Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25.10.2016г- экз.тесты по Экстраген.пат.КАЗ..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

* Экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерді жүргізу *3*116*3*

#949

*! Жүкті әйел І жүктілік, 24 жаста. Жүктілік мерзімі 38 апта, жедел жәрдем машинасымен жүрек айнуға, қыжылдауға, «кофе қалдығы» тәрізді бірреттік құсуға, айқын әлсіздікке шағымдарымен түсті. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны артта, ұзындығы 2 см, тығыз; цервикальды канал саусақ ұшын жібереді. Қан талдауында — айқын гипопротеинемия, гипербилирубинемия, гиперальбуминемия, гиперлейкоцитоз; АсАТ, АлАТ қалыпты.

Жүкті әйелді жүргізудің ЕҢ тиімді тактикасы қандай?

* Әйелді жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

* Детоксикациялық ем жүргізіп, жүкті әйелді жұқпалы аурулар ауруханасна жіберу

* Детоксикациялық ем тиімсіз болғанда жедел кесер тілігін жасау

* +Жедел түрде Кесер тілігін жасау

* Жедел түрде босануды шақыру және табиғи жолмен босандыру

#950

Жүкті әйел, 31 жаста, анамнезінде персистеуші гепатит, жүктіліктің 32-33 аптасында айқын әлсіздік, басының ауруы, шөлдеу, салмағының азаюы мазалайды. Динамикада жағдайы нашарлай түсті, эпигастрий аймағында ауру сезімі, сарғаю, тахикардия, қанмен құсу, инъекция орнынан қан кету, терінің қышынуы, олигоанурия мазалады. Анализінде: гипопротеинемия, гипербилирубинемия, тромбоцитопения, тромб уақыты және рекальцификация уақытының жоғарылауы анықталды. Ультрадыбыстық зерттеуде – бауыр көлемінің азаюы анықталды.

Осы жағдайда қандай тактиканы қолдануы ЕҢ дұрыс болып табылады?

* Айқын ауру сезімін басып, босануды консервативті жүргізу

* +Консервативті немесе оперативті түрде тез арада босандыру

* Инфузиялық терапия

* Табиғи босану жол арқылы босануды жүргізу

* Тез арада Кесер тілігін жасау

#951

*!Жүкті әйелдердегі бауырдың жедел дистрофиясын емдеудің ЕҢ негізгі принциптері?

* Ерте дезинтоксикациялық ем

*+Диагноз қойылған соң жедел босандыру

* Жүкті әйел диетасында майларды шектеу

* Гепатопротекторлардың үлкен дозасы

* Бауыр трансплантациясы

#952

Жүкті әйел аймақтық дәрігер қабылдауына жалпы әлсіздікке, астан жиренуге, құсуға шағымданып түсті. Бірінші қаралуы жүктіліктің 6 аптасында 2 апта бұрын болған. Жүкті болғалы бері жүкті әйелде таңертеңгі уақытта құсу 10-15 ретке дейін күшейіп, кейін тамақ туралы ойлағанның өзінде пайда болатын болған. Соңғы екі тәулік бойы тамақ ішпейді, су ішкеннің өзі құсуды шақырады. Биохимиялық қан анализінде билирубин және қалдық азоттың жоғары мөлшері анықталды. Зәрде ацетон және белок іздері.

Осы жағдайда қандай тактиканы қолдануы ЕҢ дұрыс болып табылады?

* +Жедел түрде обсервациялық не гастроэнтерологиялық бөлімшеге жатқызу

* Күндізгі стационарды аштыру

* Инфузиялық ем тағайындау

* Реанимацияға жатқызу

* Динамикады бақылау

#953

*!32 жастаға әйел қабылдауға жүктіліктің 32 аптасында терінің қышынуына, тері және склераның сарғаюына шағымданып келді. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-160Ед/л, АСТ-110 Ед/л, жалпы билирубин-67ммоль/л, СФ-340 Ед/л, холестерин-7,9ммоль/л.

Осы жағдайда қандай акушерлік асқыну ЕҢ мүмкін болады?

* +Ұрықтың өлуі, уақытынан бұрын босану

* Баланы уақытынан көп көтеру, қан кету

* Бала жолдасының мезгілінен бұрын бөлінуі, қан кету

* Босанудың әлсіздігі, ұрықтың өлуі

* Уақытынан бұрын босану, баланы уақытынан көп көтеру

#954

*!Жүкті әйел Ж., 31 жаста, дәрігер қабылдауына жүктіліктің 35 аптасында келді. Әлсіздікке, қыжылдауға, тері және склераның сарғаюына шағымданады. Бір апта бұрын ауырған. Бүгін жұтынғанда өңештң ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде: тері және склераның сарғаюы анықтады. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-221Ед/л, АСТ-84 Ед/л, жалпы билирубин-154ммоль/л, СФ-360 Ед/л.

Осы жағдайда қандай асқыну МЕЙЛІНШЕ тән?

* Бүйрек жетіспеушілігі

* Бауыр жетіспеушілігі

* Инфекциялық-токсикалық шок

* +Бауыр-бүйректік жетіспеушілік

* Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі

#955

*!Я. есімді әйел адам, 33 жаста, жүктіліктің 34 аптасында дәрігер қабылдауына келді. Шағымдары: қыжылдау, сарғаю, жұтынғанда өңештің ауру сезімі. Бір апта бойы ауырады, жүрек айну, құсу, кейін оң жақ қабырға тұсы мен эпигастрий аймағындағы ауру сезімінен басталған. Қарап тексергенде: нормотермия, тері және шырышты қабаттың сарғаюы. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-224Ед/л, АСТ-96 Ед/л, жалпы билирубин-144ммоль/л, СФ-260 Ед/л.

ЖҚА қандай өзгерістер мейлінше тән?

* Лейкопения, тромбоцитопения

* Анемия, лейкопения, тромбоцитопения

* +Анемия, лейкоцитоз, тромбоцитопения

* Анемия, лейкоцитоз, нейтрофиллез

* Лейкоцитоз, тромбоцитоз, анемия

#956

*!Жүкті әйелдерде бауырішілік холестаз кезінде биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістердің болуы МЕЙЛІНШЕ тән?

* Аздаған билирубинемия, жоғары АЛаТ

* +Аздаған билирубинемия, жоғары сілтілі фосфатаза

* Гипербилирубинемия, гипоальбуминемия

* Гипербилирубинемия, жоғары АСаТ

* Триглицеридтердің жоғары болуы

#957

*!Жүкті әйел З., 22 жаста, дәрігер қабылдауына жүктіліктің 35 аптасында келді. Жұтынғанда өңештің ауру сезіміне, тері және склерасының сарғаюына шағымданады. Бес күн бойы мазалайды, жүрек айну, құсудан басталған. Қарап тексергенде: тері және склерасының сарғаюы анықталды. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-221Ед/л, АСТ-84 Ед/л, жалпы билирубин-154ммоль/л, СФ-360 Ед/л. Бауырдың жедел майлы дистрофиясы диагнозы қойылды.

ЖҚА қайдай өзгерістер МЕЙЛІНШЕ тән?

* Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

* +Лейкоцитоз, тромбоцитопения

* Лейкопения, тромбоцитопения

* Лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы

* Лейкоцитоз, нейтрофиллез

#958

26 жасар әйел аймақтық дәрігерге жалпы әлсіздікке, астан жиренуге, құсуға шағымданып түсті. Бірінші қаралуы жүктіліктің 6 аптасында 2 апта бұрын болған. Жүкті болғалы бері жүкті әйелде таңертеңгі уақытта құсу 10-15 ретке дейін күшейіп, кейін тамақ туралы ойлағанның өзінде пайда болатын болған. Соңғы екі тәулік бойы тамақ ішпейді, су ішкеннің өзі құсуды шақырады. Биохимиялық қан анализінде гипербилирубинемия және қалдық азоттың мөлшері жоғарылаған. Жүктілердің шамадан тыс құсуы диагнозы қойылды.

ЖЗА қандай өзгерістер МЕЙЛІНШЕ тән?

* Лейкоцитурия, белок іздері

* Протеинурия, лейкоцитурия

* +Кетонурия, белок іздері

* Лейкоцитурия, кетонурия

* Протеинурия, бактериурия

#959

*!Әйел 23 жаста, жүктіліктің 34 аптасында. 1 жүктілік. Әлсіздікке, шаршағыштыққа, қыжылдауға, тері және склерасының сарғаюына шағымданады. 3 күн бойы мазалайды, жүрек айну, құсудан, кейін эпигастрий аймағы мен оң жақ қабырға тұсының ауру сезімінен басталған. Бүгін жұтынғанда өңештің ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде: тері және склераның сарғаюы. ЖҚА: Нв-96г/л, Эр 3,8 х 109/л, Л-25 х 109/л, Тром 150 х 109/л . Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-182Ед/л, АСТ-88Ед/л, жалпы билирубин-132ммоль/л, СФ-300 Ед/л.

Осы жағдайда қандай микроскопиялық сурет МЕЙЛІНШЕ тән?

* Гепатоциттердің гидропиялық және баллонды дистрофиясы

* Қабыну инфильтрациясымен гепатоциттер некрозы

* +Цитоплазмада май тамшысымен гепатоцит ісінуі

* Қабыну инфильтрациясымен гепатоциттер ісінуі

* Жеке гепатоциттердің фокальды некрозы

#960

*!Жүкті әйелде ВГЕ клиникалық көрінісі – бауырлық энцефалопатияның дамуына ЕҢ жиі жатады :

* +Ұйқы инверсиясы, тітіркенгіштік, естің бұлынғырлануы

* Сарғаю, терінің қышынуы, петехия, мұрыннан қан кету

* Асцит, спленомегалия, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, «медуза басы»

* Дене салмағының төмендеуі, құлақмаңы бездерінің ұлғаюы, телеангиоэктазия

* Полиурия, шөлдеу, гипотония, брадикардия

#961

*!Жүкті әйелде «Е» вирусты гепатиттің өршу кезінде бауыр өлшемінің тез азаюы МЕЙЛІНШЕ қандай асқынудың дамығандығын білдіреді:

* Холангиттің

* Созылмалы гепатиттің

* +Жедел бауыр энцефалопатияның

* Өт жолдарының дискинезиясын

* Панкреатитті

#961

*!Босанатын әйел, 22 жаста (бірінші жүктілік, бірінші тез босану) жүктіліктің 39-40 аптасында, босану бөліміне басының ауруына және көрудің нашарлауына шағымданып түсті. Толғақ 40 секунд, әр 5 минут сайын, 12 сағат бойы. АҚҚ 140/100 мм.сын.бағ. 2 сағаттан соң туу толғағы басталып, суы кетті. Босанатын әйелде кентеттен тырысу пайда болды.

Жүктіліктің ағымына әсет еткен ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

* Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

* Преэклампсия

* +Эклампсия

* Көздің тор қабатының қабатталуы

* Эпилепсия

#962

*!Н есімді жүкті әйел, 25 жаста, жүктілік мерзімі 36-37 апта, босану бөлімшесіне 30 мин бұрын, басының ауруына, көрудің нашарлауына шағымданып түсті, кенеттен тырысулар пайда болды. АҚҚ 150/100 мм.сын.бағ. Табан мен балтырда ісіктер. Зәр анализінде - белок 7 г/л, цилиндрлер. Қан анализінде — эритроциттер 2,5 х1012/л, лейкоциттер 21,2 х 109/л.

Жүкті әйелді жүргізудің ЕҢ тиімді тактикасы?

* АҚҚ қалпына келтіріп, жүктілікті сақтап қалу

* +Тез түрде кесер тілігін жасау

* ПОНРП алдын алу

* Тырысу синдромын басу

* Кешенді инфузиялық терапия

#963

*!Жүкті әйел 27 жаста, бірінші жүктілік, жедел жәрдем бригадасымен үйінде болған эклампсиядан соң, босану бөлімшесіне келіп түсті. Жүктілік мерзімі 36—37 апта. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, есі тежелген, АҚҚ 165/100 мм сын.бағ., пульсі 100 минутына, тері жабындысы бозғылт, аяқта айқын ісінулер. Баланың жүрек соғуы естіледі, тұйықталған.

Жүкті әйелді жүргізудің ЕҢ тиімді шаралары қандай?

* Гестоздың кешенді емін жүргізу фонында жүктілікті пролонгациялау

* 3 сағ бойы инфузиялық ем, ары қарай босандыру тактикасын қолдану

* 2—3 сағ бойы кешенді инфузиялық ем және Кесер тілігі

* +Шұғыл түрде Кесер тілігі

* Гестозды емдеген соң, табиғи босану жолы арқылы босандыру

#964

*!26 жасар жүкті әйел, жүктіліктің 36 аптасында. Оң жақ қабырға тұсында үнемі ауру сезіміне, жүрек айнуға, құсуға, бас ауруға, көрудің бұзылуына және тырысуларға шағымданып түсті. Қарап тексергенде – тері және склераның айқын сарғыштануы, аяқта ісіктер анықталды. АҚҚ 170/100 мм сын.бағ. Лабораторлы мәліметтер: ЖҚА - лейкоциттер-17,6 х10 9/л, тромбоциттер-94 х10 9/л, қанның ұю уақыты-3 мин 50 сек-4 мин 12 сек: БАК- АЛТ-284 Ед/л, АСТ-340 Ед/л, билирубин -210 мкмоль/л, тікелей фракция- 96 мкмоль/л: зәрде – протеинурия.

Емдеудің ЕҢ тиімді тактикасы қандай?

* Магнезиальдытерапия

* Тромбоцитарлы масса енгізу

* Гепатопротекторлармен емдеу

* Инфузиялық терапия

* +Жедел түрде босандыру

#965

*!Әйел адам 37 жаста, жүктіліктің 34 аптасында босану бөлімшесіне, эклампсия және HELLP-синдромы дамуымен келіп түсті. Шұғыл түрде Кесер тілігі жасалды. Операциядан кейін 25 сағаттан соң, жағдайы күрт нашарлады: айқын әлсіздік, жүректің соғуы, жүрек айну, оң жақ қабырға тұсының ауру сезімі оң иық пен жауырынға беріледі. Қарап тексергенде: тері жабындысы бозғылт, дене t – 35,80С, АҚҚ-85/50 мм сын.бағ., пульсі жиі, іші қатқыл.

ЕҢ мүмкін болатын асқыну?

* ТІШҚ-синдром

* Инфекциялық-токсикалық шок

* +Бауырдың жедел жарылуы

* Гиповолемиялық шок

* Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

#966

*!Әйел адам 37 жаста, жүктіліктің 34 аптасында босану бөлімшесіне, эклампсия және HELLP-синдромы дамуымен келіп түсті. Шұғыл түрде Кесер тілігі жасалды. Операциядан кейін 25 сағаттан соң, жағдайы күрт нашарлады: айқын әлсіздік, жүректің соғуы, жүрек айну, оң жақ қабырға тұсының ауру сезімі оң иық пен жауырынға беріледі. Қарап тексергенде: тері жабындысы бозғылт, дене t – 35,80С, АҚҚ-85/50 мм сын.бағ., пульсі жиі, іші қатқыл.

