Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фар.тер №1ә.н..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.78 Кб
Скачать

G-041.07.01.13-2007

Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар МЖМББС-2006

№02 тек.

Бет 34 тен 34

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Мамандығы: 051302 Стоматология

Пәннің аты: хирургиялық стоматологиядағы тиімді фармокотерапия

Курс 3 – V семестр

Тақырып №1 Цементтер. Шыныиономерлі цементтер. Жүйесі, қолдану көрсеткіштері, оларға қойылатын талаптар, құрамы, қасиеттері. Дайындау және пломбылау әдістемесі.

оқытушы___________ А.Н.Ахмедова

Кафедра отырысында бекітілген хаттама № 2012 ж.

Келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқама номерін белгілеу)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., __________________ М.А.Искендеров.

Тақырып. №15 Цементтер. Шыныиономерлі цементтер. Жүйесі, қолдану көрсеткіштері, оларға қойылатын талаптар, құрамы, қасиеттері. Дайындау және пломбылау әдістемесі.

  1. Мақсаты: Әртүрлі топтағы стоматологиялық цементтердің жүйеленуін, құрамын, қасиетін, қолдануға көрсеткішін, дайындалу әдістерін, қойылатын талаптарын оқу.

  1. Сабақ тапсырмалары:

Студент білуі керек:

  • Стоматологиялық көмек ұйымының негіздерін, емдік стоматологиялық кабинет персоналының міндеттерін;

  • Терапиялық стоматология кабинетінің құралдарын, жабдықтарын, қауіп қатер және эргономика техникасының ережелерін;

  • Стоматологиялық науқасты зерттеу кестесін;

  • Стоматологиядағы негізгі ауырсыну аспектілері және және әртүрлі іс шаралар кезінде фантомда жергілікті жансыздандыру әдістері.

  • Терапиялық стоматологиядағы тістердің негізгі зақымдалу синдромдары, олардың жіктелуі;

  • Терапиялық стоматологиядағы негізгі және көмекші зерттеу әдістері;

  • Терапиялық стоматологиядағы алдын алу және емдеу мақсаттары;

  • Медициналық құжаттамаларды енгізу ережелері;

  • Тіс формуласын жазу жүйесі;

  • Тіс түзілістерінің түрлері;

  • Стоматологиялық және тіс техникалық материалдар (пломбалық, конструкциялық, көмекші) , олардың физико химиялық қасиеттері, қолдануға көрсеткіштері, олармен жұмыс істеу әдістері.

Студент істей алуы тиіс:

  • Науқастан сұрау, қарау, пальпация, перкуссия, зондтау, термометрия;

  • Стоматологиялық құрылғымен жұмыс істей алу (стоматологиялық құрылғы, инструменттер, ұштықтар, кесетін және абразивті инструменттер) эргономика мақсаттарын, қауіп қатер техникасын санитарлы эпидемиологиялық режимдерді қадағалай отырып.

  • Ауыз қуысна, пародонтқа, тіс жегі қуысына, тіс қуысына, түбір өзектеріне әртүрлі дәрілік препараттармен фантомда медикаментозды өңдеуді жүргізу;

  • Ауыз сұйықтығынан ажырату, фантомда мақта біліктерін салу;

  • Пломбалық материалды және инструменттерді көрсеткіштер бойынша таңдау;

  • Тіс формуласын толтыру;

  • Бастапқы, беткей, ортаңғы, терең тіс жегілерді ажырату;

  • Тістердің қатты тіндерінің тіс жегісіз зақымдалуын ажырату;

  • Фантомды блокта тіс жегі қуыстарының блэк бойынша барлық кластарын рпепараттау;

  • Емдік, айырғыш төсеніштерді, уақытша пломбаны дайындау, қою;

  • әртүрлі материалдардан тұрақты пломбаны дайындау және қою, пломбаны қалыптуды жүргізу;

  • уақытша пломбаны алу;

  • пациентпен, оның туысқандарымен, коллегалармен, медицина қызметкерлерімен сенімді қатынасты орнату;

  • командада жұмыс істеу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Стоматологиялық цементтер. Жалпы сипаттамасы.

