Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану-әлеуметану лекция 1-5.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

3. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы

Социология жеке дара емес, басқа әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Ол әлеуметтік философия, тарих, саясаттану, экономика, психология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты.

Енді осы ғылымдардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін жеке дара қарастырайық.

Социология да, әлеуметтік философия да қоғамды тұтастай, жүйе-жүйесімен, оған енетін бірліктердің жай қосындысы бола бермейтін интегральды құрылым ретінде қарастырады.

Әлеуметтік философия қоғамды әлемдік жаратылымның ерекше бір бөлігі ретінде кең ауқымда қарастырып, оны ортақ ұғымдардың , заңдардың, категориялардың көмегі арқылы сипаттайды. Әлеуметтік философия қоғам дамуын табиғатта, қоғамда, адамның ойлауында өмір сүретін жалпы философиялық заңдардың осы процестегі өзінше көрінісін таба отырып талдайды.

Ал социология қоғамның жалпы философиялық заңдардың, категориялардың, ұғымдардың ауқымына сия бермейтін өзіндік ерекше әлеуметтік байланыстары мен әсері, қырлары, жақтары мен ерекшеліктерін зерттейді.

Енді социология мен тарихтың айырмашылықтарын қарастырайық.

Тарих қоғамның өткенін зерттеп, оның даму жолдарын нақтылы жүйемен түсіндіруге мән береді, ал социологияда қоғамның ағымдағы құрылымы мен өмір сүруіне көңіл аударылады.

Социология саясаттанумен де тығыз байланысты.

Социология қоғамды оның әлеуметтік құрылымы, адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік мәртебесі, олардың өзара әсері тұрғысынан қарастырады.

Саясаттану болса, қоғамға азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талдау тұрғысынан келіп, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билік қатынастарын зерттейді, саяси институттардың орнын, рөлі мен қызметін айқындайды.

Экономика ғылымының социологиядан айырмашылығына келетін болсақ, экономика қоғамды тұтас жүйе ретінде емес, оның бір ғана экономикалық саласын, материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін тұтас күйінде зерттейді.

Социология қоғамның тұтас жүйе ретінде қалыптасып, даму заңдылықтарын зерттейді.

Социология психологиямен де тығыз байланысты.

Психология индивидтің ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын, психикасын қарастырса, социология индивидтің іс-әрекетін, әлеуметтік тәртібін, қоғамдағы орнын, мәртебесін, қарым-қатынасын қарастырады.

Сондай-ақ социология құқықтану, мәдениеттану, демография т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазіргі заманда қоғамдық өмірдің реформалануына, әлеуметтік фактор мен әлеуметтік ортаның рөлінің өсуіне, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуына байланысты социология ғылымының рөлі мен мәні, қоғамды дамытудағы ықпалы барған сайын арта түсуде.

Қайталау үшін сұрақтар:

1. Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы туралы на білесіз?

2. Әлеуметтанудың зерттеу нысаны?

3. Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері туралы әңгімелеп беріңіз?

4. Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны?

Негізгі әдебиеттер:

  1. Булатова А. Н., Исмагамбетова З. Н. Курс лекций по социологии (часть 1) Алматы, Гылым, 1998 г. С. 3-13

  2. Волков Ю. Г., Мостовая И. В. Социология. М., 1998 г

3. Социология (жауапты ред. Ә.Нысанбаев). – Алматы: 2002 ж

4. Аяған, Тәжин Социология негіздері. – Алматы:

Қосымша әдебиеттер:

5. Вебер М. Избранные произведения. М., 1994 г.

6. Дюркгейм Э. О раз­делении общественного труда. Метод социологии.-М.: 1990

7. Сорокин П. А. Человек.Цивилизация.Общество-М.:Политиздат,1992.-С.156-175

8. Комаров М.С. Размышления о предмете и перспективах социологии //Соц.исслед. 1990, №11

2. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтанулық ғылымның қалыптасу және даму тарихы

1. Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына дейінгі кезең. Ежелгі дүние, ортағасыр, жаңа заман ойшылдарының әлеуметтік идеялары.

2. Әлеуметтанудың дамуының классикалық кезеңі (О.Конт, Г.Спенсер, Г.Тард және т.б.)

3. Э.Дюркгейм мен М.Вебер әлеуметтануы. Маркстің әлеуметтанулық идеяларыі

Әлеуметтану – қоғамның тұтас әлеуметтік жүйе ретінде даму және қалыптасу заңдылықтарын, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, адамдардың әлеуметтік әрекеттері мен қарым-қатынастарын оқытатын ғылым.

Гносеологиялық қызмет тұтас қоғам, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар .

тeoлoгиялық caтыдa aдaм қaндaй дa бip құбылыc, пpoцecc, зaт бoлмacын, oлapды дiни тұpғыдaн түciндipyгe тыpыcты, oлapға тaбиғат пeн өмipгe бaйлaныcы жoқ ғажaйып, aбcтpaктiлi ұғымдapды қoлдaнды.

мeтaфизикaлық caтыдa aдaм тaбиғаттaн, өмipдeн тыc aбcтpaктiлi ұғымдapдaн бac тapтты, eндiгi жepдe құбылыcтapды, пpoцecc, oлapдың мәнi мeн ceбeбiн филocoфиялық aбcтpaкциялы ұғымдардың нeгiзiндe түciндipyгe болады.

пoзитивиcтiк кeзeңдe aдaм құбылыc, пpoцeетеpдiң, зaттapдың aбcтpaктылы мәндepi мeн мaзмұндapынaн, ceбeптepiнeн бac тартады. Oл тeк қaнa құбылыcтapды бaқылaп, oлapдың apacындaғы тұpaқты бaйлaныc пeн қaтынаcтapды бөлгiлeп отырады

диалектикалық әдіс қоғамның ұдайы қозғалыста, дамуда болуы

Прогресс – жоғары бағыттағы ілгерілемелі қозғалыс – эволюция.

Әлеуметтік эволюция – көптеген особьтардың өзара әрекеттестігін, өзінің салдарлары бойынша кез келген жеке әрекеттердің мүмкіндіктерінен асып түсетін үйлестірілген ұжымдық қызметті білдіретін органикаүстілік эволюцияның бір бөлігі.