Қандай зерттеу әдісін жүргізу ЕҢ тиімді болады?

* Құрсақ қуысының УДЗ

* МРТ

* Биохимиялық қан анализі

* +Диагностикалық лапаротомия

* Коагулограмма

#967

*!Әйел Н., 26 жаста ауыр интоксикация белгілерімен келіп түсті: тахикардия 110 минутына, АҚҚ 90/40 мм.сын.бағ., тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі жабындымен жабылған. Анамнезінен: соңғы менструациясы 6 апта бұрын, құсу тәулігіне 20-25 ретке дейін, тез арықтаған.

Осы жағдайда қандай өзгерістер биохимиялық қан анализіне МЕЙЛІНШЕ тән?

* Гипогликемия, гиперпротеинемия

* Гипопротеинемия, креатининнің төмендеуі

* Диспротеинемия, мочевинаның жоғарылауы

* +Гипо-диспротеинемия, креатинин жоғарылауы

* Гиперпротеинемия, гиперальбуминемия

#968

*!24 жасар әйел аймақтық дәрігерге жалпы әлсіздікке, астан жиренуге, құсуға шағымданып түсті. Бірінші қаралуы жүктіліктің 5 аптасында 3 апта бұрын болған. Жүкті болғалы бері жүкті әйелде таңертеңгі уақытта құсу 15 ретке дейін күшейіп, кейін тамақ туралы ойлағанның өзінде пайда болатын болған. Соңғы екі тәулік бойы тамақ ішпейді, су ішкеннің өзі құсуды шақырады. Биохимиялық қан анализінде гипербилирубинемия және қалдық азоттың мөлшері жоғарылаған.

Осы жағдайда ЖЗА қандай өзгерістер МЕЙЛІНШЕ тән?

* Лейкоцитурия, белок іздері

* Протеинурия, лейкоцитурия

* Лейкоцитурия, кетонурия

* +Кетонурия, белок іздері

* Протеинурия, бактериурия

#969

*!Жүкті әйел 32 жаста, әйелдер кеңесіне жүктіліктің 28 аптасында келді. Тапсырған зерттерулер нәтижесі қалыпты болды. Жүктіліктің 35 аптасында айқын әлсіздік, шаршағыштық, терінің қышынуы алдымен алақанда, кейін бүкіл денесінде, тері және склерасының сарғаюы мазалады. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-136Ед/л, АСТ-95Ед/л, жалпы билирубин-124ммоль/л, СФ-280 Ед/л, холестерин-7,5ммоль/л.

Осы жағдайда қандай препарат ЕҢ тиімді?

* Гептрал

* +УДХҚ

* Гепабене

* Хофитол

* Эссенциале

# 970

*! Жүктілікте диагностикаланған СВГВ кезінде қайсы тактика ең ықтимал дұрыс әдіс ?

* Жүктілікті тез арада үзу

*+ F3 тен аз бауыр ауруларының кезеңі кезінде және вирусты жүктілік HBV ДНК аз 1000000МЕ/мл бала туылғанға дейін терапияны күтуі мүмкін

* ВҚТ пегелированды интерферонды тағайындау

* Вакцинациялау

* Урсодезоксихол қышқылын (гептрал) тағайындау

# 971

*!Жүкті әйел 25 жас,жүктіліктің 20 аптасы . Бірінші HBV-инфекция диагностикаланды, НВeAg-оң,F3 сатысы, ВН 1 500 000 МЕ/мл.

Активті емес процесті вирусты жүктеме НВeAg-позитивті ескере отырып, емдеу тәсілінің ең тиімдісін таңдаңыз:

* жүктіпікті тоқтату

* жүктілікті прологирлеу

*+ жүктілікті прологирлеу, активті және пассивті иммунизация жүргізу

* жүктілік кезінде вирусқа қарсы терапия жүргізу

* әйелді вакцинацинациялау

#972

*!Жүкті әйел 28 жаста, жүктіліктің 12 аптасы. HBV-инфекциясын алғаш диагностикалады, НВeAg-позитивті, стадия F3, ВН 2 000 000 МЕ/мл.

Жоғары вирусты жүктеме НВeAg-позитивті ескере отырып, емдеу тәсілінің ең тиімдісін таңдаңыз:

* Жүкті әйелге пролангирлуге қарсы көрсеткіш болып саналады

* Жүктілікті пролонгирлеу және жүктілік кезінде пегилирлнген интерферондармен ПВТ жүргізу

*+III триместр бойы перинатальді трансмиссияға профилактика жүргізу

* Урсодезоксихоль қышқылын тағайындау

* Әйелдің вакцинациясы

# 973

*!Әйел 27 жаста, жүктілікті жоспарлауда. Соңғы екі жылда әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, минструальді функциясының бұзылуына, рецидивті терілік қышыну, оң қабырға астының ауырлығына, тізе буынының ауыру сезімі, периодтық дене қызуының 38 қа жоғарылауы. Қарап тексеруде: бет, алақан терісі гиперемияланған. Терісінде қасынған іздер, склера иктеридті, кудеде, мойнында — қантамырлық жұлдызшалар, балтырында геморрагиялық бөртпелер.

Пульс 88 мин, ритмді А/Қ=120/80 мм сын.бағ. Тондары анық. Өкпенің барлық бетінде тыныс везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, оң қабырғаастында әлсіз ауыру сезімі.Бауыр оң қабырғаастынан 5 сантиметрге шығыңқы,жиегі ауыру сезімді,тығыз-эластикалық консистенция. Көкбауыр ұлғаймаған .

Қайсысы Диагнозды анықтауға ең ықтимал әдіс?

* Биохимиялық қан анализі

* іш қуысының УДЗ

*+вирусты гепатиттердің диагностикалық маркері ИХА

* Жалпы қан анализі

* Өт пигменттеріне зәр анализі

# 974

*! Әйел 23 жас, жүктіліктің 12 аптасында скрингті әдіспен HbsAg анықталды. Науқаста ешқандай шағымы жоқ, өзін жақсы сезінеді. Қарап тексергенде: тері жабындылары қалыпты түсті, тілінде ақ түсті қақтар бар. Іші жұмсақ, ауыры сезімсіз. Бауыры қабырға доғасынан 1,0 см шығыңқы, консистенциясы тығыз, жиегі дөңгелек, ауыру сезімсіз. Көкбауыры пальпацияланбайды. ЖҚА: Нв-100г/л, эритроцит-3,9 х 1012/л, лейкоцит-9,2 х 109/л, тромбоцит-180 х 109/л,ЭТЖ-25мм/сағ. БХА: АЛТ- 30Ед/л, АСТ-40Ед/л, жалпы билирубин-18ммоль/л, жалпы белок-65г/л, глюкоза-3,2ммоль/л, СФ-240 Ед/л. ПЦР+оң., ВЖ – 1 500 000МЕ/мл

Диагноз: Созылмалы вирусты гепатит В, HBeAg - теріс, минимальды биохимиялық активтілікте .

Жүкті науқасқа қандай тактика жүргізу ең ықтимал?

