- •Дәрістік сабақ тезистері № 1. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде Дәрістің мақсаты: Әлеуметтану ғылым ретінде қалыптасуы туралы толық мәлімет беру.
- •1. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
- •2. Әлеуметтанулық білімдердің құрылымы мен қызметтері
- •3. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы
- •1. Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына дейінгі кезең. Ежелгі дүние, ортағасыр, жаңа заман ойшылдарының әлеуметтік идеялары.
- •2. Әлеуметтанудың дамуының классикалық кезеңі (о.Конт, г.Спенсер, г.Тард және т.Б.)
- •3. Э.Дюркгейм мен м.Вебер әлеуметтануы. Маркстің әлеуметтанулық идеялары.
- •1. Хх ғ. Ақш-та эмпирикалық әлеуметтанудың эмпирикалық мектебінің дамуы.
- •2. Әлеуметтанудың құрылымдық функционализмінің негізгі тұжырымдары (т.Парсонс, р.Мертон). Дау-жанжалдық парадигма.
- •3. Кеңестік қоғам кезеңі. Қазақстандағы әлеуметтанудың институционализациясы.
- •Дәрістің мақсаты: Әлеуметтанушылық зерттеудің методологиялық негіздері туралы толық мәләмет беру арқылы студенттердің білімін тереңдету.
- •1. Әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтік шындықты тану құралы ретінде
- •2. Әлеуметтанулық зерттеудің ғылыми ұйымдастырылуы. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы.
- •3. Әлеуметтанулық зерттеудегі іріктеу
- •Дәрістің мақсаты: Әлеуметтанушылық ақпараттар жинау әдістері тақырыбын меңгеру арқылы студенттердің саралау қабілеттерін тереңдету.
- •2. Бақылау, эксперимент, құжаттарды талдау әдістері
- •3. Алынған мәліметтерді талдау әдісі
- •1. «Қоғам» ұғымы. Қоғамдық даму теориялары
- •2. Аграрлық, дәстүрлі қоғамдардың сипаттамасы
- •3. Қоғамның индустриалдық даму теориясы. Жаһандық даму
- •1. Әлеуметтік топ ұғымы. Әлеуметтік топтардың түрлері
- •3. Әлеуметтік институт ұғымы. Қоғамның негізгі институттары
- •Дәрістің мақсаты: Тұлғаның қалыптасып дамуын, оның әлеуметтік тәртібі туралы дерек беру және ауытқушылық қылықтардан жиренуге үйрету.
- •1. Тұлға әлеуметтенуі ұғымы
- •2. Тұлғаның даму теориясы (Дж.Мид, ч.Кули, з.Фрейд, э.Эриксон т.Б.).
- •3. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері мен агенттері. Рөл және мәртебе ұғымдары
- •Дәрістің мақсаты: Қоғамның жіктелуін, ондағы теңсіздікті түсіндіру.
- •2. Әлеуметтік стратификация ұғымы мен факторлары.
- •3. Қазақстан қоғамының әлеуметтік стратификациясының ерекшелігі.
- •1. Мәдениет ұғымы және нормалар жүйесі.
- •2. Мәдениеттің құрылымы
- •4) Мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер
- •3. Әлеуметтанулық зерттеу мәдениеттің түрлі формалары ретінде (этномәдениет, қалалық және ауылдық мәдениет, таптар мен әлеуметтік топтар мәдениеті, көпшілік пен элитарлық мәдениет).
- •Дәрістің мақсаты: Дұрыс, сау қоғамның қалыптасуындағы отбасы институтының рөлін, қызметтерін түсіндіру, болашақ отбасылық өмірге дайындау.
- •1. Неке және отбасы ұғымдарының анықтамасы. Отбасы әлеуметтік ұйым ретінде және оның негізгі қызметтері
- •2. Некелік – отбасылық қатынастардың тарихи типтері және түрлері. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы отбасының рөлі. Отбасылық проблемалар
- •3. Гендердің әлеуметтанулық теориясы. Қазақстанда отбасылық саясаттың дамуы
- •1. Жастар ұғымының анықтамасы мен жастар әлеуметтануының зерттеу пәні.
- •2. Жастар мәдениеті мен қоғамның саяси саласындағы жастар.
- •3. Мемлекеттік жастар саясаты. Қазақстандық және әлемдік тәжірибе
- •1. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының объектісі және пәні
- •2. Әлеуметтік бақылау мен әлеуметтік санкциялар.
- •3. Девиантты мінез-құлық теориялары. Қазақстан қоғамындағы девиацияның өзекті мәселелері
- •№ 14. Еңбек және экономикалық өмір әлеуметтануы
- •1. Еңбекті және өндірісті зерттеудегі әлеуметтанулық тәсілдің өзіндік ерекшелігі
- •2. Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың құрылымы. Қазақстан қоғамының экономикалық жаңаруы жағдайында жаңа еңбек түрлерінің ұйымдастырылуы
- •3. Экономика әлеуметтік сала ретінде
- •№ 15. Дәріс тақырыбы: Білім және бұқаралық ақпарат құралдары
- •1) Білім әлеуметтік институт ретінде. Білімнің пәні мен қызметтері
- •2) Білім беру процесінің сатылары: мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта, жоғары. Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар
- •1. Дәріс тақырыбы: Саясаттану ғылым мен оқу пәні ретінде.
- •2. Дәріс тақырыбы:Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері.
- •1) Ежелгі дүниенің саяси ой-пікірлері.
- •2) Орта ғасырлардағы саяси ілімдер
- •3) "Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері
- •4) Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар. Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар
- •3. Дәріс тақырыбы: Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат.
- •4. Дәріс тақырыбы: Билік саяси феномен ретінде.