  2. Цементтерге қойылатын талаптар.

  3. Цинк фосфатты цементтер, құрамы, қасиеті, қолдануға көрсеткіштері, қолдануға дайындау әдістері, кемшіліктері.

  4. Поликарбоксилатты цементтер, құрамы, қасиеті, қолдануға көрсеткіштері, қолдануға дайындау әдістері, кемшіліктері.

  5. ШИЦ дің жүйеленуі, (I-IY тип), қолдануға көрсеткіштері.

  6. ШИЦ тің оң қасиеттері, (тістердің қатты тіндеріне химиялық адгезиясы, антитісжегілі белсенділік, жеткілікті механикалық төзімділік және эластикалық, қанағаттанарлық эстетикалө қасиеттері, жоғары биологиялық сәйкестілік, тіс ұлпасына тітіркендіргіш әсерінің және улылығының болмауы).

  7. ШИЦ кемшіліктері (цемент массасының жетілу ұзақтығы, композиттермен салыстырғанда мықтылығының нашарлығы, эстетика жағынан жеткіліксіз).

  8. Шынайы ШИЦ тер, қату механизмі.

  9. ШИЦ ді қолдануға көрсеткіштер.

5.Оқу және сабақ беру әдістері: шағын топта жұмыс істеу (сабақ тақырыбы бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. әр шағын топтың мүшелері негізгі сабақ тақырыпшалары бойынша сарапшы болады. Ол оқытушыдан өзі орындайтын, жауап беретін тапсырманы немесе сұрақтарды алады. Тапсырманы орындап, барлық сұрақтарға жауап берген соң, әр шағын топта жұмыс істейтін сарапшылар орындалған жұмыстың дұрыстығын өзара талқылайды. Оқытушы түзетулер енгізе отырып, талдауға қатысады).

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

1. Боровский Е.В. Терапевтическая стоматология, 1982г.

2. Боровский Е.В. Терапевтическая стоматология, 2002г.

3. Боровский Е.В. Терапевтическая стоматология, 2005г.

4. Максимовский Ю.М. Фантомный курс терапевтической стоматологии,2005г.

5. Скорикова Л.А.Пропедевтика стоматологических заболеваний,2002г.,

6. Магид Е.А, Мухин Н.А. Атлас по фантомному курсу в терапевтической стоматологии , 1987г..

Қосымша әдебиет:

1. Бажанов Н.Н. Стоматология, 2002г.,

2. Бажанов Н.Н .Стоматология 1990г.

3. Базикян Э.А.Практическое руководство по эндодонтии. – М., 2007.

4. Беер Р., Бауман М.А., Киельбаса А.М.Иллюстрированный справочник по эндодонтии. – М.: МЕД пресс-информ, 2006.,

5. Николаев А.Н. Цепов Л.М. Практическая терапевтическая стоматология.- С-Петербург, 2001-С.390.

6.Григорян А.С. , ГрудяновА.И.Болезни пародонта.- Москва, 2004г.,

7.Николаев А.Н. Цепов Л.М. .Практическая терапевтическая стоматология.-С-Петербург, 2004- С.690.

8.Құлмағанбетов И.А.Стоматология шешімдерінің орысша қазақша тілдерінде сөздігі,2004г.

9. Луцкая И.К., Артюшкевич А.С. Руководство по стоматологии, 2000г.,

10. Боровский Е.В. Атлас заболеваний слизистой оболочки полости рта, 1981г., Боровский Е.В.

11.Грохольский А.П. Назубные отложения, их влияние на зубы, околозубные ткани и организм. 2005г

Тақырып №15 Цементтер. Шыныиономерлі цементтер. Жүйесі, қолдану көрсеткіштері, оларға қойылатын талаптар, құрамы, қасиеттері. Дайындау және пломбылау әдістемесі.