* Жүктілікті үзу

*+Жүктілікті созу, АН тағайындау

* Жүктілікті созу, пегилированды интерферон-альфа тағайындау

* Кесар тілігін тағайындау

* Емізу қарсы көрсетілген

#975

*!Жүкті әйелдердегі созылмалы HBV кезінде вирусқа қарсы терапия тағайындауға ең ықтимал көрсеткіштер?

* Созылмалы HBV-инфекция бауырдың компенсирленген жағдайы

* Қарсы көрсетіледі, себебі жүкті

* Жүктіліктің I триместрінде

*+Жүктіліктің I I триместрінің аяғында,Вируты жүктемелік тексеруден кейін, перинотальды трансмиссия профилактикалық мақсатта

* Пегилированды интерферон альфа препарат тағайындау

#976

*! Науқас 24 жас ВГВ, жүктілік 32 апта.

Биохимия: АЛТ – 0,64 ммоль/л. АСТ – 0,47 ммоль/л. Билирубин – 22,25 мкмоль/л.

HBsAg – оң, anti HBs – теріс., antiHBc IgM – оң., antiHBc IgG – оң., HBeAg – теріс., anti HBe – оң. ПЦР HBV ДНК – 106 көшірме/мл.

Жүктілік пен босануды жүргізу ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы ?

*+Табиғи босану,босануға дейін телбивудин

* Табиғи босану, босанғаннан кейін телбивудин

* Толғақсыз босану (қысқыш), босану кезінде амивудин

* Кесар тілігімен босану, босанғаннан кейін интерферон

* Кесар тілігімен босану, босанғаннан кейін адефовир

#977

*!Әйел 20 жас, жүктіліктің 16 аптасы, тез шаршау, әлсіздік, лоқсу, оң қабырға астындағы ауру сезімі, зәрінің күңгірттенуіне шағымданып терапевтке келді. Анамнезінен: инъекциялық наркотиктерді 1 жыл бойы қабылдайды.

Клинико-лабораторлық тексерістерге сүйене отырып созылмалы гепатит С, орташа биохимиялық активтілікте, анықталған. ИХА – anti HCV total, ПЦР – сапалы.оң., ВН 2000000 МЕ/мл.

Науқасқа қандай ем шараларын жүргізу ең ықтимал?

* Жүктілікті үзу

*+Динамикалық бақылаумен жүктілікті созу

* ВҚТ – пегилированды интерферон альфа + рибавирин тағайындау

* Кесар тілігімен босану,босанғаннан кейін адефовир

* Созылмалы HCV-инфекциясы емізуге қарсы көрсеткіш

#978

*!Әйел 28 жас, жүктілік 36 апта. Әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, лоқсу, құсу, сол қабырға доғасының астында сыздап ауру сезіміне, буындарының ауруына, дене t 37,5º көтерілуіне шағымданады. Анамнезінен: бір жыл бұрын аяғының сынығына операция жасалған.

Объективті: тері жабындылары және шырышты қабаты сарғайған, t=37,8 º. Іші жұмсақ, оң қабырға асты пальпациялағанда ауру сезімді, бауыры +2,0 см. жиегі домалық,тығыз консистенциялы.

Клинико-лабораторлық тексерістерге сүйене отырып қойылған диагноз: Созылмалы вирусты гепатит В,биохимиялық активтілігі өте төмен, анықталған ИХА HBsAg +, anti HBcor Ig total, anti HBeIg M, ПЦР –сапалы.оң., саны.- 1600 МЕ/мл

Науқасқа жүргізу керек ең дұрыс тактика?

* Амбулаторлы динамикалық бақылау

* Стационарға жедел госпитализация, ары қарай босандыру

*+ Стационарға жедел госпитализация, жүктілікті созу

* Жүктілік кезінде интерферондарды тағайындау

* Кесар тілігімен босандыру, босанғаннан кейін интерферон

#979

*!Бауыр аурулары жүктілікке дейін болмаған, жүктілік кезінде созылмалы вирусты гепатит HВV-инфекция, F3 аз сатысы және жоғары ВН HВV ДНК (1 000 000 МЕ/мл) әсіресе HBeAg- оң статусында,ең ықтимал тактика:

* Вирусқа қарсы терапия пегилированды интерферон альфа 48 апта ішінде

* Тенофовир тағайындау немесе телбивудин (АН) перинатальды трансмиссия профилактика мақсатында

*+Препарат босанғаннан кейін 12 аптаға созу, көрсеткіш бойынша ВҚТ

* Вирусқа қарсы терапия қарсы көрсетіледі

* Босанғаннан кейін 48 апта ішінде препаратты жалғастырады

# 980

*!Жүкті әйел 4-5 апталық дене қызуының жоғарылауына байланысты парацетамол қабылдағаннан кейін 12 сағаттан соң жүрек айну мен құсу пайда болды. Екінші тәулікте жағдайы жақсарып, дегенмен келесі күні, оң жақ қабырға тұсында ауру сезімі мен сарғаю пайда болды. Биохимиялық қан анализінде – АЛТ 41 Е/л, АСТ 98 Е/л, ПТИ 70%.

Аурудың бастапқы симптомдарында ЕҢ тиімді қандай шұғыл іс-шаралар жүргізу қажет?

* +Асқазанды жуу

* Вирусқа қарсы препараттарды қабылдау

* Құсуға қарсы препараттарды қабылдау

* Спазмолитиктер қабылдау

* УДХҚ қабылдау

# 981

*!Жүктілікті жоспарлап жатырған әйелде 20 жыл бұрын HCV инфекция анықталған. Қарап тексергенде бауыр интоксикация симптомдары, сарғаю жоқ. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см ұлғайған, тығыз консистенциялы. Көкбауырдың төменгі полюсы пальпацияланады. ЭФГДС-да өңеш венасының 1-2 дәрежелі варикозды кеңеюі анықталды.

Асқынулар дамуының алдын алу үшін ЕҢ тиімді алдын алу шаралары?

* Викасол тағайындау

* Эссенциальды фосфолипидтерді қабылдау

* +Өңештің варикозды кеңейген веналарын лигирлеу

* Қан құю

* Бауыр трансплантациясы

#982

*!Жүкті әйел жүктіліктің 10 аптасы, анамнезінде аутоиммунды бауыр циррозы, өңеш веналарының 2-3 дәрежелі варикозды кеңеюімен асқынған.

Асқынулар дамуының алдын алу үшін ЕҢ тиімді алдын алу шаралары?

* Викасол тағайындау

* Өңештің варикозды кеңейген веналарын лигирлеу

* +β- адреноблокаторлар тағайындау

* Коллоидты ерітінділерді енгізу

* Дезинтоксикация

# 983

*!18 апталық жүкті әйел анамнезінде терінің қышынуымен көрініс беретін бауыр ауруы бар, биохимиялық қан анализінде сілтілі фосфатаза активтілігі 450Е/л, жалпы билирубин 39,5 мкмоль/л, АЛТ 48 Е/л, антимитохондриальды антиденелер анықталды.

Қандай терапияның тағайындау ЕҢ тиімді?

* Пегилирлеген интерферондар

* Глюкокортикостероидтар

* +Урсодезоксихоль қышқылы

* Азатиопринрин

* Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

# 984

*!Жүкті әйел 4-5 апталық дене қызуының жоғарылауына байланысты парацетамол қабылдағаннан кейін 12 сағаттан соң жүрек айну мен құсу пайда болды. Екінші тәулікте жағдайы жақсарып, дегенмен келесі күні, оң жақ қабырға тұсында ауру сезімі мен сарғаю пайда болып, әлсіздік үдей түсті, теріде геморрагиялар пайда болды. Биохимиялық қан анализінде – АЛТ 60 Е/л, АСТ 120 Е/л, ПТИ 50%.

