме түседі.Монтажниктердің жұмыс атқарылуы сол құрлыс орындардағы метсорологиялық жағдайда климат, ауа райы байланысты болады, өйткені жоғарыда температура бірде төмендейді, кейде артып кетуі ауа қозғалыс жылдамдығына қарай болады.Электрлі пісіру және газдармен кесу жұмыстарында жұмыс аймағындағы ауа мен шаң кіреді және зиянды заттар (цинк тотығы, көміртегі т.б) белгілі концентрацияда енеді. Одан басқада, монтаждық жұмыста тағы да шаң түзіледі, оның көзі ағғашқа қонған шаң штукатуркада, малярлауда және басқа жұмыс атқарылуында енеді.Қол жұмыстарындағы саймандар мен монтаждық жұмыс орындалуында діріл және шу белгісі қарқындылықпен туындайды.
Тас қалау жұмыстары – бұл конструкторлық имараттар мен ғимараттарды тұрғызу кезіндегі жұмыстар. Тас қалау жұмыстарына кірпіш қалау, табиғи тас беттерін әрлеу және тас футеровка жұмыстары. Ол кезде табиғи тастар (бут, гранит, туф, т.б ) және жасанды тастар (сазды, силикатты кірпіштер, бетонды блоктар т.б) қолданылады. Тастар құрылыстық ерітінділермен бекітіледі, оның құрамында тұтқырлы материалдар мен ( цемент, известь, гипс) толтырылада ( құм, шлак, графит, щебень) және су болады. Ерітінділерді арнаулы зауыттарда немесе құрлыс алаңдарындағы ерітінді бетонды орындардан дайындайды.К і р п і ш т і қ а л а у д а мынандай шаралар: күректеу, араластыру оны қабырғаны тегістеу ертінділермен сылау кірпіштерді қалау, кірпішті кесу және қысу, жігін тігістіру, қаланудың дұрыстығын тексеру үшін істелінеді. Тас қалаушылар көптеген қол саймандармен жұмыс атқарады.Құрылыста кірпіш қалау ең ауыр еңбек. Осындай үдерісте тас қалаушылар, амалсыздан ыңғайсыз жағдайда, кейіпсіз қалпында тұрады еңкейеді, шалқанды, денесі әр кейіпте жұмыс атқарады.Тас қалаушылардың қимылы біртекті сипатта, монотонды үлкен ерекшелікпен болған соң, шаршайды, тірек-қимыл аппаратарына әсіресе, жекелеген бұлшық еттеріне, саусақтарына көптеген жүктеме түседі, Бір ауысымды жұмыста тас қалаушының оң қолына 4000 біртекті қимыл жасайды, қалау кезінде ертінділерді жаюда, артық ертінділерді тегістеу, қаланған сыртқы бетті тегістеп қалауды реттейді, сол қолымен кірпішті қояды, тас қалашылар бір ауысымды 6000 кг жүк , қолымен жүктеме - 8000 кг ейін барады.Тас қалаушылар жұмысы ашық ауада өтеді, сондықтан метеорологиялық жағдай қолайсыздық туғызады. Жылдың суық мезгілінде радиациялық суынуға ұшырайды, оның қоршаған сыртқы беттермен жанасып жұмыс істеуі адам денесі суық, төменгі температурасының әсері болады. Тас қалаушылыар организміне шу, шаңдану және ауаның газдануы әсер етеді, олардың шығу көзі жұмыспен байланысты машиналар немесе механизмдер.Арнаулы сылақпен жағуды қолданғанда жұмыс аймағының ауасына органикалық ертінділер фенол, фармальдегид буы шығады. Барлық тас қалау жұмыстарында тұтқырлы материалдар кіретін зиянды заттардың терімен жанасуы мүмкін.
Бетондық жұмыстар. Имараттардағы монолитті бетон және темірбетон конструкциясында кешенді үдеріске дайындық және құрлыстық үдерістер жатады.Дайындық үдерістерге (шегенден бекіту және арматура, бетон қоспасын дайындау) жұмыстары зауытта немесе құрлыс алаңынынан тыс жүргізілетін орын (полигон) дар жатады.Қ ұ р л ы с т ы қ ж ұ м ы с т а р (шегендеп бекіту құрылғысы, арматуралық монтаждық құрылым, тасымалдау, қалау, бетон қоспаны тығыздау, бекітілмені формадан ағаштарды алу) , құрылыс алаңдарында тікелей орындалатындар, олар біткен технологиялық циклі, ол монолитті бетон өнімдері.Нысана ішіндегі тасымалдау және бетондық қоспамен машиналар мен механизмдер ( бағыттаушы, мұнара краны, бетонқалаушы, бетонды насос, пневмотығыздаушы, көліктер т.б). Бірақ жұмыстың бір бөлігі дайындау, берілу, қалау, бетонды қоспаны беру, жұмыстары қолмен атқарылады.Бетоншылардың еңбек сипатында қол жұмыстарымен істелінетін жұмысы, жұмысшылардың бұлшық еттері мен буындарына үлкен ауыртпашылық тудырады.Пневматикалық балға пневмометаллдар, электр-пневмотығыздаулармен, бетон қоспаларына тығыздау жұмыстары, жұмысшылыарды діріл, белгілі қарқынды шу әрекетін тудырады.Ауаға бетон бетін тазалауда шығады. Бетондау кезінде анықталғандай микроклимат, төменгі температура, инсоляция, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы, орта бетінде радиациялық суыну туады.
