Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вирусты инфекциялардың жасушалармен әрекеттесуі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.71 Кб
Скачать

Вирустарға қарсы қолданылатын химиялық препараттар.

Вирустарға қарсы белсенділігі бар препараттарды бірнеше топқа бөлуге болады. Химиялық құрамы және әсер ету механизмі бойынша ажыратылады: химиопрепараттар, интерферондар, эндогенді интерферондардың индукторлары, иммуномодуляторлар.

Вирустарға қарсы химиопрепараттар – вирусты инфекцияларды этиотропты емдеуде емдеуде қолданылатын синтетикалық дәрілік заттар. Вирустарға қарсы химиопрепараттардың әсер ету механизмі макроорганизм жасушаларының тіршілігін бұзбай, вирустардың репродукциясының кезеңдерін таңдамалы тежеуге негізделген.

Вирустардың жасушаішілік облигатты паразитті тіршілік етуі, вирустарға қарсы тиімді препараттар алуды қиындатады.

Вирустардың облигаттық жасуша ішілік паразиттік тіршілік етуі адам ағзасына қауіпсіз жоғары эффективті вирустарға қарсы дәрі-дәрмектер шығару мүмкіндігін күрделендіріп отыр, өйткені вирустар репродукциясының ке»бір кезеңдері ғана спецификалы болып келеді. Вирус геномдары мен ақуыздарының синтезделуі (транскрипция, трансляция), иесінің жасушасының ішінде вирус компоненттері тасымалдап, жаңа вириондық құралуы инфицирленген жасушалармен іске асырылады.

Таңдамалы алынған препараттардың клиникалық жарамдылық көрсеткіші химиотерапевтік индекс, яғни арнайы тиімділіктің уыттылыққа қатынасы болып табылады. Химиопрепараттардың басқа бір кемшілігі – штамдардың резистенттілігінің құралуы емдеу тиімділігін төмендетеді.

Қазіргі кезде вирустарға қарсы химиопрепараттар ретінде аномальді нуклеозиттер (нуклеозиттер аналогы), адамантан туындылары, синтетикалық амин-қышқылдары, пирофосфат және тиосемикарбозон аналогтары, жасушадан тыс орналасқан вирондарға вирулицидті әсер ететін ккейбірпрепараттар қолданылады. Қазіргі кезде вирустың жасушамен өзара әсерлесуінің келесі сатылары: вирус геномының депротеинизация процесіне (адамантан туындылары) «ерте» вирустың ақуыздарының синтезіне (нуклеозиттер аналогы), «кенет» вирустық ақуыздарының синтезіне (пептидтер туындылары), вириондардың жиналуына (тиосемикарбозон туындылары) кедергі жасайтын вирусқа дәрілік заттар жасалған.

Қазір тұмау, ЖРВИ және ұшықпен күрестін препараттар жеткілікті. Вирусты гепатитттер мен АИВ (ЖИТС) кезінде бірен-саран препараттар қолданылады. Энтеровирусты инфекциялар, вирусты энцефалиттер т.б. вирусты инфекцияларға қазіргіге дейін тиімді этиотроптыемдеуге химиотерапевтік заттар жоқ.

Олай болса, антимикробты химиотерапевтік препараттар, бактериалды, вирусты инфекциялар мен басқа да микробтық этиологиялы ауруларды емдеу мен алдын алудағы негізгі заттар болып табылады. Олар біздің елімізде және шетелдерде де шығарылады. Сондықтан антимикробты химиопрепараттардың қолданылуы, әсер ету механизмі, негізгі сипаттамасын білу әрбір дәрігер мен медицина қызметкерлеріне қажет.

Қорытынды.

Адамдар мен жануарлар вирустарының көпшілігінің макроорганизмде персиситенциялану қабілеттігі болады, ол тұрғындардың проэпидемиялануына және вируытардың биологиялық түр ретінде сақталуына әкеледі. Персиситенциялану сақталуына әкеледі. Персиситенциялану қабілеттілігі көптеген вирустардажылы қанды иесінің организмінде немесе тасымалдаушы-буынаяқтыларда ұзақ уақыт сақталу механизмі ретінде қалыптасқан. Вирустардың персистенциялануы олардың өзімен әрі не жасушасымен де байланысты көптеген себептердің нәтижесіндеболуы мүмкін. Мысалы: толық емес немесе дефекті вирус жұққан кезде вирустың репликациялануы мен транскрипциясының өзгеруі; мутанттардың пайда болуы; вирустық гендер экспрессиясының өзгеруі, иммундық жауапты супрессияға әкелетін имунноциттер қызметінің бұзылуы. Персистенциялық қабілеттік көбінесе жасушалық жүйенің пермиссивтілігімен анықталады. Мысалы, эпителиялық және басқа үдемелі түрде бөлінетін жасушаларда ұшық вирустарының бірнеше рет қайталанатын толық репродукциялық циклі жүреді. Бөліну қабілеттігі жоқ жасушаларында ұшық вирусы көбеймейді, плазмидалар түрінде ғана сақталады, өйткені мұндай жасушаларда вирустық ДНҚ синтездеуге қажетті жасуша-тәуелді ферменттер жоқ.