Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Офтальмология және реанимация кафедрасы
СӨЖ тақырыбы:
Катаракта. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.
Орындаған: Тəңірберген А.Б
4017 топ ЖМФ
Тексерген: Аринова А.И
Қарағанды 2016 ж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Жіктелуі.
Себептері .
Клиникасы.
Диагностикасы . Ажыратпалы диагностика.
Емі .
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Көз бұршағы көзде бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Ып табылады. Ең біріншіден көз бұршағы сіулелні торлы қабыққа қарай өткізетін түзіліс. Көз бұршағының бұл функциясы –сәуле өткізуші болып табылады. Ол көз бұршағының мөлдірлігінің арқасында жүзеге асады. Екінші маңызды функциясы –сәуле сындырушы. Сәуле сындыру қабілеті бойынша қасаң қабықтан кейінгі екінші орында.
Цилиарлы денемен бірге көз бұршағы аккомадация функцисын атқарады. Тыныштықта көз бұршағының аккомодациясы -19 дптр-ге тең.
Көз бұршағы көз аламасын 2 алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі.
Көз бұршағының анатомиялық құрылымы
Катаракта
( «Kataraktes»
сөзін грек тілінен аударғанда «сарқырама»
деген
мағынаны білдіреді) – көз бұршағының
мөлдірлігініңбұзылуы.
Катаракта көз ауруларының ішінде ең жиі кездесетіні. Адамның көзіндегі көз бұршағы – бұл жарық сәулелерін өткізетін және сындыратын «табиғи линза» болып табылады. Көз бұршағы көз алмасының ішінде нұрлы қабық және шыны тәрізді дене арасында орналасқан. Жиі жастық шақта көз бұршағы мөлдір және эластикалығы жоғары болады –лезде «фокусты» жинай отырып формасын өзгерте алады және сонын арқасында көз алыстан немесе жақыннан жақсы көреді. Катаракта кезінде жартылай немесе толық көз бұршағының бұлдырлауы, осының салдарынан мөлдірлігінің төмендеуі орын алады және көзге жарық сәулесінің аз ғана мөлшері түседі. Көру қабілеті төмендейді және адам бұлдырлатып, анық емес етіп көреді. Уақыт өткен сайын бұл ауру өрши түседі: бұлыңғырлану аумағы ұлғаяды және адамның көру қабілеті нашарлай береді. Дер кезінде науқасқа көмек көрсетілмесе, катаракта соқырлыққа алып келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша катарактамен 17 миллиондай адам зардап шегеді, ең жиі 60 жастан асқан адамдар. Катаракта 1000 адамға шаққанда 70-80 жас аралығындағы 260 ер адам және 460 әйелдерде, ал 80 жастан асқан қарт адамдар арасында барлығында дерлік кездеседі. Статистика бойынша, 20 миллион адамда катаракта соқыр болудың себебі болып табылады.
Дамыған және дамушы елдерде, географиялық орналасуына тәуелсіз катаркта нәсілге, ұлтқа, жынысқа тәуелсіз дамиды.
Жиі көз бұршағының затының бұлыңғырлануы және сирек жағдайда капсуласының бұлыңғырлануы болады.
Жіктелуі :
Клиникалық жіктелуі:
туа пайда болған;
жүре пайда болған.
Дамуына қарай:
- туа пайда болған (жатырішілік, тұқымұуалайтын);
-қарттық ;
- асқынған (көздің кейбір ауруларымен шақырылған, ағзаның жалпы сырқаттарымен шақырылған, түрлі дәрілік заттарды ұзақ қолданудың жағымсыз әсерлері ретінде немесе физикалық, химиялық әсер етудің салдарынан);
- травматикалық (тұйық немесе енген жарақаттардың нәтижесіретінде);
- екіншілік катаракта – катаракта хирургиясының кеш асқынысы ретінде, А дамюк- Эльшингтің тігістері оптикалық аймаққа миграциясы салдарынан, көз бұршағының артқы капсуласының фиброзы салдарынан дамитын.
Орналасуына байланысты:
- ядролық;
- кортикальді;
- зонулярлы;
- капсулалық ( алдыңғы, артқы);
- толық.
Кезеңіне байланысты(қарттық катаракта) :
- бастапқы;
- жетілмеген;
- жетілген;
- асып жетілген( морганиева) .
Жеке бөліп қарастырады:
Ісінген катаракта – көз бұршағы тіндерінің гипергидратациясымен және екіншілік факоморфиялық глаукоманын дамуымен сипатталатын жедел ауру. [15]
Қамтуына қарай:
-екі жақтық;
-бір жақтық.
Көз бұршағының бұлыңғырлану деңгейі бойынша:
-жартылай;
-толығымен.
Клиникалық формасы:
-полярлы;
-ұршық тәрізді;
-тігістік немесе жұлдызды;
-ядролық;
-зоналық немесе қабаттық;
-толық немесе тотальді.