  1. Тағайындалуына байланысты цементтер бөлінеді:

а) 4топқа

б) 5 топқа

в) 3 топқа

г) 2 топқа

  1. Тұрақты пломбалық материал ретінде ШИЦ тің кемшіліктері:

А. Жеткіліксіз мықтылық

Б. Жақсы жиектік жабысу

В. қанағаттанарлық эстетикалық сапа

Г. Қанағаттанарлық механикалық қасиет

Д. Қолдану қарапайымдылығы

  1. Конденсирленген ШИЦ ді қолдануға көрсеткіштер:

А. Уақытша тістердегі барлық тіс жегі қуыстары (ART-әдісін қосқанда)

Б. Фиссураларды герметизациялау

В. Блэк бойынша барлық тіс жегі қуыстары

Г. Шайнау тістерінлегі бесінші класс тіс жегісі

Д. Сауыт астындағы тіс кцльтін қалыптастыру

Е. Барлық жауап дұрыс

  1. Wilson (1971) қандай пломбалық материалды ойлап тапты

А. Амальгама

Б. ШИЦ

В. эвикрол

Г. Дентин паста

Д. Виноксол

  1. Шиц тің оң қасиеттері, біреуінен ьасқасы:

А. Тіс тіндеріне химиялық адгезиясы

Б. Антитісжегілі белсенділік

В. жеткілікті механикалық төзімділік, эластикалық

Г. Қолдану қарапйымдылығы

Д. Цемент массасының қату ұзақтығы

  1. Тағайындалуына байланысты цеметтер болады:

А. Ортопедиялық констркуцияларды бекіту үшін

Б. Төсеніштерге

В. пломбаларға

Г. Реставрация негізі үшін

Д. Барлық жауап дұрыс

  1. Тұрақты пломбалауға арналған қалпына келтіруші ШИЦ:

А. Эстетикалық

Б. Бекітілген

В. конденсирленген

Г. Барлық жауап дұрыс

Д. Дұрыс жауап жоқ

  1. Түбір өзектерін пломбалауға арналған ШИЦ тің қату уақыты:

а) 1,5-3 сағ.

б) 30 минут

в) 1 сағ.

г) 24 сағ.

д) 40 минут

  1. Түбір өзектерін пломбалауға арналған ШИЦ кемшіліктері:

А. Түбір өзегінде өте тез сіңіріледі

Б. Түбір өзегінен қиын алынады

В. тіс құрылымын және түсін өзгертеді

Г. Периодонтты тітіркендіреді

Д. өте тез қатады

  1. Өзекті пломбалаған жағдайда, цементті қабырғасынан ажыратуға әсер етеді:

А. Хлороформмен араластырып ультрадыбыстық өңдеу

Б. 40% формалинмен лазерлік өңдеу

В. өзекті озондау

Г. Антисептикалық өңдеу

Д. Пистолетпен судың астында жуу

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Мамандығы: 051302 Стоматология

Пәннің аты: хирургиялық стоматологиядағы тиімді фармокотерапия

Курс 3 – V семестр

Тақырып №1 Уақытша пломбасына және емдік төсемдерге арналған материалдар: қолдану көрсеткіштері, оларға қойылатын талаптары, түрлері, құрамы, қасиеттері, дайындау және пломбылау әдістемесі.

оқытушы___________ А.Н.Ахмедова.

Кафедра отырысында бекітілген хаттама № 2012 ж.

Келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқама номерін белгілеу)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., __________________ М.А.Искендеров

1. Тақырып №1 Уақытша пломбасына және емдік төсемдерге арналған материалдар: қолдану көрсеткіштері, оларға қойылатын талаптары, түрлері, құрамы, қасиеттері, дайындау және пломбылау әдістемесі.

2. Мақсаты : Уақытша пломбалық материалдар мен төсеніштердің құрамы мен құрылысын білу. Қойылатын талаптар мен дайындау әдісі.