Жоспар:
1.Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.
2.Ақыл-ой тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие.
3.Ақыл-ой тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің маңызы.
Халықтық тәлім-тәрбие оның тұрмыс –тіршілігімен тығыз байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет-ғұрпы ой-санасы халық тағдырымен ұштасып жатады.
Қазақ халқында өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Ғалым А.Э.Исмаилов халықтық тәлім-тәрбие жайында: «Қазақ халқының тәрбие саласындағы тәжірибесі көбінесе ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде жалғасып халық ертегілерінде, аңыздарда, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттықсалттарды, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады»,-дейді.
Тұрмыстық-мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүние таным, білім, тәжірибие айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан сана сезімінен туған бата сөздерінде, төрт түлікке сай өлең жырларында ерекше маңызға ие болған. Жұмбақ айтысының өзінде қанша тапқырлық, ақыл-ой тәрбиесі барын көруге болады.
Сонымен қатар қазақ халқы өзінің өмір тіршілігі, күн көріс кәсібімен байланысты жыл мезгілі құбылыстарының ерекшеліктерін бақылау, табиғатқа және жұлдыздарға қарап ауа райын алдын ала болжау қасиеттерінің арқасында дараланған. Осының бәрі ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне қатысты алатын орны ерекше.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесін дамытуда жаңашыл педагогтар қызметінің қоғамдық маңызы мен мәні зор. Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласында жүргізіліп отырған қайта құру жағдайлары, білім беру жүйесіндегі жайбарақатшылық пен тоқмейілшілдікке және формализммен күресіп жатқан кезде ерекше маңызды әрі қажет буыны. Ең басты - бұл кеңестік дәуірден бастау алған көптеген педагогика шеберлерінің, еліміздегі халық мұғалімдерінің мектеп практикасы мен практикасы ғылымын жаңа тұжырымдамаларымен, қағидаларымен ,оқытудың жаңа тәсілдерімен дамыған алдыңғы қатарлы прогресшіл педагогтардың тәжірибелері .Оқыту жұмысындағы олардың идеялары ,формалары мен әдістерінің жаңалығы ,бүгінде басқа да мұғалімдер мен ұжымның оларды оқу – тәрбие үрдісінде шығармашылықпен пайдалану мүмкіндіктеріне ие болуында. Мұның өзі оқу- тәрбие үрдісін дұрыс жолға қоюда елеулі жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді .
Бүгінде жаңашыл педгогтар өзара ой бөлісіп, тәжірибе алмасып, соның негізінде көптеген ұстаз әріптестерін жылма-жыл өздерінің қатарын тартуда. Жаңашылдардың есімдері мен тәжірибелері бұқаралық насихат құралдары, педагогикалық басылымдар көмегінің арқасында елімізге кеңінен танымал болды . Олардың әрқайсысы оқу –тәрбие үрдісінің сапасы мен тиімділігін арыттыруға едәуір мүмкіндік беретін өзіндік бірегей тұлға .
10-дәріс. Отбасы тәрбиелеуші орта ретінде
Жоспар:
1.Отбасы тәрбиесі ерекшеліктері, тәрбиелік әлеуеті
2.Атейістік тәрбие және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығы.
3.Атейістік тәрбие және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығы.
4.Жеке тұлғаның ғылыми дүние танымын қалыптастыру жолдары.
Дүниетаным:
Адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзөарасы және сенімі.
Адамдардың өмірлік ұстанымы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрететі.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстары түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастардың
бар екені мәлім .
Адам баласы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын, оның пайда болу мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді.
Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар көп .Оларға :
Адамның материалдық жағдайы.
Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы жатады.
Ғылыми – атейістік тәрбиенің көздеген негізгі мақсаты :оқушыларда ақиқат дүниенің объективті заңдары жайындағы бірыңғай көзқарастар жүйесін қалыптастыру .Оның жалпы міндеттеріне:
1.Оқушыларды ғылими атеизм жайындағы білімдермен қаруландыру .
2. Дінің пайда болу және өмір сүру объективтік себептерін түсіндіру .
3.Атеист болу үшін «құдай жоқ « деп сену жеткіліксіз , дүние жайлы дұрыс ғылыми көзқарас болу қажет деген қағиданы басшылыққа алу секілді арнаулы жұмыстарды атқару жатқизылды.
Оқу пәндерінде білім беру мазмұндарымен танысу барысында адамдарды құдай жаратпаған, керісінше қоршаған орта құбылыстарының әсерінен оны өздерінің ойлап тапқанын, жан – жануарлар мен өсімдіктердің өзгеруі әркезде олардың өмір жағдайына байланысты болатындығын, ғылыми білімдермен қаруланған адам баласы табиғатқа белсенді түрде ықпал жасай алатындығын оқып білді.
Діни тәрбиесінің мәні қанымызға сіңген, жанымызға жұғымды ,ой-санамызға нұлы шуағын силап, серпіліп – жетіп ұлыттық тәрбиеміздіңбасты бұлағы имандылықа, парасаттылыққа жетелеу ,ата-бабамыздың қасиетті өсиеттерін бойымызға дарыту. Оны бүгінгі өмір талабымен, әлеуметтік – экономикалық жағдайымен байланыстыра отыра оқушының дүниетанымын жетілдіру жағдайында атқару қажет .
Қоғамды қайта құру жүріп жатқан кезде барша адамды жақсы , ізгілікті қасиеттерге тәрбиелеуде дәни ұғымдардағы имандылыққа , негізделген сүрелер мен өсиеттердің , дәстүрлердің ,маңызы бүгінгі ұрпақ пен келешек ұрпақты иманжүзділікке тәрбиелеуде ерекше озық мәнге ие болуда .
Өкінішке орай , қоғамымызда кездесетін төрешілдік ,парақорлық ,маскүнемдік пен бұзақылық ,жезөкшелік ,жершілдік ,талан –таражға салушылық ,т . б. жағымсыз қасиеттер адамдардың сенімдері мен қоғамның болашағвна дұрыс көзқарастарын орнықтыруда зиянын тигізбей қоймайды .Сондықтан да ,дүниетанымды қалыптастыруда аталған кемшіліктерді болдырмау ,адамдардың өмір жағдайын жетілдіру , оқу –тәрбие үрдісін қоғамның сұранысына сай үнемі дамытып отыруы, белсенділікпенжүргізу қажаттілігі , бугінгі өмір талабы .
11- дәріс. Сыныптан тыс тәрбие жүйесі – тәрбие жүйесінің құрлымы ретінде