Ағашпен жұмыс істеу– балташы, ағаш ұста істейтін жұмыстары кіреді. Құрылыс алаңдары жағдайында өндіріс шығуына, тығыстыруға, ағаш конструкциясын, тетіктерді жинау, ағашөңдеуші мекемелерде дайындау жұмыстары енеді. Ағаш пен жұмыс істеуде балташы және ағаш ұсталары механикаландырылған, мехникаландырылмаған қол саймандары мен атқарылады. Бұл жұмыстар денеге түсетін ауыртпалықты талап етеді. Жұмыс аймағындағы ауаға құрлыстық жұмыс кезінде, аралауда, ағаш бедерін тегістеуде шаң түседі. Ауа, глистыға қарсы, антисептикалық жабындылар құрамы: кремнифтор натрий, кальциленген сода,органикалық ертінділер (ацетон, ксилол,толуол және т.б.) заттармен ластануы мүмкін.
Антикоррозиялы және оқшаулар жұмыстары бұл металлдық, бетондық және темірбетондық құрлыс конструкциясы және технологиялық жабдықтармен жұмыс атқару. Антикоррозиялық қорғану бұл лакты бояу жабындылау, химиялық төзімді полимерлік материалынан алынған оқшауланудағы желімдеу, химиялық тұтқы төзімді жеке материалдар футеровкасы; термопласты порошок тәрізді газ жалымыма тозаңдату.Антикоррозиялық жұмыс өндіріс кешенді технологиялық үдеріс, оның кезең-дері: беттерін дайындау, жұмысшылар құрамасы дайындау, жабындау.Антикоррозиялық жұмыс,жұмысшыларға дене ауыртпа түсіреді, ол ауырзаттарды көтеру, орнын ауыстыру, кең көлемде қол еңбегін пайдаланады, статикалық ауыртпалық, сөйтіп жұмысшыны әртүрлі кейіпке түсіруге байланысты болады.Жұмыс орнына зиянды заттар, шаң, дискомфорттылық, микроклимат, шу туғызады. Дайындау жабынға төзімді химиялық заттар мен жалғасуда, құрамында анықталған рецептуралық комиозиялы зиянды зыттыр жұмыс аймағындағы ауаға енеді. Бояулакты заттармен жабындау жұмысын орындауда, ерітінділердің, қатайтып, мономерлі смола; ал пластмасса бетіне- этилацетат, бензин енді.Ж ы л у л ы қ о қ ш а у л а у ж ұ м ы с ы н д а негізгі қолайсыз фактор, ол ауаның жоғарғы дәрежеде шаңдануы. Оның негізгі көзі: әртүрлі шаралардағы жылулық оқшалаудаған материалдар (хризотил - асбест, шыны және минералдық мақта, диатомды ұнтақтар).Антикоррозиялыт және оқшаулау жұмыстарында орындауда және күрделі жөндеуде құрлысында, маусыдық аутқулар сипаты білінеді.Антикоррозиялы жұмыстары жүргізіледі. Шу режимі жұмыс орындарда өзгеріс болады, ол жұмысшылардың машина мен механизмдер бір мезгілде жүруі кезімен тұстас келеді.Антикоррозиялы жұмыспен шұғылданатын- құрылысшыларда кәсіби дерматоздың жайлау болуы мүмкін.