Көру өткірлігі:
-І деңгей- 0,04 дейін;
- ІІ деңгей - 0,05-0,2
-ІІІ деңгей -0,3 және жоғары.[15]
Катаркта дамуының себептері:
Катаракта дамуына алып келетін факторларға :
генетикалық бейімділік;
көз жарақаттары (химимялық, механикалық,контузионды);
түрлі көз аурулары (глаукома, жоғарғы деңгейлі жақыннан көрушілік);
эндокринді бұзылыстар (зат алмасудың бұзылуы, қант диабеті, авитаминоз);
ультрафиолеттік сәулелену;
бірқатар дәрілік заттрады ұзақ уақыт қабылдау;
жоғарғы радиация;
тиімсіз экологиялық жағдай;
токсикалық улану (нафталинмен, динитрофенолмен, таллимен, сынаппен және т.б.);
темекі шегу.
Офтальмохирургтердің бақылауы бойынша 12% жағдайда науқаста катаракта өте үдемелі түрде дамиды. Катарактаның аліашқы бегілерінен бастап хирургиялық көмекті қажет ететін көз бұршағының толықтай бұлыңғырлануына дейін небәрі 4-6 жыл жетіп жатыр.
15% жағдайда науқастарда 10-15 жыл бойы дамитын баяу үдемелі процесс орын алады.
Ал науқастардың 70% катарактаның дамуы 6-10 жыл ішінде орын алады.
Клиникасы
Жалпылама науқаста ауыру сезімінсіз және үдемелі түрде коррегирленген және коррегирленбеген көру өткірлігінің төмендеуі дамиды. Көру кезіндегі заттардың формасының бұзылысы, рефракция өзгерісі, түсті қабылдауынын нашарлауы, көру тереңдігінің бұзылысы, биноулярлы көру қабілетінің нашарлауы. Ісінген катаракта кезінде көз ішіндегі жедел күшті ауыру сезімдерінің болуы және сай бас бөліміне иррадиациялануы.
Катаракта кезеңдері:
бастапқы (көру өткірлігі 0,1 – 1,0),
дамымған (0,02 – 0,1),
толық дамымаған (екі қол – 0,02),
толық дерлік дамыған (жарық сезу, екіқол),
дамыған (жарықты сезу),
толық дамыған (морганиева) катаракта (жарықты ғана сезу).
Туа пайда болған катаракта- генетикалық немесе жатырішілік дефекттердің салдарынан көз бұршағының талшықтарының түзілуінің бұзылуы және толық немесе жартылай көз бұршағының бұлыңғырлануымен сипатталады.
Ерте жастан көру тәжірибесінің шектелуі көру анализаторларының барлық деңгейлерінің дамымауына алып келеді. Тор қабықтан бастап басқада көру орталықтарына дейін. Бұл өзгерістер негізгі көру функцияларының бұзылысымен: көру өткірлігі, контрасты, спектральді сезімталдық, бейненің қалыпын және тереңдігін көру және баланың психомоторлы дамуының тежелуіне дейін әкелуі мүмкін.
Жиі катаркта екі жақтық болады, ал 30 % жағдайда бір жақтық болады. процесстің бір жақтық немес екі жақтық дамуы болжамы бойына ерекшеленеді. Мысалы, монокулярлы жағдайда 0,05-ке дейін көру өткірлігінің төмендеуімен сипатталатын обскурационды амблиопияға алып келуі мүмкін.
Туа пайда болған катаракталар кезіндегі ағзаның жалпы патологиялары:
галактоземия- баланың ағзасында галактоза және галактитол алмасуы бұзылады, көз бұршағының ішінде аталған өнімдер жинақталады және осмостық қысымды жоғарылатады және сұйықтық көз бұршағының ішіне өтеді.
Лоу синдромы кезіндегі катаракта – екі жақтық катаракта және гидрофтальм орын алады.
Халлерман- Штрайфф Франсуа синдромы- екі жақтық катаркта және микрофтальмия дамиды. Кей жағдадайда ақ қабық көгілдір боп өзгереді, нистагм, қыли көз, глаукома және т.б.
Даун ауруы- эпикантус, нистагм, катаракта орын алады.
Альпорт синдромы- катаракта , сферофакия тор қабықтың пигментті дегенерациясы байқалады.
Ротмунд- Тимсон синдромы- екі жақтық катаракта дамиды.
Жүре пайда болған катаракталар:
Посттравматикалық катаракта- көз бұршағы капсуласының бүтіндігінің бұзылысы салдарынан көз бұршағының талшықтары ісінеді және бұлыңғырланады.сондай-ақ травма салдарынан зонулярлы талшықтардың жыртылуы және көз бұршағының шығуы оын алуы мүмкін.
Сәулелік катаракта- сәулелік радиация әсер етудің арқасында дамиды. 500-1400нм ұзындықтағы сәулелер көздің оптикалық орталары арқылы еркін өтеді және көз бұршағы, қасаң қабықпен жұтылады, нәтижесінде оның зақымдалуы орын алады.
Көз бұршағы затының құрамы: Су (65% шамасында), ақуыздар ( около 35%), минералды тұздар және микро элементтер (сульфаттар, фосфаттар, хлоридтер, К, Mg, Fe, Cu, Zn, Mn, B және т.б), липидтер (лецитин, холестерин), глутатион, аскорбин қышқылы. Қарттық катаркта дамуынын негізгі механизмі- онын қоректенуінің бұзылысы салдарынан болатын көз бұршағының биохимимялық құрамынын өзгеруі
Және т.б. түрлері.