Қандай препараттар емдеуде ЕҢ тиімді?

* Адеметионин

* Урсодезиксохоль қышқылы

* +Лактулоза

* Глюкокортикостероидтар

* Эссенциальды фосфолипидтер

#985

*!9 апталық анамнезінде бауыр циррозы бар жүкті әйел «кофе қоюы» тәрізді құсуға шағымданды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, бозғылт. Есі анық. Жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ, пульсі 90 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 2,0см ұлғайған, көкбауыры 1,0 см ұлғайған. ЭФГДС кезінде өңеш венасының 3 дәрежелі кеңеюі.

Жүкті әйелді жүргізудің ЕҢ дұрыс әдісі?

* Гемостатикалық препараттарды қабылдап, жүктілікті сақтап қалу

* Зонд арқылы қанды тоқтатып, жүктілікті сақтап қалу

* +Өңеш веналарын лигирлеу және жасанды жүктілікті үзу

* Өңеш веналарын лигирлеу және жүктілікті сақтап қалу

* Гемостатикалық препараттарды қабылдап, жасанды жүктілікті үзу

#986

*!Бауыр циррозы бар 26 апталық жүкті ЭФГДС жасағанда өңеш веналарының 2 дәрежелі кеңеюі анықталды.

Жүкті әйелді жүргізудің қандай әдісі ЕҢ тиімді болып табылады?

* 26 аптада жасанды босандыру

* Тез босандыру

* +28 аптадан кейін Кесер тілігі

* 28 аптада босандыру

* 36 аптадан соң Кесер тілігі

#987

*!24 апталық жүкті әйел эпилепсияға байланысты вильпроат натрий қабылдайды. Жағдайы жақсы, шағымы жоқ, бірақ биохимиялық қан анализінде АЛТ 54 Е/л, АСТ 58 Е/л, жалпы билирубин 17,0 мкмоль/л.

Жүкті әйелді жүргізудің қандай әдісі ЕҢ тиімді болып табылады?

* Асқазанды жуып, жүктілікті сақтап қалу

* Коллоидты препараттармен инфузия, жүктілікті сақтап қалу

* 24 аптада жасанды босандыру

* +Урсодезоксихоль қышқылын тағайындап, жүктілікті сақтап қалу

* 28 аптаден кейін Кесер тілігі

#988

*!9 апталық анамнезінде бауыр циррозы бар жүкті әйелде кенеттен «кофе қоюы» тәрізді құсу пайда болды, ЭФГДС жүргізгенде өңеш венасының 3 дәрежелі кеңеюі анықталды.

Жүкті әйелде қанды тоқтатқаннан кейін жүргізудің қандай әдісі ЕҢ тиімді болып табылады?

* Жүктілікті сақтап қалу, тез босандыру

* Жүктілікті сақтап қалу, 28 аптадан соң Кесер тілігі

* +Жүктілікті үзу

* Жүктілікті сақтап қалу, 28 аптадан соң акушерлік щипцімен босандыру

* Жүктілікті сақтап қалу, 28 аптада табиғи жолмен босандыру

#989

*!Жүкті әйел жүктіліктің 10 аптасында, іші ұлғайып, аяқтарында ісіктер пайда болды. Анамнезінде бауыр циррозы бар. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, аздаған сарғаю анықталады. Есі анық. Жүрек тондары тұйқталған, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ, пульсң 78 врет минутына. Іші қатты. Бауыры қабырға доғасынан 3,0см ұлғайған, көкбауыры 2,0 см ұлғайған. Биохимиялық қан анализінде АЛТ 55,5Е/л, АСТ 48,4Е/л, жалпы билирубин 68 мкмоль/л. альбумин 28 г/л.

Жүкті әйелді жүргізудің қандай әдісі ЕҢ тиімді болып табылады?

* Жүктілікті сақтап қалу, тез босандыру

* Жүктілікті сақтап қалу, 28 апт адан соң Кесер тілігі

* +Жүктілікті үзу

* Жүктілікті сақтап қалу, 28 аптадан соң акушерлік щипцімен босандыру

* Жүктілікті сақтап қалу, 28 аптада табиғи жолмен босандыру

# 990

*!Жүкті әйел жүктіліктің 4-5 аптасында дене қызуының жоғарылауына байланысты парацетамол қабылдағаннан кейін 12 сағаттан соң жүрек айну мен құсу пайда болды. Келесі күні парацетамолды тоқтатқанмен, дезинтоксикациялық ем жүргізгенге қарамастан, оң жақ қабырға тұсында ауру сезімі мен сарғаю пайда болып, әлсіздік үдей түсті, есі тежеліп, теріде геморрагиялар пайда болды. Биохимиялық қан анализінде – АЛТ 420 Е/л, АСТ 1020 Е/л, ПТИ 50%.

Қандай препараттар емдеуде ЕҢ тиімді болып табылады?

* Дезинтоксикациялық емді жалғастыру

* Емге глюкокортикостероид қосу

* +MARS терапия

* Гемосорбция жүргізу

* Гемодиализ жүргізу

#991

*!Жүкті әйелге жүктілік кезінде жүктіліктің үзілу қаупі бар кезде дюфастон (дидрогестерон) тағайындалған. Дюфастонды қабылдаған соң 2 аптадан кейін терінің қышынуы, трансаминазалар деңгейі жоғарылады (АЛТ – 85 ед/л, АСТ – 47 ед/л).

Жүкті әйелді жүргізудің қандай әдісі ЕҢ тиімді болып табылады?

* Жүктілікті үзу

* Препарат қабылдауды жалғастыру

* Препарат қабылдауды жалғастыру, емге УДХҚ қосу

* +Препаратты тоқтату

* Дезинтоксикациялық ем жүргізу

#992

*!35 жастағы әйел полиурия мен ауыз қуысының құрғауына шағымданды.Бұған дейін шағымдары болмаған. Жүктіліктің 29 аптасы.Гинекологта есепте тұр.Анамнезінде 3жыл бұрын өлі туылған ұрық.

Қандай диагностика қажет?

*+Қандағы глюкозаны өлшеу

* Биохимиялық анализ

* Диагностика қажет емес

* Қандағы креатининді өлшеу

* Бүйректің УДЗ

#993

*!40 жастағы әйел жүктіліктің 13 аптасында, әйелдер консультациясына учетқа тұр. Шағымдары жоқ .Анамнезде: 25 жастан бастап 5 темекіден күніне шегеді, шарап ішпейді. Созылмалы гастритпен, панкреатитпен ауырады. Объективті үлкен салмақты ИМТ 35.

Қандай қосымша ауру пайда болуы мүмкін?

*+Гестациялық диабет

* Артериалды гипертензия

* Жүректің ишемиялық ауруы

* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

* Асқазанның ойық жарасы

#994

*! 35 жастағы жүкті әйел, жедел түрде қабылдау бөлмесіне түсті.есі нашар, сұрақтарға жауап бермейді.Туысқандардың айтуы бойынша бас ауруына, ыстықтау сезімге, қолдардың дірілдеуіне, терлеуге,аштық сезімге шағымдары болған.Емханаға гестациондық диабет диагнозы қойылды.

Қандай асқыну науқаста пайда болды?

