Жоспар:
1.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні, мақсаты мен міндеттері
2.Ұжымдағы психологиялық ахуалды зерттеу әдісі.
Оқушылар ұжымы - ортақ мақсат және қоғамдық іс-әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі - дұрыс қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік, өзара сенім. Жақсы ұйымдасқан ұжым ғана саяси, адамгершілік , мәдени жағынан өседі,ұйымдастырушылық дағдыға ие болады. Ұжымда шығармашылық, белсенділік, достық, жолдастық, байланыс нығаяды. Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. От басы балабақша, мектеп, класс, спорт, сексиясы, көркемөнер студиясы т.б. ұжымдар. Ұжымда өмір сүре білу, қоршаған ортамен санаса білу- адамның әлеуметтік дамуының жоғарғы сатысы. Бұл тәрбиеші жұмысындағы әртүрлі желі емес, тұтас процестің екі жағы.
Педагогтың басты міндеті – ұжымда әр оқушының ққабілетін танып, өз орнын табуына жағдай жасау, әрпбір баланы дара тұлға болуға , өзін-өзі басқара білуге тәрбиелеу. Ұжымда адамға сыйластық сезімін қалыптастыру –педагогтың басты міндеттерінің бірі. Оқушылар ынтасын басып, артық мазасыз , қамқоршы болу да негізсіз.
Ұжымның дамуы үш кезеңнен өтеді
1. Ұжымдағы байланыс нашар, белсенділер әлі анықталмаған кез. Бұл кезде талап барлығына бірдей қойылады.
2. Ұжымда белсенділер айқындалған, талап солар арқылы қойылады, ұжым қалыптаса бастаған кез.
3. Ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптасқан, педагог талабын тек белсенділер емес, кез-келген ұжым мүшелері қабылдайды.
Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілерін аша келіп, А.С.Макаренко “Ұжымның -әлеуметтік жанды тұлға болатын себебі мынадай: оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі ұйымдардың ара қатынасы , өзара тәуелсіздігі бар, егер ондайлардың ешқайсысы болмаса онда ол ұжым болмайды, жай ғана топ немесе жиынтық болады”,-деді.
Балалар ұжымын құру мен топтастыру- мұғалімдердің және ең алдымен сынып жетекшілердің міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса, кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.
Сынып ұжымын топтастырудың негізгі жолдары.
1.Ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыру.
Оқушылар ұжымы әр түрлі шараларды ұйымдастыру жағдайында құрылады, өседі, нығаяды. Ол шаралар ұжым өмірін мазмұнды әрі қызықты етеді. Кез-келген жерде бірлескен іс болмаса, онда ұжымжы топтастыру мен дамыту үшін адамгершілік тәрбиесін жинақтаудың қажетті жағдайлары болмайды.
Оқу жылы алдындағы сыныпты жабдықтауға, гүлдендіруге, мектеп ауласан көгалдандыруға қатынасу т.б. осының бәрі өзінің ұжыммен байланысыңды сезінуіңе және оның алдындағы жауапкершілік сезімін мойындауына көмектеседі. Ұжымдық істер неғұрлым қызық болған сайын оқушылар ортақ іске өз күштерін соғұрлым қуана арнайды, оқушылар ұжымы соғұрлым мықтырақ болады, берік топтасады.
Ұжымның топтасуына оқу жағдайын тиімді түрде ұйымдастыру көмектеседі. Оқу міндеттерін шешуді бірлесе іздестіру, жолдастық өзара көмекті ұйымдастыру, оқудағы ортақ табыс үшін күрес балалар ұжымын топтастыруға негіз болады.
Ұжымның топтасуына түрлі қоағмдық тапсырмаларды орындау көмектеседі. Тапсырмалар сыныпқа, мектеп қажеттеріне қызмет көрсету мен байланысты. Ұжымның топтасуына саяхат, жорық ұйымдастырудың да маңызы зор. Мысалы, Жайық өзеніне саяхат ұйымдастыратын болса, балалар Жайық өзеін жағасындағы өсімдік, жануарлар дүгиесімен ғана танысып қоймайды, олардың бір-бірімен жақын жолдастық сезімі қалыптасады, өздерін еркін сезінеді.
Ұжымдық шығармашылықты ұйымдастыру алты кезеңнен тұрады.
1-кезең- күні бұрынғы ұжыммен жұмыс. Бұл алғашқы әңгімелесу түрінде өтеді. Әңгімені балаларды қызықты пайдалы іске жұмылдыру мақсатымен мұғалім жүргізеді. Нені қалай істейміз ? кім ұйымдастырады ?
2-кезең – ұжымдық істі жоспарлау. Жоспар шағын топтарда жасалынады, оның шешімі жалпы топқа жарияланады, топта бекітіледі.
3-кезең- ұжымдық шығармашылық істі әзірлеу. Әзірлік орталығын құру үшін уақытша ұйымдастырушы орган іс кеңесі сайланады. Кеңесшілері ата-аналар, педагогтар бола алады. Кеңестің мақсаты жоспарды іске асыру үшін ,оны нақтылау, әзірлікке бақылау жасау.
4-кезең- ұжымдық шығармашылық істі өткізу. Бұнда ұжымдық жоспар іске асырылады. Бұл кезең әр түрлі құпия- қызықтарға, таңғажайып жағдайларға толы болады.
5-кезең- ұжымдық істің қорытындысын шығару. Ұжымның жалпы жиынында өткізілетін істің қорытындысын шығару.
6-кезең- шығармашылық істің әсерін бақылау.
Оқушылармен ұжымдық шығармашылық шаралар, сайыстар өткізуге болады, мысалы, : “Фабрика”рөлдік ойын,”Қысқы қарлы операция”, “Қарлы ертегі”, “Десант”, “Рейд”-жорық операциялар. Танымдық аукцион, ауызша журнал, телекөпір, күлкі эстафедасы сайыстар. Бұл шаралар ұжымдық түрде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етеді.
12-дәріс. Адамгершілік тәрбиесі