- •6. Дәріс тақырыбы: Қазіргі саяси жүйелер. Саяси режимдер.
- •4.Бір қоғамнан екінші бір қоғамға бейімделу мәні
Пән аты: Әлеуметтану-саясаттану
Дәрістік сабақ тезистері № 1. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде Дәрістің мақсаты: Әлеуметтану ғылым ретінде қалыптасуы туралы толық мәлімет беру.
1. әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
әлеуметтанулық білімдердің құрылымы мен қызметтері
әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы
Әлеуметтану – қоғамның тұтас әлеуметтік жүйе ретінде даму және қалыптасу заңдылықтарын, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, адамдардың әлеуметтік әрекеттері мен қарым-қатынастарын оқытатын ғылым.
Гносеологиялық қызмет тұтас қоғам, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар .
Таным құралдарына эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, яғни жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру.
Болжамдық қызмет әлеуметтік жүйенің болашақтағы мүмкін боларлық келбетін сипаттау, қоғамның немесе оның жеке буындарының әлеуметтік дамуын ғылыми тұрғыдан болжау.
Праксеологиялық қызмет әртүрлі басқару құрамдарына қатысты социологтар ұсынатын практикалық ұсыныстар ретінде қолданбалы социологиямен тығыз байланысты басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып, социология қоғамдық өмірге белсене араласады.
Идеологиялық қызмет қоғамдағы әртүрлі топтардың әлеуметтік мүдделерін білдіре отырып, ғылыми зерттеулердегі әлеуметтік себептердің зерттеу авторларының саяси бағыттарының принциптеріне байланыстылығын, саяси идеяларды теориялық жағынан негіздеу.
Дәріс тезистері:
1. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
Әлеуметтану қоғамды, оның ішкі әлемін және халықтың іс-әрекетін тұтастай зерттейтін бірден-бір ғылым. Әлеуметтану ғылымының тарихын 3-ке бөліп қарастыруға болады:
1) ежелгі дәуірдегі әлеуметтік көзқарастар;
2) орта ғасыр және жаңа дәуір әлеуметтануы
3) қазіргі заманғы әлеуметтану
Ежелгі дәуірдегі әлеуметтік көзқарастар грек философтары Платон және Аристотельдің есімдерімен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрып, салт-дәстүр, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түзді.
Орта ғасырларда Аврелий Августин мен Фома Аквинскийдің еңбектері ерекше мәнге ие болды. Олар құдайға сүйіспеншілік идеясын өз тұжырымдарының өзегі етіп алып, саясат пен қоғамдық прогреске түгелдей теологиялық тұрғыдан түсінік берген.
Қайта өрлеу кезеңінде гуманизмнің пайда болуына байланысты қоғамға қатысты жаңа идеялар туды. Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Никколо Макиавелли, Жан Боден сияқты ғалымдар теоцентризмнен арылу үшін антропоцентризм мәселесін көтерді. Олардың адам туралы жаңа көзқарастары бірсыпыра әлеуметтік-саяси мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етті.
Ал Томас Гоббс, Джон Локк, Шарл Луй Монтескье сияқты ғалымдар әлеуметтік саяси ілімдердің дамуында үлкен қадам жасады.
Әлеуметтану ғылымының негізін салушы француз ғалымы Огюст Конттың есімімен байланысты. Ол әлеуметтануды қоғамдық жүйенің өмір сүру шарттары мен заңдарын зерттейтін әлеуметтік статика және қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейтін әлеуметтік динамика деп екіге бөлді.
Ағылшын позитивизмінің негізін қалаушы Герберт Спенсер эволюциялық даму теориясын жасады. Қоғамдық құрылысты ерекше организм ретінде қарау және оның дамуын эволюция идеясы тұрғысынан сипаттауы Спенсерді социологиядағы организмшілдік пен эволюцияшылдық бағыттарының негізін салушы деп санауға толық дәлел бола алады.
Эмиль Дюркгейм әлеуметтануды қоғам туралы басқа ғылым салаларынан ажыратып, жеке ғылым етіп негіздеуге, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын тек әлеуметтану тұрғысынан түсіндіруге ұмтылды. Ол әлеуметтану пәнін әлеуметтік фактілер деп атады.
Макс Вебердің теориясындағы өзекті мәселе: адамдардың өзара күрделі қарым-қатынастары жүйесінің салдары болып табылатын әлеуметтік әрекеттерді қоғамдағы индивидтер мінез-құлқының қарапайым түрлерінен бөліп қарастыру болды. Оның ілімі бойынша, қоғам әрқайсысы өздерінің мақсаттарына жету үшін әрекеттенуші индивидтердің жиынтығынан тұрады.
Питирим Сорокин әлеуметтік әрекеттілік пен әлеуметтік стратификацияны эмпириялық тұрғыдан зерттеп, оларды ауқымды әлеуметтік құрылымға теңеп, қоғамдық құбылыстарды оның өмір сүруімен тығыз байланыстыра қарады. Ол әлеуметтік институттардың қоғамның икемділігіне қалай әсер ететіндігіне назар аударды.
Сонымен қатар, Сорокин қоғамдағы өзгерістерді түсіндіруге көмектесетін теориялық тұжырымдамалардың авторы ретінде де белгілі болды.
Әлеуметтанудың зерттеу нысаны – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары, индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы.
Әлеуметтанудың зерттеу пәніне әлеуметтік өмірдің бір бөлшегі жатады. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді.
Яғни, әлеуметтанудың зерттеу пәні қоғамның тұтас әлеуметтік организм ретінде дамуының негізі болып табылады.
Әлеуметтану – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Әлеуметтану қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық проблемаларын түгел қамтиды.
Қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымның ұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың зерделеген ізденістерінің жемісі.