* Кетоацидотиялық кома

*+Гипогликемиялық кома

* Геморрагиялық кома

* Гиперосмолярды кома

* Лактоцидотиялық кома

#995

*! 40 жастағы әйел жүктіліктің 13 аптасында, әйелдер консультациясына учетқа турды. Шағымдары жоқ .Анамнезде: 25 жастан 5 темекіден күніне шегеді, шарап ішпейді. Созылмалы гастритпен, панкреатитпен ауырады. Объективті үлкен салмақты ИМТ 35.

Қандай диета қажет?

* №1

* №5

*+№9

* №15

* №7

#996

*!29 жастағы әйел жүктіліктің 12 аптасында, әйелдер консультациясына учетқа турды.. Шағымдары жоқ .Анамнезде: 25 жастан 5 темекіден күніне шегеді. Созылмалы гастритпен, панкреатитпен ауырады. Объективті үлкен салмақты ИМТ 35.

Айтуы бойынша атасында қантты диабеттін 2 типі.

Қандай ауру пайда болуы мүмкін?

* Қантты диабет 1 типі

* Жүктілердін майлы гепатозы

*+Гестациондық диабет

* Қантсыз диабет

* Қант диабеті 2 типі

#997

*!37 жастағы әйел полиурия мен ауыз қуысынын құрғауына шағымданды.Бұған дейін шағымдары болмаған. Жүктіліктің 29 аптасы.Гинекологтын учетында тұр.Анамнезінде 3жыл бұрын өлі туылу.

Қандай ем қажет?

*+Диетотерапия

* Электро ұйқы

* Емдеу қажет емес

* Гипокситерапия

* Индуктотермия

#998

*!30 жастағы жүкті әйелде екі рет гиепергликемия байқалды,қандағы қант 11,2 ммоль/л, 13,8. Жүктіліке дейін қанттын көтерілуі байқалмаған.Анамнезде: аналық жасушасының поликистозі бойынша ота жасалды.

Қандай ем керек?

* Емдеудің керекгі жоқ

* Сульфонилмочевинаның туындылары

* Бигуанидтер

*+Аз уақыт әсер ететін инсулин

* Инкретины

#999

*!40 жастағы әйел жүктіліктің 13 аптасында, әйелдер консультациясына учетқа турды. Шағымдары жоқ .Анамнезде: 25 жастан бастап 5 темекіден күніне шегеді, шарап ішпейді. Созылмалы гастритпен, панкреатитпен ауырады. Объективті үлкен салмақты ИМТ 35.

Қандай ем керек?

*+Диетотерапия

* Электросон

* Емдеудің керегі жоқ

* Гипокситерапия

* Индуктотермия

#1000

*!35 жастағы әйел жүктіліктің 13 аптасында, әйелдер консультациясына учетқа турды. Шағымдары жоқ .Анамнезде: 25 жастантан бастап 5 темекіден күніне шегеді, шарап ішпейді. Созылмалы гастритпен, панкреатитпен ауырады. Объективті үлкен салмақты ИМТ 35.

Құрсақтағы балаға қандай асқыну пайда болуы мүмкін?

*Гидроцефалия

*Туа біткен аурулары

*+бауыр мен көкбауырдың үлкейуі

*бүйректер агенезиясы

*Ахондроплазия

#1001

*!34 жастағы жүкті әйел, жедел түрде қабылдау бөлмесіне түсті, есі нашар, сұрақтарға жауап бермейді.Туысқандардың айтуы бойынша бас ауруына, ыстық сезімге, қолдардың дірілдеуіне, терлеуге,аштық сезімге шағымдары болған. Анамнезінде 2 жүктілік, 1өлі туылу, 2 –үлкен салмақты нәресте.Үлкен салмақты әйел.

Қандай асқыну пайда болуы мүмкін?

*Кетоацидоздық кома

*+Гипогликемиялық кома

*Геморрагиялық кома

*Гиперосмолярлық кома

*Лактоцидоздық кома

#1002

*!32 жастағы әйелде, жүктілік кезінде екі рет гипергликемия байқалды, қандағы қант 15,2 ммоль/л, 14,8. Жүктілікке дейін қанттың көтерілуі байқалмаған. Бірнеше күнде терісінің құрғауына, полиурияға, шөлдеуге, тәбетінің жоғалуына, құсуына, аузынан иіс шығуына шағымданды.

Қандай асқыну пайда болуы мүмкін?

*+Кетоацидоздық кома

*Гипогликемиялық кома

*Геморрагиялық кома

*Гиперосмолярлық кома

*Лактоцидоздық кома

#1003

*!Жүктілерде НШЖИ-сын емдегенде ҚАЙ топтың антибиотиктері ұрық үшін ең қауіпсізі болып табылады?

*Уросептиктер

*Макролидтер

*Фторхинолондар

*+Цефалоспориндер

*Аминогликозидтер

#1004

*!Жүктілерде бүйректің жедел зақымдалуының дамуының қандай себептері МЕЙІЛІНШЕ жиі кездеседі?

*Реналдық

*Ареналдық

*+Пререналдық

*Постреналдық

*Кездеспейді

#1005

*!Жүктілерде несеп шығару жолдарының инфекциясына күдік туғанда жалпы несеп талдауымен қатар, міндетті түрде жасалатын ЕҢ незізгі зерттеу түрін көрсетіңіз:

*Амбурже сынамасы

*Зимницкий сынамасы

*Нечипоренко сынамасы

*Аддис-Каковский сынамасы

*+Флораға сезімталдығын анықтай отырып несепті бактериологиялық егу

#1006

*!25 жастағы жүкті әйел, 2 жүктілік, 24 апта. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 390С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, несебінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан талдауында: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Несеп талдауында: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – тұтастай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран.

Мына зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ бірінші жасау керек?

*Бүйрек биопсиясы

*Цистография, бүйрек УДЗ-і

*Цистоскопия, бүйрек УДЗ-і

*+Несепті бактериологиялық егу, бүйрек УДЗ-і

* Тұрып жасалынған экскреторлық урография

#1007

*!20 жасар жүкті әйел, жүктіліктің 29-30 аптасы, беліндегі ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: температура 36,0◦С, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды. Зертханалық талдаулар: қанда Нв 122 г/л, Ле 7,8х109 г/л; Несепте: белок – жоқ, менш.салм. 1016, эпителий 8-10 к/а, лейкоциттер бірен-саран, эритроциттер 0-1 к/а, ШСЖ 130 мл/мин. Бүйрек УДЗ: өлшемдері ОБ 11х3,5, СБ 11,5х3,9 см, оң жақтағы АТЖ көбірек кеңейген.

Бүйрек УДЗ-індегі ЕҢ тән көрсеткіштерді бағалаңыз.

*+Физиологиялық өзгерістер

*Несеп жолдарының туа біткен ақауы

*Созылмалы пиелонефриттің белгілері

*Несеп-тас ауруын білдіреді

*Жедел пиелонефритті көрсетеді

#1008

*!Егер жүкті әйелде несеп шығару жолдарының инфекциясының клиникалық белгілері жоқ, ал несебінде лейкоциттердің саны көру аймағында 7-8-ден асатын болса,

ЕҢ тиімді не істеу керек?