Жабын жұмыстары- көп еңбекті керек ететін өңдеу үдерісі. Ширшықтап жасалынатын сапасы еріп ұсталынатын жабын материалдарында (рулон) кең қолданылады, ондай материалдар рубероид, толь, гидроизол. Жабын шиыршықталынып ұсталатын (рулон) материалдар6 әртүрлі жапсырылып желімденуге (мастик): ыстық битум, қара май (деготь) жапсырмалары, сондай-ақ суық қара майлы жапсырма жатады.Соңғы уақыттарда кеңінен рулонсыз гидроизоляциялы материалдар қолданылады, оның негізіне полгистирол, стирол және т.б. органикалық ертінділер гольвент және ксилол материалдары пайдаланады.Жабындық жабу рулон құрлысы жеке өңдеу үдерісінде: пароизоляция, жылытқыш қаптама, құмды-цемент немесе асфальтты тартыпжәне рулонды кілемшелерді желімдеу жапсырулардан тұрады.Жабындаушылар еңбегі әртүрлі үдерістерді орындайды, ал оның механикаландыру жұмыстары толық емес, көбінде дене жұмыстары ауыртпалығы арқылы жүргізіледі. Ал жабындаушылар жұмыс үдерісінде ыңғайсыздық тудырады: тұрып тұру, еңкею, төмен түсу, бір тізесімен тұру, көлденең тіректерді қолданып көлденең жұмыс істеу.Орындалатын жұмыстар биік жерлерде, шардық жұмыс орындары жел соғу әрекеті, ортаның төменгі, жоғарғы температурасынан және атмосфералық жауын- шашыннан қауіпсіздіг қорғалмаған.Желімдерді қызу үдерісінде, оның құйылып алынуда, оны рулондық кілемшені желімдеуде ауа ортасына токсикалық заттар: көміртегі қос тотығы, көмірсутегі, бенз (а) пирен шығады.
Сылақшылар жұмыстары ішкі қабырғаларды сылақтау үдерісі мынандай шараларды: сылауға қабырға беттерін тегістеуге дайындау, қабатты және жерді бүрку жүргізеді, оған сылақ жағып және жабын бағананы сүрту .Көп жағдайда бұндай жұмыстар механикаландырылған әдіспен бүріккіш немесе ерітінді насоспен орындайды. Сылақ жұмысы аз істелетін кезде, қолмен орындалады. Жабынық қабаттарды сылап сүрту, сылақтың сүртілуі машинамен немесе қолмен үккіштейді.Жұмысшылардың сылаудағы қолданысындағы негізгі сипаты біртекті және көп қырлы қозғалыстар, ол көп дене жүктемелігін және көп энергия шығатынын туғызады. Жұмысшы кейіпінің өзгерістерде болуы ол өндірістік жұмыс сипатына байланысты , яғни, беткі беттерін әртүрлі өңдеу, ол бөлме, жұмыс істелетін орынның көлемі өлшеміндегі шараларға қарай атқарылады. Жұмыста тұрып тұру, саты қойып істеу, жүріп тұрып істеу, қолды көтеріп істеу сияқты кейіпте болады. Жиі орындалатын жұмыс көбінде статикалық жүктемеге байланысты.Сыртқы сылақ жұмыстарындағы қолайсыздық факторлар сапалылығына, жұмыс аймағында ауаның цемент, гипс т.б шаңдармен ластануы, микроклиматы қанағаттандырмайтын жағдайлары, кейбір кезде жұмыс орнымен, радиациалық суыну, жел өтінде қалуы ыңғайсыздық тудырады.Қолмен істелетін шаралар қол терісінің сылау кезіндегі, құрамында тұз қышқылы және хлор қосылыстары бар шашыраңқы ертіндімен жанасады.Сылақ жұмыстарын жүргізу кезеңінде, жұмыс орнын жылытатын қыздырыну және кептіруде әртүрлі газбен жылыту, газогенератор, тіпті от қызуының ашық болуында, сол ортаға ауа жылту бөлінуінен, отын жағудан иіс бту газының бөлінуі қауіптілік тудырады.Сылау жұмыстарында да көп шу еріткіш насос, тегістегіш, үгіткіш машиналар мен басқа да құрал жабдықтардан түү,шу көзі болып саналады. Қол машиналары мен жұмыс атқарылуында жергілікті діріл жері қолға да берілуі мүмкін.
Бояу(малярлар) жұмыстары. Бояу жұмыстары үшін қолданылатын лакты бояу материалдары, негізгі сапасы көп компонентті қоспа, оның құрамына енетін пленка түзетін заттар, пигменттер, еріткіштер, пластификаторлар, толтырғыштар мен қаттайтын материалдар болады.Бояу жұмыстары шараларына кіретіндер беткі беттерін тазалау, тегістеу, бояу қабырғаларды тесіктерін сылап бітеу жұмыстары жатады.
Сылап бітеу заттары, сыртқы бетке негізінен қолмен жағу, бояу-механикаландыру әдісімен (электр пульт, пневматикалық қармақша, тозаңдатқыш пистолет) және қолмен жағылады.Есік, терезелерді бояу, өте қиын қол жетпейтіндер жерлерді бояп, толтыру жұмыстарының барлығы қолмен атқарылатын шаралар.