*Фурагин тағайындау

*Бүйрек УДЗ және урологтың кеңесі

*Экскреторлық урография жасау

*Тез арада цефтриаксон б/е

*+Несепті қайталап тексеріп, бак.себу жасау

#1009

*!23 жасар жүкті әйел. Жүктіліктің 26-28 аптасы, жедел гестациялық пиелонефрит диагнозы қойылды. Жүктілік уақытында жедел гестациялық пиелонефриттің дамуына ықпал ететін ЕҢ маңызды фактор:

*Туыт саны

*Төмендеген иммунитет

*+Уродинамиканың бұзылысы

*Жүктілік саны

*Инфекция ошақтарының болуы

#1010

*!Жүкті әйел, жүктіліктің 30 аптасы. Клиникаға температурасының 39С дейін жоғарылауымен, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып түсті. Тексергенде: қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; ОАМ: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтастай, бактерия +++.

Несептің жалпы талдауының ЕҢ дұрыс бағалауы?

*+Жедел гестациялық пиелонефрит, цефтриаксон б/е тағайындау керек

*Жүктіліктің үшінші триместрі үшін барлық көрсеткіштер дұрыс

*Симптомсыз бактериурия, зиннат p/os

*Жедел цистит, фосфомицин p/os

*Вульвовагинит, сыртқы жыныс мүшелерін санациялау

#1011

*!Әйел 25 жаста, жүктілік 13 апта. Шағымдары: жиі ауру сезімімен несеп шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚТ өзгеріссіз, ЖНТ-да – Лейк 20-30 к/а, бактериялар +++.

Қай топтың препараттарын тағайындау ЕҢ дұрыс болып табылады?

*Макролидтер

*Карбапенемдер

*Сульфаниламидтер

*Аминогликозидтер

*+Цефалоспориндердің 2-3 буыны

#1012

*!Перзентхананың санбақылау бөліміне 28 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас ауыруы, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Жақында ауырған. Үшінші жүктілік. Анамнезінде босану, жатыр қабынуымен асқынған мед.түсік болған. Осы жүктіліктің ағымы қанағаттандырарлық. Қарағанда: тері қабаттары таза, бозғылт, ыстық. Т 38°С, пульсы 88 минутына, АҚҚ 120/80, 120/85 мм с.б. Іші жұмсақ, жатыр тонусы қалыпты, 27 апта жүктілік мерзіміне сай келеді. Несеп бөлуі ауру сезімінсіз. Несеп талдауы: лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңын тұтасымен алып жатыр, оксалаттар.

Қандай антибактериалды препаратты тағайындаған ЕҢ тиімді болып табылады?

*Монурал 3 г/тәул., p/os

*Сумамед 500 мг/тәул. p/os

*+Цефтриаксон 1г/тәул., венаға

*Гентамицин 80 мг/тәул., б/е

*Ципрофлоксацин 500 мг/тәул., венаға

#1013

*!Перзентханаға бірінші жүктілікпен 20 жастағы науқас жеткізілді, түскендегі шағымдары: ұйқысының бұзылуы, шөлдеу, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі. Бірнеше рет құсқан. Қарағанда: бойы 166 см, салмағы 83 кг. Терісі біршама бозғылт, беті домбыққан, алдыңғы құрсақ қабырғасы мен аяқтарында ісіну анықталады. Пульсі минутына 92 рет. АҚҚ 175/115, 180/110 мм с.б. Жүктіліктің 36-37 апта мерзіміне сай жатыры ұлғайған, пальпациялағанда тонусы жақсарады. Зерттегенде: Нв 80 г/л, Тр 134 мың, креатинин 220 мкмоль/л, ЖЗА: белок 1,65 г/л.

Бірінші кезекте ЕҢ ЖИІ қандай тактика қолданылады?

*+Шұғыл босандыру

*Препараттар санын көбейту

*Қолданылып жүрген препараттар мөлшерін көбейту

*Босану мерзімі жеткенше жүктілікті созу

*Науқасты өкпенің жасанды желдетуіне ауыстыру

#1014

*!18 жасар жүкті әйел, 10 апта, ісінулерге, несебінің түсінің өзгеруіне және несеп бөлудің сиреуіне шағымданады. Анамнезінен: осының алдында ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: балтыры аздап ісінген, тығыз, АҚ 140/80 мм с.б., макрогематурия, 1 тәулікте 600 мл несеп бөлген. Зертханалық тексеру: Қанда Нв 120 г/л, лейкоциттер 10х109 г/л, ЭТЖ 34 мм/сағ., белок 60 г/л, креатинин 120 мкмоль/л, мочевина 8,9 ммоль/л, холестерин 3,2 ммоль/л, калий 4,0, натрий 139 ммоль/л; Несепте белок 1,8 г/л, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер - тұтастай.

Қандай емдеу тактикасы ЕҢ дұрысы болып табылады?

*Монотерапия преднизолонмен

*Преднизолон мен гепарин

*Дезинтоксикациялық ем, плазма

*Преднизолонды цитостатикпен біріктіріп

*+Тұзсыз емдәм, симптоматикалық ем

#1015

*!20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін жоғарылауына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті несетің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Несеп талдауында: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – бірден оң нәтиже берді.

Жүктілікке қатысты қай болжам МЕЙІЛІНШЕ сәйкес келуі мүмкін?

*Жүктілікті сақтауға қатысты қолайлы

*Ұрықтың құрсақішілік дамуының кідіруі болуы мүмкін

*+Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі

*Ауыр нефропатия дамуының жоғарғы қаупі

*Жүктіліктің 20-22 аптасына дейін белгісіз

#1016

*!Жүктілік мерзімі 20 апталық 34 жастағы жүкті әйелде нефротикалық синдроммен, мембраноздық нефропатия диагнозы қойылды. ЕҢ ықтимал асқынуы қандай?

*Ремиссияның болмауы

*Спонтандық ремиссия

*+Бүйрек веналарының тромбозы

*Артериалдық гипертензия

*Тубулоинтерстициалдық нефрит

#1017

*!Жүктіліктің 15-16 аптасындағы 23 жастағы жүкті әйел бетіндегі, аяқтарындағы, бел аймағындағы айқын ісінулерге, АҚҚ 185/115 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданды. Бұл шағымдары баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң көріне бастады. Ауру басталғаннан кейін 3 күн өткен соң ентігу, көпіршікті қақырықпен жөтел, жүректің соғуы, бас ауруы пайда болды. Аускультацияда өкпеде – көптеген ұсақкөпіршікті сырылдар. ЭКГ-да – жүректің оң жақ бөліміндегі систолалық жүктеме белгілері. Несеп талдауында: эритроциттер жаппай, белок – 4,2 г/л, гиалинді цилиндрлер.

Бұл көріністер ЕҢ мүмкін болатын қандай асқынуларды көрсетеді?

*+Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздікті

*Жедел тыныс жеткіліксіздігін

*Бүйректің жедел жеткіліксіздігін

*Пневмонияның қосарласуын

*Жедел дистресс-синдромды

#1018

*!Жүкті әйел 36 апта. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Ісіктер пайда болуына, несептің түсінің ет түсіндей өзгеруіне, АҚ жоғарылауына байланысты қаралды. Қарау кезінде жағдайы ауыр, анасаркаға дейін ісіну, АҚ 160/100 мм с.б., макрогематурия. Зертханалық: жалпы белок 40 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. ШСЖ=53 мл/мин. ЖЗА-де белок 6 г/л, Ле 5-6 к.а, Эр жаппай к.а. Динамикада ісінуі ұлғая түсті, АҚ 200/120 мм с.б. дейін жоғарылауы байқалды. Талдауларында: креатинин 280 мкмоль/л-ге, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін жоғарылады. ШСЖ=28 мл/мин.

ЕҢ тиімді емдеу тактикасын атаңыз:

*Диуретиктерді тағайындау

*Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

*Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

*Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

#1019

*!22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Несеп талдауынде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң.

ЕҢ мүмкін болатын жүктілікке қатысты болжам қайсы?

*+Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы

*Жүктілік өздігінен үзілуі мүмкін

*Құрсақішілік ұрық дамудың кідіруі мүмкін

*Жүктілер нефропатиясы дамуының жоғары қаупі

*Ауыр токсикоз дамуының жоғары қаупі

#1020

*!Жүктіліктің 31-32 аптасындағы 19 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін таңертеңгі уақытта бетінің ісінуіне, белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 37,50С дейін жоғарылауына шағымданды. Қарағанда: соңғы аптада 1 кг салмақ қосқан, беті, балтыры ісіңкі, АҚҚ – 90/60 мм с.б. Зертханалық: ж. белок 34 г/л, альбумин 18 г/л, креатинин 90 мкмоль/л, холестерин 9,9 ммоль/л. ЖЗА: белок 3,6 г/л, лейкоциттер 2-4 к/а, эритроциттер 0-2 к/а.

Қандай ары қарайғы жүргізу тактикасы коллаптоидтық жағдай және тромбоэмболиялық асқынулардың дамуын ЖИІ күшейтіп жіберуі мүмкін?

*+Диуретик тағайындау

*Преднизолон тағайындау

*Жоғалған белок орнын толтыру

*Антикоагулянттар тағайындау

*Тұзды шектен тыс қабылдау

#1021

*!27 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 20-22 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, протеинурияның біртіндеп жоғарылауы байқалады 0,33 г-нан 5 г/л дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қанында – креатинин 55 мкмоль/л. Қарап тексергенде: АҚҚ 110/80 мм сбб. УДЗ-де ұрықтың өлшемдері гестация мерзіміне сай.

Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

*Преднизолон тағайындау

*+АҚҚ мен креатининді бақылап отыру

*Циклоспорин тағайындау

*Босандыру

*Диклофенак натрий тағайындау

#1022

*!22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі 140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, несебінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады.

Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

*Моноприл тағайындау

*Гемосорбция жүргізу

*Преднизолон тағайындау

*Циклоспорин тағайындау

*+Босандыру

#1023

*!19 жастағы жүкті әйелде айқын ісіну, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия, несебінде протеинурия 1,5 г/л анықталған жағдайда нефротикалық синдромның критерийлерін толықтыру үшін тағы қандай қосымша тексеру жүргізу керек?

*Бүйрек УДЗ

*Коагулограмма

*Липидтер фракциясы

*+Тәуліктік протеинурия

*Несеп тұнбасының микроскопиясы

#1024

*!Босануға дейінгі бөлімшеге 25 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: шөлдеу, ентігу, аяқтарының ісінуі, жиі несеп бөлу. Анамнезінде: қызылша, баспа, тұмаумен ауырған. Қант диабетіне байланысты 4 жыл эндокринологта есепте тұрады. Күнделікті инсулин қолданады, қандағы қант 10-15 ммоль/л деңгейінде сақталынып тұрады. Бірінші жүктілік, 35 апта. Қарағанда: бойы 165 см, салмағы 92 кг. Аяғында, алдыңғы құрсақ қабырғасында ісіну анықталады. АҚҚ 120/80, 115/70 мм с.б. Талдауларында: креатинин 70 мкмоль/л, несебінде: 1012, белок 0,66 г/л, лейкоциттер 10-12 к.а., эритроциттер 5-6 к.а.

ЕҢ тиімді жүргізу тактикасын таңдаңыз?

*Босандыру үшін ауруханаға жатқызу

*Амбулаторлы жағдайда бақылау

*Несептегі кетон денелерінің деңгейін анықтау

*+Ауруханаға жатқызу, 37 апта толғанда босандыру

*Амбулаторлы жағдайда инсулин мөлшерін коррекциялау

#1025

*!Жүкті әйел 23 жаста, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефрит диагнозымен бақылауда болған. Жүктіліктің 1-ші жартысында АҚҚ қалыпты болған, ЖЗА-де белок – 0,1-іздері. Қарау кезінде ісінулер байқалады, АҚ 160/100 мм с.б., Биохимилық қан талдауынде: жалпы белок 60 г/л, креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 8 ммоль/л, холестерин 5,6 ммоль/л. ЖЗА-де белок 2,5 г/л, лейкоциттер 5-6 к.а, эритроциттер 15-20 к.а.

ЕҢ дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз?

*Диуретиктер тағайындау

*Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

*Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

*Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

#1026

*!Әйел 22 жаста, люпус-нефриттен зардап шегеді. Жүктіліктің 12-ші аптасында анти-ДНҚ антиденелердің анықталуымен аурудың өршуі орын алды.

Асқынулардың қайсысы ұрық үшін ЕҢ қауіптісі болып табылады?

*Түсіктер

*Шала туылу

*Мерзімінен асып туылу

*Құрсақ ішілік дамудың кідірісі

*+Ұрықтың құрсақішілік өлімі

#1027

*!Жүкті әйел 23 жаста, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефрит диагнозымен бақылауда болған. Жүктіліктің 1-ші жартысында АҚҚ қалыпты болған, ЖЗА-де белок – 0,1-іздері. Қарау кезінде ісінулер байқалады, АҚ 160/100 мм с.б., Биохимилық қан талдауынде: жалпы белок 60 г/л, креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 8 ммоль/л, холестерин 5,6 ммоль/л. ЖЗА-де белок 2,5 г/л, лейкоциттер 5-6 к.а, эритроциттер 15-20 к.а.

ЕҢ тиімді емдеу тактикасын атаңыз:

*Диуретиктерді тағайындау

*Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

*Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

*Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

#1028

*!23 жасар жүкті әйел, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефрит диагнозымен (ауру жиі өршіп отырған) бақыланған. Созылмалы гломерулонефрит немен ЖИІ аяқталуы мүмкін?

*Иммуносупрессорлармен емдеу барлық қабыну өзгерістерінің кері дамуына әкеледі

*Иммуносупрессивті ем склероздың азаюына әкеледі

*+Шумақшалар мен интерстицийдегі склероз артады

*ГН-ң бір түрі басқа түрге ауысады

*Толығымен айығуы мүмкін

#1029

*!Жүкті әйел 23 жаста, жүктілігі 21 апта. АҚ 130/90 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданып келді. Бұрындарда АҚ 120/80 мм с.б. болған. Қарау кезінде АҚ 125/80 мм с.б., ісінулер жоқ. Талдаулар патологиялық өзгеріссіз.

Бұл жағдайда АҚ жоғарылауы ЕҢ ЖИІ немен байланысты?

*+Адаптивті реакциямен

*Эклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ-мен

*Преэклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ -мен

*Жүктіліктің алдында болған созылмалы АГ-мен

*Жүктілікпен индуцирленген преэклампсия немесе гипертензиямен

#1030

*!Жүкті әйел 23 жаста, жүктілігі 21 апта. АҚ 130/80 мм с.б дейін жоғарылауына шағымданып келді. Бұрындарда АҚ 120/80 мм с.б. болған. Талдаулар патологиялық өзгеріссіз.

Аталған тактикалардың қайсысы ЕҢ дұрысы болып табылады?

*+Бақылау

*Тұзды шектеу

*Сұйықтықты шектеу

*Физикалық жүктемені шектеу

*Антигипертензивті препараттарды тағайындау

#1031